gergergr1

AFSA халықаралық стандарттар мен тиімділік сәйкестігіне қол жеткізу үшін заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда

Опубликовано: 6 января, 2023 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап АХҚО-да келесі өзгерістер күшіне енді:

  • АЖ/ТҚҚІ мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілер;
  • алымдар мен төлемдер жөніндегі ережелер.

АХҚО-ның барлық тиісті қатысушылары осы түзетулермен танысуы тиіс. Барлық ұсыныстар қоғамдық консультациялардың тиісті кезеңдерінде көпшілікке қол жетімді болды.

АЖ/ТҚҚІ ережелеріне түзетулер

2021 жылғы желтоқсанда AFSA АХҚО-ның ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және санкцияларға қарсы күрес жөніндегі қағидаларына (АХҚО-ның АЖ/ТҚҚІ бойынша қағидалары) АХҚО жүйесінің АЖ/ТҚҚІ саласындағы ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарына сәйкестігін күшейту үшін түзетулер енгізді.

Осы жұмысты жалғастыру үшін 2022 жылғы желтоқсанда AFSA АХҚО-ның мынадай актілеріне түзетулер енгізді:

  1. Қаржылық қызметтер туралы негіздемелік ережелер (FSFR);
  2. Компаниялар туралы ережелер;
  3. Қорлар туралы ережелер;
  4. Шектеулі серіктестіктер туралы ереже;
  5. Қарапайым серіктестік ережелері;
  6. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ережелері; және
  7. АХҚО глоссарийі.

Енгізілген өзгерістер AFSA-ның АЖ/ТҚҚІ саласындағы қадағалау өкілеттіктерін айқынырақ анықтайды. AFSA АХҚО қатысушыларының тексерулер жүргізу, тиісті ықпал ету шараларын қабылдау және санкциялар салу арқылы АХҚО-ның АЖ/ТҚҚІ бойынша ережелерін сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратыны тікелей көзделген.

Заңды тұлғалар туралы актілерге өзгерістер енгізілді. Басқа өзгерістермен қатар, АХҚО-да тіркелген қатысушы кеңсесінде құрылтайшылардың, серіктестердің және бенефициарлық иелердің тізілімінің болуы және жүргізілуі туралы талап енгізілді. Қатысушы өзінің бенефициарлық иесіне қатысты кез келген өзгерістер туралы тиісті хабарлау мерзімі қысқартылды (30-дан 14 күнге дейін).

Бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін шекті мән де енгізіледі. Бенефициарлық меншік иелерін анықтауға AFSA талап ететін тәсіл тәуекелге бағытталған тәсілге әлі негізделген, FATF ұсынылған 25% шегі қабылданады.

Түзетулер 2023 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді.

Алымдар мен төлемдер жөніндегі Ережелерге түзетулер

AFSA 2022 стратегиясы алымдар мен төлемдер ережелеріне түзетулер енгізуді қарастырды. Осы түзетулерді енгізу осы жұмыс бағытының 2-ші кезеңін білдіріп, келесі өзгерістерді қамтиды:

а) Биржаны Басқару және Клирингтік Палатаны басқару жөніндегі қызметтің нарықтық түрлерін жүзеге асыруды қадағалау үшін алымның қайта қаралған сомасы;

б) АХҚО мүшелері болып табылмайтын танылған қатысушыларды және АХҚО мүшелері болып табылмайтын танылған нарықтық институттарды қадағалау үшін алынатын алым;

в) қорды және коммерциялық емес тіркелген ұйымды тіркеу және пост-тіркеу қызметтері үшін алымның ұлғаюы;

г) тіркеуші кеңсесіне есеп бергені және уақтылы ұсынбағаны үшін алымдар;

д) АФСА-ның талаптарды және басқа да жеңілдіктерді қолданудың күшін жою немесе өзгерту туралы өтінім бергені үшін алымдардың белгілі бір сомалары (осында қол жетімді)

е) қосалқы қызметтерді жүзеге асыруға өтінім бергені үшін алымдарға қатысты айқындық енгізу.

