gergergr1

AFSA «АХҚО-да жұмысқа орналасу үшін қажетті біліктіліктер туралы» АХҚО ережелеріне ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар бойынша консультациялық құжат жариялады. Түсініктеме берудің соңғы мерзімі — 2024 жылдың 16 қыркүйегі.

Опубликовано: 19 августа, 2024 в 12:00 дп

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Тэги:

AFSA тиісті мүдделі тараптарға АХҚО-ға жұмысқа орналасу үшін қажетті біліктіліктерге қатысты АХҚО-ның 2017 жылғы №GR009 ережелері (АХҚО ережелері) ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы пікір білдіру туралы өтінішпен жүгінеді.

АХҚО ережелеріне ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар АХҚО-да жұмысқа орналасу үшін білім беру, сондай-ақ тәжірибеге негізделген өлшемшарттарды міндетті түрде сақтау жолымен «халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңының Ұлттық талаптарына толық сәйкестігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл тәсіл АХҚО-да жұмыс күшінің тұтастығы мен сапасын сақтау үшін қажетті жоғары біліктілік стандарттарын қолдауға мүмкіндік береді.

АХҚО ережелеріне ұсынылатын елеулі толықтыру АХҚО жалпы ережелерінің (AIFC General Rules) 2.2 және 2.3 қағидаларына сәйкес бақылау немесе ерекше функцияларды орындаумен айналыспайтын АХҚО қатысушыларына қатысты қағидалардың белгілі бір талаптарына ерекшеліктер беру және оларды өзгерту жөніндегі АХҚО Әкімшілігіне өкілеттіктерді беру болып табылады. Бұл Конституциялық Заңның шетелдік жұмыс күшін тартуға жәрдемдесуге қатысты ережелерін орындауға ықпал ететін болады.

Біз мүдделі тараптарды өз пікірлерін ұсынуға шақырамыз.

Түсініктеме берудің соңғы мерзімі-2024 жылдың 16 қыркүйегі. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы ұсынысқа қандай да бір нақтылау енгізу қажеттілігі туралы мәселені қарастырамыз.

AFSA [email protected] электрондық пошта арқылы түсініктеме алуды жөн көреді.

Консультациялық құжатқа келесі сілтеме арқылы қол жеткізуге болады: https://orderly.myafsa.com/articles/consultation-paper-afsa-p-ce-2024-0011-from-16-august-2024-on-proposed-amendments-to-the-aifc-act-no.gr009-of-2017-concerning-qualifications-necessary-for-employment-in-the-aifc

Анықтама үшін:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

AFSA АХҚО-да ESG ақпаратты ашу жөніндегі нұсқаулықтың жобасы бойынша консультациялық құжатты жариялады. Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылғы 6 қыркүйек.

Опубликовано: 6 августа, 2024 в 12:00 дп

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) нарықтан ұсыныстар алу үшін Экологиялық, әлеуметтік және басқару (ESG) аспектілеріндегі ақпаратты ашу жөніндегі АХҚО-ның ұсынылып отырған нұсқаулығы бойынша консультациялық құжат жариялады.

AFSA банктердің, қор басқарушыларының және сақтандыру компанияларының ESG ақпаратты ашуы жөніндегі нұсқаулықты енгізуді ұсынады. Нұсқаулықтың мақсаты – АХҚО-дағы қаржы экожүйесі барынша орнықты және жауапты болуына ете отырып, ESG стандарттарды қаржы ұйымдарының есептілігі мен шешім қабылдау процестеріне интеграциялануын ынталандыру. Бастапқы кезең ретінде ASSA ESG ақпаратты ерікті түрде ашуды енгізуді ұсынады, бұл қаржы ұйымдарына халықаралық стандарттармен танысуға, өздерінің операциялары мен есеп беру процестерін бейімдеуге және өздерінің орнықты дамуға деген бейілдігін көрсетуге мүмкіндік береді.

Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 6 қыркүйегі. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы құжатқа қандай да бір нақтылаулар қажет пе екенін қарастырамыз.

