АХҚО Халықаралық своптар мен деривативтер қауымдастығы тарапынан неттингке қолайлы юрисдикция ретінде танылды
Халықаралық своптар мен деривативтер қауымдастығы (ағылш. ISDA) «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО немесе Орталық) неттинг үшін қолайлы юрисдикция деп таныды және «Дентонс Қазақстан» ЖШС компаниясы ISDA мүшелері үшін дайындаған заңды қорытындысын жариялады.
Заңды қорытынды АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес ISDA бас келісімдері бойынша тарату неттингін қолдану мүмкіндігін таниды. Бұл қорытындыны жариялау Қазақстанның қаржы нарығының инфрақұрылымына маңызды үлес болып табылады, өйткені осындай тану жаһандық және ұлттық институттарды АХҚО-да туынды қаржы құралдарымен (деривативтермен) өз мәмілелерін жасауға ынталандырады.
Тарату неттингі (немесе өзара есеп айырысу) — контрагент дефолтқа ұшыраған жағдайда тәуекелді азайту үшін қаржы саласында қолданылатын заңды механизм. Бұл екі жақты келісім тараптарына әр міндеттемені жеке-жеке белгілеудің орнына бір тарап екінші тарапқа төлеуі тиіс таза соманы есептеу арқылы бір-бірінің алдындағы міндеттемелерін өтеуге мүмкіндік береді.
АХҚО-ның Неттинг туралы актісі және Орталықтың басқа актілеріндегі бірқатар ережелер компанияларға АХҚО қатысушыларымен сауданы жүзеге асыруда құқықтық сенімділік пен жайлылықтың жоғары дәрежесін береді, бұл тиімділіктің айтарлықтай артуына және жергілікті нарықтағы өтімділіктің артуына әкеледі.
Өз сөзінде AFSA бас директоры Нұрхат Көшімов: «Неттинг бойынша қорытындыны жариялау AFSA-ның «Астана» халықаралық қаржы орталығының құқықтық және реттеуші базасын одан әрі дамыта беру үшін халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастыққа ұмтыла беретіндігін көрсетеді, осындай ілгері қадамдар Орталыққа қаржылық инновациялар мен қызметтер саласында алдыңғы қатарда орын алуға септігін тигізеді», — деп пікір білдірді.
«Тарату неттингін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету — бұл елдің деривативтер нарығының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру мақсатында қабылданатын ең маңызды қадамы саналады. АХҚО бүкіл әлем бойынша 80-нен астам юрисдикцияларға қосылды, әрине солар үшін неттингті орындау бойынша заңды қорытынды дайындалған болатын», — деп ISDA аға кеңесшісі доктор Питер Вернер атап өтті.
Қазақстандағы Dentons Банк және қаржы практикасының жетекшісі Василий Зенов: «Біз ISDA мүшелері үшін АХҚО құқығына қатысты неттинг бойынша қорытынды шығаруға қуаныштымыз. Тиісінше, АХҚО неттинг режимі енді тарату неттингінің мақсаттарын қамтамасыз етуі тиіс. Біз сондай-ақ АХҚО құқығын және оның қаржы нарығын іс жүзінде іске асыруға қатысқанымызды зор мақтанышпен айтамыз».
Тарату неттингі туралы заңды қорытынды қаржылық операциялардағы тәуекелдерді басқарудың маңызды элементі ғана емес, ол сондай-ақ АХҚО-ның үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге және әлемдік деңгейде қауіпсіз, тиімді әрі бәсекеге қабілетті қаржы экожүйесін құруға ұмтылысын айғақтайды.
2022 жылы ISDA АХҚО юрисдикциясы туралы елдік есепті жариялаған еді. ISDA заңды қорытындысын жариялау Орталықтың неттингке қолайлы юрисдикция ретінде ресми танылуын білдіреді.
Анықтамалық ақпарат:
1985 жылдан бастап ISDA деривативтердің жаһандық нарығын қауіпсіз әрі тиімді ету үшін жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда ISDA-ға 77 елден 1000-нан астам мүше ұйымдар кіреді. Бұл ұйымдар туынды құралдар нарығына қатысушылардың кең спектрін ұсынады, соның ішінде корпорациялар, инвестицияларды басқарушылар, мемлекеттік және ұлттық ұйымдар, сақтандыру компаниялары, энергетика және шикізат компаниялары, халықаралық және аймақтық банктер бар. Нарық қатысушыларынан басқа, ISDA мүшелеріне биржалар, делдалдар, клирингтік палаталар мен репозитарийлер, сондай-ақ заң фирмалары, бухгалтерлік компаниялар, т.б. қызмет провайдерлері жатады. ISDA және оның қызметі туралы ақпаратты қауымдастықтың веб-сайтынан табуға болады: https://www.isda.org/. Оларды LinkedIn және YouTube желілерінен де таба аласыз.