Алымдар мен төлемдер жөніндегі Ережелерге түзетулерді енгізу нәтижесінде мыналар күтіледі:

а) нарықтық қызмет көрсеткіштеріне байланысты Биржаны Басқару және Клирингтік Палатаны басқару жөніндегі қызметтің нарықтық түрлерін жүзеге асыруды қадағалау үшін үйлесімді алым белгілеу;

б) АХҚО мүшелері болып табылмайтын танылған қатысушылардың нарықтық қызметін ынталандыру, АХҚО мүшелері болып табылмайтын танылған нарықтық институттарды қадағалау үшін алымдарды алу;

в) белсенді қорларды және коммерциялық емес тіркелген ұйымдарды тіркеуді қамтамасыз ету, қадағалау жөніндегі күш-жігерді қысқарту, беделді тәуекелді басқару;

г) АХҚО қатысушыларының АХҚО актілерінің талаптарын сақтауын ынталандыру;

д) АФСА-ның талаптарды және басқа да жеңілдіктерді қолданудың күшін жою немесе өзгерту туралы өтінім бергені үшін алымдарға қатысты айқындық енгізу;

е) қосалқы қызметтерді жүзеге асыруға өтінім бергені үшін алымдарға қатысты айқындық енгізу.

Түзетулер 2023 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді.

 

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті» (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 67 елден 1600-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.

www.afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi.

www.aifc.kz

АХҚО Орталық Азия қаржы реттеушілерінің арасындағы ынтымақтастық бойынша жыл сайынғы жоғарғы деңгейлі кездесуін өткізді

Опубликовано: 24 ноября, 2022 в 7:48 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

«Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) АХҚО, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан қаржы реттеушілерінің қатысуымен жоғарғы деңгейлі кездесу өтті. Жиында 40 адам, оның ішінде халықаралық ұйымдардың, Еуропалық даму және қайта құру Банкі, Ислам қаржы қызметтері бойынша Кеңес, Frankfurt Main Finance, Азия даму банкі, Ғаламдық даму Орталығы және өзге де бизнес өкілдері қатысты.

Жоғарғы деңгейлі кездесуді Орталық Азияны XXI ғасырда дамыту мақсатындағы достық, жағымды көршілік және ынтымақтастық бойынша Қазақстан, Қырғызстан,  Тәжікстан, Өзбекстан елдері арасында Шолпан Ата қаласында  2022 жылдың 21 шілдесінде келісілген Келісімді жүзеге асырудағы тиісті үлес деп айтуға болады.

Былтыр 2021 жылғы желтоқсан айындағы кездесудің қорытындысы бойынша Орталық Азия елдерінің қаржылық реттеушілері Біріккен декларация қабылдаған еді, оған сәйкес АХҚО әлеуетін қаржылық жүйені бірігіп пайдалану, қаржы қызметтері саласындағы трансшекаралық экономикалық бастамаларды қолдау, аймаққа инвестиция тарту, реттеушілер арасындағы ынтымақтастықты арттыру көзделген.

Биылғы кездесу қатысушылары АХҚО халықаралық қаржы орталықтарының ең үздік тәжірибесін өзіне сіңірген, аймақтық жобаларға тікелей портфельдік инвестициялар тартуға тиімді алаңша деген пікірлерін білдірді.

Кездесу  аясында  Орталық Азия нарықтарын дамыту жолдарын, ислам қаржысы, сақтандыру мен қайта сақтандырудың рөлі,  аймақтық инфрақұрылым және қаржы қызметтері саласындағы жаңа тенденциялар бойынша арнайы сессиялар ұйымдастырылды. Реттеушілік бойынша дөңгелек үстөл кезінде ұлттық қаржылық нарықтардың қазіргі жәйі мен дамыту жолдары талқыланды.

 

 

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті» (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 67 елден 1600-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.

www.afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi.

www.aifc.kz

 

AFSA GB Finance Ltd. компаниясы лицензиясының жұмысын тоқтатты

Опубликовано: 14 ноября, 2022 в 7:55 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті (AFSA) GB Finance Ltd. компаниясының реттеулік қызметтегі аса маңызды шарттарды бұзғаны үшін лицензиясының жұмысын тоқтатты.

