Посты с тэгом: AFSA
AFSA реттеушілік алымдарға ұсынылған өзгерістерді талқылауға шығарады
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) АХҚО шеңберінде реттеуші алымдарды жаңарту жөніндегі ұсыныстарды талқылауға шығарады.
Ұсынылып отырған өзгерістер алымдар жүйесінің пропорционалдығын, ашықтығын және АХҚО-ның орнықты дамуын қолдауға бағытталған. Атап айтқанда, кейбір қызмет түрлері бойынша тіркелген алымдарды қайта қарау және айнымалы компоненттерді енгізу жоспарлануда. Бұл өзгерістер қаржы нарықтарының өсуі мен күрделене түсуіне байланысты қолға алынып жатыр.
Аталған өзгерістер AFSA-ның жоғары деңгейдегі реттеушілік қадағалауды қолдауы және нарықтың тұрақтылығы мен сенімділігін одан әрі нығайту мақсатында заманауи қаржы технологиялары мен SupTech[1] сияқты жаңа тәсілдерді жетілдіруі үшін маңызды болмақ.
AFSA реттеуші алымдарды соңғы рет 2017 жылы жаңартқан еді. Сол уақыттан бері AFSA өкілеттіктері едәуір кеңейді. Бүгінгі таңда АХҚО-да 85 елден 4 400-ден астам компания мен ұйым тіркелген. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында AFSA реттейтін компаниялардың басқаруындағы активтер көлемі 1,85 млрд АҚШ долларын құрады.
«АХҚО дамыған қаржылық экожүйеге айналды. Тұтынушыларды қорғау, киберқауіпсіздік пен қаржылық қылмыстар сияқты жаңа тәуекелдерді ескеру, сондай-ақ қадағалаудың жоғары деңгейін сақтау үшін қаржыландыру моделіміз нарық шындығына сай болуы аса маңызды. Бұл қоғамдық талқылау мүдделі тараптарға әділ әрі ашық жүйені қалыптастыруға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді», — деді AFSA Бас директоры Евгения Богданова.
AFSA барлық мүдделі тараптарды сілтемесі бойынша консультациялық құжатпен танысуға және 2025 жылғы 2 қарашаға дейін [email protected] электрондық мекенжайына пікірлерін жолдауға шақырады. Барлық ұсыныстар түзетулердің түпкілікті нұсқасын бекітер алдында мұқият қаралады.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 85 елден 4400-ге жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. afsa.aifc.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
[1] Қаржы нарықтары мен институттарын бақылау және қадағалау үдерістерін жақсарту мақсатында қаржылық реттеуші және қадағалаушы органдардың инновациялық технологияларды қолдануы.
AFSA мен Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы секторының ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерінен қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен шараларды әзірлеуде
Қаржылық мониторинг агенттігі мен АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) ұлттық қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы жүйені нығайту мәселелеріне арналған Комплаенс кеңесінің кезекті отырысын өткізді.
Кездесу барысында жаңа қаржылық технологиялар мен цифрлық активтердің дамуы аясында тәуекелдерді басқарудың өзекті тәсілдері, сондай-ақ АХҚО шеңберінде тиісті инфрақұрылымды одан әрі нығайту шаралары талқыланды. ФАТФ-тың 15-ұсынымы бойынша Қазақстанның рейтингін арттыруға бағытталған басым қадамдарды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Ішкі мониторинг механизмдерін жетілдірудің, соның ішінде клиенттерді тексеру және бенефициарлық меншік иелерін анықтау рәсімдерінің сапасын арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша Агенттік пен АХҚО Комитеті арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі күшейту, ұлттық қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру және қаржы алаңдарын заңсыз мақсаттарда пайдалануға жол бермеу жөнінде бірлескен шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 85 елден 4300-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. afsa.aifc.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
AFSA 2025 жылғы 26 қыркүйекте сағат 15:00-де онлайн-форматта реттеу мәселелеріне арналған таунхол өткізеді
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) сіздерді 2025 жылғы 26 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 15:00-де Zoom платформасында өтетін реттеу мәселелеріне арналған таунхолға қатысуға шақырады.