Dentons — бүкіл әлемдегі клиенттерге өз фирмалары мен филиалдары арқылы қызмет көрсететін жаһандық заң практикасы. Әлемнің 80-нен астам елінде Dentons бірегей жаһандық әрі терең жергілікті құқықтық шешімдерді ұсына отырып, ұйымды дамытуға, қорғауға, басқаруға және қаржыландыруға көмектеседі. Полицентрлік, мақсатты және инклюзивтілік, әртүрлілік, әділеттілік және тұрақтылық принциптерін ұстанатын Dentons ең маңызды нәрселерге назар аударады. Dentons жаһандық командасы 160-тан астам аймақта кез келген ауқымдағы жеке әрі мемлекеттік тұтынушылардың жергілікті, ұлттық немесе жаһандық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін икемді, тең шешімдер жасайды. Dentons — Орталық Азиядағы жетекші халықаралық заң фирмасы. Қазақстанда 30 жылдан астам уақыт бері жұмыс істеп келеді. Алматы мен Астанада кеңселері бар команда клиенттерге нарықтағы көптеген маңызды мәмілелер мен сот процестерінде қолдау көрсетіп, жергілікті бизнес-ахуал мен заң тәжірибесін қалыптастыруға көмектесіп келеді. Толығырақ: www.dentons.com.
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2500-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
АХҚО қатысушылары Қазақстанның қаржы нарығына бұдан да кең қолжетімділікке ие болатын болды
АХҚО қатысушылары Қазақстан азаматтарына көрсете алатын қаржылық қызметтердің тізімі кеңейтілді. Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және «Астана» халықаралық қаржы орталығы «Валюталық реттеу қағидаларына және АХҚО-да жүргізілетін валюталық операциялар туралы мәліметтерді ұсынуға»[1] қатысты өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады. Өзгерістер мен толықтырулар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ретроспективті түрде қолданылады.
АХҚО қатысушылары қазақстандық нарыққа көрсете алатын қаржылық және кәсіби қызметтердің тізбесі кеңейтілді. Атап айтқанда:
- АХҚО қатысушыларының исламдық қызметтерін көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді. Исламдық қаржыландыруды енді АХҚО ислам банктері ғана емес, АХҚО исламдық қаржы ұйымдары да (кез келген валютада) көрсете алады.
- АХҚО қатысушылары агроөнеркәсіптік кешен және жол инфрақұрылымын салу саласында жұмыс істейтін азаматтарға (кез келген валютада) лизинг қызметтерін көрсетуге құқы бар.
- АХҚО қатысушылары халықаралық қор нарықтарында бағалы қағаздар бойынша ғана емес, сонымен қатар инвестициялық қорлардың пайларын, тауарлық, туынды және карбондық құралдарды қоса алғанда, инвестициялардың басқа да түрлері бойынша брокерлік қызметтер көрсете алады (кез келген валютада)
- АХҚО қатысушылары енді орталық контрагенттің есеп айырысуларына тікелей қол жеткізу болған жағдайда қазақстандық бағалы қағаздар бойынша брокерлік қызметтер көрсету мүмкіндігіне ие болып табылады. Бұрын мұндай қызметтерді көрсету үшін қатысушының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі лицензиясының болуы немесе «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-да есеп айырысуларға тікелей қол жеткізуі қажет болатын.
- АХҚО орталық депозитарийінің есеп айырысу-депозитарлық немесе кастодиандық қызметтері енді АХҚО биржасының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздар бойынша ғана емес, сонымен қатар шетелдік бағалы қағаздар бойынша да көрсетілуі мүмкін.
- Инвестициялар мен инвестициялық қорларды басқару процесі нақтыланды. Бұл қызметтерді басқарушы компаниялар көрсетеді:
— АХҚО биржасының немесе Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілген АХҚО-да құрылған қорлардың бағалы қағаздарына инвестиция салатын ҚР азаматтары және заңды тұлғалары болып табылатын клиенттерге (инвесторларға) қатысты АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитетінің лицензиясымен
— АХҚО биржасының немесе Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілмеген, АХҚО-да құрылған қорлардың бағалы қағаздарына инвестиция салатын ҚР азаматтары және заңды тұлғалары болып табылатын клиенттерге (инвесторларға) қатысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі лицензиясымен;
- АХҚО қатысушылары инвестициялық краудфандингтік платформаны басқару шеңберінде (кез келген валютада) краудфандингтік қызметтер көрсете алады.