Дәлрегінде, компания бірқатар ережелерді бұзуға жол берді, атап айтқанда:

  • АХҚО Валюталық реттеу Шарттарын;
  • Капитал жеткіліктілігінің минималды талаптары;
  • Компаниямен байланысты адамдарды несиелеу лимитінен асып кеткен;
  • Ірі мәмілелердің лимиті;
  • Пруденциалдық нормативтерді өрескел бұзу немесе бұзуы мүмкін жағдайлар туралы, оларды жою бойынша шаралар туралы AFSA-ны хабардар етпеген;
  • Кейбір сатып алған нәрселерінің компанияның ресурстарына және тәуекел профиліне әсер ететіндігі туралы ақпаратпен AFSA-ны хабардар етпеген; және
  • Реттеушінің талаптарын және оның алдындағы міндеттерін дұрыс бағаламағандықтан компанияны басқару мен бақылау бойынша өрескел талап бұзушылықтарға жол берген.

AFSA миссиясы әділ және ашық қаржылық, капитал нарығын қамтамсыз ететін орта құру, өйткені жеке тұлғалар мен кәсіпорындар соған қарай бой түзейді, әрі АХҚО мен AFSA сүйенетін халықаралық жоғарғы корпоративтік басқару талаптарына сай болу.

«GB Finance Ltd., оның басшылығы мен ірі акционері тиісті сәйкестікті басқару және бақылау стандарттарын қолданбай, байланысты тұлғалармен көптеген мәмілелер жасай отырып, реттеуші күтулер мен талаптарды нашар түсінетіндігін көрсетті. AFSA үшін тұтынушылардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау, сондай-ақ АХҚО-дағы қаржы жүйесінің тұтастығы жоғары басымдық болып табылады. Бұл стандарттарды бағаламайтын немесе елемейтін компаниялар AFSA және АХҚО — да қабылданбайды. Сондықтан оларға қатысты AFSA қатаң және шұғыл шаралар қабылдайды», — деді AFSA Бас директорының орынбасары Гарет Линг.

 

 

Анықтамалық ақпарат:

“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 67 елден 1600-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.

www.afsa.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi.

www.aifc.kz

 

AFSA «Орнықты инвестициялау» тақырыбында Халықаралық инвесторлар аптасын өткізіп, 5000 жуық адам қаржылық сауаттылық тақырыбымен танысты

Опубликовано: 10 октября, 2022 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті (AFSA) Халықаралық инвесторлар аптасы шеңберінде орнықты инвестициялау бойынша іс-шара өткізді. Конференцияға 20 елден 5000-ға жуық адам бас қосты, 30 сессияға 100 адам спикер ретінде қатысты.  

Іс-шара аясында арнайы форумдар, ESG Форумы (экологиялық әлеуметтік, корпоративтік басқару), Ислам қаржыландыруы Форумы, Жаңа қаржылық аспаптар Форумы, Цифрлық активтерге инвестициялау Форумы, және өзге де шаралар өтті.

AFSA инвесторлардың орнықтылығы, алаяқтықтың алдын-алу, орнықты қаржыландыру, криптосауаттылық, саналы инвестициялау тақырыптарын көтерді.

AFSA әділетті, таза қаржылық нарықтарды және капитал нарықтарын құруға жағдай жасау, тіркеу, лицензия беру, және компаниялардың іс-қимылын қадағалаумен айналысады. Мұнан өзге AFSA қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғауға көңіл бөледі.

ESG тақырыбы бойынша өткізілген Инвестициялық форум кезінде АХҚО Жасыл қаржы Орталығы «Ұлттық ESG-клуб  — Орнықты бизнестің алаңқайы» атты панельдік сессия ұйымдастырды.  Бұл сессияға қатысушылар орнықты даму принциптерін жүзеге асыру, Қазақстанның 2060 жылға дейін көміртек бейтараптығы дәрежесіне жету Стратегиясын дайындау бойынша пікір алмасты.