AFSA пікірлерді [email protected] электрондық поштасы арқылы алуды жөн көреді.

Консультациялық құжатқа келесі сілтеме арқылы қол жеткізуге болады: https://orderly.myafsa.com/articles/consultation-paper-afsa-p-ce-2024-0010-from-5-august-2024-on-consultation-paper-on-the-aifc-environmental-social-and-governance-disclosure-guidance

AFSA АХҚО-ның активтерді басқару жөніндегі актілеріне ұсынылып отырған түзетулер жөнінде консультациялық құжатты жариялады. Пікірлер ұсынудың соңғы мерзімі – 2024 жылдың 2 қыркүйегі.

Опубликовано: 5 августа, 2024 в 12:00 дп

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) АХҚО-ның активтерді басқару жөніндегі актілеріне ұсынылып отырған түзетулер жөнінде консультациялық құжатты нарықтан ұсыныстар алу үшін жариялады.

Осы құжаттағы ұсыныстар «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) немесе АХҚО-дан активтер мен инвестициялық қорларды басқару жөніндегі қызметке мүдделі АХҚО-ның қазіргі және әлеуетті қатысушылары үшін қызықты болады.

АХҚО-ның активтерді басқару индустриясының дамуын және қадағалау қызметі нәтижесінде алынған тәжірибені назарға ала отырып, осы консультациялық құжатта АХҚО-ның активтерді басқару жөніндегі актілерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылған:

  1. Мамандандырылған қорлар тізімін кеңейту, соның ішінде:

а) Кредиттік қорлар

б) Цифрлық активтер қорлары

в) Биржалық қорлар

г) Ақша нарығы қорлары

  1. АХҚО актілерінің венчурлық капиталды реттеу жөніндегі талаптарын жетілдіру;
  2. АХҚО қатысушысына Ұжымдық инвестициялау схемалары туралы қағидаларды қолдану;
  3. AFSA-ның лицензиясы бар Қор Әкімшісін міндетті түрде тағайындау;
  4. Инвестициялық токендерге және жіктелген инвестициялық токендерге инвестиция салатын токенизацияланған пайлар мен қорларға қатысты түзетулер.

Пікірлер ұсынудың соңғы мерзімі – 2024 жылдың 2 қыркүйегі. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы құжатқа қандай да бір нақтылаулар қажет пе екенін қарастырамыз.

AFSA пікірлерді [email protected] электрондық поштасы арқылы алуды жөн көреді.

Консультациялық құжатқа мына сілтеме арқылы қол жеткізуге болады: https://orderly.myafsa.com/articles/consultation-paper-afsa-p-ce-2024-0009-from-2-august-2024-on-proposed-enhancements-to-the-aifc-asset-management-framework.

Анықтама үшін:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 2900-дан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

AFSA жұртшылықты Proportunity Management Company Limited компаниясының лицензиясының мерзімі өтіп кеткені туралы ескертеді

Опубликовано: 31 июля, 2024 в 12:00 дп

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) жұртшылыққа Proportunity Management Company Limited компаниясының FinTech Lab[1] лицензиясының мерзімі 2024 жылдың 1 шілдесінде аяқталғанын хабарлайды. Алайда AFSA-ға компания өз өнімдерін, соның ішінде исламдық банкинг пен исламдық қаржыландыру өнімдерін халыққа жарнамалауды жалғастырып жатқаны белгілі болды.

AFSA компанияның бұрын краудфандингтік платформа ретінде лицензияланғанын және ешқашан исламдық банкинг немесе исламдық қаржыландыру қызметтерін ұсынуға өтінім бермегенін және лицензиясы болмағанын атап өткісі келеді.

AFSA жұртшылықты AFSA лицензиялаған және/немесе тіркеген заңды тұлғалар туралы ақпаратты қамтитын Жария тізіліммен танысуға шақырады. Бұл заңды тұлғаның қаржылық қызметтерін немесе өнімдерін пайдаланбас бұрын оның тиісті лицензиясы бар екеніне көз жеткізу үшін өте маңызды қадам.

