АХҚО-дағы консультация бойынша активтердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда бес еседен астам өсті
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында АХҚО-да қор басқарушыларының саны 30-ға дейін өсті (2022 жылдың бірінші жартысында 25 болған), бұл ретте АХҚО ірі компаниялар үшін артықшылыққа ие юрисдикция болып қала береді. Қорларды басқару жөніндегі компаниялардың қарқынды өсуі елдің инвестициялық тартымдылығының және АХҚО-ның өңірлік үздік инвестициялық орталыққа айналуының бір көрсеткіші саналады.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында консультация бойынша активтердің өсуі 437 пайызды құрады, ал басқарудағы активтер көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43%-ға өсті. Сонымен қатар, инвестициялық қорлардың активтері 199%-ға көтерілді, ал брокерлік клиенттердің инвестициялары 2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 721%-ға жетті.
Осы жылдың маусым айында «Астана» халықаралық қаржы орталығы активтерін басқару жүйесіне жетілдірулер енгізілді, оны осы өсіп келе жатқан секторды қолдаудағы маңызды қадам ретінде қарастыруға болады. Жетілдірулер АХҚО-ны дамушы жаһандық тенденцияларға сәйкес келтіруге, инвесторлардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және халықаралық қаржы кеңістігінде бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Мысалы, АХҚО қорларды құру механизмдерінің жаңа түрлері ретінде «шектеулі серіктестік» және «бөлек портфельдері бар компания» деген бастамаларды ұсынды. Сонымен қатар, АХҚО мамандандырылған қорлардың тізімін кеңейтті, бұл дегеніміз қор менеджерлері енді қорларды «шатырлы қор», «қорлар қоры» немесе «мастер-фидер» (Master-Feeder) ретінде құрылымдай алады дегенді білдіреді.
Өз сөзінде AFSA бас директоры Нұрхат Көшімов: «Ақылға қонымды әрі тиімді инвестициялау адамдар мен экономика үшін байлық құрудың негізі болып есептеледі. Инвестициялардың адамдар мен елдің игілігі үшін жұмыс істеуіне жол ашатын тиімді реттеу болған кезде, инвестициялау әлдеқайда оңай жүзеге асады. AFSA дәл осындай жағдай жасауға ұмтылады. Біздің осындағы басты рөліміз – инвестициялардың кедергісіз ағындары үшін қажетті инфрақұрылымды құру», — деп атап өтті.
AFSA – АХҚО құқығының қағидаттарына, Англия мен Уэльс құқығының нормалары мен прецеденттеріне, сондай-ақ әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген инвестицияларды тарту, іске асыру және қорғау үшін бизнеске кешенді құқықтық режимді ұсынатын аймақтағы бірегей юрисдикция.
Анықтамалық ақпарат:
Консультациялар бойынша активтер дегеніміз клиенттің портфолиосының нарықтық құнын білдіреді, сол бойынша олар инвестициялық кеңесшіден кеңес алады.
Басқару активтері дегеніміз инвесторлардың атынан жеке немесе заңды тұлға басқаратын инвестициялардың жалпы нарықтық құны.
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2100-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
Кембридждің баламалы қаржы орталығы AFSA қызметкерлерінің жобасын финтех және реттеуші инновациялар саласында өз бағдарламасы бойынша ең жақсы үлгілердің бірі деп таныды
AFSA қызметкерлерінің Цифрлық активтерге байланысты қызметтерді жеткізушілерге (ЦАҚЖ) арналған жобасы Кембридж баламалы қаржы орталығы мен Бизнес мектебінің басшыларын оқыту бағдарламасындағы ең жақсы үлгілердің бірі ретінде аталды. Алмас Серікұлы, Гауһар Қаттабек, Зарина Сейдахметова және Жали Уәлиев финтех және реттеуші инновациялар саласындағы кезекті білім беру бағдарламасын іске қосуға қатысып, курс тыңдаушыларының жаңа лебіне жол ашты.
Оқу кезінде алынған білім AFSA қызметкерлеріне 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін ЦАҚЖ арналған құқықтық базаны әзірлеуге көмектесті. Аталған құқықтық база инновацияларды қолдауға және бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Сондай-ақ ол инвесторларға арзан, жылдам әрі қауіпсіз қаржылық қызметтер беруге және активтерді басқару қызметі саласында айтарлықтай артықшылық беруді көздейді.
AFSA қызметкерлері Азия Даму Банкі институтының гранты негізінде білім беру курсынан өтті. Онлайн курс орталық банктерде, бағалы қағаздар агенттіктерінде және қаржы министрліктерінде реттеуші тұжырымдамаларды әзірлейтін аға сарапшыларға арнайы ұйымдастырылды.