Халықаралық инвесторлар аптасы жыл сайын Құнды қағаздар бойынша халықаралық ұйым (IOSCO) аясында ұйымдастырылады. Негізгі мақсаты – адамдардың қаржы тәуекелін дұрыстап түсінуі, саналы инвестициялау мақсатында қаржылық білім алуына ықпал ету.

«Халықаралық инвесторлар аптасы АХҚО-дағы негізгі іс-шаралардың бірі, ал AFSA өз тұрғысынан инвесторларды қорғау мен білімнің артуын көздейді. Бүкіл іс-шаралар кезінде біз Құнды қағаздар бойынша халықаралық ұйымының басты ойларына көңіл бөлуге тырыстық, яғни, «тез байып кетуге» үндейтін схемалардан бойыңызды аулақ ұстау, атақты адамдардың сөзіне еріп инвестиция жасамау, инвестициялық компанияның лицензиясын тексеру, қандай инвестиция болмасын тәуекелдің болатынын ұғыну, қаржылық қитұрқылықтан қорғану үшін зерттеулер жасау, міне бұл кеңестің барлығы да – қаржылық сауаттылықтың негізі», – деді  AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов.

Халықаралық инвесторлар аптасының негізгі ұйымдастырушысы – AFSA, Форумның қосымша ұйымдастырушылары — АХҚО Соты, АХҚО Әкімшілігі, АХҚО Биржасы — AIX, Үздіксіз Білім беру Бюросы, АХҚО Тех Хабы, АХҚО Жасыл қаржыландыру орталығы және АХҚО Бизнес Коннект ұйымдары.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті»  (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 64 елден 1300-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz

AFSA «Орнықты инвестициялау» тақырыбында Халықаралық инвесторлар аптасын өткізеді

Опубликовано: 3 октября, 2022 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

3-7 қазан аралығында АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті (AFSA) Халықаралық инвесторлар аптасы шеңберінде бесінші рет орнықты инвестициялау бойынша іс-шара өткізеді. 

Іс-шара кезінде орнықты инвестициялау, қаржылық сауаттылық және білім, цифрлық активтер, орнықты қаржы, исламдық қаржыландыру алаяқтықтың алдын алу секілді тақырыптар талқыланады.

Инвесторлар аптасында арнайы тематикалық іс-шаралар, ESG Форумы, Жаңа қаржылық аспаптар, Ислам қаржыландыруы, Қаржылық сауаттылық бойынша шаралар өтеді.

Халықаралық инвесторлар аптасын әлемнің 100-ден астам еліндегі қаржылық реттеушілері Құнды қағаздар бойынша халықаралық ұйым (IOSCO) аясында ұйымдастырады. Бұл ұйым барлық қаржылық реттеушілердің басын қосатын ұйым. IOSCO мүшелері әлемгің құнды қағаздарының 95% астамын және 115 юрисдикцияны қамтиды. Осы іс-шараны өткізу арқылы АХҚО өзінің IOSCO мақсаттары мен талаптары – қаржылық қызметтегі тұтынушылар құқығын қорғайтынын көрсетеді.

“Орнықты және саналы инвесторлар сау экономиканың негізі, өйткені, олар қаржылық тәуекелдің не екенін түсінеді, қаржылық теңселуге қарсы тұра алады және орнықты бизнесті құра алады. Инвесторларды қорғау AFSA үшін маңызды, себебі, біздің мақсатымыз әділ және ашық қаржылық, капитал нарығы бар орта қалыптастыру. Сондай ортада жеке тұлғалар мен кәсіпорындар ынтымақтаса жұмыс істей алады»деді AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов.

Халықаралық инвесторлар аптасының негізгі ұйымдастырушысы – AFSA, Форумның қосымша ұйымдастырушылары — АХҚО Соты, АХҚО Әкімшілігі, АХҚО Биржасы — AIX, Үздіксіз Білім беру Бюросы, АХҚО Тех Хабы, АХҚО Жасыл қаржыландыру орталығы және АХҚО Бизнес Коннект ұйымдары.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 64 елден 1300-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz 

AFSA GB Insurance Ltd компаниясы лицензиясының жұмысын тоқтатты

Опубликовано: 29 сентября, 2022 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті» (AFSA) GB Insurance Ltd компаниясы лицензиясының жұмысын  компанияға берілген лицензия шарттарын орындамағаны үшін дереу тоқтату туралы шешім қабылдады.

