AFSA интернет кеңістігінде жеке инвесторлардың мүдделерін қорғау мақсатындағы IOSCO жол картасын жүзеге асыруға қатысады.
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) цифрлық кеңістіктегі жеке инвесторларды қорғау шараларын күшейту үшін IOSCO[1] бастамасымен қолға алынған жаһандық жол картасына қосылды. Бастама онлайн-алаяқтық, әділетсіз практикалар мен жеке инвесторлар ең көп ұшырайтын нарықтық сын-қатерлерге байланысты тәуекелдерге қарсы тұруға бағытталған.
Жеке инвесторлар капитал нарықтарына белсенді араласып жатыр және бұл үрдіс цифрландыру, соның ішінде қаржылық өнімдер мен қызметтерді ілгерілету және сатып алу үшін мобильді қосымшаларды, әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларды пайдалану арқылы күшейіп келеді.
«Цифрландыру нарықтарға қолжетімділікті арттырып, инвестициялық базаны ұлғайтып, шығындарды азайтты; дегенмен, өзімен бірге жаңа тәуекелдерді де ала келді. Көбіне ақылы онлайн жарнама және пайдаланушылар жасаған контент арқылы таралатын инвестициялық алаяқтық жеке инвесторларды айтарлықтай қаржылық шығынға ұшыратып отыр«, — деді AFSA Бас директоры Евгения Богданова.
IOSCO жол картасын іске асыру науқаны 2024 жылдың қараша айынан басталып, биыл өз мәресіне жетеді. Оның қорытындысы инвесторлар үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ 2025 жылғы Халықаралық инвесторлар апталығын өткізу болмақ.
Жол картасы өзара байланысты үш элементті қамтиды:
- Реттеу – жаңа нарықтық жағдайға бейімделу үшін стандарттарды әзірлеу арқылы;
- Білім беру – инвесторларды ақпараттандыру және оқу-ағарту арқылы;
- Ынтымақтастық — әлеуметтік желілерді қоса алғанда, реттеушілер мен онлайн қызмет провайдерлері арасында әріптестік орнату арқылы.
Бастама инвесторларға цифрлық ортада қаржылық өнімдер мен қызметтердің таралуымен бірге жүретін тәуекелдерді анықтау және болдырмау үшін қажетті білім беруге баса назар аударады. Бастаманың маңызды элементі – базалық даярлыққа баса назар аудара отырып, білім беру бағдарламаларын дамыту.
Өз жұмысының бір бөлігі ретінде IOSCO финфлюенсерлердің[2] әсерін, онлайн ортада имитациялық[3] сауда тәжірибесін дамытуды және нарық делдалдарының цифрлық қатысу құралдарын қолдануды зерттейді, оларды ықтимал пайда тұрғысынан да, мүмкін болатын қауіптер тұрғысынан да қарастырады.
IOSCO-ның осы бағыттарының әрқайсысы бойынша қорытынды есептері реттеуші тәжірибелерге шолу және жеке инвесторларға тәуекелдерді тиімдірек қорғау бойынша пайдалы ұсыныстарды қамтиды.
AFSA бастамаға қосыла отырып, жақын арада өзінің әлеуметтік желілерінде инвесторларды адастыруға және алаяқтыққа әкелуі мүмкін мифтерді әшкерелеуге бағытталған қаржылық қауіпсіздік туралы материалдарды шығарады.
Жаңалықтарымыздан хабардар болу үшін біздің LinkedIn және Instagram-дағы парақшаларымызға жазылыңыз.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және оларға байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 84 елден 4000-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
—
[1]IOSCO Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы (International Organization of Securities Commissions, IOSCO) – дүние жүзіндегі бағалы қағаздар нарығын реттеушілерді біріктіретін жетекші халықаралық ұйым.
[2] Finfluencers (ағылшын тілінен «finfluencers»,»financial influencers»-тен қысқарған) – әлеуметтік желілерде және онлайн платформаларда қаржы, инвестициялар, криптовалюталар, қор нарығы және басқа да қаржылық тақырыптар туралы ақпаратты, кеңестерді немесе жеке пікірлерін жариялайтын жеке тұлғалар, блогерлер немесе контент-мейкерлер.
[3] Имитациялық сауда (еліктеу саудасы, әлеуметтік сауда, ағылшын тілінде imitative trading, copy trading, mirror trading ретінде де белгілі) — жеке инвесторлар басқа, тәжірибелі немесе танымал нарық қатысушыларының сауда шешімдерін қайталайтын (имитациялайтын) инвестициялау түрі.