Іс-шара барысында жуырда қабылданған Қағидаларды практикалық қолдануға және осы реттеуші база шеңберінде қайта қаралған реттелетін төлем қызметтерінің көлеміне қатысты мәселелер талқылауға түседі. Әсіресе цифрлық активтермен байланысты төлем қызметтерін көрсету мәселесіне айрықша назар аударылады.
Таунхол 2025 жылғы 13 қазанда енгізудің бірінші кезеңі басталатын осы Қағидаларды AFSA-мен тікелей талқылауға арналған алаң болмақ. Барлық мүдделі тараптарға эфирге қосылып, дискуссияға белсенді қатысуға шақырамыз.
Ілтипат сөз:
Еркеғали Еденбаев, Лицензиялау және қаржылық технологиялар офисінің басқарушы директоры
Презентация:
Мердан Алтыев, AFSA Қаржылық технологиялар департаментінің аға сарапшысы
Төмендегі сілтеме арқылы 2025 жылғы 26 қыркүйек күнгі сағат 12:00-ге дейін алдын ала онлайн тіркеуден өтуге шақырамыз:
https://us06web.zoom.us/meeting/register/gSrd1eFlSzqhD5ltZ1ah1A#/registration
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 85 елден 4300-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. afsa.aifc.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
Ескерту: AFSA IBF Consulting Ltd. және IBF Trust компанияларының реттеушілік мәртебесі туралы қоғамды хабардар етеді
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) қаржы саласының қатысушыларын IBF Consulting Ltd. компаниясы мен өзін IBF Trust деп таныстыратын ұйымның реттеушілік мәртебесі туралы хабардар етеді.
2025 жылғы 18 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Қайрат Бермұханов есімді тұлға әлеуметтік желілерде «IBF Trust» деп аталатын — өзін исламдық хедж-қор ретінде таныстыратын ұйым — және осы атаумен жүретін компаниялар тобы AFSA-дан лицензия алды деген жалған ақпарат таратты. Бұл мәлімдемелер келесі әлеуметтік желілерде жарияланған: @investmentbusinessfamily (Instagram), «1% | INVESTMENT BUSINESS FAMILY» (Instagram) және «Investment Business Family» (Telegram) арналары.
AFSA бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. IBF Trust компаниясы ешқашан АХҚО-да тіркелмеген және AFSA-дан «Исламдық қаржыландыру қызметтерін ұсыну», «Инвестициялық кеңес беру қызметтерін ұсыну» немесе басқа да қандай да бір лицензия алмаған.
Сонымен қатар, AFSA-ға Қайрат Бермұханов мырзаның атынан қандай да бір компанияға, оның ішінде бұрынғы атауы «Alpha Consult Group Limited» болған IBF Consulting Ltd. компаниясы атынан лицензия алуға өтініш келіп түскен жоқ. Аталған жеке заңды тұлға АХҚО-да 2020 жылғы 25 маусымда тіркелген (БСН 200640900278) және «Кеңес беру қызметтерін көрсету» бойынша лицензияға ие болған. Бұл лицензия 2024 жылғы 30 қыркүйекте мәжбүрлі түрде кері қайтарылды. 2025 жылғы 4 тамызда компанияның жалғыз акционері рөлі Қайрат Бермұханов мырзаға өткен, ал 2025 жылғы 11 тамызда компания атауы «Alpha Consult Group Limited»-тен «IBF Consulting Ltd.» болып өзгертілген. Қазіргі уақытта IBF Consulting Ltd. компаниясының AFSA берген қандай да бір лицензиясы жоқ.
