АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) FinTechLab реттеуші құмсалғышында лицензияланған барлық цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлерін цифрлық активтермен өнімдер әрі қызметтердің жаңа түрлерін сынауға шақырады. Цифрлық активтердің жаңа түрлеріне маржиналдық сауда, P2P саудасы, деривативалармен сауда, стейкинг, NFT (non-fungible tokens) саудасы, цифрлық активтерге несие беру және басқа қызметтер кіреді деп күтілуде. Бұл қызметтер тізімі түпкілікті емес, сондықтан таратылған тізілім технологияларының тұрақты әрі жылдам дамуын ескерсек әлі де өзгеруі мүмкін.
AFSA бұл бастамаға өзінің көзқарасын тиісті хабарлама шығару арқылы көрсете білді.
Егер сіз лицензияланған цифрлық активтер провайдері ретінде жаңа өніміңізді немесе қызметіңізді іске қосуға әрі сынауға қызығушылық танытсаңыз, қосымша ұсыныстар алу үшін тиісті қызметкерге (case officer) хабарласу арқылы AFSA-ға жүгінуіңіз қажет. Лицензияланған қызметті бастауға ниеттілер немесе АХҚО-да жаңа өнімдер мен қызметтерді бір мезгілде сынақтан өткізгісі келгендер болса келесі байланыс деректері бойынша AFSA-ға хабарласулары керек: +7 (7172) 64-73-72 әрі электрондық пошта бойынша [email protected].
Осы жаңа өнімдер мен қызметтерді сынақтан өткізуге шақырудан кейін АХҚО мен Қазақстандағы цифрлық активтер индустриясындағы екі жыл түйінді оқиғалар болады деп күтілуде. Осы уақыт ішінде AFSA Қазақстанның мемлекеттік органдарымен бірлесіп Сандық актив қызметтерін жеткізушілер (САҚЖ) қызметін тестілеу бойынша бірнеше маңызды жобаларды аяқтады және АХҚО-да цифрлық активтер қызметтерін ұсыну үшін кешенді нормативтік-құқықтық базаны әзірледі.
АХҚО-да цифрлық активтер секторын дамытудың негізгі факторы 2022 жылғы маусымда АХҚО криптобиржалары мен Қазақстанның коммерциялық банктері арасында крипто-фиат арналарын тестілеу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу болды. Бір жарым жылға созылған пилоттық жоба 2023 жылы сәтті аяқталды және АХҚО-да кешенді криптореттеу базасын әзірлеу әрі қабылдауда маңызды рөл атқарған нарықтан тәжірибе мен кері байланыс жинақтауға мүмкіндік берді. Пилоттық жобаның нәтижелері сонымен қатар САҚЖ үшін сенімді нормативтік базаны құрды да қазір олар үшін және AFSA мен АХҚО-да одан әрі криптоинновация үшін іргетас ретінде қызмет етеді.
AFSA басшысы Нұрхат Көшімов: «Біз бүкіл әлемде блокчейнмен байланысты технологиялардың қарқынды дамуын, активтерді токенизациялау трендтерін және цифрлық активтерді пайдалана отырып, көптеген қаржылық қызметтердің ұсынылуын байқап отырмыз. Біздің нарықпен қарым-қатынасымыз және одан алатын кері байланысымыз мұндай қызметтерді кеңейтуге сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді. Біз AFSA-да FinTech Lab қорғалған ортада жаңа өнімдер мен қызметтерді сынау арқылы бұл сұранысты қауіпсіз түрде қолдауды жалғастыруға ниеттіміз».
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2500-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45