Посты с тэгом: AFSA
AFSA FinTech Lab әлеуетті қатысушыларын авторизациялау тәсілін өзгертеді
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) реттеушілік «құмсалғышта» қаржылық технологияларды тестілеуді жоспарлаған FinTech Lab әлеуетті қатысушыларын авторизациялаудың жаңа тәсілін енгізу туралы хабарлайды.
Бұрын өтінім беру екі кезеңнен тұрды: Pre-application және Application. Бірінші кезеңде бизнес-модельдің инновациялық сипаты және қаржылық ресурстардың бар-жоғы тексерілетін. Екінші кезеңде әлеуетті қатысушылардың жеткілікті қаржылық және қаржылық емес ресурстары бағаланып, ішкі бақылау жүйелері талданып, технологияларды тестілеу жоспары әзірленіп, бекітілетін.
Соңғы өзгерістер рәсімді жеңілдетіп, өтінімдерді қарау мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. 16 ақпаннан бастап FinTech Lab қатысушылары бір кезеңде бағаланады. Бұл кезең мыналарды қамтиды: бизнес-жоспарды талдау; қаржыландыру көздері мен капиталды бағалау; негізгі функцияларға үміткерлерді қарастыру; клиенттік келісімді бағалау; қаржылық болжамдар; шығу стратегиясы; тестілеу жоспарын әзірлеу.
Сонымен қатар кандидаттар ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (AML/CFT) саясаты мен рәсімдерінің бар екенін растауы тиіс.
Бұл AFSA-ға тестілеуге сәйкестікті және нормативтік талаптарға сай келуді анықтауға мүмкіндік береді, сонымен бірге саясаттар мен рәсімдерді толық тексеру арқылы процесті шамадан тыс күрделендірмейді.
Маңызды түсініктеме: FinTech Lab қатысушылары қызметтерді қадағалау кезеңінде тек AFSA талаптарына сәйкес келетін тиісті ішкі бақылау шаралары енгізілгеннен кейін ғана ұсына алады.
FinTech Lab авторизациясының жаңа моделі инновацияларды тестілеуді жоспарлаған өтінім берушілер үшін қолжетімділіктің қарапайымдылығы қағидатын сақтай отырып, тәуекелге негізделген тәсілді жалғастырады. Аталған өзгерістер AFSA өз қызметінің тұтынушыларына аса назар аударып, процестер тиімділігін арттыруға айрықша көңіл бөлетінін көрсетеді.
Авторизациялау процесіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлама келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://orderly.myafsa.com/articles/afsa—notice—no.-afsa—atd—not-2026-0007-on—modification
Өтінім беру процесі бойынша қосымша сұрақтар: [email protected]
FinTech Lab туралы қосымша ақпарат: https://afsa.aifc.kz/fintech/authorisation-process/
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында көрсетілетін қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидаларында қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелері көзделген. afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бұл жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу есебінен халықаралық стандарттар бойынша бизнесті ашық әрі тиімді жүргізуге, инвестициялар тартуға және елдің Қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті. pr@afsa.kz
AFSA реттеуші базаны дамытудың 2026 жылға арналған жоспарлары туралы хабарлайды
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) нарық қатысушыларын АХҚО-ның реттеу базасын дамыту жөніндегі 2026 жылға арналған жоспарлары, сондай-ақ реттеушілік дамудың 2027-2028 жылдарға арналған әлеуетті бағыттары туралы хабардар етеді.
АХҚО-ның реттеуші базасы нарықтың өсуі мен жетілуіне қарай дамып отырды. Бұл процесс тұрақты реттеуші негізді қалыптастыруды, сондай-ақ нарықтың өсуі мен әртараптандырылуын қолдауға бағытталған мамандандырылған реттеуші режимдерді енгізуді қамтыды.
AFSA қол жеткізілген нәтижелерге сүйене отырып, сапаға, теңгерімділік пен қолданыстағы реттеуші режимдердің практикалық қолданылуына бағдарланған реттеуші базаны одан әрі дамытуды көздейді. Реттеуші база қадағалау тәжірибесі мен нарық қатысушыларының кері байланысын ескере отырып, итеративтік негізде жетіле түсуде, сондай-ақ жаңа халықаралық стандарттарға, жаһандық трендтерге және қалыптасып жатқан нарықтарға бейімделуде.
2026 жылы AFSA-ның реттеуші күн тәртібі келесі бағыттарға шоғырланады:
- Активтерді басқару. Мамандандырылған қорлар қызметінің мәселелерін, қорларды құрудың жаңа құрылымдары мен тәсілдерін, сондай-ақ қорлардың операциялық қызметіне және инвесторларды қорғауға байланысты практикалық мәселелерді қоса алғанда, активтерді басқару саласындағы қолданыстағы реттеуші базаны одан әрі жетілдіру.
- FinTech. FinTech Lab режимін оның тиімділігі мен өзектілігін арттыру, сондай-ақ жауапты инновацияларды қолдау және жаңа бизнес-модельдерді тестілеу мақсатында жетілдіру.
- Нақты түзетулер. Дәл өзгерістер әртүрлі қолданыстағы реттеуші режимдердегі анықталған олқылықтар мен тиімсіздіктерді жоюға бағытталатын болады. Алдын ала күн тәртібіне сақтандыру секторы мен исламдық қаржы енгізілген, бұл ретте басқа да бағыттар қамтылуы мүмкін.
- Нұсқаулықтар. Лицензиялар мен алымдардың кейбір ауыспалы компоненттерінің жиынтығы бөлігінде алымдар мәселелері жөнінде жаңа нұсқаулықты әзірлеу, сондай-ақ қолданыстағы АЖ/ТҚ бойынша нұсқаулықтарды жаңарту.
2027-2028 жылдар кезеңінде AFSA реттеуші базаны дамытудың бірқатар әлеуетті бағыттарын қарастыруда, бұл бағыттар қажеттілігіне қарай қайта қаралуы мүмкін. Олардың қатарында тану режимі (Recognition Framework) бойынша реттеуші базаға ықтимал өзгерістер, АХҚО-ның әртүрлі реттеуші режимдері шеңберінде мүшелікке өтуге және клиенттерге қойылатын талаптарды үйлестіру, сондай-ақ токенизация саласындағы реттеуді одан әрі дамыту бар.