AFSA жұртшылыққа АХҚО-да тіркелген және AFSA лицензиялаған барлық ұйымдар туралы өзекті ақпарат орналастырылған Жария тізілімді пайдалануды ұсынады. Қаржылық қызметтер мен өнімдерді пайдаланбас бұрын компанияның лицензиялық мәртебесін тексеру — қауіптерді азайтуға, сіздің қауіпсіздігіңізді қорғауға және қолданыстағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге көмектесетін маңызды қадам.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 85 елден 4300-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. afsa.aifc.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
Ескерту: ITS Tech Limited атауын алаяқтық жолмен пайдалану және лицензиясыз брокерлік қызметтер көрсету фактісі орын алды
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) қаржылық қоғамдастық қатысушыларын ITS Tech Limited атауын заңсыз пайдаланумен байланысты алаяқтық әрекеттер туралы хабардар етеді.
AFSA-ға белгісіз тұлғалар өздерін ITS Tech Limited компаниясының қызметкерлері ретінде таныстырып, бөлшек инвесторларға брокерлік және инвестициялық қызметтер ұсынып жүргені жөнінде ақпарат келіп түсті. Осыған байланысты AFSA мынаны түсіндіреді: ITS Tech Limited компаниясы АХҚО-да тіркелгенімен, брокерлік немесе инвестициялық қызметпен айналысу үшін AFSA-дан лицензия алмаған. Аталған компанияның қызметі тек International Trading System Ltd. (“ITS”) (MTF) сауда инфрақұрылымының жұмысын қамтамасыз етумен шектеледі. Бұл – бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу, жүйеге қолжетімділік және лицензияланған брокерлер мен банктерге техникалық қолдау көрсету сияқты қызметтер. ITS Tech Limited жеке тұлғаларға шот ашпайды және бөлшек инвесторлардан қаражат қабылдамайды.
ITS компаниясының жалғыз ресми сайты – , . Оған қатысы жоқ кез келген басқа сайттар мен өздерін жұртқа ITS Tech Limited атынан таныстыратын тұлғалар әлеуетті түрде алаяқтар ретінде қарастырылуы тиіс.
ITS Tech Limited компаниясы AFSA-ға анықталған алаяқтық веб-сайттарды бұғаттау үшін барлық мүмкін шараларды қолданып жатқанын хабарлады.
AFSA кез келген компанияның лицензиясының болуын тексеруді ұсынады. Бұл ақпарат АХҚО-да тіркелген және AFSA тарапынан лицензияланған ұйымдар туралы өзекті мәліметтерді қамтитын Жария тізілімде қолжетімді. Қаржылық қызметтерді немесе өнімдерді пайдаланбас бұрын компанияның лицензиясын тексеру – инвесторларды қорғаудың ең маңызды жолдарының бірі. Себебі алаяқтар AFSA-ның атауы мен логотипі бар жалған лицензияларды пайдалану арқылы сенімділік туғызуға тырысады. Компанияның лицензиялық мәртебесін растаудың жалғыз сенімді дереккөз – AFSA-ның ресми сайтындағы Жария тізілім.
AFSA азаматтарға өздерін ITS Tech Limited компаниясының өкілдері ретінде таныстырып, брокерлік шот ашу немесе ақша аударуға шақыратын тұлғалармен байланысқа түспеуді қатаң түрде ескертеді. Егер сізге осындай тұлғалар хабарласса, бұл туралы дереу Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына хабарлауыңыз қажет. Сонымен қатар, күмәнді хат-хабар немесе ықтимал алаяқтық фактісі туралы AFSA-ның ресми сайтындағы онлайн нысан арқылы хабарлауға болады.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 85 елден 4300-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. afsa.aifc.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
AFSA реттеушілік төлемдерді стейблкоиндарда қабылдау бойынша пилоттық жобаны іске қосты
“Астана” халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) қатысушылардың, сондай-ақ лицензиялау немесе тіркеуге өтінім берушілердің реттеушілік алымдарды АҚШ долларына байланған стейблкоиндарды пайдалана отырып төлеу тетігін енгізу жөніндегі бастаманы іске қосты.