Если вы хотите связаться с AFSA по поводу Proportunity Management Company Limited, пожалуйста, обратитесь к нам по электронным адресам [email protected] или [email protected].

Егер сіз Proportunity Management Company Limited компаниясына қатысты ASA-ға хабарласқыңыз келсе, бізбен [email protected]  немесе [email protected] электрондық пошта мекенжайлары арқылы байланысыңыз.

Анықтама үшін:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 2900-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

[1] FinTech Lab – бұл компаниялар реттеуші талаптардың толық жиынтығына бірден бетпе-бет келмей инновациялық қаржылық және RegTech-қызметтерді ұсына алатын бейімделген орта.

AFSA 18 шілде күні, Астана уақыты бойынша сағат 11:00-де реттеуші таунхолды онлайн-форматта өткізеді

Опубликовано: 11 июля, 2024 в 12:00 дп

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) сізді 2024 жылғы 18 шілде күні Астана уақыты бойынша сағат 11:00-ден 12:30-ға дейін Zoom форматында өтетін реттеуші таунхолға қатысуға шақырады.

Таунхол кезінде біз АХҚО заңнамасына жаңа нормативтік базалар мен түзетулерді ұсынамыз және талқылаймыз. Біздің сайтта кері байланыс үшін тиісті консультациялық құжаттар орналастырылды (оларға сілтемелер әр тақырыптың алдында төменде келтірілген). AFSA нарықтан реттеу мен заңнамалық ұсыныстарға көзқарас бойынша ұсыныстар алуға, сондай-ақ аудиторияның сұрақтарына жауап беруге тырысады.

Бағдарлама

  1. I. Презентациялар 11:00 — 11:45:

Токенизацияланған инвестициялар саудасына рұқсат беру (https://shorturl.at/m27GG)   

Гауһар Қаттабек, саясатты әзірлеу, стратегия және тәуекелдерді басқару бөлімінің аға сарапшысы, AFSA

Қазынашылық орталықтарды реттеудің  қағидалары (https://shorturl.at/770Oh)

Мадина Маймақова, саясатты әзірлеу, стратегия және тәуекелдерді басқару бөлімінің аға сарапшысы, AFSA

Кредиттік рейтингтік агенттіктерді реттеу бойынша нормативтік база (https://shorturl.at/Dy8ni)

Зарина Сейдахметова, саясатты әзірлеу, стратегия және тәуекелдерді басқару бөлімінің аға сарапшысы, AFSA

Орнықты облигацияларды реттеу үшін нормативтік база (https://shorturl.at/reEj3)

Әйгерім Нұрмаханова, саясатты әзірлеу, стратегия және тәуекелдерді басқару бөлімінің сарапшысы, AFSA

Заңды тұлғалардың қызметін реттеу (https://shorturl.at/INbxU)

Бекежан Амантай, Тіркеу бөлімінің сарапшысы, AFSA

Антонина Буц, Тіркеу бөлімінің аға сарапшысы, AFSA

  1. II. Сұрақ-жауап сессиясы 11:45 — 12:15

Төмендегі сілтеме арқылы 2024 жылғы 18 шілде сағат 09:00-ге дейін Астана уақыты бойынша алдын ала ОНЛАЙН ТІРКЕУДЕН өтуді шақырамыз:

https://us06web.zoom.us/meeting/register/tZUrd-utqzIrEtdqJF9SJy-rYpQF7az8qcZI

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 81 елден 2900-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45  [email protected]

AFSA заңды тұлғаларды реттеу мәселелері бойынша консультациялық құжатты жариялады. түсініктеме беру мерзімі — 2024 жылдың 9 тамыз.

Опубликовано: 10 июля, 2024 в 12:00 дп

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) нарықтан ұсыныстар алу үшін заңды тұлғаларға қатысты ұсынылған өзгерістер туралы консультациялық құжат жариялады.

