Посты с тэгом: AFSA

АХҚО қатысушылары Қазақстанның қаржы нарығына бұдан да кең қолжетімділікке ие болатын болды

Опубликовано: 26 февраля, 2024 в 12:00 дп

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО қатысушылары Қазақстан азаматтарына көрсете алатын қаржылық қызметтердің тізімі кеңейтілді. Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және «Астана» халықаралық қаржы орталығы «Валюталық реттеу қағидаларына және АХҚО-да жүргізілетін валюталық операциялар туралы мәліметтерді ұсынуға»[1] қатысты өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады. Өзгерістер мен толықтырулар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ретроспективті түрде қолданылады.

АХҚО қатысушылары қазақстандық нарыққа көрсете алатын қаржылық және кәсіби қызметтердің тізбесі кеңейтілді. Атап айтқанда:

  1. АХҚО қатысушыларының исламдық қызметтерін көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді. Исламдық қаржыландыруды енді АХҚО ислам банктері ғана емес, АХҚО исламдық қаржы ұйымдары да (кез келген валютада) көрсете алады.
  2. АХҚО қатысушылары агроөнеркәсіптік кешен және жол инфрақұрылымын салу саласында жұмыс істейтін азаматтарға (кез келген валютада) лизинг қызметтерін көрсетуге құқы бар.
  3. АХҚО қатысушылары халықаралық қор нарықтарында бағалы қағаздар бойынша ғана емес, сонымен қатар инвестициялық қорлардың пайларын, тауарлық, туынды және карбондық құралдарды қоса алғанда, инвестициялардың басқа да түрлері бойынша брокерлік қызметтер көрсете алады (кез келген валютада)
  4. АХҚО қатысушылары енді орталық контрагенттің есеп айырысуларына тікелей қол жеткізу болған жағдайда қазақстандық бағалы қағаздар бойынша брокерлік қызметтер көрсету мүмкіндігіне ие болып табылады. Бұрын мұндай қызметтерді көрсету үшін қатысушының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі лицензиясының болуы немесе «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-да есеп айырысуларға тікелей қол жеткізуі қажет болатын.
  5. АХҚО орталық депозитарийінің есеп айырысу-депозитарлық немесе кастодиандық қызметтері енді АХҚО биржасының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздар бойынша ғана емес, сонымен қатар шетелдік бағалы қағаздар бойынша да көрсетілуі мүмкін.
  6. Инвестициялар мен инвестициялық қорларды басқару процесі нақтыланды. Бұл қызметтерді басқарушы компаниялар көрсетеді:

— АХҚО биржасының немесе Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілген АХҚО-да құрылған қорлардың бағалы қағаздарына инвестиция салатын ҚР азаматтары және заңды тұлғалары болып табылатын клиенттерге (инвесторларға) қатысты АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитетінің лицензиясымен

— АХҚО биржасының немесе Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілмеген, АХҚО-да құрылған қорлардың бағалы қағаздарына инвестиция салатын ҚР азаматтары және заңды тұлғалары болып табылатын клиенттерге (инвесторларға) қатысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі лицензиясымен;

  1. АХҚО қатысушылары инвестициялық краудфандингтік платформаны басқару шеңберінде (кез келген валютада) краудфандингтік қызметтер көрсете алады.
  2. АХҚО қатысушылары криптобиржа, брокерлік, дилерлік және кастодиандық қызметтерді криптоактивтерді пайдалана отырып көрсете алады, сондай-ақ цифрлық активтері бар инвестицияларды басқара алады (кез келген валютада).

Валюталық операцияларды жүргізу тәртібіне қатысты негізгі толықтырулар мен өзгерістердің ішінде мыналарды ерекше атап өтуге болады:

  1. АХҚО банктері (ислам банктерін қоса алғанда) енді ҚР Екінші деңгейлі банктерінде ұлттық әрі шетел валюталарында корреспонденттік шоттар аша алады;
  2. Ислам банктерінің клиенттеріне төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу шарттары кеңейтілді. Енді ислам банктерінің клиенттері мұндай операцияларды тек исламдық қаржыландыруға байланысты қызметтер бойынша ғана емес, сонымен қатар клиент банктен қаржыландыруды тартқан басқа жобалар бойынша да жүргізе алатын болады;
  3. АХҚО қатысушылары жарғылық капиталды Екінші деңгейлі банктер арқылы кез келген валютада және АХҚО банктері арқылы шетел валютасында толықтыруға құқы бар;
  4. ҚР-да тіркелмеген және елде қызметін жүзеге асырмайтын Қазақстан азаматтары болып табылмайтындар арасында жүзеге асырылатын төлемдер мен ақша аударымдары бойынша сәйкестендіруші құжаттар әрі ақпараттың сұратуы бойынша (валюталық келісім, БИН, т.с.с) АХҚО банктеріне қойылатын талаптар алынып тасталды.
  5. Енді шетел валютасын айырбастауды айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар АХҚО брокерлері мен дилерлері, сондай-ақ шетелдік банктер жүзеге асыра алады. Бұрын мұндай операцияларды АХҚО банктері ғана жүзеге асыра алатын.

АХҚО мен ҚР Ұлттық банкі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл бөлігінде Ұлттық банкке есептер ұсыну көлемі мен мерзімдері түзетілді. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.

АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеттің бас директоры Нұрхат Көшімов: «Юрисдикциялар мен ұйымдар арасындағы қаржы ағындары адамдарға уақтылы және сапалы қызметтер алуға, бизнесті дамытуға, қаржыны тиімді басқаруға мүмкіндік береді, осылайша бүкіл елдің әл-ауқатын арттырады. АХҚО мен қазақстандық юрисдикцияның өзара іс-қимыл қағидаларына енгізілген соңғы өзгерістер мен түзетулер ел экономикасы әрі өңірдің дамуы үшін аса маңызды ресурстардың қозғалысын жеңілдете отырып, қаржылық қызметтер көрсету процестері және рәсімдеріне анағұрлым айқындық әрі болжамдылықты енгізуге көмектеседі».

Ережелер алғаш рет 2021 жылдың қарашасында қабылданған еді. Алайда, оларды іске асырудың екі жылында АХҚО қатысушылары мен органдары және Қазақстанның қаржы нарығы арасында кросс-юрисдикциялық мәселелер жиналып қалған болатын. Осы мәселелерді шешу үшін 2023 жылдың қаңтарында ережелерге өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына АХҚО, ҚР Ұлттық Банкі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кірді. Жұмыс тобының тұрақты кездесулері және нарық қатысушыларымен қоғамдық талқылаулар нәтижесінде реттеушілер осы жылдың 12 ақпанында қабылданған бірқатар түзетулер әзірледі.

[1] «АХҚО туралы» Конституциялық заңның 5-бабының 5-тармағына сәйкес — Орталықтың актілерімен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен келісім бойынша жүргізілетін валюталық операциялар туралы мәліметтерді ұсыну бойынша талаптар, сондай-ақ Орталық органдары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібі белгіленеді». Сонымен қатар, бұл акт Қазақстан нарығына Орталық қатысушылары көрсете алатын актідегі қаржылық және кәсіптік қызметтер тізбесіне байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен келісілген.

АХҚО-да цифрлық активтерді қауіпсіз пайдалану жөнінде семинар өтті

Опубликовано: 7 февраля, 2024 в 12:00 дп

AFSA ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп әзірленген Нақты болу қағидаларына арналған нұсқаулықты бекітті

Опубликовано: 30 октября, 2023 в 7:20 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

AFSA корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын төлеу бойынша салықтық жеңілдіктерді қолданатын АХҚО қатысушылары үшін Нақты болу қағидаларына арналған нұсқаулықты бекітті. Нұсқаулық Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп әзірленді.

Нұсқаулық үш міндетті талапты нақты анықтауға бағытталған: негізгі табыс әкелетін қызмет түрлері, операциялық шығындардың жеткілікті көлемі және білікті қызметкерлердің тиісті саны. Бұдан басқа, құжат АХҚО қатысушылары ұсынуы тиіс жобаның экономикалық негіздемесінің тәртібін және оны берудің соңғы мерзімін айқындайды.

