Бизнес ашар алдында нені білу керек

Заңды тұлғаның атауын таңдау:

 

Заңды тұлғаны тіркеуге өтінім берер алдында әр ұйымдық-құқықтық нысан үшін көрсетілген Қағидалар мен ережелерге сәйкес келуі тиіс оның атауын ойластыру өте маңызды:

 

AFSA Brochure on Registration

Guidance on Registration in the AIFC

 

Барлық заңды тұлғаларға арналған жалпы талаптар:

 

  1. Атауы АХҚО-мен, Комитетпен немесе егер тиісті орган аталған атауды пайдалануға жазбаша келісім бермеген болса АХҚО-дағы, Астана қаласындағы немесе Қазақстан Республикасындағы  басқа мемлекеттік органмен байланысты көрсететін сөздерден тұрмауы керек;
  2. атауында ағылшын әліпбиінің әріптері, цифрлар немесе Компанияларды тіркеушісі жөн деп санаған басқа символдар қолданылуы керек;
  3. егер Комитет оларды пайдалануға жазбаша келісім бермеген болса, атауда келесі сөздердің ешқайсысы болмауы керек:
    1.  «банк», «сақтандыру» немесе «траст» сөздері;
    2. Компания (немесе болжалды Компания) банк, сақтандыру немесе трасттық компания болып табылатындығын білдіретін сөздер;
    3. компанияның АХҚО-да Қаржылық қызметтерді көрсетуге уәкілетті екендігін қандай да бір түрде білдіретін сөздер;
    4. егер Тұлға немесе ұйым өз жазбаша келісімін бермеген болса, атауда кез-келген осындай тұлға немесе ұйыммен байланысты немесе олардың қамқорлығын көрсететін сөздер болмауы керек;
  4. Заңды тұлға қандай да бір фактілерге, оқиғаларға немесе мән-жағдайларға байланысты жаңылыстыруы, шатастыруы немесе басқа атаумен (соның ішінде басқа заңды тұлғаның немесе Танылған компания/Серіктестіктің атаумен) қайшы келуінің ықтималдығы жоғары атауды пайдаланбауы керек.

 

Жеке компания (Private Company); Жария компания (Public Comopany); Арнайы мақсаттағы компания (Special Purpose Company); Ақпаратты ашуы шектеулі компания (Restricted Scope Company); Инвестициялық компания (Investment Company)

 

  1. Жеке компания тек компанияның Тізілімге енгізілген атауын қолдануы керек және осы атауды әр қолданған кезде атаудан кейін бірден «Limited» сөзі немесе «Ltd.» аббревиатурасы жазылуын қадағалауы керек.
  2. Жария компания тек компанияның Тізілімге енгізілген атауын ғана қолдануы керек және осы атауды әр қолданған кезде атаудан кейін бірден «Public Limited Company» сөздері немесе «PLC» не «plc» аббревиатурасы жазылуын қадағалауы керек.
  3. Арнайы мақсаттағы компания тек компанияның Тізілімге енгізілген атауын ғана қолдануы керек және осы атауды әр қолданған кезде атаудан кейін бірден «SPC Limited» сөздері немесе SPC Ltd.»  аббревиатурасы жазылуын қадағалауы керек.
  4. Инвестициялық компания өз атауын әр қолданған кезде атаудан кейін бірден, келесі сөздердің:
    1. жабық түрдегі Инвестициялық компанияның атауынан кейін – «Closed-Ended Investment Company» сөздері немесе «CEIC» аббревиатурасы;
    2. ашық түрдегі Инвестициялық компанияның атауынан кейін – «Open-Ended Investment Company» немесе «OEIC» аббревиатурасы жазылуын қадағалауы керек.
  5. Ақпарат ашуы шектеулі компания тек компанияның Тізілімге енгізілген атауын ғана қолдануы керек және осы атауды әр қолданған кезде атаудан кейін бірден «Restricted Limited» сөздері немесе «Restricted Ltd» аббревиатурасы жазылуын қадағалауы керек.