Бұдан басқа, көпжақты және ұйымдастырылған сауда алаңдарын (Multilateral and Organised Trading Facilities) реттеуге өзгерістер енгізу ықтималдығы, кәсіби жарамдылық және адалдық жөніндегі нұсқаулықтарды (Guidance on Fitness and Propriety) жаңарту, туынды құралдар бойынша реттеу базасына түзетулер енгізу, тағайындалған өкілдер режимін (Appointed Representative Framework) әзірлеу, сондай-ақ реттеу периметрі бойынша нұсқаулықты жаңарту қарастырылуда.
AFSA реттеуші режимдерді жетілдіру және оларды қолданудың практикалық мәселелерін бірлесіп пысықтау мақсатында нарық қатысушыларымен тұрақты өзара іс-қимыл жасауға ерекше мән береді.
Жария консультациялар реттеуші базаны дамыту процесінің стандартты элементі болып қалуда. Жақында AFSA қолданыстағы реттеуді одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптасқанға дейін оның тиімділігі туралы нарықтан пікірлерді ерте жинау құралы ретінде активтерді басқару саласындағы реттеуші база бойынша Call for Evidence-ті алғаш рет іске қосты.
Нарықпен коммуникацияны нығайту үшін AFSA сонымен қатар жария кеңес беру нәтижелерін (Feedback Statements) жариялай бастады. Өткен жылы Feedback Statements капитал нарықтары, цифрлық активтер және краудфандинг салаларындағы жария консультациялардың қорытындылары бойынша жарияланды, бұл консультациялар нәтижелерінің ашықтығы мен айқындылығын арттырды.
Нарық қатысушылары өз ұсыныстарын тұрақты негізде жолдай алады және Call for Evidence пен жария консультацияларға белсенді қатыса алады, өйткені нарықтан кері байланыс – реттеуші базаны дамытудың маңызды элементі.
AFSA АХҚО-ның реттеуші базасын дамытудың 2026-2028 жылдарға арналған жобалары жөніндегі ұсыныстарға, сондай-ақ оны одан әрі дамыту мен жетілдіру бойынша басқа да түсініктемелер мен ұсыныстарды қуана қабылдайды, оларды [email protected] мекенжайына жіберуге болады.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында көрсетілетін қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидаларында қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелері көзделген.. afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бұл жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу есебінен халықаралық стандарттар бойынша бизнесті ашық әрі тиімді жүргізуге, инвестициялар тартуға және елдің Қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті, [email protected]
AFSA АХҚО-ның активтерді басқару жөніндегі құқықтық базасын одан әрі жақсарту жөнінде ұсыныстарды жинауды бастайды
АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) АХҚО-ның активтерді басқару жөніндегі реттеу базасын жақсартудың ықтимал жолдары туралы нарық қатысушыларының пікірлерін жинау үшін өзінің алғашқы Call for Evidence-ті іске қосты.
Активтер мен қорларды басқару АХҚО үшін стратегиялық басымдық болып қала береді және ең жылдам дамып келе жатқан секторлардың бірі саналады. Басқарудағы активтер көлемі 2021 жылы 115 млн АҚШ долларын құраса, 2025 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша 3 млрд доллардан асты, бұл ретте АХҚО-да жұмыс істейтін қорлар мен активтерді басқарушылардың саны мен түрлері айтарлықтай ұлғайды. Бұл өсім негізінен AFSA-ның реттеуші базаны дамыту үшін қолданатын нарыққа бағдарланған тәсілінің және нарық қатысушыларымен тұрақты өзара іс-қимылының арқасында мүмкін болды.
Қол жеткізілген нәтижелерге сүйене отырып және АХҚО-ның активтерді басқару саласындағы реттеуші режимді дәйекті жетілдіруді одан әрі қолдау мақсатында AFSA нарықтағы ахуалды бағалау, реттеудегі әлеуетті олқылықтарды анықтау, болжамдарды тексеру және оны одан әрі жетілдіру бойынша қандай да бір нақты ұсыныстар әзірленгенге дейін қолданыстағы реттеуші базаның тиімділігін талдау үшін жаңа құрал – Call for Evidence-ті іске қосады.
Call for Evidence-те талқылауға арналған алдын ала тақырыптар ағымдағы қадағалау тәжірибесі мен нарықтан кері байланыстың ескерілуімен қалыптасты. Талқылау мамандандырылған қорлар қызметінің мәселелерін, қорларды құрудың жаңа құрылымдары мен тәсілдерін, сондай-ақ қорлардың операциялық қызметіне және инвесторларды қорғауға байланысты практикалық мәселелерді қамтиды. AFSA сонымен қатар режимнің Call for Evidence-те талқыланбайтын кез келген басқа аспектілері жөнінде де пікірлерді құптайды.
Call for Evidence осы сілтеме бойынша 2026 жылдың 28 ақпанына дейін жария талқылауға ашық. Ұсыныстарды [email protected] эл.мекенжайға жіберген жөн.
Алынған пікірлер AFSA-ға активтерді басқару саласындағы қолданыстағы реттеуші режимді бағалауға және оны одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауға көмектеседі, ал ұсыныстарды осы жылдың соңына қарай жеке жария консультациялық процеске шығару жоспарлануда.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында көрсетілетін қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидаларында қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелері көзделген. afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бұл жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу есебінен халықаралық стандарттар бойынша бизнесті ашық әрі тиімді жүргізуге, инвестициялар тартуға және елдің Қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті, [email protected]
AFSA Proportunity Management Company Limited және ACLB Management Company Limited компанияларына айыппұл салды. AFSA-ның компанияларды тіркеушісі аталған ұйымдарды және олармен байланысты өзге де құрылымдарды мәжбүрлеп тарату туралы өтінішпен АХҚО сотына жүгінді
Жүргізілген тергеу қорытындысы бойынша АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) жіберілген реттеушілік бұзушылықтар үшін Proportunity Management Company Limited компаниясына 249 770 АҚШ доллары мөлшерінде және ACLB Management Company Limited (ACLB) компаниясына 139 533 АҚШ доллары мөлшерінде айыппұл салды. AFSA сондай-ақ осы екі компанияның бас директоры Арман Баевқа қатысты кез келген авторизацияланған ұйымның немесе қосалқы қызмет провайдерінің (ASP) директоры немесе қызметкері лауазымдарына орналасуға немесе қызметті жүзеге асыруға тыйым салды. Бұған дейін AFSA Proportunity Management Company Limited (Proportunity) және ACLB Management Company Limited (ACLB) компанияларының реттеушілік мәртебесі туралы бірнеше жария хабарлама шығарған еді.
