AFSA және Hanfa реттеушілік ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
9 қыркүйекте АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) мен Хорватияның қаржылық қадағалау агенттігі (Hanfa) реттеушілік ынтымақтастықты нығайту және екі ұйым арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Astana Finance Days 2026 форумы аясында AFSA бас директоры Евгения Богданова және Hanfa Басқарма мүшесі Юрица Едначак қол қойды.
Келісім AFSA мен Hanfa арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге негіз қалыптастырады. Ол реттеу саласындағы ақпарат пен тәжірибе алмасуды, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша консультациялар өткізуді, сондай-ақ қаржы нарықтарын реттеу және қадағалау саласындағы өзара іс-қимылды қамтиды. Меморандум сонымен қатар білім алмасуға және екі реттеуші арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға қосымша мүмкіндіктер береді.
Жаңа меморандум AFSA мен Hanfa арасында қалыптасқан ынтымақтастықты одан әрі дамытып, тараптардың тиімді трансшекаралық реттеушілік өзара іс-қимылға, қаржылық қадағалаудың жоғары стандарттарына, нарықтың тұтастығын қамтамасыз етуге және инвесторлардың мүдделерін қорғауға деген ортақ ұстанымын көрсетеді.
Евгения Богданова, AFSA бас директоры: «Қаржы нарықтары географиялық шекаралармен шектелмейді, сондықтан туындайтын тәуекелдерге тиімді ден қою реттеушілердің тығыз өзара іс-қимылын талап етеді. Hanfa-мен әріптестігіміз реттеушілік тәжірибе алмасуға, трансшекаралық қадағалау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және озық тәжірибелермен бөлісуге берік негіз қалайды. AFSA нарықтың тұтастығын қамтамасыз етуге, инвесторларды қорғауды күшейтуге және қаржы нарықтарымызға деген сенімді нығайтуға ықпал ете отырып, реттеушілермен халықаралық әріптестік байланыстарын одан әрі нығайта береді», – деп атап өтті.
Юрица Едначак, Hanfa Басқарма мүшесі: «Қаржы нарықтарының өзара байланысы артып келе жатқан жағдайда реттеушілер арасындағы халықаралық ынтымақтастық ортақ міндеттерді шешуде, сондай-ақ қаржы нарықтарының тұрақтылығы мен тұтастығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл меморандум Hanfa мен AFSA арасындағы ынтымақтастық үшін берік негіз қалыптастырып, біліммен, реттеушілік тәжірибемен және қадағалау саласындағы озық тәжірибелермен алмасуға ықпал етеді. Меморандумға қол қою – ұйымдарымыз арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды дамытудағы маңызды қадам. Бұл реттеудің жоғары стандарттарын сақтауға, тиімді қадағалауды қамтамасыз етуге және инвесторлардың мүдделерін қорғауға ықпал ететін болады», — деп атап өтті.
Қол қою рәсімі «Астана» халықаралық қаржы орталығында Astana Finance Days 2026 аясында өтті. Astana Finance Days – Қазақстан мен шетелден реттеушілердің, мемлекеттік органдардың, қаржы ұйымдары мен кәсіби қоғамдастық өкілдерінің басын қосатын АХҚО-ның жыл сайынғы флагмандық қаржы форумы.
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) – Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. Оның мақсаты – «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және оларға байланысты қызметті реттеу. АХҚО актілері мен қағидаларында қаржы компаниялары және нарықтық институттарды лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу мен қадағалау мәселелерін көзделген. afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz
AFSA Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті, pr@afsa.kz