Өз сөзінде AFSA басшысы Нұрхат Көшімов: «Мұндай жетістіктер реттеуші ретінде AFSA-ның жас мамандардың дамуына ерекше назар аударатынын көрсетеді. Біз жас қызметкерлеріміздің әлемдік стипендияларға ие болып, алған білімдерін Қазақстанға құйып жатқанын зор мақтанышпен айтамыз», — деп қызметкерлердің табысын айрықша атап өтті.
«Біз Кембридж баламалы қаржы орталығында AFSA қызметкерлерінің финтех және реттеуші инновациялар бағдарламасындағы жетістіктерімен құттықтаймыз. Ұсынған жобаларымен бағдарламаның негізгі мақсатына жетіп қана қоймай олар реттеу саласындағы инновациялардың катализаторы бола алатын зор нәтижелерге қол жеткізді. Бізге қосылғаныңызға және келесі бағдарламамыздың жаңа мүшелерін қарсы алғандарыңызға мың да бір рахмет»,- деді Кембридждің баламалы қаржы орталығының әлеуетті дамыту және оқыту тобының жетекшісі доктор Ди Аллен.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2100-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
АХҚО мен Қырғыз Республикасы капитал нарықтарындағы трансшекаралық транзакциялардың негізін қалау үшін ынтымақтастықты жандандыруға келісті
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) және Қырғыз Республикасының Экономика және Сауда министрлігі жанындағы Қаржы нарығын реттеу және қадағалау қызметі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Қаржы нарықтарын реттеушілер арасындағы келісім АХҚО мен Қырғыз Республикасы арасындағы капитал нарықтарындағы трансшекаралық транзакциялар, оның ішінде IPO, бағалы қағаздар листингі, брокер-дилерлердің екі юрисдикцияның қор биржаларына және исламдық қаржыландыру құралдарына қолжетімділігі үшін негіз қалауға мүмкіндік береді. Құжат екі қадағалау органы арасындағы өзара көмекке бастау болады және екі мекеменің тиісті юрисдикцияларының заңдары мен ережелерін орындау үшін арадағы ақпарат алмасуды жеңілдетуге септігін тигізеді. Құжат тиімді реттеуді күшейту және трансшекаралық транзакцияларды қадағалауды күшейту арқылы кәсіби қатысушылардың адалдығын, тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.
AFSA бас директоры Нұрхат Көшімов: «Нақты ережелер қаржы саласындағы маңызды активтердің бірі болып саналатын нарықтың болжамдылығына ықпал етеді. Мұндай ынтымақтастық АХҚО мен Қырғыз Республикасы арасындағы тиімді әрі жылдам қаржылық алмасуға әсер етеді, сондай-ақ капитал нарығында және инвестициялық қорлар индустриясында жобаларды іске асырғысы келетін екі юрисдикциядағы брокерлік фирмалар мен активтерді басқару компанияларының мүдделеріне септігін тигізеді», — деп атап өтті.
Өз кезегінде Қырғыз Республикасы Экономика және Сауда министрлігі жанындағы Қаржы нарығын реттеу және қадағалау қызметінің төрағасы Марат Пирназаров: «Біз үшін сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамыту маңызды мәселе болып саналады. Біз кәсіпкерлерімізге ынтымақтастықты жандандыру, іскерлік байланыстар орнату және өзара тиімді ынтымақтастық құру үшін, сондай-ақ қаржы нарығындағы трансшекаралық қызмет мәселелерінде қолайлы жағдайлар жасауға тиіспіз. Реттеушілер арасында тығыз ынтымақтастық орнату екіжақты байланыстың болашағын айқындауға жақсы мүмкіндік беретініне сенімдімін», — деп пікір білдірді.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 79 елден 2100-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
«AFSA ашық есік күндері» бастамасы
AFSA Атқарушы органының мүшелері мен Компанияларды тіркеуші кестеге сәйкес аптаның әр бейсенбісі күні қатысушыларды және AFSA туралы ақпарат алуға мүдделі немесе AFSA бизнес-процестерін жақсарту жөнінде ұсыныстар бергісі келетін кез келген адамды қуана қарсы алатын болады.
Өз қызметін бастаған сәттен бері AFSA әрқашан нарықтың қажеттіліктерін тыңдайтын және оларды ескеретін реттеуші болуға ұмтылды. Біз реттеуші қызметтеріміздің клиентке бағдарлануын және мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен алаңдаушылықтарын тиімді ескеруді қамтамасыз ету міндеттемесін ұстанамыз.