Бұдан басқа, Компанияларды тіркеуші AFSA-ның алдын ала келісімімен әрекет ете отырып, АХҚО сотына Proportunity Management Company Limited, ACLB Management Company Limited және олармен байланысты екі арнайы мақсаттағы компанияны (бұдан әрі – Компаниялар) мәжбүрлеп тарату туралы өтінішпен жүгінді. Арман Баев осы компаниялардың жалпы бақылаушы акционері.
Бұл шешімдер FinTech Lab арнайы көшпелі тексеруден және инвесторлардың өтініштерінің түсуінен кейін басталған AFSA ресми тергеуінің қорытындысы бойынша қабылданды. Тергеу барысында мыналар анықталды:
- Proportunity және ACLB AFSA тарапынан қажетті авторизациясыз исламдық қаржыландыруды ұсыну және исламдық банк бизнесін жүргізу бойынша реттелетін қызметті жүзеге асырып, АХҚО-ның Қаржылық қызметтер туралы регламентінің (Financial Services Framework Regulations) 24-бабын бұзды;
- Proportunity осы қызметті интернет-сайт және әлеуметтік желілердегі арналар арқылы белсенді ілгерілетуді жүзеге асыра отырып, аталған регламенттің 27-бабын бұзды;
- Proportunity Ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі қағидаларды, Жалпы қағидаларды, FinTech қағидаларын, Бизнесті жүргізу қағидаларын және Нарықтың авторизацияланған қатысушыларының қызметін реттеу жөніндегі АХҚО қағидаларын қоса алғанда, АХҚО-ның негізгі қағидаларын бұзуға жол берді;
- Арнайы мақсаттағы екі компания – Project SI SPC Ltd. және BC Inteh Plus Ltd. – инвесторлардың қаражатын жалған негізде жинақтау үшін және AFSA рұқсат берген қызмет түрлеріне сәйкес келмейтін мақсаттар үшін пайдаланған.
AFSA-ның заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы ұйғарымдарына және бірнеше рет берген ескертулеріне қарамастан, Proportunity және ACLB оларды елемей, рұқсат етілмеген қызметпен айналысуды жалғастырды және оны қолданыстағы нормативтік талаптарды бұза отырып жарнамалаумен айналысты.
Анықталған бұзушылықтардың ауырлығын, реттеушілік ұйғарымдарды елемеу және осыған байланысты инвесторлар және АХҚО қаржы нарығының тұтастығы үшін тәуекелдерді ескере отырып, Тіркеуші осындай шара әділ, орынды және АХҚО-ның Компаниялар туралы регламентінің 176(1)(b) бабына сәйкес АХҚО мүддесіне сай келетіндігі негізінде компанияларды мәжбүрлеп тарату туралы өтінішпен АХҚО сотына жүгінді.
Бұдан басқа, Тіркеуші Арман Баев компаниялардың директоры лауазымын атқара алмайды немесе жоғарыда аталған компанияларды басқаруға қандай да бір түрде (тікелей немесе жанама) қатыса алмайды деген негізде оны лауазымнан шеттету туралы өтінішпен АХҚО сотына жүгінді.
Мәжбүрлеп тарату туралы бұл өтініш АХҚО шеңберінде инвесторлар мен басқа да кредиторлардың мүдделерін құқықтық қорғаудың жалғыз құралы. Бұл шара компаниялардың басшылығын лауазымнан босатады және олардың қызметті жалғастыруға немесе активтерді басқаруға заңды түрде тыйым салады. Егер АХҚО соты өтінішті қанағаттандырса, ол тәуелсіз ликвидаторды тағайындайды. Оның міндеттері компанияны бақылауға алу, қалған активтердің сақталуын қамтамасыз ету, олардың қаржылық істерін зерделеу және қайтарылған қаражатты АХҚО Банкроттық туралы ережесінде белгіленген басымдықтарға сәйкес кредиторлар (инвесторларды қоса алғанда) арасында бөлу болады.
AFSA сонымен қатар барлық басқа кредит берушілердің, соның ішінде инвесторлардың талаптары басым түрде қанағаттандырылуы үшін айыппұлдарды өндіріп алу талаптарын өз еркімен соңғы кезекке қою туралы шешім қабылдады.
AFSA инвесторлар мен тұтынушыларды қорғау үшін реттеу жүйесін жақсартуға және дамытуға бейілдігін сақтайды. Реттеуші АХҚО юрисдикциясындағы кез келген бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады және өз құзыреті шегінде заңнаманың және нарықтың тұтастығы сақталуын қамтамасыз ету үшін өз өкілеттіктерін қолданады.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидаларында қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелері көзделген. afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті, [email protected]
AFSA төлем қызметтерін көрсету саласындағы реттеуші базаның екінші кезеңінің күшіне енгені туралы хабарлайды
Бүгін, 2026 жылғы 13 қаңтарда, төлем қызметтерін көрсету саласындағы реттеуші базаның екінші (қорытынды) кезеңі (Providing Money Services framework, PMS) күшіне енді. Жалпы алғанда, екінші кезеңнің ережелері келесі мәселелерді қамтиды:
- Клиенттерді қорғау (шағымдарды қарау тәртібі, клиенттермен жасалатын шарттардың мазмұнына қойылатын талаптар, клиенттердің ақшалай қаражатын сақтау және қорғау, ақпаратты ашу және коммуникация талаптары және т.б.);
- Кибер және операциялық орнықтылық (киберқауіпсіздік саясаттары, оқиғалар туралы есеп беру, IT-аудит, клиенттерді көпфакторлы аутентификациялау және т.б.).
PMS саласындағы жаңа реттеуші база AFSA тарапынан 2025 жылғы 13 сәуірде қабылданған еді. Жаңа реттеуші режимнің талаптарына уақтылы және тиісінше дайындалуды қамтамасыз ету мақсатында нормативтік актілерде екі кезеңнен тұратын өтпелі кезең көзделді.
Бірінші кезең 2025 жылғы 13 қазанда күшіне еніп, ұғымдарды, капиталға қойылатын талаптарды, сондай-ақ төлем қызметтерінде цифрлық активтерді пайдалану жөніндегі ережелерді енгізді.