 

Жалпы серіктестік (General Partnership), Шектеулі серіктестік (Limited Partnership), Жауапкершілігі шектелуі серіктестік (Limited Liability Partnership):

 

  1. Жалпы серіктестіктің атауы «Partnership» немесе «Partners» не «& Co.» деген сөздермен аяқталуы керек;
  2. Шектеулі серіктестіктің атауы «Limited Partnership» деген сөздермен немесе «LP» аббревиатурасымен аяқталуы керек.
  3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атауы «Limited Liability Partnership» деген сөздермен немесе «LLP» аббревиатурасымен аяқталуы керек.

 

Коммерциялық емес ұйым (Non-Profit Incorporated Organisation)

 

  1. Коммерциялық емес ұйым тек өзінің тіркелген атауын ғана қолдануы тиіс және өз атауын әр қолданған кезде атаудан кейін бірден, егер бұл сөздер оның атауының бөлігі болмаса «Non-profit Organisation» деген сөздердің жазылуын қадағалауы керек.

 

Заңды тұлғаны құру

 

  1. Заңды тұлғаның түрін анықтау

 

Жаңа заңды тұлға келесідей ұйымдық-құқықтық нысан бойынша құрылуы мүмкін:

 

  1. Жеке компания (Private Company)
  2. Жария компания (Public Company)
  3. Инвестициялық компания (Investment Company)
  4. Ақпарат ашуы шектелуі компания (Restricted Company)
  5. Арнайы мақсаттағы компания (Special Purpose Company)
  6. Шектелуі серіктестік (Limited Partnership)
  7. Жалпы серіктестік (General Partnership)
  8. Жауапкершілігі шектелуі серіктестік (Limited Liability Partnership)
  9. Жеке қор (Foundation)
  10. Коммерциялық емес ұйым (Non-Profit Incorporated Organisation)

 

Басқа юрисдикцияларда тіркелген заңды тұлғалар АХҚО аккредитациядан өтуі мүмкін және филиал немесе өкілдік ретінде келесі ұйымдық-құқықтық нысандар бойынша жұмыс жасай алады:

 

  1. Аккредиттелген компания (Recognised Company)
  2. Аккредиттелген шектеулі серіктестік (Recognised Limited Partnership)
  3. Аккредиттелген жалпы серіктестік (Recognised General Partnership)
  4. Жауапкершілігі шектелген аккредиттелген серіктестік (Recognised Limited Liability Partnership)

 

Ұйымдық-құқықтық нысанның әр түрі туралы толық ақпарат алу үшін осы кестені (PDF форматындағы қосымша) қараңыз.

 

3) Бизнесті АХҚО-да тіркегісі келетін шетелдік азаматтар

 

Егер сіз шет мемлекеттің азаматы болсаңыз және АХҚО-да бизнес ашқыңыз келсе, сізге:

  • АХҚО-дан ұйымыңыздың бас директоры/бірінші басшысы үшін Жеке сәйкестендіру нөмірін алу керек.

 

Жеке сәйкестендіру нөмірін АХҚО Экспат-орталығы арқылы алуға болады.

 

4) Директорларды, компания хатшысын және басқа да негізгі қызметкерлерді тағайындау

 

Жеке компанияда кем дегенде 1 директор, Жария компанияда – кемінде 2 директор тағайындалуы керек.

 

Төмендегідей тұлға:

(а) жеке тұлға емес; немесе

(b) 18 жасқа толмаған; немесе

(c) келесі себептер бойынша директор қызметінен босатылған:

  1. соңғы 10 жыл ішінде кез-келген юрисдикцияда алаяқтық немесе адамгершілікке жатпайтын мінез-құлық қылмысы үшін сотталған болса; немесе
  2. ресми ақпаратты қолдана отырып сауда-саттықты жүргізу кезінде немесе кез-келген уақыт кезеңінде, кез-келген юрисдикцияда осыған ұқсас теріс қылық үшін кінәлі деп табылған болса; немесе
  3. қандай да бір соттың шешіміне сәйкес қызметінен босатылса; немесе
  4. Комитеттің шешіміне сәйкес лауазымынан босатылса; немесе
  5. Жарғы ережелеріне сәйкес қызметтен босатылса /шеттетілсе; немесе

(d) Міндеттемелерінен босатылмаған банкрот болып табылса директор лауазымына тағайындала алмайды.   

