Посты с тэгом: AFSA

GB Finance Limited пен GB Insurance Limited АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетімен (AFSA) уағдаластыққа қол жеткізді

Опубликовано: 16 сентября, 2024 в 12:00 дп

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) GB Finance ltd. және GB Insurance ltd. компанияларының 2022 жылы инспекция барысында анықталған реттеушілік комплаенспен байланысты бұзушылықтарды жоюына өзінің келісімі туралы хабарлайды.

2022 жылғы сәуір мен қараша аралығында GB тобының компаниялары өздерінің бақылау жүйелері мен тетіктерінің сақталуын тиісті түрде қамтамасыз ете алмады және олардың іс-әрекеті АХҚО актілерінде баяндалған көптеген қағидалар мен негізгі қағидаттарға сәйкес келмегенін мойындады. GB Finance капиталдың жеткіліктілігінің минималды коэффициенттерін ұстап тұру, байланысты тараптардың кредит алуына шектеулерді[1] сақтау және ірі тәуекелдер лимиттерін[2] сақтау сияқты пруденциялық стандарттарға сәйкес келе алмауды қоса алғанда, бірнеше операциялық салаларда кемшіліктерге жол бергенін мойындады. GB Insurance сонымен қатар өзінің лицензиясының шегінен тыс кэптивті сақтандыру шарттарын берген және AFSA-ның лицензияланған компанияларға арналған негізгі қағидаттарын, сондай-ақ АХҚО-ның валюталық реттеу қағидаларын сақтамағанын мойындады.

AFSA қорытындыларын мойындап, қаржылық айыппұлдарды төлегеннен кейін компаниялар реттеуші талаптарды бұзудың анықталған фактілерін жан-жақты жоюға бағытталған жағдайды түзету шараларын қабылдауға міндеттенді.

Анықтама үшін:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

[1] Мүдделер қақтығысын болдырмауға бағытталған АХҚО банк қызметінің пруденциялық қағидалары байланысты тараптармен операцияларға ерекше талаптар белгілейді.

[2] АХҚО банк қызметінің пруденциялық қағидаларына сәйкес Банктің бір контрагентке немесе байланысты контрагенттердің бір тобына қатысты таза тәуекелдерінің жалпы сомасы Банктің реттеуші капиталының 25%-ынан аспауға тиіс, ал Банктің барлық таза ірі тәуекелдерінің жалпы сомасы осы капиталдың 800%-ынан аспауға тиіс.

Анжела Найт АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) Директорлар кеңесінің төрайымы және АХҚО-ны басқару жөніндегі кеңестің мүшесі болып тағайындалды

Опубликовано: 9 сентября, 2024 в 12:00 дп

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Тэги:

Анжела Найт АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) Директорлар кеңесінің төрайымы және АХҚО-ны басқару жөніндегі кеңестің мүшесі болып тағайындалды. Бұған дейін Уайт ханым AFSA Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары және ұйым құрылған сәттен бері Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Найт ханымның айрықша тәжірибесі мен беделі, сондай-ақ оның қаржы индустриясына сіңірген ерекше еңбегі AFSA-ның дамуына баға жетпес үлес қосуда.

Анжела Найт сонымен қатар бірқатар басқа да қаржы компанияларының директорлар кеңесінің мүшесі және Бағалы қағаздар мен инвестициялардың чартерлік институтына құрметті мүше болып қабылданды және қаржы индустриясына сіңірген еңбегі үшін Британ Империясы орденінің Командоры[1] атанды.

Найт ханым бірнеше сауда қауымдастығының, соның ішінде Energy UK энергетика ұйымының және банк дағдарысы кезінде Британдық банкирлер қауымдастығының бас директоры болды. Сондай-ақ 1990 жылдары парламент мүшесі болды және қаржы министрі лауазымын атқарды.

Анықтама үшін:

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

[1] CBE (Commander of the British Empire) – бұл қоғамдағы алдындағы жетістіктері немесе сіңірген еңбегінің немесе өз қызмет саласына қосқан новаторлық үлесінің арқасында аймақтық істердегі көрнекті ұлттық рөл

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мен Оман Сұлтандығының Қаржылық қызметтер басқармасы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жол картасына қол қойды

Опубликовано: 4 сентября, 2024 в 12:00 дп

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) Бас директоры Нұрхат Көшімов және Оман Сұлтандығы Қаржылық қызметтер басқармасының (FSA) атқарушы президенті Мәртебелі Абдулла Бин Салем Әл Салми ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жол картасына қол қойды. Құжатқа қол қою Astana Finance Days 2024 аясында өтті және осы қаржы реттеушілері арасындағы екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңін айшықтады.