Төлем қызметтерін реттеудің кешенді жүйесі төлем қызметтерін көрсету туралы жаңа ереженің қабылдануын, сондай-ақ төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді АХҚО актілеріне бірқатар өзгерістерді қамтиды:
Төлем қызметтерін көрсету саласындағы жаңа реттеуші база төлем қызметтері провайдерлері үшін айқын және нақты ережелерді қалыптастыруға, АХҚО шеңберінде финтех-инновацияларды, соның ішінде төлем қызметтерінде цифрлық активтерді пайдалануды ынталандыруға бағытталған. Төлем қызметтері индустриясын дамытуымен қатар, PMS реттеуші режимі клиенттердің мүдделерін қорғау және төлем қызметтері провайдерлерінің кибер және операциялық орнықтылығын нығайту сияқты негізгі мақсаттарды да көздейді.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидаларында қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелері көзделгені. afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті: [email protected]
AFSA АХҚО-да қаржылық қызметтерде генеративті ЖИ-дің қолданылуы туралы есеп жариялады
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) АХҚО-да қаржылық қызметтерде генеративті жасанды интеллектінің қолданылуы (AI Survey) туралы жаңа есеп жариялады. Бұл есеп реттеушінің қаржы нарықтарындағы әділдікті, тиімділікті, ашықтықты және үйлесімділікті қамтамасыз ете отырып, АХҚО-да қаржы технологияларын дамытуға деген бейілдігін растайды.
Зерттеуге 42 лицензиясы бар компания қатысты. Оның нәтижелері респонденттердің 45% қазірдің өзінде ЖИ технологияларын қолданатынын көрсетеді, бұл шешімдерді мұқият тестілеумен және тәуекелдерді басқаруға және операциялық тиімділікті арттыруға баса назар аударумен сипатталатын ЖИ технологияларының енгізілуінің бастапқы кезеңін көрсетеді. Қазіргі уақытта ЖИ-ді қолдану негізінен алгоритмдік сауда мен кредиттік скорингті қоса алғанда, негізгі қаржылық процестерге шектеулі интеграциямен клиенттермен өзара әрекеттесу және маркетинг сияқты тәуекелі төмен аймақтарда шоғырланған. Негізгі үрдістердің бірі бөгде AI шешімдерді белсенді қолдану болды.
Сауалнама нәтижелерін ескере отырып және жауапты инновацияларды одан әрі қамтамасыз ету, сондай-ақ қаржы секторында ЖИ қолданумен байланысты туындайтын тәуекелдерге уақтылы ден қою мақсатында AFSA келесі сауалнаманы 2026 жылы өткізуді жоспарлап отыр. Осы сауалнаманың нәтижелері қаржылық қызметтерде ЖИ қолдануға қатысты нормативтік актілерге түзетулер енгізу қажеттілігін бағалау үшін пайдаланылатын болады. Бұл ретте ЖИ-дің енгізілуіне мониторинг жалғасады және осы процестің реттеушілік аспектілеріне ерекше назар аударылады.
АХҚО FinTech Lab «реттеуші құмсалғыш» ретінде АХҚО-да инновациялық қаржылық қызметтерді тестілеу және/немесе дамыту үшін реттелетін және қауіпсіз ортаны ұсынады. Бұдан басқа, АХҚО FinTech Lab әлеуетті өтініш берушілері мен қатысушылары қолданыстағы реттеуші режимге сәйкес реттеуші құмсалғыш шеңберінде ЖИ-шешімдерді пайдалана отырып, қаржылық қызметтер мен өнімдерді тестілеуге шақырылады.
AFSA лицензиялау және қаржылық технологиялар офисінің басқарушы директоры Еркеғали Еденбаев: «AFSA АХҚО-да инновациялық қаржылық қызметтердің бақыланатын дамуын әрдайым қолдады. Жасанды интеллект саласындағы соңғы жетістіктер, атап айтқанда тиімді генеративті ЖИ шешімдерінің пайда болуы көптеген салалардағы қарқынды өзгерістердің катализаторы болды.
AFSA-ның бұл зерттеуі реттеуші инновациялар саласындағы ағымдағы қызметтің бөлігі және осы кезеңде біз АХҚО қаржы нарығының ЖИ-мен байланысты тәуекелдерге ұшырау деңгейін түсінуге назар аудардық. Біз қаржы саласында ЖИ негізіндегі шешімдер көптеп пайда болады деп күтудеміз, сондықтан қосымша мониторинг қажет және келесі жылы ЖИ бойынша тағы бір зерттеу жүргізуді жоспарлап отырмыз».
Ол сондай-ақ қаржылық қызметтерді реттеуші ретінде AFSA қаржылық қызметтер саласындағы ЖИ-дің айтарлықтай әлеуетін мойындайтынын айтты. Сонымен қатар, AFSA реттеуші құмсалғыш шеңберінде тестілеу сала үшін де, реттеушілер үшін де маңызды деректерді алу және қажетті сараптаманы дамыту үшін маңызды деп санайды.
Бұл қадамдар AFSA-ның жауапты инновацияларды қолдауға, қатаң нормативтік стандарттарды сақтауға және барған сайын ЖИ-ға бағдарлана бастаған қаржылық қызметтер жүйесінде тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бейілдігінің негізгі элементі болды.
Есеп осы сілтеме арқылы қол жетімді.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидаларында қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелері көзделгені.
АХҚО-да 90+ елден 4900-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті: [email protected]
AFSA АХҚО-да капитал нарығын, цифрлық активтерді және краудфандингті реттеуге өзгерістер енгізеді
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) АХҚО-дағы капитал, цифрлық активтер және краудфандинг нарығын реттеуді қамтитын үш негізгі бағыт бойынша реттеу базасына өзгерістер енгізеді. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер 2025 жылғы 21 шілде мен 15 қыркүйек аралығында жүргізілген жария консультациялардың нәтижелерін ескере отырып пысықталды және бекітілді. Енгізілген өзгерістер АХҚО реттеу базасының тиімділігін, теңгерімділігін және халықаралық стандарттарға сәйкестігін арттыруға бағытталған. Олар қадағалау практикасы, нарық қатысушыларымен тұрақты өзара іс-қимыл, халықаралық тәжірибені талдау, сондай-ақ консультациялық кезең барысында алынған түсініктемелер мен ұсыныстар негізінде қалыптасқан қорытындыларды көрсетеді.