Компания AFSA қойған мынадай шарттарды орындамаған:

  • Компания AFSA-ның келісімінсіз және есертусіз қызметін бастаған;
  • Сақтандыру компаниясы ретінде қызметін бастар алдында алдын-ала шарттарды орындамаған;
  • Компания өзі енгізуі тиіс актуарлық саясат, процедуралар және жүйе мен бақылауды енгізбеген және AFSA-дан келісім алмаған;
  • AFSA-ның рұқсатынсыз мынадай қадағалаушы қызмет функцияларын Тәуекелді басқару менеджері, Ішкі аудит менеджері және Бекіту актуарий қызметтеріне кісі алған;
  • Тиісті адамдарсыз және еш жағдайсыз тәуекелді сақтандыру саласында қызмет атқарған.

AFSA миссиясы әділ және ашық қаржылық, капитал нарығын қамтамсыз ететін орта құру, өйткені жеке тұлғалар мен кәсіпорындар соған қарай бой түзейді, әрі АХҚО мен AFSA сүйенетін халықаралық жоғарғы корпоративтік басқару талаптарына сай болу.

AFSA Бас директорының орынбасары Гаррет Линг «AFSA-дан лицензия алған компаниялар  өздері сұраған өтінім бойынша жұмыс істемес бұрын AFSA-ның бүкіл талаптарын толықтай қанағаттандырулары тиіс. GB Insurance Ltd өз лицензиясы бойынша  алғышарттарды орындамау арқылы жауапкершіліктен ада екенін көрсетті, мұндай оқиғаларға көз жұма қарауға болмайды» — деді.

Тұтынушылардың құқығын қорғау қаржы реттеушісінің негізгі басымдықтарының бірі. Тұтынушыларды тәуекелге итермелеуге ықтимал жағдайлар туып жатса, AFSA реттеуші органның негізгі талаптарын орындамайтын компанияларға жұмыс істеуге рұқсат етпейді.   

Кэптивтік сақтандыру компаниясы ретінде (Класс 3), компания өз қожайындарына тиесілі ұйымдарды тәуекелден сақтандырумен айналысатын. Қаржылық реттеуші бұл компаниядан оның сақтандыру келісім-шарттарын тоқтатуы немесе күшін жоюын талап еткен.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті» (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 65 елден 1500-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz

 

AFSA жыл сайынғы Еуразиялық Будапешт Форумына қатысты

Опубликовано: 20 сентября, 2022 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

Биылғы 19–20 қыркүйек күндері Будапешт (Венгрия) қаласында Венгрия Орталық Банкі өткізетін жыл сайынғы халықаралық Еуразиялық Будапешт Форумы өтуде. Форум жыл сайын 15 мың қатысушыны қамтиды, оның ішінде ірі банктердің төрағалары, саяси қайраткерлер,  академиялық және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. Биылғы форумда Тайландтың Басқарушы Банкі, Пан Ги Мун Қорының төрағасы, Колумбиялық университеттің орнықты даму орталығының директоры, халықаралық қаржы орталықтары рейтингін дайындаушылар қатысады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық реттеушісі — AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов форумның «Қаржы: қаржы секторын сәтті ету – Еуразиядағы жаңа қаржылық хабтарды қалай бекіту керек» атты панельді сессияға қатысты. Қатысушылар қаржы саласын табысты ететін орнықты қаржылық инфрақұрылым мен тартымды инвестициялық орта қалыптастыру, қаржы инновацияларының және реттеуші «сынақ алаңшаларының» рөлі және инвестиция үшін халықаралық бәсекелестік туралы талқылады. Стартаптардың тиімді экожүйесі мен FinTech алаңшаларын құру мәселелер де талқыланды.

AFSA қаржы орталығының тәуелсіз реттеушісі және осы қаржы орталығында көрсетілетін қаржылық, нарықтық, өзге де қосалқы қызметтерді реттеуші орган.