Жол картасы ынтымақтастықты тереңдетуге және капитал нарықтары, активтерді басқару және цифрлық активтер сияқты негізгі салаларда тәжірибе алмасуға ықпал етуге арналған. Ол сондай-ақ қаржы нарықтарының тығыз интеграциясына ықпал ете отырып, қос юрисдикцияның реттелетін нарықтарына өзара қол жеткізу мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған.

Бұл келісім қос ұйым 2023 жылы қол қойған өзара түсіністік туралы меморандумға негізделген. Құжат ынтымақтастық пен ақпарат алмасудың негізін қалады, ал жақында қол қойылған жол картасы меморандумда белгіленген мақсаттарды жүзеге асырудың нақты қадамы саналады.

Келісімге қол қою рәсімінен кейін реттеушілердің өкілдері реттелетін нарықтар бойынша шолу сессияларын өткізді, сессиялар барысында қаржы нарықтарын дамыту мен реттеуге қатысты пікірлермен алмасып, өз көзқарастарын білдірді. Сессиялар қос тараптың да өз юрисдикцияларында қаржылық экожүйелерді жақсарту бойынша тәжірибе алмасуға және бірлесіп жұмыс істеуге бейілдігін тағы бір рет көрсетті.

AFSA бас директоры Нұрхат Көшімов: «Жол картасын іске асыру АХҚО мен Оман Сұлтандығы арасындағы тығыз ынтымақтастыққа ықпал етеді деп күтілуде, бұл әрбір юрисдикциядағы қаржы нарықтарының дамуын нығайтып қана қоймай, өңірдегі қаржы нарықтарының жалпы өсуіне және интеграциясына үлес қосады».

Оман Сұлтандығы Қаржылық қызметтер басқармасының атқарушы президенті Мәртебелі Абдулла Бин Салем Әл Салми: «Жол картасына қол қою біздің AFSA-мен ынтымақтастығымыздағы маңызды қадам болып табылады. Бұл келісім капитал нарықтары, цифрлық активтер, хабардарлықты арттыру және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру сияқты негізгі салаларға бағытталған. Жол картасы — біз 2023 жылы қол қойған Өзара түсіністік туралы Меморандумның жалғасы. Ол одан әрі ынтымақтастық үшін берік негіз қалайды. Біз Astana Finance Days конференциясының алдында қол қою рәсімінен кейін кездесулер мен талқылаулар өткізу мүмкіндігіне ерекше қуаныштымыз. Біз осы кеңейтілген серіктестіктің әр тарапқа өзара пайдалы болады деп білеміз және оны сәтті жүзеге асыруды асыға күтеміз».

Анықтамалық ақпарат

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 3000-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected] 

 

AFSA 27 тамыз күні, Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де реттеуші таунхолды онлайн-форматта өткізеді

Опубликовано: 21 августа, 2024 в 12:00 дп

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) сізді 2024 жылғы 27 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 12:00-ден 13:00-ға дейін Zoom форматында өтетін реттеуші таунхолға қатысуға шақырады.

Таунхол кезінде біз АХҚО заңнамасына жаңа нормативтік базалар мен түзетулерді ұсынамыз және талқылаймыз. Біздің сайтта кері байланыс үшін тиісті консультациялық құжаттар орналастырылды (оларға сілтемелер әр тақырыптың алдында төменде келтірілген). AFSA нарықтан реттеу мен заңнамалық ұсыныстарға көзқарас бойынша ұсыныстар алуға, сондай-ақ аудиторияның сұрақтарына жауап беруге тырысады.