- АХҚО қатысушылары криптобиржа, брокерлік, дилерлік және кастодиандық қызметтерді криптоактивтерді пайдалана отырып көрсете алады, сондай-ақ цифрлық активтері бар инвестицияларды басқара алады (кез келген валютада).
Валюталық операцияларды жүргізу тәртібіне қатысты негізгі толықтырулар мен өзгерістердің ішінде мыналарды ерекше атап өтуге болады:
- АХҚО банктері (ислам банктерін қоса алғанда) енді ҚР Екінші деңгейлі банктерінде ұлттық әрі шетел валюталарында корреспонденттік шоттар аша алады;
- Ислам банктерінің клиенттеріне төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу шарттары кеңейтілді. Енді ислам банктерінің клиенттері мұндай операцияларды тек исламдық қаржыландыруға байланысты қызметтер бойынша ғана емес, сонымен қатар клиент банктен қаржыландыруды тартқан басқа жобалар бойынша да жүргізе алатын болады;
- АХҚО қатысушылары жарғылық капиталды Екінші деңгейлі банктер арқылы кез келген валютада және АХҚО банктері арқылы шетел валютасында толықтыруға құқы бар;
- ҚР-да тіркелмеген және елде қызметін жүзеге асырмайтын Қазақстан азаматтары болып табылмайтындар арасында жүзеге асырылатын төлемдер мен ақша аударымдары бойынша сәйкестендіруші құжаттар әрі ақпараттың сұратуы бойынша (валюталық келісім, БИН, т.с.с) АХҚО банктеріне қойылатын талаптар алынып тасталды.
- Енді шетел валютасын айырбастауды айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар АХҚО брокерлері мен дилерлері, сондай-ақ шетелдік банктер жүзеге асыра алады. Бұрын мұндай операцияларды АХҚО банктері ғана жүзеге асыра алатын.
АХҚО мен ҚР Ұлттық банкі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл бөлігінде Ұлттық банкке есептер ұсыну көлемі мен мерзімдері түзетілді. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.
АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеттің бас директоры Нұрхат Көшімов: «Юрисдикциялар мен ұйымдар арасындағы қаржы ағындары адамдарға уақтылы және сапалы қызметтер алуға, бизнесті дамытуға, қаржыны тиімді басқаруға мүмкіндік береді, осылайша бүкіл елдің әл-ауқатын арттырады. АХҚО мен қазақстандық юрисдикцияның өзара іс-қимыл қағидаларына енгізілген соңғы өзгерістер мен түзетулер ел экономикасы әрі өңірдің дамуы үшін аса маңызды ресурстардың қозғалысын жеңілдете отырып, қаржылық қызметтер көрсету процестері және рәсімдеріне анағұрлым айқындық әрі болжамдылықты енгізуге көмектеседі».
Ережелер алғаш рет 2021 жылдың қарашасында қабылданған еді. Алайда, оларды іске асырудың екі жылында АХҚО қатысушылары мен органдары және Қазақстанның қаржы нарығы арасында кросс-юрисдикциялық мәселелер жиналып қалған болатын. Осы мәселелерді шешу үшін 2023 жылдың қаңтарында ережелерге өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына АХҚО, ҚР Ұлттық Банкі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кірді. Жұмыс тобының тұрақты кездесулері және нарық қатысушыларымен қоғамдық талқылаулар нәтижесінде реттеушілер осы жылдың 12 ақпанында қабылданған бірқатар түзетулер әзірледі.
[1] «АХҚО туралы» Конституциялық заңның 5-бабының 5-тармағына сәйкес — Орталықтың актілерімен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен келісім бойынша жүргізілетін валюталық операциялар туралы мәліметтерді ұсыну бойынша талаптар, сондай-ақ Орталық органдары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібі белгіленеді». Сонымен қатар, бұл акт Қазақстан нарығына Орталық қатысушылары көрсете алатын актідегі қаржылық және кәсіптік қызметтер тізбесіне байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен келісілген.
АХҚО-да цифрлық активтерді қауіпсіз пайдалану жөнінде семинар өтті