Бұл маңызды құжат Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының Зиянды салық тәжірибесі форумында (FHTP) қаралып мақұлданды. Құжатта нақты болу қағидаларында көрсетілген талаптарды қалай орындау керектігі туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар бар. Нұсқаулық АХҚО қатысушыларына салық декларацияларын толтыруда сенімділік береді, сондай-ақ АХҚО ашықтығын және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін одан әрі нығайта түседі.

AFSA мен ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Нақты болу қағидаларын 2021 жылдың желтоқсанында қабылдаған болатын. Қағидаларды қабылдау АХҚО-ның салықтық ашықтықтың жаһандық стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге және зиянды салық тәжірибесі шеңберінде АХҚО юрисдикциясын пайдалануға қарсы іс-қимылға маңызды қадам болып саналады.

2017 жылдың қаңтарында Қазақстан ЭЫДҰ/G20-ның Инклюзивті негіздемелік бағдарламасына яғни салық салынатын базаны бұлдырату және салық салудан түскен пайданы шығаруға (BEPS) қарсы іс-әрекетіне мүше болып қосылды. Оған сәйкес зиянды салық тәжірибесіне қарсы стандартты қоса алғанда, ЭЫДҰ-ның 5 қолданыста болатын іс-әрекетінің кемінде төртеуін сақтау қажет. Аталған талапқа сай болу және салық салынатын базаның бұлдыратуына жол бермеу және салық салудан түскен пайданың бөлініп кетуін болдырмау үшін АХҚО Нақты болу қағидаларын енгізген болатын.

Анықтамалық ақпарат:

ЭЫДҰ-ның зиянды салық тәжірибесі форумы (FHTP) 1998 жылы құрылғаннан бері преференциялық режимдерге шолулар жүргізіп келеді, бұл режимдер басқа юрисдикциялардың салық базасына зиян тигізу мүмкіндіктерін  анықтайды.

АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы»  Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 78 елден 2100-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

Байланыс ақпараты:

Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

АХҚО-ның қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Refinitiv-пен серіктесе отырып, АХҚО қатысушылары арасында талаптарды сақтау мәдениетін ілгерілетуде

Опубликовано: 15 января, 2021 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қатысушыларына сәйкестік туралы деректерге және реттеушілік нарық ақпаратына оңай қолжетімділікті ұсыну үшін Refinitiv-пен серіктестікті бастады.

Ынтымақтастық туралы шарт АХҚО қатысушыларына (1) Refinitiv-тен World-check сервисіне икемді жазылу шарттарына рұқсат алуға* және (2) Қазақстан мен ТМД елдерінде талаптарды сақтау саласындағы іс-шараларға, тренингтерге қатысуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Refinitiv – қаржы нарықтарының деректері мен инфрақұрылымын ұсынатын әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. Ол озық деректер мен идеяларды, сауда платформаларын, сондай-ақ сауда-саттық, инвестициялар, капиталды басқару, нормативтік талаптарды сақтау, нарық деректерін басқару, корпоративтік тәуекелдер және қаржылық қылмыстармен күрес сияқты салалардағы өркендеген жаһандық қаржы нарықтары қоғамдастығын біріктіретін ашық деректер мен технологиялар платформаларын ұсынады. Refinitiv World-Check, Qual-ID және кеңейтілген кешенді тексеру қызметі сияқты нормативтік талаптарды сақтаумен байланысты бірқатар өнімдерді ұсынады.

Қызығушылық танытқан қатысушылар келесі байланыс деректері бойынша хабарласа алады:

Refinitiv
Саламат Балмаханов
+7 (771) 780 68 41
[email protected]

AFSA Refinitiv-пен ынтымақтастық АХҚО қатысушылары арасында нарықтық ақпарат пен деректер платформаларына қол жеткізу арқылы нормативтік талаптарды сақтау мәдениетін дамытуға ықпал етеді деп санайды.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда [email protected] мекенжайы бойынша AFSA коммуникация бөліміне хабарласыңыз.

*АХҚО қатысушыларына World-Check сервистік платформасына бір ай мерзімге тегін сынақ қолжетімділігі беріледі. Қызығушылық танытқан қатысушылар тестілеу кезеңі аяқталғаннан кейін тегін сынақ мерзімін ұзартудың шарттарын жеке келісе алады.