«Ашық есік күні» апталық сессиялары барысында біздің басшылық өз функцияларына, міндеттеріне және ағымдағы бастамаларына нақты және жан-жақты шолу жасауға тырысатын болады.
Кездесуге жазылу үшін мына сілтемеге өтіңіз. Сілтеме Сізді AFSA веб-сайтына бағыттайды, онда Сізге қысқа нысанды толтырып, өтініміңізді жіберу қажет болады.
Егер Сізде «Ашық есік күнін» брондау туралы сұрақтарыңыз болса, бізге [email protected] электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз немесе жұмыс уақытында +7 (717) 261 37 80 нөміріне қоңырау шалыңыз.
AFSA-ның Банктер мен стартап банктерге қатысты көзқарасы бойынша мәлімдемесі
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті Банктер мен стартап банктерге қатысты көзқарасы бойынша мәлімдеме жариялады. Бұл мәлімдеме АХҚО-да банк ретінде тіркелгісі келетін компанияларға деген AFSA көзқарасын білдіреді.
AFSA «стартап» ретінде мына компанияларды қарастырады: (i) жаңадан құрылған компания, ол реттелетін қаржылық компанияға тиесілі емес және оның өкілдігі жоқ, немесе компания (ii) (жаңадан құрылса да, құрылмаса да), егер ол қандай да бір Топтың құрамында болса, бірақ ол Топтың ішінде қызметі AFSA-ның реттеушілік режиміне сай келетіндей реттелетін қызметі бар тиісті компаниялар болмаса.
Стартап Банктерге қатысты тәуекел өзгеше және бұған дейінгі жұмыс істеп келген банктермен салыстырғанда кеңірек.
Сондықтан, AFSA жалпы, Банк болып тіркелуге ниет білдірген компания жұмыс істеп келе жатқан Банктің еншілес компаниясы немесе өкілдігі, немесе құрамында реттелетін банкі немесе соған ұқсас қаржы институты бар Топқа енетін жаңа компания болуы тиіс.
Бұл мәлімдеме АХҚО-ға Банк ретінде тіркелгісі келетін компаниядан талап етілетін өзге де қосымша талаптарды әрі тәуекел бағамдарын қамтиды.
Бұл көзқарастың Ислам банкі болу үшін тіркелетін стартап компанияларға қатысы жоқ.
Мәлімдемеге қатысты толық ақпарат алу үшін біздің сайтымызға https://afsa.orderly.kz/articles/policy-statement-on-the-afsa’s-approach-to-banks-and-start-up-banks кіруге болады.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 75 елден 2000-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.
www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар Департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 email: [email protected]
Компаниялар Регистраторы АХҚО-дағы HITBEAT MUSIC INC. Өкілдігінің қызметін тоқтатты
Компаниялар Регистраторы АХҚО-да «Аккредитациядан өткен компания» (the “Recognised Company”) ретінде 2021 жылдың 4 қазанында тіркелген HITBEAT MUSIC INC. Өкілдігінің қызметін тоқтатты.
Бұл шешімнің қабылдануы себебі, Регистратордың аккредитациядан өткен компанияның АХҚО заңдарын бұзып, нарыққа кесірін тигізді деп есептеуге негізі бар.
«Компаниялар туралы» (AIFC Companies Regulations), АХҚО Актісінің 8-бөліміне сәйкес, егер компания АХҚО Заңын өрескел бұзғаны туралы деректер болса, немесе АХҚО мүддесіне сәйкес келмейді деп шешсе, Регистратор өз бастамасымен компанияның өкілеттігін тоқтата алады.
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті «HITBEAT MUSIC INC» бойынша 2022 жылдың ақпан және шілде айларында екі рет Ескерту жасаған.
Екі ескерту де компанияның инвестиция тартуға ақыл кеңес беру және басқаруға қатысты AFSA лицензиясына ие деген әлеуметті алдастырып және сендіретін ақпаратты ашық жариялағанымен байланысты болған.
AFSA тұтынушыларға AFSA-ның тиісті лицензиясынсыз АХҚО-мен байланысы туралы мәлімдеп жүрген және инвестиция тартумен айналысатын компаниялармен жұмыс істегенде қырағылық танытуды сұрайды.
AFSA абай болудың және тек лицензиясы бар компаниялардың қаржылық қызметін тұтыну қажеттілігін хабарлайды.
Егер AFSA тарапынан қаржылық қызметті реттейтін лицензияға ие болмаса, компания АХҚО қатысушысы статусымен ғана қаржы қызметін ұсына алмайды.