AFSA стейблкоин шығаруға алғашқы лицензия берді
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу комитеті (AFSA) фиаттық валютамен қамтамасыз етілген стейблкоиндерді[1] шығаруға алғаш рет лицензия берді. Лицензия фиаттық стейблкоин эмитенті ретінде цифрлық активтер саласында төлем қызметтерін көрсету бойынша реттелетін қызметті жүзеге асыру үшін AnchorX.KZ Limited компаниясына берілді.
AFSA-ның стейблкоиндер бойынша кешенді нормативтік базасы шеңберінде қабылданған бұл реттеуші шешім Қазақстанда цифрлық активтер экожүйесін дамытудағы маңызды қадам болды.
Бұл AFSA мен АХҚО-ның нақты әрі болжамды реттеу саясаты арқылы инновацияларды қолдауға деген ұмтылысын көрсетеді, сонымен қатар лицензияланған қатысушылар үшін белгіленген талаптарға сәйкес цифрлық қаржылық қызметтерді ұсыну мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді.
Бұл бастама өңірдегі қаржы технологиялары мен қаржы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі кең стратегияның бөлігі. AnchorX компаниясы Қазақстанның экономикалық басымдықтарына сәйкес келетін, әсіресе, 2024 жылы екіжақты тауар айналымы $43,8 млрд-қа жеткен Қытаймен сауда байланыстарының нығаюы тұрғысында болашақ трансшекаралық қаржылық шешімдерді әзірлеуге үлес қосуды жоспарлап отыр.
AFSA 2024 жылдың қаңтарында стейблкоиндер бойынша реттеу базасын ұсынды. Белгіленген қағидаларға сәйкес 1:1[2] қатынасында фиаттық валюталарымен толық қамтамасыз етілген стейблкоиндерді ғана шығаруға рұқсат етіледі . Бұған АҚШ доллары, еуро, Қытай юаны, Норвегия кроны және осы реттеу шеңберінде танылған басқа валюталар кіреді.
«AIFC CONNECT: HONG KONG» конференциясында сөйлеген сөзінде AnchorX бас директоры Хилл Ванг цифрлық активтер саласындағы инновацияларды ынталандырудың негізгі факторы ретінде реттеу айқындылығының стратегиялық маңыздылығын атап өтті. «Біз үшін AFSA құрған прогрессивті нормативтік орта аясында осы жолды бастағанымыз зор мәртебе», — деді Ван.
Дисклеймер: Бұл ақпарат қаржылық немесе инвестициялық ұсыныс емес. Инвестициялық шешімдер қабылдамас бұрын білікті маманмен кеңесу ұсынылады.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 84 елден 4000-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 [email protected]
[1] Стейблкоин — белгілі бір активке, пулға немесе активтер себетіне қатысты тұрақты құнды ұстап тұру мақсатын көздейтін цифрлық актив. Стейблкоиндер цифрлық активтер нарығында құнның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
[2] Фиаттық валютамен қамтамасыз етілген стейблкоиндер — бұл нақты валюталарға (мысалы, АҚШ доллары) 1:1 қатынасында байланған және нақты ақшамен қамтамасыз ету арқылы тұрақты құнды сақтайтын цифрлық активтер.
Dodo Brands холдингі «Астана» халықаралық қаржы орталығына редомициляцияланды
Ресей мен Қазақстандағы ең ірі «Додо Пицца» пиццериялары мен «Дринкит» цифрлық кофеханалар желісіне иелік ететін Dodo Brands холдингтік компаниясы Виргин аралдарынан «Астана» халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) редомициляция[1] процесін аяқтады. Бұл дегеніміз, компания заңды тұлға мәртебесін, бүкіл бизнес құрылымын және қолданыстағы міндеттемелерін сақтай отырып, юрисдикциясын өзгертті.
Редомициляция процесі 2025 жылдың 12 маусымында аяқталды және Dodo Brands пен АХҚО арасындағы тығыз өзара іс-қимылдың нәтижесі болды. Осылайша, компания АХҚО-ны өзінің жаңа юрисдикциясы ретінде таңдаған халықаралық компаниялардың қатарына қосылды. Бүгінгі таңда Орталыққа Solidcore Resources Plc (бұрын – Polymetal International Plc.), Cheltenham Group Limited, Fix Price Group Ltd., Specta Group Ltd. және басқалар редомициляцияланды.