Бағдарлама

  1. I. Презентациялар 12:00 — 12:30:

АХҚО-ның активтерді басқару жөніндегі актілеріне ұсынылып отырған түзетулер (https://orderly.myafsa.com/articles/consultationpaperafsapce-2024-0009-from-2-august-2024-onproposedenhancementstotheaifcassetmanagementframework)

  • Гауһар Қаттабек, саясатты әзірлеу, стратегия және тәуекелдерді басқару бөлімінің аға сарапшысы, AFSA

ESG ақпаратты ашу жөніндегі нұсқаулық (https://orderly.myafsa.com/articles/consultation-paper-afsa-p-ce-2024-0010-from-5-august-2024-on-consultation-paper-on-the-aifc-environmental-social-and-governance-disclosure-guidance)

  • Мадина Маймақова, саясатты әзірлеу, стратегия және тәуекелдерді басқару бөлімінің аға сарапшысы, AFSA

АХҚО-да жұмысқа орналасу үшін қажетті біліктіліктер туралы ережелеріне ұсынылған өзгерістер (https://orderly.myafsa.com/articles/consultationpaperafsapce-2024-0011-from-16-august-2024-onproposedamendmentstotheaifcactno.gr009-of-2017-concerningqualificationsnecessaryforemploymentintheaifc)

  • Айнұр Жуматова, АХҚО Экспат орталығының директоры
  1. II. Сұрақ-жауап сессиясы 12:30 – 13:00

Төмендегі сілтеме арқылы 2024 жылғы 27 тамыз сағат 09:00-ге дейін Астана уақыты бойынша алдын ала ОНЛАЙН ТІРКЕУДЕН өтуді шақырамыз:

Анықтама үшін:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 3000-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected] 

 

AFSA «АХҚО-да жұмысқа орналасу үшін қажетті біліктіліктер туралы» АХҚО ережелеріне ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар бойынша консультациялық құжат жариялады. Түсініктеме берудің соңғы мерзімі — 2024 жылдың 16 қыркүйегі.

Опубликовано: 19 августа, 2024 в 12:00 дп

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Тэги:

AFSA тиісті мүдделі тараптарға АХҚО-ға жұмысқа орналасу үшін қажетті біліктіліктерге қатысты АХҚО-ның 2017 жылғы №GR009 ережелері (АХҚО ережелері) ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы пікір білдіру туралы өтінішпен жүгінеді.

АХҚО ережелеріне ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар АХҚО-да жұмысқа орналасу үшін білім беру, сондай-ақ тәжірибеге негізделген өлшемшарттарды міндетті түрде сақтау жолымен «халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңының Ұлттық талаптарына толық сәйкестігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл тәсіл АХҚО-да жұмыс күшінің тұтастығы мен сапасын сақтау үшін қажетті жоғары біліктілік стандарттарын қолдауға мүмкіндік береді.

АХҚО ережелеріне ұсынылатын елеулі толықтыру АХҚО жалпы ережелерінің (AIFC General Rules) 2.2 және 2.3 қағидаларына сәйкес бақылау немесе ерекше функцияларды орындаумен айналыспайтын АХҚО қатысушыларына қатысты қағидалардың белгілі бір талаптарына ерекшеліктер беру және оларды өзгерту жөніндегі АХҚО Әкімшілігіне өкілеттіктерді беру болып табылады. Бұл Конституциялық Заңның шетелдік жұмыс күшін тартуға жәрдемдесуге қатысты ережелерін орындауға ықпал ететін болады.

Біз мүдделі тараптарды өз пікірлерін ұсынуға шақырамыз.

Түсініктеме берудің соңғы мерзімі-2024 жылдың 16 қыркүйегі. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы ұсынысқа қандай да бір нақтылау енгізу қажеттілігі туралы мәселені қарастырамыз.

AFSA [email protected] электрондық пошта арқылы түсініктеме алуды жөн көреді.

Консультациялық құжатқа келесі сілтеме арқылы қол жеткізуге болады: https://orderly.myafsa.com/articles/consultation-paper-afsa-p-ce-2024-0011-from-16-august-2024-on-proposed-amendments-to-the-aifc-act-no.gr009-of-2017-concerning-qualifications-necessary-for-employment-in-the-aifc

Анықтама үшін:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

AFSA АХҚО-да ESG ақпаратты ашу жөніндегі нұсқаулықтың жобасы бойынша консультациялық құжатты жариялады. Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылғы 6 қыркүйек.

Опубликовано: 6 августа, 2024 в 12:00 дп

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) нарықтан ұсыныстар алу үшін Экологиялық, әлеуметтік және басқару (ESG) аспектілеріндегі ақпаратты ашу жөніндегі АХҚО-ның ұсынылып отырған нұсқаулығы бойынша консультациялық құжат жариялады.