Ашықтықты арттыру және тиімдірек консультация процесін енгізу аясында AFSA алғаш рет аталған өзгерістер бойынша кері байланыс есептерін (Feedback Statements) жариялау тәжірибесін енгізеді. Мұндай есептер нарық қатысушылары көтерген негізгі мәселелер мен тақырыптарды, алынған түсініктемелер мен ұсыныстар бойынша AFSA ұстанымын және олардың өзгерістерді аяқтау кезінде қалай ескерілгенін көрсетеді. Қабылданған шешімдердің негіздемесін және нарық қатысушыларының оларды қалыптастырудағы рөлін түсіндіретін кері байланыс есептері ашықтықты арттыруға, сенімді нығайтуға ықпал етеді және AFSA-ның нарықпен ашық және тұрақты диалогқа деген бейілдігін растайды.
- АХҚО-да капитал нарығын реттеудегі өзгерістер
АХҚО-дағы капитал нарығын реттеудегі өзгерістер бағалы қағаздарды орналастыру, корпоративтік басқару және ақпаратты ашу мәселелерін қозғайды, капитал нарығын одан әрі дамытуға ықпал етеді және оны реттеудің қазіргі заманғы тәсілдеріне сәйкестікті қамтамасыз етеді. Негізгі өзгерістер мыналарды қамтиды:
- корпоративтік басқару талаптарын үлестік бағалы қағаздар эмитенттеріне ғана қолдану;
- уәкілетті нарық институтына мүшеліктің рұқсат етілген санаттарын кеңейту;
- клиенттердің жіктемесін АХҚО-ның Жалпы реттеу базасына сәйкес келтіру;
- проспектіде ақпаратты ашуға қойылатын талаптарды жетілдіру және листинг рәсімдерінің тиімділігін арттыру;
- байланысты тарапты анықтау мақсаттары үшін шекті мәнді арттыру және «жабық кезең» ұғымын қайта қарау;
- ауыстырылатын бағалы қағаздар (fungible securities) үшін проспекті дайындау жөніндегі талаптардан босату шегін ұлғайту.
Жария консультациялардың қорытындысы бойынша AFSA қосымша өзгерістер енгізді, соның ішінде:
- кросс-листинг және қосарлы листинг мүмкіндіктерін кеңейту үшін проспекті дайындау талаптарынан босату өлшемшарттарын өзгерту;
- Қазақстан Республикасында тіркелген эмитенттер үшін сот және өзге де процестік құжаттарды тапсыру үшін агент тағайындау туралы талаптың күшін жою.
Өзгерістердің күшіне ену күні – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап.
АХҚО нарығының қағидалары, АХҚО лицензияланған нарықтық институттарына арналған қағидалар және АХҚО глоссарийі тиісті өзгерістермен AIFC және AFSA веб-сайттарында қолжетімді.
Жария консультациялар нәтижелері бойынша кері байланыс есебі мына жерде қолжетімді: Feedback Statement On Consultation Paper AFSA-P-CE-2025-0001 Amendments to the AIFC Capital Market Framework.
- АХҚО цифрлық активтерін реттеудегі өзгерістер
Цифрлық активтерді реттеуді жетілдіру шеңберінде AFSA цифрлық активтермен байланысты қызмет түрлерін реттеудің қолданыстағы тәсілін талдады, оның қорытындысы бойынша цифрлық активтерге қатысты қызметті жүзеге асыратын барлық ұйымдар АХҚО-ның цифрлық активтермен қызмет жүргізу туралы қағидаларына сәйкес цифрлық активтер саласындағы қызметтерді жеткізушілер (Digital Asset Service Providers, DASPs) болып табылатыны нақтыланды. Бұл ретте корпоративтік басқару және технологиялар саласындағы жекелеген талаптарды қолдану енді ұйымдардың цифрлық активтерге иелік етуіне немесе оларды бақылауды жүзеге асыруына немесе таратылған тізілім (DLT) технологияларын пайдалануына байланысты болады.
Сонымен қатар, қолданыстағы заңнаманы қолдану практикасын және жария консультациялар барысында алынған кері байланысты ескере отырып, өзгерістерге мыналар да кіреді:
- цифрлық активтер нарығының операторлары үшін (Digital Asset Trading Facility, DATF) капиталға қойылатын талаптарды қайта қарау;
- DATF-қа мүшеліктің рұқсат етілген санаттарын кеңейту;
- цифрлық активтерді сауда-саттыққа жіберу кезінде хабарлама бойынша талаптарды қайта қарау;
- Қызметті жүргізу қағидаларын, Мүшелік қағидаларын және Сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру қағидаларын Қызметті жүргізу қағидаларының бірыңғай жиынтығына шоғырландыру;
- DATF операторларына негізгі сипаттамалар туралы құжатқа «ақ қағаз» сілтемесі арқылы қосу мүмкіндігін беру;
- кәсіби клиенттің мәртебесін (Assessed Professional Client) анықтау мақсатында клиенттің таза активтерін есептеу кезінде цифрлық активтерді қосу үшін шекті 50%-ға дейін ұлғайту.
Өзгерістердің күшіне ену күні – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Тиісті өзгерістері бар АХҚО-ның цифрлық активтермен қызмет жүргізу туралы қағидалары және АХҚО глоссарийі AIFC C және AFSA веб-сайттарында қолжетімді.
Жария консультациялар нәтижелері бойынша кері байланыс есебі мына жерде қолжетімді: Feedback Statement On Consultation Paper AFSA-P-CE-2025-0002 Amendments to the AIFC Digital Assets Framework.
- АХҚО-да краудфандингті реттеудегі өзгерістер
Краудфандингті реттеудегі өзгерістер негізгі реттеуші және операциялық мәселелерді шешуге, инвесторларды қорғауды күшейтуге, сондай-ақ АХҚО-да краудфандинг секторының ашықтығы мен адалдығын арттыруға бағытталған. Негізгі өзгерістерге мыналар жатады:
- қарыз алушылар мен эмитенттерді кешенді тексеруге қойылатын талаптарды күшейту;
- дефолттар, мерзімі өткен төлемдер және міндеттемелерді орындамау жағдайлары бөлігінде реттеуді жетілдіру;
- дефолтқа жол берген қарыз алушылар үшін жаңа ұсыныстарды орналастыруды шектеу;
- кредит қабілеттілігін бағалау немесе рейтинг нәтижелерін ашу;
- бөлшек клиенттер үшін қарыздар мен инвестициялар бойынша жаңа жылдық лимиттерді енгізу;
- тәуекелдерді ашуды жақсарту есебінен инвесторлардың қаржылық сауаттылығы мен хабардар болу деңгейін арттыру;
- қарыздарды қайта құрылымдау туралы ақпаратты ашуға қойылатын талаптарды енгізу;
- клиенттердің жіктемесін АХҚО-ның жалпы реттеу базасына сәйкес келтіру.