Dodo Brands холдингі Еуропадағы ең ірі 7 азық-түлік сервис компанияларының қатарына кіреді және Таяу Шығыстың, Еуропаның, Африканың және Оңтүстік-Шығыс Азияның 26 елінде 1300-ден астам пиццериялар мен кофеханаларды басқарады. 2025 жылдың маусым айының басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 100-ден астам «Додо Пицца» пиццериясы және 14 «Дринкит» кофеханасы жұмыс істейді. Өзбекстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда тағы 33 пиццерия ашылды.
2024 жылы Dodo Brands кірісі $1 млрд-тан асты және бүкіл желі ұйымы 43 000 адамды құрайды. Бұл ретте брендтердің ауқымын кеңейту негізінен франчайзинг моделі бойынша жүзеге асырылады – бөлімшелердің 95% франчайзи-серіктестердің басқаруында.
Dodo Brands – мейрамхана бизнесін цифрландыру саласындағы көшбасшылардың бірі. Бүкіл желі дербес Dodo IS бұлттық платформасында жұмыс істейді, ол: кассалық операциялар мен логистикадан бастап, CRM[2] және нақты уақыттағы аналитикаға дейін басқарудың барлық аспектілерін қамтиды. Әрбір пиццерия бірыңғай жүйеге қосылған, бұл бизнесті басқарылатын, ауқымдалатын және серіктестер мен инвесторлар үшін толығымен ашық етеді.
АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров: «Dodo Brands-тің АХҚО-ға редомициляциясы біздің юрисдикциямыздың жоғары технологиялық және қарқынды дамып жатқан халықаралық компаниялар үшін тартымды екенін айшықтады. Комплаенстың жоғары стандарттары мен икемді реттеуші орта Додо сияқты компаниялар үшін бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай туғызады. Біз осы компанияның АХҚО-да болуы экожүйемізді нығайтып қана қоймай, Қазақстан мен жалпы Орталық Азияға инвесторлардың қосымша назарын аударатынына сенімдіміз».
Dodo Brands CEO Дмитрий Соловьев: «Біз үшін компаниямыз нақты операциялық қызмет жүргізіп жатқан юрисдикцияны таңдау маңызды еді. Сондықтан АХҚО-ға редомициляция біз үшін қисынды қадам болды: Қазақстан Республикасының аумағында Dodo Brands корпоративтік кеңсесі орналасқан және халықаралық бизнестің едәуір бөлігі жүргізілуде. Бұдан басқа, АХҚО халықаралық стандарттарға сәйкес келетін дамыған құқықтық және іскерлік инфрақұрылымды ұсынады, бұл оны біздің бизнесіміздің ауқымын кеңейту үшін одан да тартымды етеді».
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 80-нен астам елден 3900-ден аса қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
[1] редомициляция – бұл заңды тұлғаның өз мәртебесін сақтай отырып және қызметін тоқтатпай, екі юрисдикцияның қолданыстағы заңнамасына сәйкес бір юрисдикциядан екіншісіне «көшуі».
[2] Customer Relationship Management – клиенттермен қарым-қатынасты басқару жүйесі.
Цифрлық активтер және орнықты даму. Сарапшылар AIF аясында өткен АХҚО-ның панельдік сессияларында заманауи трендтерді талқылады
«Астана» халықаралық қаржы орталығы 29-30 мамырда Қазақстан астанасында өткен Astana International Forum аясында екі панельдік сессияның бірлескен ұйымдастырушысы болды. Цифрлық активтер мен орнықты дамуды қаржыландыру – осы дискуссиялардың негізгі тақырыптары болды, іс-шараға қаржы секторындағы негізгі трендтерді талқылау үшін мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және бизнестің өкілдері жиналды.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Ренат Бектұров: «Astana International Forum жоғары деңгейдегі дискуссиялық алаңы мәртебесін бекітті, мұнда мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, халықаралық сарапшылар мен бизнес өкілдері саясат, экономика және қаржы салаларындағы жаһандық сын-тегеуіріндер мен даму перспективаларын талқылайды. Форум аясында АХҚО қазіргі заманғы қаржының маңызды тақырыптары – біздің күнделікті өмірімізге барған сайын терең еніп, экономиканы өзгертіп жатқан цифрлық активтер және адамның қоршаған ортаға әсерін төмендету жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін орнықты дамуды қаржыландыру туралы сессиялар ұйымдастырды».
