AFSA жұртшылықты Proportunity Management Company Limited компаниясының лицензиясының мерзімі өтіп кеткені туралы ескертеді
AFSA жұртшылықты Proportunity Management Company Limited компаниясының лицензиясының мерзімі өтіп кеткені туралы ескертеді
AFSA
31 July 2024 08:46:49

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) жұртшылыққа Proportunity Management Company Limited компаниясының FinTech Lab[1] лицензиясының мерзімі 2024 жылдың 1 шілдесінде аяқталғанын хабарлайды. Алайда AFSA-ға компания өз өнімдерін, соның ішінде исламдық банкинг пен исламдық қаржыландыру өнімдерін халыққа жарнамалауды жалғастырып жатқаны белгілі болды.  

AFSA компанияның бұрын краудфандингтік платформа ретінде лицензияланғанын және ешқашан исламдық банкинг немесе исламдық қаржыландыру қызметтерін ұсынуға өтінім бермегенін және лицензиясы болмағанын атап өткісі келеді.

AFSA жұртшылықты AFSA лицензиялаған және/немесе тіркеген заңды тұлғалар туралы ақпаратты қамтитын Жария тізіліммен танысуға шақырады. Бұл заңды тұлғаның қаржылық қызметтерін немесе өнімдерін пайдаланбас бұрын оның тиісті лицензиясы бар екеніне көз жеткізу үшін өте маңызды қадам.

Если вы хотите связаться с AFSA по поводу Proportunity Management Company Limited, пожалуйста, обратитесь к нам по электронным адресам [email protected] или [email protected].

Егер сіз Proportunity Management Company Limited компаниясына қатысты ASA-ға хабарласқыңыз келсе, бізбен [email protected]  немесе [email protected] электрондық пошта мекенжайлары арқылы байланысыңыз.

Анықтама үшін: 

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 2900-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

[1] FinTech Lab – бұл компаниялар реттеуші талаптардың толық жиынтығына бірден бетпе-бет келмей инновациялық қаржылық және RegTech-қызметтерді ұсына алатын бейімделген орта.


Соңғы жаңалықтар