Жария консультациялар кезінде AFSA көптеген пікірлер алды, бұл бірқатар түзетулерге, соның ішінде тексеру талаптарының (due diligence) кейбір өзгерістеріне, дефолттарды реттеу тәсілдеріне, кешіктірілген төлемдер және дефолт жағдайлары бойынша өзгерістер және қосымша нақтылау енгізуге алып келді. Бұдан басқа, краудфандингке қатысудың бөлшек клиентке сәйкес келетіндігін бағалау үшін бастапқыда ұсынылған талап алынып тасталды. Сонымен қатар, консультациялардың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған краудфандингтік платформалар үшін AFSA сонымен қатар ішкі процестерге қажетті өзгерістер мен түзетулер енгізуге жеткілікті уақытты қамтамасыз ету мақсатында өтпелі кезеңді қарастырды.
Күшіне ену күні – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, бұл ретте жұмыс істеп тұрған краудфандингтік платформалар үшін алты айлық өтпелі кезең көзделген.
АХҚО-ның лицензияланған нарықтық институттарына арналған қағидалар, АХҚО-да қызметті жүргізу қағидалары және АХҚО-ның жалпы қағидалары тиісті өзгерістермен AIFC және AFSA веб-сайттарында қолжетімді.
Жария консультациялар нәтижелері бойынша кері байланыс есебі мына жерде қолжетімді: Feedback Statement On Consultation Paper AFSA-P-CE-2025-0003 Amendments to the AIFC Crowdfunding Framework.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО—ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 90 елден 4800-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. afsa.aifc.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
AFSA АХҚО-ның Алымдар туралы қағидаларына өзгерістер енгізеді
2025 жылғы 2 қазаннан 2 қарашаға дейін жүргізілген қоғамдық талқылау нәтижесінде АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) АХҚО-ның Алымдар туралы қағидаларына өзгерістер енгізеді. Өзгерістердің басым бөлігі 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап, ал жекелеген нормалар – кейінірек күшіне енеді.
Алымдар туралы қағидалар алғаш рет 2017 жылғы желтоқсанда бекітілгеннен бері оларға реттеу режимінің эволюциясын және нарық динамикасын көрсету мақсатында тек жекелеген өзгерістер енгізілді. Соған қарамастан, қолданыстағы алымдардың базалық деңгейлері осы уақытқа дейін өзгеріссіз қалып келді. Бұрынғы түзетулер негізінен тіркеу мен қадағалау алымдарына қатысты тар ауқымды және пропорционалды болды.
АХҚО экожүйесінің дамуының неғұрлым жетілген сатысына өтуіне байланысты жаңа түзетулер алымдардың құрылымын елеулі түрде қайта қарауды көздейді. Қаржы ұйымдары санының өсуі және олардың қызметінің күрделенуі AFSA-дан реттеу және қадағалау қызметтерін неғұрлым кешенді әрі технологиялық тұрғыда дамыған деңгейде көрсетуді талап етеді. Бұған SupTech[1]-шешімдерді, жасанды интеллектіні және аналитикалық құралдарды кеңінен енгізу арқылы қадағалау әлеуетін нығайту және реттеудің сапасын арттыру жатады. Жаңартылған Алымдар туралы қағидалар АХҚО экожүйесінің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін жоғары реттеу стандарттарын қолдауға бағытталған.
2025 жылғы 2 қазанда AFSA Алымдар туралы қағидаларға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар топтамасын жария талқылауға шығарып, нарық қатысушыларынан көптеген пікір алды. Нарық өкілдері алымдарды қайта қараудың өзектілігін негізінен қолдағанымен, бірқатар мәселелер бойынша түсініктемелер мен нақтылаулар сұралды. AFSA барлық пікірлерді мұқият талдап шықты.
Бастапқы ұсыныстардың басым бөлігі өзгеріссіз қалдырылды, себебі олардың пропорционалдығы мен негізділігі қайта қарау барысында расталды және олар консультация барысында көтерілген мәселелердің бір бөлігін алдын ала ескерген болатын. Сонымен қатар, жекелеген пікірлер мен реттелетін ұйымдардың практикалық жағдайларын ескере отырып, AFSA кейбір ұсыныстарды нақтылады.
АХҚО-ның Алымдар туралы қағидаларына енгізілетін негізгі өзгерістер:
- Лицензиялау кезеңіндегі нақты реттеу шығындарын дәлірек көрсету мақсатында реттелетін қызмет түрлеріне, нарықтық қызметке, қосалқы қызметтерге лицензия алу, сондай-ақ АХҚО-ға қатысушы емес нарық институттарын және шетелдік қорларды басқаратын ұйымдарды тану бойынша алымдар консультациялық құжаттағы ұсыныстарға сәйкес әртүрлі деңгейде ұлғайтылды.
- Жаңартылған алымдар құрылымына сәйкес, бірден бірнеше реттелетін немесе нарықтық қызмет түріне лицензия алуға өтінім берген компаниялар ең жоғары қолданылатын алымды және әрбір қосымша қызмет үшін қосымша 50% мөлшерінде төлем жасайды.
Бұл тәсіл бірнеше қызмет түрін қамтитын өтінімдердің күрделілігін неғұрлым дәл көрсетеді және реттеушілік шығындарды әділ бөлуге мүмкіндік береді.
- Нақты қадағалау шығындарын өтеу мақсатында реттелетін және нарықтық қызмет түрлеріне, қосалқы қызметтерге, сондай-ақ АХҚО қатысушылары емес нарық институттарын тануға арналған жылдық тұрақты қадағалау алымдары консультациялық құжатта ұсынылған түзетулерге сәйкес ұлғайтылды. Сонымен қатар, бұрын мұндай алымдарға жатпайтын бірқатар исламдық қаржы компанияларының лицензиялары үшін де қадағалау алымдары енгізілді. Бұл талап саланың өзі үшін жаңашылдық болғанын және компанияларға бейімделу үшін қосымша уақыт қажет болуы мүмкін екенін ескере отырып, AFSA аталған қадағалау алымдарының күшіне енуін бір жылға кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.