AFSA тәсілі АХҚО компанияларының тіркеушісі басқаратын, акционерлер мен серіктестер арасындағы қатынастарды, осы тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, директорлардың функциялары мен өкілеттіктерін және т. б. қоса алғанда, әртүрлі заңды тұлғаларды қалыптастыруды, тіркеуді, сондай-ақ корпоративтік басқаруды реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жақсартуды көздейді. Жария компанияларда ақшалай емес өтеу, сондай-ақ борыштық бағалы қағаздарды беру және тіркеу туралы. Ұсынылған өзгерістер акцияларды жария орналастыру, компанияның акционерлерге жылдық есептілікті жіберуі, акционерлер тізілімін жүргізу, қызметті ерікті түрде тоқтату туралы ережелерді жақсарту арқылы бизнесті жүргізуді жеңілдетеді. Соңғысы, бірақ кем дегенде, ұсынылған өзгерістер АХҚО компанияларын тіркеушінің қосымша құқығы туралы ережені және компанияға тіркелген электрондық мекенжайды жүргізу және директорлар тізіліміндегі кез келген өзгерістер кезінде хабарлау процесі туралы компаниялардың міндеттемелерін білдіреді. Бұдан басқа, директорларды жұмыстан шығару туралы мәселе егжей-тегжейлі баяндалды және АХҚО компанияларын тіркеушінің АХҚО компанияларын тіркеуші сақтайтын құжаттардағы кез келген сәйкессіздікті түзету туралы хабарламасы туралы ереже енгізілді.

Құжатта аталған өзгерістер АХҚО-ның ағымдағы және әлеуетті қатысушылары, көмекші қызметтер көрсететін компаниялар мен консультанттар үшін қызығушылық тудырады.

Түсініктеме берудің соңғы мерзімі-2024 жылдың 9 тамызы. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы құжатқа қандай да бір түсініктеме қажет пе екенін қарастырамыз.

AFSA электрондық пошта арқылы түсініктеме алуды жөн көреді [email protected].

Консультациялық құжат келесі сілтеме арқылы қол жетімді: https://orderly.myafsa.com/articles/consultation-paper-afsa-o-ce-2024-0700-on-proposed-amendments-to-the-aifc-legal-entities-framework_1

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 78 елден 2800-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45  [email protected]

AFSA ұжымдық инвестицияларды басқару қызметін жүзеге асыратын лицензияланған компанияларға пруденциалдық жеңілдіктер береді

Опубликовано: 30 апреля, 2024 в 12:00 дп

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Тэги:

AFSA кәсіби клиенттерге қатысты ұжымдық инвестицияларды басқарудың реттелетін қызметін жүзеге асыратын компаниялар үшін пруденциалды жеңілдету шараларын жариялады[1]. Тиісті өзгеріс 2024 жылдың 24 сәуірінде күшіне енді.

Жеңілдету шаралары компанияларға тәуекелдерді азайту бағдарламасын[2] іске асыру кезеңінде және ол аяқталғаннан кейін 24 ай ішінде реттеуші капиталға қойылатын ең төменгі талаптарды сақтау үшін жеңілдік кезеңін ұсынады.

Өздерінің тәуекелдерді азайту бағдарламасын енгізген және 24 айдан астам жұмыс істейтін компаниялар бар екенін ескере отырып, кәсіби клиенттерге қатысты ұжымдық инвестицияларды басқарудың реттелетін қызметін жүзеге асыратын қалған лицензияланған компаниялардың шамамен 50%-ы осы жеңілдік кезеңін пайдалана алады.

Жеңілдету шараларын енгізудегі себеп, жаңа инвестициялық компаниялар саланы өзгерте алатын және экономикалық өсуді ынталандыратын тың перспективалар, жаңа тәсілдер мен серпінді технологиялар әкеледі деп күтілуде.

Жаңа инвестициялық компаниялар АХҚО реттеуші ортасында бағдарлау кезінде белгілі бір қиындықтарға тап болатыны жасырын емес. АХҚО-да көп жылдық тәжірибесі бар тәжірибелі ойыншылардан айырмашылығы, жаңа инвестициялық компанияларда қатаң пруденциалдық талаптарды сақтау үшін масштаб, ресурстар және институционалдық білім жете бермейді.