Форум аясында АХҚО өткізген бірінші сессия – «Цифрлық активтер революциясы: Астана цифрлық қаржының жаһандық картасында» деп аталды, АХҚО реттеушісі – Astana Financial Services Authority (AFSA) Бас директоры Евгения Богданова модератор болды.
AFSA Бас директоры Евгения Богданова: «Қазақстан цифрлық активтер секторында өңірлік көшбасшы позициясына ие болу үшін елеулі қадамдар жасауда. Мұның бәрі 2019 жылы АХҚО базасында FinTech-құм жәшігінің және эксперименттік реттеуші режимнің іске қосылуынан басталды. 2022 жылы АХҚО ұлттық реттеушілермен бірлесіп 6 криптовалюта биржасы, 8 банк пен 50 мыңға жуық қолданушылардың қатысуымен крипто-фиат шлюздерін интеграциялау бойынша пилоттық жобаға бастамашы болды. Бұл жоба өте сәтті болды. Бүгінгі таңда АХҚО Binance, Bybit, Bitfinex сияқты лицензияланған криптоплатформалар, сондай-ақ цифрлық активтердің басқа да жеткізушілері жұмыс істейтін толыққанды экожүйеге айналды. Осы жылдың бірінші тоқсанында ғана сауда-саттықтың жалпы көлемі 1,7 миллиард АҚШ долларын құрады».
Сессияда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, Solana Foundation президенті Лили Лю, цифрлық трансформация басшысы және ҚР Ұлттық Банкі төрағасының кеңесшісі Бинұр Жаленов, Binance Kazakhstan бас менеджері Нұрхат Көшімов және Visa вице-президенті және Орталық Азиядағы өңірлік директоры Санжар Сүлейманов қаржылық ландшафт цифрлық активтердің әсерінен қалай өзгеріп жатқанын талқылады.
Қазірдің өзінде олардың тез енуі жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, сонымен қатар қаржы жүйелері мен жалпы экономика үшін белгілі бір сын-тегеуіріндер туғызуда. Осыған байланысты спикерлер цифрлық валюталардың – криптовалюталар мен токендерден бастап Орталық банктердің цифрлық валюталарына (CBDC) дейінгі эволюция процесін және олардың ақша-несие саясатына әсерін қарастырды.
Сондай-ақ цифрлық активтерді жаһандық реттеу контекстіндегі Қазақстан мен АХҚО-ның бірегейлігі, трансшекаралық төлемдер мен есеп айырысуларды оңайлатудың блокчейн негізіндегі сервистердің мүмкіндіктері, CBDC-дің дәстүрлі монетарлық саясатқа әсері және орталық банктердің рөлі, сондай-ақ цифрлық активтердің Қазақстанмен әлемде инвестициялық құрал ретінде танымалдылығының артуы – талқылаудың орталық тақырыптары болды.
Binance Қазақстан бас менеджері Нұрхат Көшімов: «Біз Binance ретінде АХҚО-ны юрисдикция ретінде таңдадық, өйткені Қазақстан – компаниямыз үшін стратегиялық маңызды нарық. Юрисдикцияда ашық, барабар және теңдестірілген реттеу жүйесінің болғаны өте маңызды. Бұдан басқа, біз компания ретінде технологиялармен бөлісу, инфрақұрылым мен адами капиталға инвестиция салу, жергілікті командаларды дамыту сияқты шарттармен жұмыс істеуге міндеттіміз деп санаймыз».
Solana Foundation президенті Лили Лю: «Криптоиндустрия таланттар мен капиталды дамытуға инвестиция салуды жалғастыруы керек. Дәл осы екі элемент әрқашан Solana сияқты экожүйені құруға негіз болды – біз энтузиастарды үсті-үстіне тартудамыз, оларға ресурстар мен мүмкіндіктер берудеміз. (…) Және бұл тәсілді біз Қазақстанда белсенді түрде ілгерілетуге ниеттіміз, өйткені дәл осы жерде таланттардың ең перспективалы және динамикалық экожүйелерінің бірі шоғырланған».
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 85 елден 3800-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
—
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
Ескерту: regfs.it.com веб-сайты AFSA ресми сайтының элементтерін заңсыз пайдаланған
«Астана» халықаралық қаржы орталығының («AFSA») Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті қаржы секторының қатысушыларын және жұртшылықты regfs.it.com веб-сайтының AFSA ресми сайтының сыртқы түрін, дизайн элементтерін және мазмұнын заңсыз пайдаланғаны туралы ескертеді.