 

Жария компанияда кем дегенде 1 хатшы тағайындалуы керек.

 

  • Жария компанияның директорлары компанияның хатшысы (немесе әр бірлескен хатшы) лауазымына, олардың пікірі бойынша компания хатшысының функцияларын орындау үшін қажетті білімі мен тәжірибесі бар адам тағайындалғанын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауы тиіс.
  1. соңғы 5 жыл ішінде кемінде 3 жыл жария Корпоративтік құрылымның хатшысы лауазымын атқарған; немесе
  2. директорлардың пікірі бойынша қандай да бір басқа лауазым атқарып отырған немесе атқарған немесе кез-келген басқа ұйымның акционері болып табылатын тұлға компания хатшысының функцияларын орындай алатын тұлға.
  • Жеке компанияда хатшы тағайындалуы мүмкін.
  • Егер Жеке компанияда хатшы болмаса:
  1. компанияға хатшы арқылы берілуі, жіберілуі немесе тапсырылуы тиіс барлық нәрсе, компанияның өзіне берілуі, жіберілуі немесе тапсырылуы мүмкін және хатшыға жолданғанның бәрі Компанияның атына жіберілген болып саналады;
  2. Хатшының барлық функцияларын директор немесе директорлар уәкілеттік берген адам орындай алады.

 

5) Акциялар мен Акционерлер

 

Акционерлер:

 

(1)  Егер компанияны тіркеу кезінде өздерін акционерлер ретінде көрсетіп, компания акционерлерінің тізіліміне енгізілген болса, компанияның құрылтайшылары компанияның акционерлері болады.

(2) Құрылтайшы болып табылмайтын тұлғалар:

  • жазбаша келісім берген;
  • компанияның үлесін сатып алған;
  • деректерді компанияның акционерлері тізіліміне енгізген кезде компанияның акционерлері бола алады.

 

Акциялардың құқықтық сипаты

 

(1) Жарғы мен акциялар шығару шарттарына сәйкес әрбір акция:

  1. компания жиналыстарында дауыс беру құқығын қарастыруы;
  1. компанияға иелік етудің тең үлесін білдіруі;
  2. компания акцияларының басқа дәл сондай кластағы акцияларымен барлық жағынан тең деңгейде толық төленген болса, белгілі бір класқа немесе санатқа жатуы тиіс.

(2) Компания акционерінің акциялары немесе басқа мүліктік құқықтары Компания Жарғысында көзделген тәртіппен берілуі мүмкін.

(3) Компания Жарғысында рұқсат берілген шекте әр түрлі акциялар санатын құра алады.

 

Жарғылық капиталдың ең аз мөлшеріне қойылатын талаптар:

 

Жеке компания: жарғылық капиталдың ең аз мөлшеріне қойылатын талаптар жоқ.

 

Жария компания:

 

  • кемінде 100 000 АҚШ доллары;
  • кемінде номиналды құнының кемінде 1/4 бөлігі толық төленген акцияларды қоспағанда, акцияларды орналастырмауы керек.

 

Жалпы серіктестік/Шектеулі серіктестік/Жауапкершілігі шектеулі серіктестік/Коммерциялық емес ұйым/Жеке қор/Инвестициялық компания/ Ақпарат ашуы шектеулі компания/Арнайы мақсатты компания: олар үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшеріне қойылатын талаптар жоқ.