Жоба ресми түрде Astana Finance Days 2025 аясында таныстырылды. Bybit Limited компаниясы Көпжақты өзара түсіністік туралы меморандумға (MMoU) алғашқы қол қоюшы болды. Меморандумға AFSA бас директоры Евгения Богданова мен Bybit бас операциялық директоры Мазурка Зенг қол қойды.
Жоба аясында цифрлық активтер қызметінің провайдерлері (ЦАҚП), яғни AFSA-дан цифрлық активтерге қатысты төлем қызметтерін көрсетуге және цифрлық активтер платформаларын басқаруға лицензия алған ұйымдар бастамаға Провайдер ретінде қосыла алады. Олар стейблкоиндармен AFSA-ға реттеушілік алым төлеуге ниетті төлеушілердің агенті ретінде әрекет етіп, төлем тапсырмасын орындауды және оның эквивалентін фиат валютасында AFSA-ның банктік шотына аударуды қамтамасыз етеді.
Жобаға қатысу үшін Провайдерлер AFSA-мен Өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға (MMoU) қол қоюы және белгіленген іріктеу критерийлеріне сәйкес болуы тиіс. MMoU-ға қол қойылғаннан кейін Провайдерлердің атаулары AFSA-ның ресми сайтында жарияланады.
AFSA бас директоры Евгения Богданова атап өтті: «Бұл бастама аймақта алғаш рет стейблкоиндардағы төлемдер үшін реттеушілік негіз қалыптастырады. Ол Қазақстанның «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық қаржы мен инновациялар хабы ретінде дамуға ұмтылысын және осы саладағы әлемдік үрдістерге ілесуін көрсетеді».
Bybit компаниясының бас операциялық директоры Мазурка Зенг: «Bybit Kazakhstan елдің қаржылық инновациялар жүрегінде – «Астана» халықаралық қаржы орталығында төлем экожүйесін дамытуға өз үлесін қосып отырғанын мақтан тұтады. Біз реттеушілік талаптарды сақтап, цифрлық активтермен жұмыс істеуге сенімді әрі ыңғайлы шешімдер ұсынамыз. AFSA-мен бірге ортақ көзқарасымыз – кәсіпкерлерге, тұтынушыларға және бизнеске стейблкоиндар негізіндегі төлем шешімдерінің революциясы ашатын трансшекаралық мүмкіндіктерге жол ашу», – деді.
Соңғы жылдары цифрлық активтер экожүйесінде стейблкоиндардың рөлі айтарлықтай артты. CoinDesk деректеріне сәйкес, олардың нарықтық капитализациясы 2025 жылғы маусым айының ортасында рекордтық 251,7 млрд АҚШ долларына жетті. Фиат валютасымен қамтамасыз етілген стейблкоиндар әлі де нарықтағы үлестің және сауда көлемінің басым бөлігін құрап отыр.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және оларға байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 85 елден 4000-нан аса қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
_
АҚШ долларына байланған стейблкоин — бұл құны 1:1 қатынасында долларға тіркелу арқылы тұрақты сақталатын криптовалюта.
Ескерту: AFSA құжаттарды қолдан жасап, өзін AFSA өкілі ретінде таныстыратын алаяқтар туралы хабарлайды
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) қолтаңбалар, мөрлер мен фирмалық стиль элементтері қолдан жасалған жалған құжаттарды пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің тіркелгенін хабарлайды. Бұл құжаттар AFSA ресми құжаттары ретінде жалған таныстырылып, таратылып жатыр.
Аталған әрекеттер жеке немесе заңды тұлғалар тарапынан жүзеге асырылып, олар өздерін AFSA өкілі ретінде таныстырып, жеке, қаржылық және басқа да құпия ақпаратты жинауға, сондай-ақ азаматтарды адастыру арқылы ақша қаражатын иемденуге тырысып жатыр.