АХҚО-да тіркелген немесе құрылған заңды тұлғаны АХҚО аймағында реттеушілік немесе өзге де рұқсат берілген қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғадан айыра білу керек.
Тұрынушыларға AFSA веб-сайтында https://publicreg.myafsa.com/компанияның лицензиясы бар-жоғын туралы статусты тексеруге, әрі өздері жарнамалайтын қызмет түрін жүзеге асыруға AFSA-дан тиісті лицензиясы жоқ компаниялардан бойларын аулақ ұстау ұсынылады.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 75 елден 2000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.
www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар Департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 email: [email protected]
“Қазақстан банктері мен АХҚО-да тіркелген криптобиржалардың өзара іс-қимылы жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары” сессиясы өтті
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) Astana Finance Days — 2023 аясында «“Қазақстан банктері мен АХҚО-да тіркелген криптобиржалардың өзара іс-қимылы жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары» панельдік сессиясын ұйымдастырды.
Банктер мен АХҚО-да тіркелген крипто биржаларының өзара ынтымақтастығы бойынша пилоттық жобаның қатысушылары жоба іске қосылғаннан кейін бір жылдан кейін аралық нәтижелерді талқылау үшін жиналды.
Сессияға ATAIX Eurasia киптобиржасының Бас директоры Арутюн Погосян, Binance Kazakhstan криптобиржасының Бас менеджері Жаслан Мадиев, Biteeu Eurasia Ltd криптобиржасының Бас директоры Талғат Досанов, Еуразиялық Банк Басқарма Төрағасының Кеңесшісі Наталья Роменская, Altyn Bank Басқарма Төрағасының орынбасары Жанара Айкимбаева, «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ Басқарушы директоры Абылайхан Оспанов және Mastercard Орталық Азиядағы Бас директоры Рафал Трэпка қатысты.
Жобаның мақсаты криптовалюта биржаларының Қазақстан нарығына қолжетімділігін қамтамасыз ету және Қазақстан резиденттері мен криптомайнерлерге AIFC криптовалюта биржаларының платформаларында сауда жасауға мүмкіндік беру, Қазақстанның банктері ұсынатын фиат арналары арқылы инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ, жобаның нәтижелері бойынша Қазақстанның ұлттық заңнамасына және АХҚО актілеріне өзгерістер енгізу.
Жобаға бес крипто биржақатысты: Binance, Ataix, Intebix, Xignal және Upbit, сондай-ақ, сегіз қазақстандық банктер: Halyk Bank, Altyn Bank, Zaman Bank, Freedom Bank, Eurasian Bank, Bereke Bank, Nurbank және CenterCredit.
«Клиенттер туралы айтсақ, біздің клиенттер әлемнің қырық елінен, демек, біздің биржа халықаралық биржа, себебі, 70% клиентіміз шетелдіктер, 30% -жергілікті азаматтар. Заңды тұлғалар арасында 35%-ы АХҚО қатысушылары, 65% — шетелдік заңды тұлғалар. Инновация тұрғысынан, бізде GSM операторларымен интеграция бар, демек, мобильдік әмиян арқылы криптобиржадағы шотты толықтыруға болады. Интеграцияны аяқтадық, енді оның мақұлдануын күтіп отырмыз. Енді біз кастодиандық қызметтерді дамытпақпыз, бұл біздің тұрғыдан инновация болады», — деді ATAIX Eurasia киптобиржасының Бас директоры Арутюн Погосян.
Binance Kazakhstan киптобиржасының Бас директоры Жаслан Мадиев: «Криптобиржалар мен банк секторы арасындағы интеграцияны қамтамасыз еткен бұл жоба, шын мәнінде, салаларды байланыстырды, әрі әлеуметтік-экономикалық саланың дамуына ықпал етті. Қазақстан посткеңестік елдер арасында заңдық тұрғыдан, реттеушілік тұрғыдан, және нарықты дамыту тұрғысында алға суырылып шыққан жалғыз ел. Осы факторларды, яғни, заңдық, реттеушілік, институционалдық тұрғыдан қарастырсақ, Қазақстан осы цифрлық индустрияның және оның ойыншыларының дамуына барынша әзір ел», — деді.
«Қаржы реттеушісі тіл табысуға және барынша әріптестікте жұмыс істеуге бейіл, бәріне тосқауыл қою позициясын ұстанбайды, клиенттердің қауіпсіз болуына көңіл бөледі», — деді Еуразиялық Банк Басқарма Төрағасының Кеңесшісі Наталья Роменская.