Осы компаниялардың ерекше жағдайларына бейімделген мақсатты реттеуші жеңілдіктерді ұсына отырып, реттеуші ойын ережелерін теңестіруге, кәсіпкерлікті ынталандыруға, олардың әлеуетін толық ашуға және стартаптар үшін капиталға қол жеткізуді жеңілдетуге, сондай-ақ инновациялық жобаларға инвестицияларды ынталандыруға ықпал етеді.

AFSA бас директоры Нұрхат Көшімов: «Пруденциалдық жеңілдіктерге қатысты  жаңа шаралар – АХҚО-ның қаржы секторында неғұрлым серпінді әрі бәсекелі орта құруға бағытталған реттеуге деген көзқарасымызда алға жасалған елеулі қадам және қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен тұтастығын қорғау, сондай-ақ саладағы инновацияларға, өсуге және бәсекеге қабілеттілікке жәрдемдесу арасындағы теңгерімді қамтамасыз етудің уақтылы іске асқан құралы саналады», — деп атап өтті.

Бұл шаралар АХҚО-дағы қорлар мен активтерді басқару ортасын жақсартады, олардың комплаенс шығындарын азайту есебінен қор басқарушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттырады, капиталға қолжетімділікті кеңейтеді және AFSA стратегиялық мақсаттарын іске асыруға әсер етеді деп күтілуде.

Сондай-ақ, лицензияланған компаниялар өздерінің шарт ұсынысы материалдарында[3]  қолданылатын жеңілдікті кезеңді толық ашуға және инвестициялық компаниялар үшін АХҚО пруденциалдық қағидаларының 3-ші тарауына сәйкес есептелген компанияның реттеуші капиталын ашуға міндетті екенін атап өткен жөн.

Реттеуші капитал – инвестициялық компанияның пруденциалдық талаптарды орындау және ықтимал шығындарды жабу үшін иеленетін қаржылық активтері мен резервтері.

Қысқа және орта мерзімді перспективада қаржылық тәуекелдер мен нарықтың тұрақтылығын бақылау үшін AFSA инвестициялық компаниялар үшін АХҚО пруденциалдық қағидаларының 2.2.3-тармағында баяндалған компанияның қызметіне араласу жөніндегі өз өкілеттігін сақтайды.

Бұл дегеніміз, компанияның немесе жалпы нарықтың қаржылық тұрақтылығына әсер етуі мүмкін белгілі бір қолайсыз жағдайлар нарықта өрбіген жағдайда, AFSA инвестициялық компанияларға реттеуші капиталдың және/немесе өтімді активтердің қосымша көлемдерінің болуы әрі қамтамасыз етілуі бойынша талаптар қоюға құқылы[4].

Инвестициялық компаниялар үшін АХҚО пруденциалдық қағидаларында белгіленген, оның ішінде өтімді активтерге қойылатын талаптарда және есептілік пен хабарламаға қойылатын талаптарда сипатталған басқа да талаптар лицензияланған компанияларға қолданылады.

Анықтамалық ақпарат

АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы»  Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 78 елден 2600-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу әрі жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

Байланыс үшін:

Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

[1] Кәсіби клиенттерге қатысты ұжымдық инвестициялау схемасын басқару бойынша реттелетін қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар компаниялар үшін капиталға қойылатын ең төменгі талаптар инвестициялық компаниялар үшін АХҚО пруденциалдық қағидаларына сәйкес 50 000 доллар мөлшеріндегі базалық талапқа тең.

[2] Тәуекелдерді азайту бағдарламасы – компания АХҚО-да өз қызметін бастағанға дейін іске асыруға міндеттенетін шаралар.

[3] Әлеуетті инвесторларға ұсынылатын материалдар.

[4] Құнды айтарлықтай жоғалтпай немесе қаржы нарығына әсер етпестен қолма-қол ақшаға оңай айырбастауға болатын активтер.