AFSA-ның сенімді нормативті-құқықтық базасы, дәстүрлі  қаржылық бағыттармен қоса,  финтех, жасыл қаржыландыру, ислам банкингі секілді салаларды қамтиды, осы арқылы АХҚО Еуразиядағы аймақтық белді платформа ретінде өзін көрсете білді.

AFSA халықаралық заң шығарушы органдардың белсенді мүшесі. Былтыр AFSA Орталық Еуропа және Шығыс Еуропа елдерінің банктік қадағалау Тобына басшылық етті. Бұл іс-шараның ерекшелігі сол, Қазақстан Орталық Азия елдері арасында тұңғыш рет осындай шараға басшылық етті.

«Қазір АХҚО-да 65 елден 1500 астам компания тіркелген. Олардың географиялық ауқымы кеңейіп жатыр. АХҚО қатысушылары ҚХР, АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Германия, Финляндия секілді елдердің ірі қатысушыларын қамтиды. Әрине, әр қаржылық реттеушіге оны реттейтін компанияларының сапасы маңызды. Жоғарғы талаптар, мықты халықаралық тәжірбие, әлемдік қаржы ұйымдарының тануы – АХҚО мүшесі болудың сапа белгісі екенін көрсетеді» – деді AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов.

 

Анықтама:

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 65 елден 1500-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz 

АХҚО табысты жымқыруға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы қимыл бойынша әлемдік талаптарға жақын

Опубликовано: 13 сентября, 2022 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

Бүгін Қазақстан Республикасындағы табысты жымқыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы қимылдың (ПОД/ФТ) ұлттық жүйесін өзара бағалау бойынша құрылған ведомствоаралық Жұмыс Тобының жиыны өтті. Жиын «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) ғимаратында ҚР Президент Әкімшілігі Төрағасының орынбасары Тимур Сүлейменовтің басшылығымен өтті. 

Ведомствоаралық жиын ҚР мен АХҚО жүйелерінің ПОД/ФТ халықаралық талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша қылмыстық табысты заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы қимыл Еуразиялық тобының (ЕАГ) аясындағы жоспарланған іс-шаралардың бір бөлігі.

2021–2022 жылдар аралығында Қаржы мониторингі жөніндегі ҚР Агенттігінің тікелей қатысуымен  АХҚО-ның қаржы реттеушісі (AFSA)  табысты жымқыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы қимылды күшейтуге қатысты және ақшаны жымқыруға қарсы қаржылық қимыл дайындау Тобының (ФАТФ) Ұсыныстарына техникалық сәйкестік деңгейін арттыру бойынша негізгі іс-шараларды жүзеге асырды.

AFSA ФАТФ Ұсыныстарына сәйкес іс-шаралар үшін тиімді ресурстарды пайдаланатын кешендік тәуекелге негізделген жұмыс атқарады.

АХҚО жүйесі ПОД/ФТ саласы бойынша көп деңгейлі бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етеді.

Тәуекелге негізделген қадағалау заңды тұлғалар мен ұйымдардың соңғы бенефициарлық меншік иесі туралы толық ақпаратқа қол жеткізіп, ашықтықты қамтамасыз етіп, алдын-ала шараларды қолдануға және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. AFSA ақпараттар мен транзакциялардың блокчейн аналитикасын, қаржыны жымқыру, терроризмді қаржыландыру және өзге де қаржылық қылмыстарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың халықаралық базасын пайдаланады.

«Біз ЕАГ-ның өзіне мүше елдерге ФАТФ-тің 40 ұсынысын жүзеге асыруға ықпал еткендігін жоғары бағалаймыз. Зерттеулердің қорытындысы бізге жоғарғы тәуекелді салаларды анықтап, оларды басқарудың тиімді методологиясын құруға көмектеседі.

Атқарылған шаруаның қорытындысы бойынша ПОД/ФТ талаптары АХҚО-ның 80 Актісінде көрініс тапты. Ал олар біздің қатысушы компаниялардың әртүрлі саладағы қызметтерін қамтиды,– деді АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов. – ҚР ПОД/ФТ Заңы бойынша АХҚО қатысушы компаниялары  қаржылық мониторинг субъектілері. Ал біздің қаржылық реттеушіміз AFSA – қатысушылардың ПОД/ФТ бойынша АХҚО құқығы аясында жұмыс істеуін қадағалаушы орган».