AFSA жұртшылықты қырағылық танытуға шақырады және тек AFSA-ның ресми өкілдерімен ғана байланыс орнатуға, тексерілмеген интернет-ресурстардан аулақ болуға, сондай-ақ жеке, қаржылық немесе басқа да құпия ақпаратты күмәнді тұлғаларға, сайттарға немесе ұйымдарға беруден, олардың пайдасына төлемдер мен ақша аударымдарын жасаудан бас тартуға кеңес береді.
Маңызды ақпарат:
- AFSA-ның ресми сайты – afsa.aifc.kz. Браузер жолағында дәл осы URL мекенжайын қолданатыныңызға көз жеткізуіңізді сұраймыз.
- AFSA үшінші тараптар, бейресми интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы ешқандай төлем, өтемақы немесе қайтарым жасамайды.
- AFSA қолданатын барлық алымдар ресми сайттың https://orderly.myafsa.com/articles/feesrules бөлімінде жарияланған.
- AFSA жеке хабарламалар, SMS немесе делдалдар арқылы ешқашан төлем сұрамайды.
- AFSA АХҚО қатысушыларының заңдылығы мен мәртебесін afsa.aifc.kz сайты бойынша Жария тізілімде тексеруді ұсынады.
- Барлық ресми хат алмасулар тек AFSA-ның ресми сайтында көрсетілген байланыс деректері арқылы жүргізіледі.
Егер сіз AFSA атынан жіберілген күмәнді хабарламалар, ұсыныстар немесе құжаттар алсаңыз немесе өзіңізді алаяқтықтың құрбаны деп санасаңыз:
- Хабарлама жіберушімен байланысқа түспеңіз;
- Жеке немесе қаржылық деректеріңізді бермеңіз;
- aifc.kz сайтындағы кері байланыс нысаны арқылы дереу хабарлаңыз;
- Егер сіз деректеріңізді жіберіп қойсаңыз немесе төлем жасаған болсаңыз — қызмет көрсететін банкіңізге және құқық қорғау органдарына дереу хабарласыңыз.AFSA АХҚО экожүйесінің тұтастығын және барлық мүдделі тараптардың мүдделерін қорғауға бейілді екенін атап өтеді.
AFSA АХҚО экожүйесінің тұтастығын және барлық мүдделі тараптардың қажеттілігін қорғауға бейілді екенін атап өтеді.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 85 елден 4000-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. afsa.aifc.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
AFSA төлем қызметтерін көрсету саласындағы кешенді реттеушілік базаны қабылдады
AХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) төлем қызметтерін көрсету саласындағы кешенді реттеушілік базаны қабылдады. Бұл ретте AХҚО-ның «Төлем қызметтерін көрсету туралы» ережелеріне (Providing Money Services), AХҚО-ның жалпы ережелеріне, AХҚО Глоссарийіне, AХҚО-да қызмет жүргізу ережелеріне, Банктік қызмет бойынша пруденциялық ережелеріне және Цифрлық активтермен байланысты қызметке қатысты ережелеріне өзгерістер енгізілді. Жаңа реттеушілік база келесі кезеңмен күшіне енеді:
- 2025 жылдың 13 қазанынан бастап – төлем қызметтерін көрсету кезінде қолданылатын анықтамалар, капиталға қойылатын талаптар және цифрлық активтерді пайдалану мәселелеріне қатысты ережелер;
- 2026 жылдың 13 қаңтарынан бастап – клиенттердің құқықтарын қорғау және киберқауіпсіздікке қатысты ережелер.
Бұл бастама төлем қызметтерін негізгі қызмет түрі ретінде көрсететін AХҚО қатысушыларының санының артуына жауап ретінде қабылданды. Қазіргі таңда AХҚО-да 10 лицензияланған төлем қызметтерін жеткізуші (Money Service Providers, MSPs) тіркелген. Жаңа реттеуші база тұтынушылар үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілетті және инновациялық қаржы нарығының дамуына қолдау көрсетуге бағытталған. Ережелер жинағы қолданыстағы талаптарды біріздендіріп, түсінікті және жүйелі құжатқа біріктіреді, бұл төлем қызметтерін реттеу процесін оңайлатады.