AFSA банктердің, қор басқарушыларының және сақтандыру компанияларының ESG ақпаратты ашуы жөніндегі нұсқаулықты енгізуді ұсынады. Нұсқаулықтың мақсаты – АХҚО-дағы қаржы экожүйесі барынша орнықты және жауапты болуына ете отырып, ESG стандарттарды қаржы ұйымдарының есептілігі мен шешім қабылдау процестеріне интеграциялануын ынталандыру. Бастапқы кезең ретінде ASSA ESG ақпаратты ерікті түрде ашуды енгізуді ұсынады, бұл қаржы ұйымдарына халықаралық стандарттармен танысуға, өздерінің операциялары мен есеп беру процестерін бейімдеуге және өздерінің орнықты дамуға деген бейілдігін көрсетуге мүмкіндік береді.

Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 6 қыркүйегі. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы құжатқа қандай да бір нақтылаулар қажет пе екенін қарастырамыз.

AFSA пікірлерді [email protected] электрондық поштасы арқылы алуды жөн көреді.

Консультациялық құжатқа келесі сілтеме арқылы қол жеткізуге болады: https://orderly.myafsa.com/articles/consultation-paper-afsa-p-ce-2024-0010-from-5-august-2024-on-consultation-paper-on-the-aifc-environmental-social-and-governance-disclosure-guidance

AFSA АХҚО-ның активтерді басқару жөніндегі актілеріне ұсынылып отырған түзетулер жөнінде консультациялық құжатты жариялады. Пікірлер ұсынудың соңғы мерзімі – 2024 жылдың 2 қыркүйегі.

Опубликовано: 5 августа, 2024 в 12:00 дп

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) АХҚО-ның активтерді басқару жөніндегі актілеріне ұсынылып отырған түзетулер жөнінде консультациялық құжатты нарықтан ұсыныстар алу үшін жариялады.

Осы құжаттағы ұсыныстар «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) немесе АХҚО-дан активтер мен инвестициялық қорларды басқару жөніндегі қызметке мүдделі АХҚО-ның қазіргі және әлеуетті қатысушылары үшін қызықты болады.

АХҚО-ның активтерді басқару индустриясының дамуын және қадағалау қызметі нәтижесінде алынған тәжірибені назарға ала отырып, осы консультациялық құжатта АХҚО-ның активтерді басқару жөніндегі актілерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылған:

  1. Мамандандырылған қорлар тізімін кеңейту, соның ішінде:

а) Кредиттік қорлар

б) Цифрлық активтер қорлары

в) Биржалық қорлар

г) Ақша нарығы қорлары

  1. АХҚО актілерінің венчурлық капиталды реттеу жөніндегі талаптарын жетілдіру;
  2. АХҚО қатысушысына Ұжымдық инвестициялау схемалары туралы қағидаларды қолдану;
  3. AFSA-ның лицензиясы бар Қор Әкімшісін міндетті түрде тағайындау;
  4. Инвестициялық токендерге және жіктелген инвестициялық токендерге инвестиция салатын токенизацияланған пайлар мен қорларға қатысты түзетулер.

Пікірлер ұсынудың соңғы мерзімі – 2024 жылдың 2 қыркүйегі. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы құжатқа қандай да бір нақтылаулар қажет пе екенін қарастырамыз.

AFSA пікірлерді [email protected] электрондық поштасы арқылы алуды жөн көреді.

Консультациялық құжатқа мына сілтеме арқылы қол жеткізуге болады: https://orderly.myafsa.com/articles/consultation-paper-afsa-p-ce-2024-0009-from-2-august-2024-on-proposed-enhancements-to-the-aifc-asset-management-framework.

Анықтама үшін:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 2900-дан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

AFSA жұртшылықты Proportunity Management Company Limited компаниясының лицензиясының мерзімі өтіп кеткені туралы ескертеді

Опубликовано: 31 июля, 2024 в 12:00 дп

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) жұртшылыққа Proportunity Management Company Limited компаниясының FinTech Lab[1] лицензиясының мерзімі 2024 жылдың 1 шілдесінде аяқталғанын хабарлайды. Алайда AFSA-ға компания өз өнімдерін, соның ішінде исламдық банкинг пен исламдық қаржыландыру өнімдерін халыққа жарнамалауды жалғастырып жатқаны белгілі болды.