Осы жылдың тамыз айында Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымы (ОЭСР) АХҚО салық режимінің салықтық ашықтығының ғаламдық талаптарға сәйкестігін таныған Есебін жариялады. Бұл Есеп АХҚО-ның ғаламдық талаптарға, оның ішінде салықтық талаптарға сай екендігін көрсетеді.

 

Анықтамалық ақпарат:

“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 65 елден 1500-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz

Своптар мен деривативтер халықаралық қауымдастығы ресми емес елдік есепті жариялап, АХҚО-ны «неттинг үшін қолайлы юрисдикция» ретінде тану жолындағы алғашқы қадамды жасады

Опубликовано: 31 августа, 2022 в 8:20 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

Своптар мен деривативтердің халықаралық қауымдастығы (ағ. International Swaps and Derivatives Association-ISDA) «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қолданыстағы құқығына сәйкес тарату неттингін қолдану мүмкіндігі туралы бейресми елдік есепті жариялады. Есепті Dentons халықаралық заң фирмасы дайындады. Ел бойынша бейресми есепті жариялау 2021 жылы басталған АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) және ISDA жұмысындағы маңызды кезеңді білдіреді және АХҚО-ны неттинг үшін қолайлы юрисдикция ретінде толық тану жолындағы алғашқы қадамның аяқталуын білдіреді.

Ресми емес елдік есепті жариялау Қазақстанның қаржы нарығының инфрақұрылымына маңызды үлес, өйткені ол жаһандық ауқымда жұмыс істейтін және жергілікті нарықта өзінің қаржылық операцияларын жүзеге асырғысы келетін компаниялар үшін ақпарат береді.

ISDA — әлемдегі ең ірі қаржылық сауда қауымдастықтарының бірі. Оның ел бойынша ресми емес есебі деривативтер саудасына байланысты бірқатар құқықтық мәселелерді, соның ішінде тарату неттингін құқық қолдануды қамтиды.

Неттинг дегеніміз екі немесе одан да көп тараптар арасында айырбасталатын бірнеше төлемдердің құнын өзара есепке алуды білдіреді. Оны көпжақты келісімде төлем қай тарапқа тиесілі екенін анықтау үшін пайдалануға болады. Саудасаттықта тараптар шығындарды бір позициядан екінші позициядан пайдаға теңестіру үшін бір позицияны қарамақарсы орнын толтырған кезде қолдануға болады.

Тарату неттингін қолдану мүмкіндігіне деген сенім нарық қатысушыларының сауда қызметінің орналасқан жерін анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Есепті жариялау жергілікті деривативтер нарығы үшін АХҚО юрисдикциясын зерделеуге қызығушылықты арттырады және оның одан әрі дамуы үшін жағдай жасайды.

Жою неттингі биржадан тыс туынды құралдармен байланысты кредиттік тәуекелдерді төмендету құралын қамтамасыз етеді. Оны жеке сектор субъектілері, атап айтқанда банктер мен жеке қаржылық емес мекемелер кеңінен пайдаланады. Бүгінгі таңда ISDA 80-нен астам юрисдикцияны «неттингке достық» деп таниды және АХҚО ISDA-ны өзінің тарату неттинг режимін ұйымның барлық талаптарына сәйкес келетін толық тануға қол жеткізудегі келесі қадамды көреді.

Тарату неттингі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен сенімді, өтімді және тиімді туынды нарықты дамыту үшін маңызды, өйткені ол тараптарға контрагенттің дефолтынан кейін жағымсыз нарықтық өзгерістерден қорғауға мүмкіндік береді. Тарату неттингіне қатысты сенімділік болмаған кезде қаржы мекемелері транзакциялық шығындардың неғұрлым жоғары деңгейіне және өтімділік пен нормативтік капиталға қойылатын талаптардың артуына тап болуы мүмкін.

  

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 64 елден 1500-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz

Байланыс:

Дина Тельтаева

+7 701 765 40 10

[email protected]