Жаңа реттеуші базадағы негізгі өзгерістердің бірі – реттелетін төлем қызметтерінің аясын кеңейту болды. Жаңартылған тізімге келесі қызмет түрлері енгізілді: валюталық айырбастау[1], төлем шоттарын ұсыну және жүргізу[2], төлем транзакцияларын эквайринг[3], төлемдерді инициациялау[4] және шоттар туралы ақпаратты ұсыну[5]. Құжат сондай-ақ AFSA реттеуіне жатпайтын қызмет түрлерін нақтылайды. Оларға техникалық қолдау (соның ішінде бұлттық инфрақұрылым мен сәйкестендіру құралдары), өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында цифрлық активтер қызметтерін көрсететін провайдерлер (соның ішінде шетелдік провайдерлер) арасындағы операциялар, сондай-ақ пайдаланушылардың өз есепшоттары арасындағы цифрлық активтерді аударымдары және басқа да кейбір ерекшеліктер жатады.
Сондай-ақ жаңа реттеуші база AFSA құзыреттерінің шекараларын нақтылайды. Ережелер күшіне енгеннен кейін, егер цифрлық активтермен жасалатын операциялар мәні жағынан дәстүрлі ақша қызметтеріне ұқсас болса — мысалы, цифрлық активтерді аудару немесе эквайринг — AFSA оларды қадағалауға құқылы болады. Реттеуге төлемдерді инициациялау қызметіне ұқсас қызметтерді көрсететін кастодиан емес провайдерлер де кіреді, мысалы MetaMask[6] немесе Trust Wallet[7].
Цифрлық активтерді қолданудың артуын ескере отырып, құжат төлем қызметтерін жеткізушілер үшін екі операциялық модельді көздейді:
- Аралық модель (bridge model) — төлем қызметтерін жеткізуші цифрлық активтерді клиенттің атынан өзі жіберетін, сақтайтын немесе қабылдайтын жағдай;
- Тікелей модель (direct model) – төлем қызметтерін жеткізуші делдал ретінде әрекет етіп, клиенттерге цифрлық активтерді тікелей – клиенттің әмияны мен MSP әмияны арасында – жіберуге немесе қабылдауға көмектесетін жағдай.
Тұтынушылардың сенімін арттыру мақсатында клиенттерді қорғау шаралары қарастырылған. Оларға келісімшарттарда ақпаратты міндетті түрде ашу, қаражатты қайтару ережелері, рұқсат етілмеген операциялар үшін жауапкершілік, сондай-ақ шағымдар мен өтініштерді қараудың нақты белгіленген тәртібі жатады.
Қалыптасқан реттеушілік қағидаттарға сәйкес, AFSA операциялық және киберқауіпсіздік тұрақтылығына қойылатын жоғары талаптарды сақтап келеді. Бұл – технологиялық инфрақұрылымды басқару, ІТ-тәуекелдерді үнемі қадағалау және тестілеу, тәуелсіз ІТ-аудит жүргізу, киберқауіпсіздік саясатын іске асыру және кибероқиғалар туралы хабарлау рәсімдерін сақтау талаптарын қамтиды. Сонымен қатар, алаяқтық тәуекелін азайту үшін көпфакторлы аутентификацияны қолдану міндетті болып қала береді.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 84 елден 4000-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
[1] Валюталық айырбастау — АХҚО-ның валюталық реттеу және ақпарат ұсыну ережелеріне сәйкес осындай қызметтер көрсетуге рұқсаты бар ұйымдарды тарту арқылы клиенттерге валютаны айырбастау қызметтерін алуға жәрдемдесу.