Көрсетілген веб-сайт және осы ресурста орналастырылған байланыс деректері ([email protected] электрондық поштаны қоса алғанда) AFSA-ға ешқандай қатысы жоқ. Осы интернет-ресурстың қызметі пайдаланушыларды адастыруға және дербес деректерді, жеке және қаржылық ақпаратты ықтимал жинауға бағытталуы мүмкін.
AFSA қаржы секторының қатысушыларына және жалпы жұртшылыққа AFSA-ның тек ресми веб-сайтын пайдалануды, күмәнді интернет-ресурстарға кіруден аулақ болуды, дербес немесе қаржылық деректерді тексерілмеген сайттарға немесе тұлғаларға бермеуді және олардың пайдасына ақша аударымдарын немесе төлемдерді жасамауды ұсынады.
Маңызды ақпарат:
- AFSA-ның ресми сайты — afsa.aifc.kz. Дәл осы мекенжайды браузер жолағында қолданатындығыңызға көз жеткізіңіз.
- AFSA үшінші тараптар, бейресми сайттар, әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы төлемдер мен өтемақыларды ұсынбайды.
- AFSA-ның тиісті төлемдері AFSA-ның ресми сайтында https://orderly.myafsa.com/articles/feesrules бөлімде жарияланған. AFSA ешқашан жеке хабарламалар, SMS немесе үшінші тараптар арқылы төлем сұрамайды.
- AFSA қатысушылардың тіркелуі және/немесе лицензияларының болуы туралы ақпаратты тексеру үшін afsa.aifc.kz сайтындағы Жария тізілімде орналастырылған АХҚО қатысушылары туралы өзекті ақпаратты тексеруді ұсынады.
- Барлық ресми хат-хабарлар тек AFSA-ның ресми сайтындағы тиісті бөлімдерде көрсетілген тексерілген байланыс деректері арқылы жүзеге асырылады.
AFSA қырағы болуды және өздерін AFSA ретінде көрсеткісі келетін күдікті сайттар немесе хабарламалар туралы хабарлауды ұсынады. Сіз мұны біздің веб-сайттағы онлайн нысанды қолдана отырып жасай аласыз.
Егер сіз күдікті сайтта деректерді енгізіп қойған немесе алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу сізге қызмет көрсететін банкке және құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 85 елден 3900-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
AFSA реттеуші базаны дамытудың 2025 жылға арналған жоспарлары туралы хабарлайды
АХҚО Қаржы қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) маңызды реттеу актілерін жетілдіру жөніндегі 2025 жылғы өзінің жоспарлары туралы хабарлайды.
AFSA өткен жылы ұсынылған ары қарай талдау жүргізуді қажет ететін түзетулерге сүйене отырып, секьюритилендіру[1] саласындағы реттеуші базаны дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда. Ұсынылған өзгерістер арнайы мақсаттағы компаниялардың (SPC)[2] «тәуелсіз» (orphan) құрылымы мен жұмысына, бенефициарлар тобына және SPC-ді әкімшілендіруге қатысты.
Қазіргі уақытта AFSA сонымен қатар капитал, цифрлық активтер және краудфандинг секторларында реттеуші базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуде, олар бойынша 2025 жылдың ортасында қоғамдық консультациялар өткізу күтілуде:
- Капитал нарығы. Бағалы қағаздарды орналастыруға, олардың листингіне және саудасына қатысты реттеудің шолуына негізгі назар аударылады, сонымен қатар нарық қатысушыларына қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған қосымша түзетулер қаралуда.
- Цифрлық активтер. 2024 жылы енгізілгеннен кейін алынған кері байланыс және жинақталған реттеу тәжірибесі негізінде реттеуші базаны одан әрі жақсарту жоспарлануда.
- Краудфандинг. Қолданыстағы реттеуді жетілдіру инвесторлардың қорғалуын, оның ішінде дефолттар тарихы туралы ақпаратты ашуға жаңа талаптар және басқа да жақсартуларды енгізу есебінен күшейтуге бағытталған.
Осы жылдың соңына қарай AFSA сонымен қатар активтерді басқару, исламдық қаржы және сақтандыру секторларында реттеуші базаны одан әрі дамыту жұмысын бастауды жоспарлап отыр. Осы жобалар туралы қосымша ақпарат олардың іске асырылуына қарай ұсынылатын болады.