AFSA компанияның бұрын краудфандингтік платформа ретінде лицензияланғанын және ешқашан исламдық банкинг немесе исламдық қаржыландыру қызметтерін ұсынуға өтінім бермегенін және лицензиясы болмағанын атап өткісі келеді.

AFSA жұртшылықты AFSA лицензиялаған және/немесе тіркеген заңды тұлғалар туралы ақпаратты қамтитын Жария тізіліммен танысуға шақырады. Бұл заңды тұлғаның қаржылық қызметтерін немесе өнімдерін пайдаланбас бұрын оның тиісті лицензиясы бар екеніне көз жеткізу үшін өте маңызды қадам.

Если вы хотите связаться с AFSA по поводу Proportunity Management Company Limited, пожалуйста, обратитесь к нам по электронным адресам [email protected] или [email protected].

Егер сіз Proportunity Management Company Limited компаниясына қатысты ASA-ға хабарласқыңыз келсе, бізбен [email protected]  немесе [email protected] электрондық пошта мекенжайлары арқылы байланысыңыз.

Анықтама үшін:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 2900-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

[1] FinTech Lab – бұл компаниялар реттеуші талаптардың толық жиынтығына бірден бетпе-бет келмей инновациялық қаржылық және RegTech-қызметтерді ұсына алатын бейімделген орта.

AFSA 18 шілде күні, Астана уақыты бойынша сағат 11:00-де реттеуші таунхолды онлайн-форматта өткізеді

Опубликовано: 11 июля, 2024 в 12:00 дп

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) сізді 2024 жылғы 18 шілде күні Астана уақыты бойынша сағат 11:00-ден 12:30-ға дейін Zoom форматында өтетін реттеуші таунхолға қатысуға шақырады.

Таунхол кезінде біз АХҚО заңнамасына жаңа нормативтік базалар мен түзетулерді ұсынамыз және талқылаймыз. Біздің сайтта кері байланыс үшін тиісті консультациялық құжаттар орналастырылды (оларға сілтемелер әр тақырыптың алдында төменде келтірілген). AFSA нарықтан реттеу мен заңнамалық ұсыныстарға көзқарас бойынша ұсыныстар алуға, сондай-ақ аудиторияның сұрақтарына жауап беруге тырысады.

Бағдарлама

  1. I. Презентациялар 11:00 — 11:45:

Токенизацияланған инвестициялар саудасына рұқсат беру (https://shorturl.at/m27GG)   

Гауһар Қаттабек, саясатты әзірлеу, стратегия және тәуекелдерді басқару бөлімінің аға сарапшысы, AFSA

Қазынашылық орталықтарды реттеудің  қағидалары (https://shorturl.at/770Oh)

Мадина Маймақова, саясатты әзірлеу, стратегия және тәуекелдерді басқару бөлімінің аға сарапшысы, AFSA

Кредиттік рейтингтік агенттіктерді реттеу бойынша нормативтік база (https://shorturl.at/Dy8ni)

Зарина Сейдахметова, саясатты әзірлеу, стратегия және тәуекелдерді басқару бөлімінің аға сарапшысы, AFSA

Орнықты облигацияларды реттеу үшін нормативтік база (https://shorturl.at/reEj3)

Әйгерім Нұрмаханова, саясатты әзірлеу, стратегия және тәуекелдерді басқару бөлімінің сарапшысы, AFSA

Заңды тұлғалардың қызметін реттеу (https://shorturl.at/INbxU)

Бекежан Амантай, Тіркеу бөлімінің сарапшысы, AFSA

Антонина Буц, Тіркеу бөлімінің аға сарапшысы, AFSA

  1. II. Сұрақ-жауап сессиясы 11:45 — 12:15

Төмендегі сілтеме арқылы 2024 жылғы 18 шілде сағат 09:00-ге дейін Астана уақыты бойынша алдын ала ОНЛАЙН ТІРКЕУДЕН өтуді шақырамыз:

https://us06web.zoom.us/meeting/register/tZUrd-utqzIrEtdqJF9SJy-rYpQF7az8qcZI

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 81 елден 2900-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45  [email protected]