[2] Төлем шоттарын ұсыну және жүргізу — клиенттердің қаражатын сақтауға және төлем операцияларын (мысалы, аударымдар, толықтырулар және ақша шешу) жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем шоттарын ашу/жабу және басқару, бұл қызметтер АХҚО ережелеріне сәйкес лицензияланған ұйымдар арқылы көрсетіледі.
[3] Төлем транзакцияларын эквайрингтау — сауда ұйымдарының атынан транзакцияларды жүргізу, бұл клиенттердің кредиттік немесе дебеттік карталар сияқты төлем құралдары арқылы төлемдерді қабылдауына мүмкіндік береді (мысалы, онлайн-сатып алуларды төлеу кезінде).
[4] Төлемдерді инициациялау — әдетте финтех-компаниялар ұсынатын онлайн қызмет, ол пайдаланушылар үшін ыңғайлы немесе қолжетімді балама болып табылады және басқа қаржы қызметтерін жеткізушіде (мысалы, банкте) ашылған шоттан төлемді бастауға мүмкіндік береді.
[5] Шоттар туралы ақпаратты ұсыну — бірнеше қаржы қызметтерін жеткізушілерден (мысалы, банктерден) шоттардағы қалдықтар, транзакциялар тарихы және басқа да мәліметтерді біріктіруге мүмкіндік беретін қызмет.
[6] MetaMask — бұл пайдаланушыларға криптовалютаны сақтауға және блокчейнге негізделген қосымшалармен тікелей әрекеттесуге мүмкіндік беретін кастодиандық емес цифрлық әмиян. Ол үшінші тарап делдалдарының қатысуынсыз, пайдаланушының жеке аккаунттарынан транзакцияларды бастауға мүмкіндік береді.
[7] Trust Wallet — бұл пайдаланушыларға криптовалюталардың кең аясын сақтауға, басқаруға және жіберуге мүмкіндік беретін кастодиандық емес мобильді әмиян. Сондай-ақ ол децентрализденген қосымшаларға (dApps) тікелей қол жеткізуді қамтамасыз етеді және үшінші тарап делдалдарының қатысуынсыз транзакцияларды бастау мүмкіндігін қолдайды.
AFSA АХҚО-да капитал нарықтары, цифрлық активтер және краудфандингті реттеу мәселелері бойынша қоғамдық кеңес өткізіп жатыр
АХҚО-ның қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) реттеуді жаңарту бойынша бастамаларды талқылауға нарық қатысушыларын шақыра отырып, үш консультациялық құжатты ұсынды. Ұсынылған өзгерістердің мақсаты – АХҚО-ның реттеу базасының тиімділігін, пропорционалдығын және халықаралық стандарттарға сәйкестігін арттыру. Талқылау үш бағытты қамтиды: капитал нарықтары, цифрлық активтер және краудфандинг.
Капитал нарықтарын реттеу қағидаларын өзгертуге қатысты консультациялық құжат бағалы қағаздарды орналастыру, есеп беруші компанияларда корпоративтік басқару мәселелері және ақпаратты ашуға қойылатын талаптар тақырыптарын қамтиды.
Негізгі өзгерістер мыналар кіреді:
- Ақпаратты ашып көрсету және келісу рәсімдерін оңтайландыру;
- Корпоративтік басқару талаптарын тек үлестік бағалы қағаздарды[1] шығарушыларға қолдану, бұл талаптарды облигация шығарушыларға таратпау;
- Лицензияланған нарық институтына мүше болу критерийлерін кеңейту;
- Клиенттерді жіктеуді АХҚО-ның жалпы реттеу жүйесіне сәйкестендіру;
- Проспект дайындау қажеттілігінсіз, лицензияланған биржада өзара алмастырылатын бағалы қағаздарды шығару және саудалау лимитін арттыру;
- Жеке немесе заңды тұлға байланысты тарап[2] ретінде танылатын шекті мәнді көтеру.