- Ұжымдық инвестициялар схемасын басқару, инвестицияларды басқару, инвестициялармен агент ретінде операцияларды жүзеге асыру, қорды әкімшілендіру қызметтерін көрсету, төлем қызметтерін көрсету сияқты реттелетін қызметтің бес санаты, сондай-ақ нарықтық қызметтің бір санаты (краудфандинг платформасын басқару) үшін алымдардың неғұрлым жетілген және үйлесімді құрылымын қалыптастыруға бағытталған жаңа айнымалы компоненттер енгізілді. Айнымалы алымдар консультациялық құжатта ұсынылғандай тиісті қаржылық көрсеткіштер негізінде есептеледі және белгіленген шекті мәннен асқанда ғана қолданылады. Қолданыстағы айнымалы алымдар салыстырмалы түрде таяуда енгізілгендіктен, осы кезеңде жекелеген реттелетін және нарықтық қызмет түрлері үшін қолданыстағы айнымалы алымдарға өзгерістер енгізу жоспарланбайды.
Консультациялар қорытындысы бойынша активтер көлеміне негізделген төрт реттелетін қызмет түрі үшін айнымалы алымдарды есептеу әдістемесіне түзетулер енгізілді – орташа күндік мәндердің орнына тоқсан соңындағы көрсеткіштер қолданылатын болды. Сонымен қатар, төлем қызметтерін көрсету лицензиялары бойынша айнымалы алымдарды есептеу тәсілдеріне қатысты (әсіресе қандай компоненттер транзакциялар көлеміне енгізілуі немесе енгізілмеуі тиіс екеніне қатысты) қосымша түсіндіруді талап ететін сұрақтар көп екенін ескере отырып, AFSA бұл жаңа алымның күшіне енуін бір жылға кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Осы кезең ішінде реттеуші орган нарық қатысушыларымен бірлесіп практикалық ұсынымдар әзірлейді және олардың қадағалау есептілігі талаптарымен толық сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
- Қолданыстағы айнымалы алымдарға қосымша жаңа айнымалы алымдардың енгізілуіне байланысты, AFSA бұл алымдар қолданылатын барлық реттелетін және нарықтық қызмет түрлері үшін бірыңғай лимит (шекті мөлшер) белгіледі. Бұған дейін мұндай лимит тек Digital Asset Trading Facility лицензиясына ғана қолданылып, 1 млн АҚШ долларын құраған болатын – дәл осы көрсеткіш бастапқы ұсыныстың негізі ретінде алынған. Консультациялар нәтижесінде бұл лимит 250 000 АҚШ долларына дейін төмендетілді. Бұл шешім шығындардың болжамдылығын қамтамасыз етуге және нарықтың қазіргі ауқымын дәлірек көрсетуге мүмкіндік береді.
- Сондай-ақ бірнеше лицензиясы бар компанияларға қатысты бастапқы қадағалау алымы және кейінгі жылдық қадағалау алымдарын есептеу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енді бастапқы жылдық қадағалау алымы қызметті бастау күніне емес, лицензия берілген күннен бастап 21 күн ішінде төленуге тиіс. Бұл шешім елеулі қадағалау ресурстарын талап ететін Тәуекелдерді төмендету бағдарламасы (Risk Mitigation Programme) кезеңін қамтуға мүмкіндік береді. Жаңа тәсілге сәйкес, кейінгі жыл сайынғы қадағалау алымдары ең жоғары белгіленген тіркелген қадағалау алымына қосымша әрбір қосымша лицензия үшін 50% мөлшерінде есептеледі. Айнымалы алымдары бар қызмет түрлері бойынша айнымалы компонент әр қызмет түріне толық көлемде төленеді.
Сонымен бірге, осы ұсыныс бойынша келіп түскен пікірлердің көптігін және оның бірнеше лицензиясы бар компаниялардың қадағалау алымдарының жалпы мөлшеріне тікелей әсерін, сондай-ақ кейбір лицензиялар комбинациясы өзара тығыз байланысты немесе қиылысатын қызмет түрлерінен туындауы мүмкін екенін ескере отырып, AFSA жаңа әдістемені енгізуді бір жылға кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. 2026 жыл үшін компаниялар тек ең жоғары тіркелген қадағалау алымын және (қажет болған жағдайда) ең жоғары айнымалы бөлігін төлейтін болады. Бұл өтпелі кезең нарық қатысушыларына бейімделуге және қадағалау шығындарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Жаңа әдістеме күшіне енгенге дейін AFSA лицензиялар комбинациясын қадағалау алымын есептеу кезінде ескерудің тәсілін түсіндіретін қосымша нұсқаулық жариялайтын болады.
- AFSA сондай-ақ консультациялық құжатта ұсынылғандай, реттелетін және нарықтық қызмет түрлері бойынша, сондай-ақ қосалқы қызметтер бойынша лицензияны өзгертуге қатысты алымдарға деген көзқарасты қайта қарады. Лицензияны өзгерту (модификациялау) іс жүзінде толық лицензиялау процесіне теңестіріледі және лицензия алуға өтінім берген кездегідей талдау мен бағалаудың бірдей деңгейін талап етеді.
- Өтініш беру және лицензияланған тұлғаларды өзгерту жөніндегі алым да қайта қаралып, нақты реттеушілік шығындарды дәлірек көрсету және негізгі тұлғаларды ауыстыру жиілігін төмендету мақсатында ұлғайтылды.
Нарықтың пікірлерін ескере отырып, алымды 1 000 АҚШ долларына дейін арттыру туралы бастапқы ұсыныс қайта қаралды: қазіргі жағдайда толық режим үшін алым 500 АҚШ долларын, ал FinTech Lab шеңберіндегі өтінімдер үшін 200 АҚШ долларын құрайды.
- FinTech Lab бойынша өзге де алымдарға қатысты: консультациялық құжатта ұсынылғандай, FinTech Lab шеңберіндегі өтініш беру және қадағалау алымдары ұлғайтылды, сондай-ақ бақылауды өзгертуге және цифрлық активтерді саудаға жіберуге қатысты жаңа алымдар енгізілді.