Жария консультациялар басталғанға дейін ұсыныстар енгізгісі келетін мүдделі тараптар ұсыныстарын [email protected]. электрондық поштасы арқылы жібере алады. Бұл ұсыныстар тиісті өзгерістер жобаларын дайындау барысында ескерілетін болады.
AFSA бұл жобалар жыл ішінде түзетілуі мүмкін алдын ала жоспарлар мен жұмыс көлемін қамтитын ағымдағы реттеушілік күн тәртібін білдіретінін атап өтеді.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 85 елден 3800-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
[1] Секьюритилендіру – бұл банктер мен басқа кредиттік ұйымдар кредиттерден бағалы қағаздар шығарылымының негізін құрайтын активтер пулын қалыптастыратын құрылымдық қаржылық операция.
[2] Жалпы мағынада, Арнайы мақсатты компания (SPC) – бұл бас компания (бастамашы/оригинатор) шектеулі мақсаттар үшін, көбінесе алдын-ала анықталған контрагентпен секьюритилендіру мәмілесіне қатысу үшін құратын заңды тұлға. Бастамашының/ оригинатордың мақсаттарына байланысты SPC-ге иелік ету SPC акциялары тікелей бас компанияға тиесілі болатындай акцияларға тікелей иелік ету арқылы құрылымдалуы мүмкін, мұнда SPC оның 100% қатысатын еншілес ұйымына айналады; немесе «тәуелсіз» (orphan) компания ретінде құрылымдалуы мүмкін, мұнда SPC оның қызметін бақылайтын байланысты емес үшінші тұлғаға тиесілі, бұл SPC бастамашыдан/ оригинатордан заңды дербес болуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан мен АИИБ Банктің 10-шы кезекті отырысы қарсаңында тұрақты инфрақұрылымды қаржыландыру мәселесін талқылауда
Астана — 29 сәуірде «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) «Тұрақты инфрақұрылым үшін қаржыны жұмылдыру» атты панельдік пікірталас өткізді. Іс-шара Бейжіңде өтетін Банктің 10-шы Жыл сайынғы жиналысының алдындағы бірқатар кездесулердің бөлігі болды.
АИИБ-нің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен және Көлік министрлігімен, сондай-ақ қаржы секторының өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырған пікірталасы елдің тұрақты және жасыл инфрақұрылымындағы инвестициялық белсенділікті арттыру мәселелеріне арналды. Әсіресе, АИИБ-нің Қазақстанда және Орталық Азияда өзінің қатысуы мен инвестициялық қызметін кеңейтудегі рөліне, оның ішінде тұрақты инфрақұрылымдық жобаларға жеке капиталды тартуы арқылы ерекше назарға ілікті.
Қатысушылар АИИБ және басқа да көпжақты даму банктері, коммерциялық банктер мен активтерді басқарушылар инфрақұрылым мен жасыл жобаларды қаржыландыру арқылы тұрақты және инклюзивті экономикалық өсуді ілгерілету үшін қалай бірлесіп жұмыс істей алатындарын талқылады. Мұндай серіктестіктер қажетті инвестицияны ғана емес, сонымен қатар тұрақты даму қағидаттарына жауап беретін жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететін сараптаманы да қамтамасыз етеді. Инфрақұрылымға жауапты инвестицияның құрамдас бөлігіне айналатын ESG стандарттары айрықша назарға алынды.
Қатысушыларға АИИБ инвестициялар жөніндегі Басқарушы директоры Константин Лимитовский, АИИБ-нің мемлекеттік сектор (2-аймақ) және жобалық және корпоративтік клиенттерді қаржыландыру (жаһандық аймақ) бойынша инвестициялар жөніндегі Бас директоры, Көлік Вице-министрі Сәтжан Әблалиев және АХҚО комитетінің қаржы қызметтері басқармасының Бас директоры Евгения Богданова құттықтау сөз сөйледі.
Негізгі қатысушылардың қатарында Ұлттық экономика министрлігінің халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің Директоры Саадат Асансейітова, SkyBridge Invest Бас директоры Замира Сүндетова, АХҚО-дағы China Construction Bank филиалының Басшысы Ван Сяньмин және т.б.