Құжаттың толық нұсқасы мына сілтеме бойынша қолжетімді: Consultation Paper on the amendments to the AIFC Capital Market Framework.
Цифрлық активтер саласындағы өзгерістерге арналған консультациялық құжат
AFSA-ның теңгерімді әрі инновацияларға ашық реттеу жүйесін қолдауға деген ұмтылысын көрсетеді.
Ұсынылып отырған өзгерістер қадағалау тәжірибесіне, халықаралық стандарттарға және нарық қатысушыларымен өткізілген талқылауларға негізделген.
Консультациялық құжаттың негізгі ұсыныстары:
- Блокчейнді қолданбайтын және цифрлық активтерді сақтамайтын цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлеріне (ЦАҚП) қатысты ережелерді өзгерту, – мұндай компанияларды кейбір талаптардан босату ұсынылуда;
- Цифрлық активтермен сауда платформалары операторларына қойылатын капитал жөніндегі талаптарды қайта қарау;
- Цифрлық активтермен сауда платформасына қатысу үшін мүшелікке қабылдау талаптарының критерийлерін кеңейту;
- Цифрлық активтерді саудаға қабылдау кезіндегі хабарлама беру тәртібін қайта қарау.
Құжаттың толық нұсқасын мына сілтеме бойынша таба аласыз: Consultation Paper on the amendments to the AIFC Digital Assets framework.
Краудфандинг платформаларын реттеу саласындағы өзгерістерге қатысты консультациялық құжат реттеушілік және операциялық сипаттағы негізгі мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл құжат инновацияларды ілгерілету, инвесторларды қорғау және нарықтың тұтастығын сақтау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге арналған.
Консультациялық құжаттың негізгі ұсыныстары мыналарды қамтиды:
- Ақпаратты ашу талаптарын кеңейту, қарыз алушылар мен эмитенттерді іріктеу критерийлерін қатаңдату, жеке инвесторлар үшін инвестициялық лимит енгізу, төлем бойынша қиындықтары бар қарыз алушыларды қаржыландыруға шектеу қою, сондай-ақ тәуекелдер туралы нақты ескертулерді қолдану арқылы клиенттерді қорғауды күшейту;
- Клиенттерді «жеке» және «кәсіби» санаттарға бөлу арқылы олардың жіктелуін бірыңғай стандарттарға келтіру;
- AFSA-ның мақұлдауымен жеке кәсіпкерлерге краудфандинг платформаларын қарыз алушы және эмитент ретінде пайдалану құқығын беру;
- Жеке қаржыландыру платформасын ұсыну лицензиясын реттеушілік базадан алып тастау.
Құжаттың толық нұсқасы мына сілтеме бойынша қолжетімді: Consultation Paper on the amendments to the AIFC Crowdfunding Platforms Framework.
AFSA барлық мүдделі тараптардың ұсыныстары мен пікірлеріне ашық. Ұсынылып отырған өзгерістер бойынша өз ұсыныстарыңызды 2025 жылдың 15 қыркүйегіне дейін [email protected] электрондық поштасына жолдауға болады. Барлық келіп түскен пікірлер мұқият қаралып, қажет болған жағдайда ұсыныстар түзетіледі.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және оларға байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 85 елден 4000-нан аса қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
[1] Бір қатар немесе санат шеңберінде басқа бағалы қағаздармен өзара алмастырылатын бағалы қағаздар (Thomson Reuters анықтамасына сәйкес: (https://shorturl.at/jDrXt).
[2] Тиесілі тұлға — компаниямен тығыз байланысы бар жеке немесе заңды тұлға. Мұндай тұлғаларға жоғары басшылық, ірі акционерлер, жақын туыстар, сондай-ақ елеулі ықпалға немесе бақылауға ие басқа да тұлғалар жатады. Бұл анықтама жалпы түсінік беру үшін келтірілген. АХҚО шеңберіндегі осы терминнің нақты анықтамасы үшін АХҚО Глоссарийіне жүгіну ұсынылады.