Ескерту: Jade Capital OEIC Ltd. атауын алаяқтық мақсатта пайдалану және AFSA-ның жалған лицензиясын тарату
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) өздерін Jade Capital OEIC Ltd. өкілдері ретінде таныстырып, AFSA реттеушісі бергендей етіп жалған лицензияны таратқан тұлғалар туралы келіп түскен ақпаратқа байланысты осы ескертуді жариялайды.
Аталған тұлғалар азаматтарға қаржылық қызметтер ұсынып, клиенттердің қаражатын қабылдаған, сонымен қатар өздерін «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) аясында лицензияланған компания ретінде жалған таныстырған.
AFSA өз атынан берілгендей көрсетіліп, осы тұлғалар таратып жүрген лицензияның жалған екенін және ешқашан AFSA тарапынан берілмегенін растайды. АХҚО-ның қолданыстағы реттеуі шеңберіндегі ұжымдық инвестициялық схемалар (Collective Investment Scheme) құрылымына сәйкес, реттелетін қызметті жүзеге асыруға лицензияны қордың өзі емес, қорды басқарушы компания иеленуге тиіс. Jade Capital OEIC Ltd. АХҚО-да инвестициялық қор ретінде тіркелген және өзінің лицензиясы жоқ. Барлық реттелетін қызметті қорды басқарушы жүзеге асырады.
AFSA қоғамды AFSA лицензиясы негізінде қаржылық қызмет көрсететінін мәлімдейтін ұйымдармен өзара әрекеттесу кезінде барынша сақ болуға шақырады және кез келген осындай ұйымның мәртебесін AFSA Жария тізілімі арқылы тексеруді ұсынады. Бұл тізілімде AFSA тарапынан авторизацияланған және/немесе тіркелген барлық ұйымдар туралы ақпарат қамтылған.
Төменде азаматтарға AFSA берген лицензия ретінде заңсыз ұсынылып жүрген жалған лицензияның үлгісі қоса беріледі.

Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) – Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. Оның мақсаты – «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және оларға байланысты қызметті реттеу. АХҚО актілері мен қағидаларында қаржы компаниялары және нарықтық институттарды лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу мен қадағалау мәселелерін көзделген. afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz
AFSA Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті [email protected]