 

6) Заңды мекенжай

 

АХҚО-да тіркелген барлық заңды тұлғалар (Арнайы мақсаттағы компанияларды қоспағанда) егер Тіркеуші өзгеше рұқсат бермесе, негізгі қызметтерін АХҚО аумағында жүзеге асыруы керек.

 

АХҚО аумағы «Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағының шекарасын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 161 Жарлығына сәйкес айқындалды.

 

Карта төменде берілген:

 

 

7) Қаржы жылы аяқталатын күнді белгілеу туралы шешім

 

Заңды тұлғаның алғашқы қаржы жылы ол тіркелген сәтінен басталады және ұйым мүшелерінің/директорларының/құрылтайшыларының/серіктестерінің шешімі бойынша 18 айдан аспайтын мерзімге созылады.

 

Заңды тұлғаның екінші немесе кейінгі қаржы жылы заңды тұлғаның алдыңғы қаржы жылы аяқталған кезден басталады және ұйым мүшелерінің/директорларының/құрылтайшыларының/серіктестерінің шешімі бойынша 12 айға немесе 7 күнге қысқа не 12 айдан ұзақ басқа мерзімге созылады.

 

Егер басқа юрисдикцияда тіркелген компания АХҚО юрисдикциясына ауыстырылса, компанияның бірінші қаржы жылы директорлардың қалауы бойынша компанияның АХҚО юрисдикциясына ауысқанға дейінгі алдыңғы юрисдикциядағы бұрынғы  қаржы жылы аяқталған сәттен басталуы мүмкін. Бұл жағдайда компанияның бірінші қаржы жылының мерзімі осы қаржы жылы басталған күннен бастап 12 айды құрайды.

 

8) Әр жыл сайын қандай деректерді ұсыну қажет

 

Жеке компания (Private Company) / Жария компания (Public Company) / Инвестициялық компания (Investment Company) / Ақпарат ашуы шектелген компания (Restricted Scope Company)

 

Жыл сайын, есепті жыл аяқталғаннан кейін 6 ай бойы жылдық есептер ұсынылуы керек, есептер:

 

  • акционерлердің, директорлардың және бенефициарлық меншік иелерінің тізілімдері
  • жылдық есепті растау қамтуы тиіс.

 

Жалпы серіктестік (General Partnership)/Шектеулі серіктестік (Limited Partnership):

 

Серіктестік серіктестер есептілікті мақұлдаған күннен бастап 7 күн ішінде Компанияларды тіркеушіге өзінің қаржы жылындағы есебін беруі керек.

 

Жалпы серіктестік/Шектеулі серіктестік егер серіктестік құру туралы қағидалар немесе келісіммен талап етілмесе, аудиторды жалдамауына немесе өз есептілігін аудиторлық тексеру жүргізбеуіне болады.

 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (Limited Liability Partnership)

 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Компанияларды тіркеушіге қаржы жылындағы өз есептілігінің көшірмесін, сондай-ақ аудитордан есептілік жөнінде қорытынды алынған күннен бастап 7 күн ішінде есептіліктің аудиті нәтижесі бойынша аудиторлық қорытындыны ұсынуы тиіс.

 

Коммерциялық емес ұйым (Non-Profit Incorporated Organisation)

 

Ресми түрде тіркелген ұйым Компанияларды тіркеушіге Құрылтайшылардың есептілікті мақұлдаған және аудитордан қорытынды алған күннен бастап 7 күн ішінде қаржы жылындағы өзінің аудиттен есептілігін ұсынуы тиіс.

 

Жеке қор (Foundation)

 

Жеке қордың қаржылық есептілігін кеңес бекітеді және оның атынан кеңес мүшелерінің кемінде екі мүшесі қол қояды. Осы талап орындалмаған жағдайда Қорға айыппұл салынады.

 

Жеке қор кеңес қаржылық есептілікті мақұлдағаннан кейін отыз (30) күн ішінде Компанияларды тіркеушіге өз жылдық есептілігінің көшірмесін ұсынуы тиіс.