- Сонымен қатар, AFSA лицензиялау және қадағалау саласына қатысты бірқатар басқа да алымдарға өзгерістер енгізеді. Бұл өзгерістерге цифрлық активтермен қызметті жүзеге асыруға өтініш беру алымдары, бақылауды өзгерту алымы, Non-Exempt және Exempt қорлар бойынша тіркеу немесе хабарлау алымдары, сондай-ақ Non-Exempt қорлардың Жарғысына және Ұсыныс материалдарына өзгерістер енгізу алымдары кіреді. Аталған алымдар консультациялық құжатта ұсынылған түзетулерге сәйкес ұлғайтылды. Қосымша ретінде, қосалқы қызметтерді көрсетушілер үшін жаңа алым санаты енгізілді – оған АЖ/ТҚҚІ (ақша жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл) жөніндегі жауапты тұлғаларды өзгерту, сондай-ақ Audit Principal функцияларын орындайтын аудиторларды өзгерту немесе тағайындау бойынша алымдар кіреді.
- Тіркеушіге төленетін тіркеу алымдары мен тану алымдары барлық заңды тұлғалар санаттары үшін қайта қаралды. Түзетулер жалпы алымдардың қайта қаралуын да, жекелеген өзгерістерді де қамтиды. Арнайы мақсаттағы компаниялар мен инвестициялық қорлар сияқты жекелеген санаттар үшін олардың кең қолданылуы мүмкін инвестициялық құралдар ретіндегі рөліне байланысты алым мөлшерлері төмендетілді. Сонымен қатар, консультациялық құжатта ұсынылған өзгерістерге сәйкес, Тіркеушіге төленетін әкімшілік алымдарға және жыл сайынғы есептерді тапсыру алымдарына да түзетулер енгізілді.
- AFSA мен Тіркеушіге төленетін мерзімді өткізіп алу бойынша айыппұлдардың мөлшері ұлғайтылды. Сонымен бірге FinTech Lab қатысушыларына қолданылатын айыппұлдар өзгеріссіз қалады.
Енгізілу күні – 2025 жылғы 1 желтоқсан, кейінге қалдыру көзделген жекелеген ережелерді қоспағанда, бұл жайт жаңартылған АХҚО алымдары қағидаларында көрсетілген.
АХҚО алымдары қағидаларына енгізілген тиісті өзгерістермен мына жерден танысуға болады: https://orderly.myafsa.com/articles/feesrules.
Қоғамдық талқылау барысында келіп түскен жиі қойылатын сұрақтардың негізінде дайындалған «Сұрақ-жауап» бөлімі мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://afsa.aifc.kz/31302-2/.
Компанияларда бұрын жіберілген түсініктемелер мен ұсыныстарға қатысты қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, олар [email protected] мекенжайына хабарласа алады немесе өз кураторымен байланыса алады.
Компания қандай да бір мәселелерді неғұрлым егжей-тегжейлі талқылауды қаласа, Комитет қоңырау немесе кездесу ұйымдастыруға дайын.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 88 астам елден 4700-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. afsa.aifc.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
[1] SupTech (Supervisory Technology) — қадағалау тиімділігін арттыру үшін реттеуші органдар қолданатын технологиялар. Оларға үлкен деректерді талдау, есептілікті автоматтандыру, жасанды интеллектті және тәуекелдерді мониторингілеу мен бағалауға арналған өзге де цифрлық құралдарды пайдалану кіреді.
Компаниялар тіркеушісі тізілімді өзектілендіру және АХҚО-ның қатысушы компанияларын бақылау жұмысын күшейтеді
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) құрылған сәттен бастап Орталық қатысушыларын тіркеу мен қадағалауды қоса алғанда, өз өкілеттіктері шеңберінде міндеттерді белсенді орындауда. 2017 жылдан бастап АХҚО-да 4 600-ден астам компания тіркелген.
Жалпы құқық қағидаттарына негізделген АХҚО-ның құқықтық ортасы оны қаржылық және қаржылық емес компаниялар үшін тартымды етеді. Қатысушылар арасында ірі операциялық компанияларды, IT-стартаптарды, тау-кен өндіру және мұнай-газ секторы компанияларын, эндаумент-қорларды және басқа салалардағы ұйымдарды атап өтуге болады.
Сонымен қатар, басқа халықаралық юрисдикциялардағыдай, АХҚО-ның Жария тізіліміне операциялық қызметі шектеулі компаниялар қатыса алады. Бұл компаниялар әртүрлі әкімшілік мақсаттар үшін құрылуы мүмкін. АХҚО реттеушісінің міндеті — Жария тізілімдегі деректердің өзектілігі мен компаниялардың нақты мәртебесін көрсетуін қамтамасыз ету, бұл АХҚО экожүйесінің ашықтығы мен оған деген сенімді арттырады.
Осыған байланысты АХҚО Компаниялар тіркеушісі деректерді өзектілендіру және компаниялардың белсенділігін растау бойынша жоспарлы жұмысты бастайды. Бұл жұмысқа жылдық есептердің уақтылы тапсырылуын және тіркеу деректерінің өзектілігін тексеру; құжаттармен расталатын нақты операциялық қызметтің болуы; қолданыстағы лицензиялардың бар-жоғын тексеру; АХҚО актілерінің талаптары мен есептілік мерзімдерінің сақталуы кіреді.
Мәртебесін нақтылау қажеттілігі анықталатын барлық компанияларға олардың операциялық қызметін растау жөніндегі түсіндірмелері мен ұсынымдары бар ресми хабарламалар жіберілетін болады.
Белсенділікті растауды ұсынбаған компаниялар «Компаниялар туралы» АХҚО актісінің (AIFC Companies Regulations) 167-бабына сәйкес тізілімнен (strike off) шығарылуы мүмкін.
Strike off рәсімі Сингапур, Ұлыбритания, Делавэр, Австралия және т.б. қоса алғанда, жетекші юрисдикцияларда қолданылатын стандартты халықаралық практика болып табылады.
Бұл бастаманы іске асыру Жария тізілімнің өзектілігі мен ашықтығын қолдауға, АХҚО іскерлік беделін нығайтуға, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (AML/CFT) саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуге бағытталған.
АХҚО-ның белсенді қатысушы-компаниялары үшін бұл жұмыс қиындық туғызбайды. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша анықталған компанияларға нақты нұсқаулықтар мен қажет ақпаратты ұсыну үшін жеткілікті мерзім берілетін болады.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 88 елден 4600-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]