«Көпжақты даму банкі ретінде АИИБ жеке сектордың тәжірибесін Қазақстандағы мемлекеттік басымдықтарға сәйкес келтіруде маңызды рөл атқарады. Бұл тәсіл бізге елдің тұрақты экономикалық өсуі үшін қажетті инфрақұрылымдық инвестицияларды ілгерілетуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті АИИБ-нің мемлекеттік сектор (2-аймақ) және жобалық және корпоративтік клиенттерді қаржыландыру (жаһандық аймақ) бойынша инвестициялар жөніндегі Бас директоры Константин Лимитовский. — «Қазақстан қазірдің өзінде белсенді мемлекеттік саясат пен динамикалық нарықтың арқасында инфрақұрылым мен жасыл энергетикаға инвестициялардың қарқынды өсуін көрсетуде».
«Инфрақұрылымды тұрақты дамыту және таза энергетикаға көшу – Қазақстанның ұлттық стратегиясының негізгі бағыттары», — дейді Қазақстан Республикасы Көлік Вице-министрі Сәтжан Әблалиев. «Біз осы мақсаттарға жету үшін капитал мен халықаралық тәжірибені тартуға көмектесетін АИИБ қолдауын жоғары бағалаймыз».
«Инфрақұрылым – тек құрылыс салу ғана емес, ол мүмкіндіктер жасау. Болашақтың инфрақұрылымы бейімделгіш және ұзақ мерзімді болуы керек және бұл инновациялық қаржыландыруды және тұрақтылықты ынталандыратын шарттарды қажет етеді. AFSA-да біз осы кезеңді жеңілдетуге міндеттенеміз. Біздің нормативтік базамыз тұрақты, ашық және инновациялық қаржылық ортаны қолдауға арналған. Жауапты қаржы мен инвестор сенімі бір-бірімен тығыз байланысты екенін мойындаймыз. Сондықтан қадағалау тәсілін күшейтуді, нарықтың тұтастығын арттыруды және жаңа қаржылық өнімдерге, әсіресе тұрақтылық пен климаттың өзгеруіне бейімделуге қатысты кеңістікті құруды жалғастырамыз», — деді Евгения Богданова, AFSA бас директоры.
Қазақстан АИИБ-нің негізін қалаушы елдердің бірі болып саналады және Банкті құруда маңызды рөл атқарды, оның ішінде 2015 жылы Алматыда АИИБ-ін құру жөніндегі Бас келіссөздер қатысушыларының кездесуін атап өтуге болады. Іс-шараның Астанада өтуі Қазақстанның Банк тарихындағы ерекше маңызын көрсетеді және ынтымақтастықты нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бүгінгі таңда АИИБ қоржынында Қазақстандағы жалпы сомасы 2 миллиард АҚШ долларынан асатын 7 жоба бар. Инвестициялар көлік, энергетика және денсаулық сақтау салаларына бағытталған. Негізгі жобаларға Жаңатас (100 МВт), Шоқпар (100 МВт) және Ақмола облысындағы (220 МВт) жел электр станциялары, М-32 (Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын учаскесі) автожолын қайта қалпына келтіру, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағдарындағы Жезқазған-Қарағанды учаскесін қайта жаңарту кіреді.
2025 жылғы 24-26 маусым аралығында Бейжіңде АИИБ 10-шы Жыл сайынғы отырысы «Даму үшін байланыс, өркендеу үшін ынтымақтастық» тақырыбымен өтеді. Іс-шара және тіркелу туралы қосымша ақпараттар сайтта: https://2025am.aiib.org.
Анықтама үшін:
АИИБ туралы
Азиялық Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі – ертеңгі инфрақұрылымды қаржыландыруға бағытталған көпжақты даму банкі. 2016 жылы құрылған АИИБ 110 мүше елдерді біріктіреді. Банктің капиталдандыруы 100 млрд АҚШ долларын құрайды. Банк ірі халықаралық несиелік рейтинг агенттіктерінің AAA рейтингіне ие. Әріптестермен жұмыс істей отырып, АИИБ жаңа капиталды ашу және таза, технологиялық жағынан жетілдірілген және аймақтық байланыстарды ілгерілететін инфрақұрылымды инвестициялау арқылы клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандырады.
AFSA туралы
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі болып табылады, ол «Астана халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және онымен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық құрылымдарды лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін қарастырады.
АХҚО-да 85 елден 3800-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді көрсетеді. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтердің ауқымы Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
АХҚО туралы
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) бизнесті ашу және жүргізу, инвестиция тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция болып табылады. www.aifc.kz
Ескерту: «AFSA» атауының халықты жаңылыстыратындай рұқсатсыз қолданылуы
АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) қаржы секторының қатысушылары мен жұртшылықты оның атауын жаңылыстыратындай етіп рұқсатсыз пайдаланылғаны туралы хабардар етеді.