 

Жыл сайынғы декларация Қордың декларациясы күніне немесе Тіркеуші орынды деп санайтын басқа күнгі жағдай бойынша жасалуы керек және әр қаржы жылы аяқталғаннан кейін 6 ай ішінде немесе Тіркеуші орынды деп санайтын басқа күнде Тіркеушіге ұсынылуы керек.

 

Арнайы мақсаттағы компания (Special Purpose Company)

 

АХҚО Компаниялар туралы ережесінің 10-бөліміне (Қаржылық есептілік, есептер және аудит) сәйкес қандай-да бір қор биржасында өзі шығарған бағалы қағаздарды қолданылмайды;

 

Мамандандырылған қаржы компаниясы/Мақсатты компания Жария компанияның еншілес кәсіпорыны болып табылмайды, бұл Жария компания егер:

 

  • Мамандандырылған қаржы компаниясы/Мақсатты компания бағалы шоғырландырылған есептілікті тіркемеген және бұл есептілік Мамандандырылған қаржы компаниясы/Мақсатты компанияның есептілігін қамтымаған жағдайда Мамандандырылған қаржы компаниясының/Мақсатты компаниясының қаржылық есептілігінің аудитін талап ететін дәрежеде Мамандандырылған қаржы компаниясына/Мақсатты компанияға жариялайды.

 

9) AIFC Business Connect

 

AIFC Business Connect Ltd. – АХҚО-ның барлық қатысушылары мен әлеуетті қатысушылары үшін бүкіл процес бойы қолдау көрсету және сүйемелдеуге үшін құрылған АХҚО-ың бизнесті дамыту тобы.

 

10) Өтінім берместен бұрын

 

Өтінім нысанын толтырмас бұрын бірнеше дайындық кезеңінен өту ұсынылады:

 

  • Ұйымыңыздың жоспарланған қызмет түрін анықтаңыз. Егер қызмет Комитет тарапынан лицензияланатын қызмет түріне – капитал нарығындағы қызмет немесе қосалқы қызметтер ұсынумен байланысты болса, сізге қажетті лицензияны алу үшін авторизация процесінен өту керек. (Осы сілтеме арқылы лицензияланатын қызмет жөніндегі нұсқаулыққа қол жеткізе аласыз);
  • Егер қызмет лицензияланбайтын қызмет түріне жатса болса, бірден тіркеуді бастауға болады. Ұйымдық-құқықтық нысандар жөнінде толығырақ ақпарат алу үшін осы жерде тіркеу бойынша нұсқаулықпен танысыңыз;
  • АХҚО Актілерімен танысыңыз.

 

11) Тіркеу: АХҚО-да заңды тұлғаны қалай тіркеуге болады – негізгі тармақтар

 

АХҚО-да заңды тұлғаны тіркеуді немесе жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаның филиалын/өкілдігін құруды өзіне өзі қызмет көрсету порталында жүзеге асыра аласыз. Ол үшін:

 

1)         Порталды ашыңыз;

2)         Қолданыстағы электронды пошта мекенжайын көрсетіңіз;

3)         Электронды пошта мекенжайын растаңыз;

4)         Көрсетілген электронды пошта мекенжайын пайдалана отырып, Порталға кіріңіз де тіркеуді бастаңыз.

 

Өтінім толтырылған кезде (барлық бөлімдер жасыл түспен боялады), сіз оны Комитетке өзіне-өзі қызмет көрсету порталы арқылы жібере аласыз. Өтінім беру үшін жарамды кредиттік картаның көмегімен немесе банк операторы арқылы оффлайн-төлеммен порталда төлем жасауыңыз керек.

 

Тіркеу жарнасы – 300 АҚШ доллары **

 

* Эстония, Латвия және Литвадан кірген пайдаланушылар аутентификация үшін Smart ID қолдана алады.

 

** Жеке қорлар мен коммерциялық емес тіркелген ұйымдар үшін тіркеу жарнасы 1000 АҚШ долларын құрайды.