AFSA деривативтерді реттеу, маржиналды сауда, қысқа сату және жоғары жиілікті сауда шарттарын белгілеу үшін нормативтік-құқықтық ұсыныстары бар консультациялық құжат шығарды

Опубликовано: 18 апреля, 2024 в 12:00 дп

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) деривативтерді реттеу, маржиналды сауда, қысқа сату және жоғары жиілікті сауда үшін шарттарды белгілеу үшін нормативтік база бойынша ұсыныстары бар консультациялық құжат шығарды.

Бұл құжаттағы ұсыныстар төмендегідей мүдделі тараптарға қызықты болуы мүмкін:

  1. a) Өз клиенттеріне туынды құралдар саудасын, маржиналды сауданы, қысқа сатуды ұсынатын немесе ұсынуды жоспарлап отырған дилерлер және брокерлер сияқты лицензияланған компанияларға
  2. b) Туынды құралдар саудасы, маржиналды сауда, қысқа сатылымдар бойынша осындай қызмет түрлерін ұйымдастыратын, кеңес беретін немесе ұсынуды жоспарлайтын лицензияланған компанияларға;
  3. c) Туынды құралдар әрі қысқа сатылымдармен операцияларға қатысты биржаларды немесе сауда платформаларын басқаратын лицензияланған компанияларға;
  4. d) Жоғарыдағы а) с) тармақтарында көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін АХҚО лицензиясын алуға мүдделі тұлғаларға
  5. e) Жоғары жиілікті сауда әдісін қолданатын лицензияланған компаниялар үшін;
  6. f) Саланың басқа қатысушыларына, мысалы, көмекші қызмет көрсетушілер немесе жоғарыдағы A) E) тармақтарынан реттелетін компанияларға осындай қызметтерді ұсынғысы келетіндер; және
  7. g) Жоғарыдағы A) E) тармақтарында көрсетілген фирмалардан қызметтерді алатын немесе алуға ниетті тұлғалар.

Консультациялық құжат

I Бөлім – КІРІСПЕ;

II Бөлім – Қолданыстағы нарықтарға шолу;

III Бөлім – Ұсынылатын жол және көпшілікке кеңес беру сұрақтары;

IV Бөлім — Көпшілікке кеңес беру мәселелерінің қысқаша мазмұнынан тұрады.

Біз мүдделі тараптарды өз пікірлерін қалдыруға шақырамыз.

Пікір мен ұсыныс қалдырудың соңғы мерзімі – 2024 жылдың 17 мамыры. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы ұсынысқа қандай да бір нақтылау қажет пе екенін қарастыратын боламыз.

AFSA [email protected] электрондық пошта арқылы хабарлама алуды жөн көреді.

Анықтамалық ақпарат

АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы»  Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 78 елден 2500-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу әрі жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

Байланыс үшін:

Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

AFSA Xignal&MT Ltd. лицензиясының жарамдылық мерзімі аяқталғанын хабарлайды

Опубликовано: 12 апреля, 2024 в 12:00 дп

Категории: Без рубрики,Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) Хignal&MT Ltd. компаниясының лицензияларының қолданылу мерзімі 2024 жылдың 28 наурызында аяқталғанын хабарлайды. Бұған дейін, 2023 жылдың 24 қарашасында AFSA Xignal&MT Ltd. лицензияларын Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) қағидаларының талаптарын бұзуға байланысты тоқтатқан болатын. Содан бері компания жұмысын тоқтатып, AFSA реттеушісі ұйымды тексере бастады. Осылайша 2024 жылдың наурызында аталған мекеменің  лицензияларының мерзімі толығымен тоқтады.

AFSA мақсаты әділ әрі ашық қаржы нарықтары мен капитал нарықтарын құру болып қала береді. Осыған байланысты жеке тұлғалар да, ұйымдар да АХҚО негізін құрайтын ең жоғары реттеу стандарттарын ұстануды жалғастыра береді деген сенімдеміз.

Егер сіз Хignal&MT Ltd. компаниясы туралы қандай да бір ақпарат бергіңіз келсе, келесідей пошталарға жазуыңызды сұраймыз: [email protected][email protected].