AFSA әлеуметтік желілердегі келесі аккаунттар тобын анықтады:
- Instagram-дағы «p2pcrypto_exchange» жеке парақша;
- Telegram-дағы «P2P CRYPTO Криптообменник» каналы;
- Telegram-дағы «p2pcrypto_manager» жеке парақша.
Олар өздерін криптовалюталарды айырбастау қызметін жүзеге асыру үшін AFSA тарапынан реттелетін ұйымдар ретінде жалған көрсетуде.
«p2pcrypto_exchange», «P2P CRYPTO Криптообменник», «p2pcrypto_manager» атаулары бар ұйымдар АХҚО-да тіркелмегенін және AFSA-дан лицензия алмағанын хабарлаймыз. Көрсетілген әлеуметтік желілердің жеке парақшалардың қызметі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 («Алаяқтық») және 214 («Заңсыз кәсіпкерлік қызмет») баптарымен қудаланатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгілерін қамтиды.
AFSA АХҚО-да тіркелген компаниялар және AFSA лицензиясы бар компаниялар туралы өзекті ақпаратты қамтитын AFSA Жария тізілімін қарауды ұсынады. Кез келген қаржылық қызметтерді немесе өнімдерді пайдаланар алдында компанияның мәртебесін тексеру сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ететін және АХҚО-ның қолданыстағы құқығын сақтау үшін маңызды шара саналады.
AFSA осы жоба өкілдерінің қандай да бір өтініштеріне жауап бермеуге және ешбір жағдайда онымен шарттық қатынастарға түспеуге, сондай-ақ онымен байланысты кез келген тұлғалардың пайдасына ақша қаражатын аудармауға қатаң түрде кеңес береді.
Егер сіз кез-келген хат-хабардың растығына күмәндансаңыз немесе заңсыз әрекеттерге қатысы бар адамдар сізбен байланысқа шықты деп күдіктенсеңіз, біз сізге тікелей AFSA-ға хабарласуды ұсынамыз. Сіз мұны біздің веб-сайттағы онлайн нысанды қолдана отырып жасай аласыз.
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 85 елден 3800-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
AFSA шынайы аты белгісіз, бірақ өзін Nurlan Asilbekov ретінде таныстыратын жалған лицензиясы бар тұлғаның әрекеттері туралы ескертеді
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті («AFSA») өзін Nurlan Asilbekov ретінде таныстыратын тұлғаның ықтимал алаяқтық әрекеттеріне қатысты осы ескертуді шығарды.
AFSA аталған тұлғаның AFSA тарапынан Bybit Limited компаниясына цифрлық активтерді сату платформасын басқару нарықтық қызметімен айланысу үшін 2023 жылдың 7 маусымында берілген (№ AFSA-G-LA-2023-0004) лицензияның жалған нұсқасын пайдалана отырып, Telegram-дағы жеке арнасы арқылы қаржылық жарнамамен айналысатынын анықтады.
Жалған лицензияда аталмыш тұлғаның аты-жөні жазылған, ал AFSA лицензияларының түпнұсқасында мұндай дерек ешқашан көрсетілмейді және AFSA жеке тұлғаларға лицензия бермейді, лицензиялар тек заңды тұлғаларға беріледі.
AFSA жұртшылықты AFSA лицензиясы негізінде қаржылық қызмет көрсететінін мәлімдейтін адамдармен жұмыс істеу кезінде барынша сақтық таныту қажеттілігі туралы ескертеді және жұртшылықты AFSA лицензиясы бар және/немесе тіркелген заңды тұлғалар туралы ақпаратты қамтитын Жария тізіліммен танысуға шақырады. Бұл қаржылық қызметтерді немесе өнімдерді пайдаланбас бұрын заңды тұлғаның тиісті лицензиясы бар екеніне көз жеткізу үшін өте маңызды қадам.
Сонымен қатар, Bybit Limited өз веб-сайтында пайдаланушыларға Bybit дереккөздерінің түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік беретін келесі құралды ұсынады: Bybit-идентификатор | Деректі тексеру.
Лицензиясы жоқ қатысушылармен өзара іс-қимыл жасайтын тұлғалар қауіп пен тәуекелді толығымен өз мойнына алады және оларды «Астана» халықаралық қаржы орталығының құқықтық және реттеуші жүйесі қорғай алмауы мүмкін.
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 85 елден 3800-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]