«Мен AFSA-ны ең клиентке жақын қаржы реттеушісі дер едім. Бізде ешуақытта да қаржы реттеушісімен күнде-күнде телефонмен немесе эл.поштамен хабарласып тұру мүмкіндігі болмаған. Бұл өте жақсы. Қаржы реттеушісі пилоттық жобаның дамуы үшін, оның үстіне, мемлекет осы индустрияны қолдайтындықтан, барынша қолдан келгенінен аянып отырған жоқ. Осының арқасында Қазақстан осы бағытты аймақта дамытып бастаған және дамытып отырған бірінші ел», — деді Biteeu Eurasia Ltd криптобиржасының Бас директоры Талғат Досанов.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті”(AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 75 елден 2000-ға жуық қатысушы-компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.
www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар Департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 email: [email protected]
Astana Finance Days аясында «Дамушы елдерге инвестициялар тарту: активтерді басқару бойынша АХҚО-дағы мүмкіндіктер» сессиясы өтті
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) АХҚО-ның бизнесті дамыту командасымен бірлесіп, Astana Finance Days — 2023 аясында «Дамушы нарықтарға инвестициялар тарту: активтерді басқару бойынша АХҚО-да жасалынған мүмкіндіктер» сессиясын өткізді.
Сессияда AFSA Басқарушы директоры және құқықтық мәселелер бойынша жетекшісі Исхак Берни, Катар қаржы орталығы стейкхолдерлермен қарым-қатынас бойынша директоры Шейх Фахад Джассим Аль Тани, Pictet Asset Management дамушы елдері бойынша басшысы Ален Нсиона Дефис, Latham Watkins LLP Серіктесі Эдвард Кемпсон, SkyBridge Invest Басқару мүшесі – АХҚО-дағы SkyBridge Invest филилының директоры Замира Сүндетова, White Hill Capital LTD Бас директоры Аслан Сұлтанов, Tokio Marine Asset Management International Pte. Ltd Бас Инвестициялық директорының орынбасары Судип Бисвас қатысты.
АХҚО-ның географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы, оның 75 миллион халқы бар және жалпы ішкі өнімі 350 миллиард АҚШ долларын құрайтын Орталық Азия нарығына жақындығы, сондай-ақ арнайы юрисдикциясы халықаралық ұйым құру және қолдау үшін тамаша платформа екені белгілі.
«Дамушы нарықтарға инвестиция тарту: АХҚО-да активтерді басқару үшін жасалған мүмкіндіктер» сессиясы АХҚО-ның кешенді реттеу режимімен таныс жаһандық және жергілікті жеке инвесторларға, хедж-қор және жылжымайтын мүлік қорының менеджерлеріне инвестициялық стратегияларын әртараптандыруды қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
Сондай-ақ, спикерлер көрші және дамып келе жатқан нарықтарға, Орталық Азия, ЕАЭО нарықтарына инвестиция салудың проблемалары мен мүмкіндіктерін, инвестициялық секторлар мен стратегияларды, осы нарықтардағы қаржы орталықтары мен реттеушілерінің рөлін қарастырды.
Pictet Asset Management дамушы елдері бойынша басшысы Ален Нсиона Дефис «Қазақстанға көп жылдардан бері инвестиция тартып келеміз. Қазақстанның мықты болуының себебі, оның тепе-теңдік пен жоғарғы сенімге ие екендігі. Бұл өте тартымды нарық» — деді.
АХҚО-дағы SkyBridge Invest филилының директоры Замира Сүндетова «Біздің АХҚО-ны таңдауымызға не себеп болды? Өйткені мұнда жалпы ағылшын құқығы, салықтық жеңілдіктер, жоғарғы деңгейдегі инфрақұрылым, заңды тұлғаларды реттеудегі икемділік қарастырылған. АХҚО өзінің жеке технологиялық экожүйесін жасаған және бұл біздің осы юрисдикциядағы жұмысымызды оңайлатады. АХҚО-да активтерді басқарушы компания болуға екі жол бар: егер сіздің лицензияңыз болса, онда активтермен жұмыс істейтін компания болып таныла аласыз. Онан бөлек, сіз компанияны ең басынан бастауыңызға болады, ол кезде бүкіл реттеушілік талаптарға сай келуіңіз керек. Процесс оңай деп айта алмаймын, бірақ, өте ашық» деді ол.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті”(AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 76 елден 1900-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.
www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар Департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 email: [email protected]
AFSA мен БАӘ құнды қағаздар мен шикізат тауарлары бойынша Басқамасы капитал нарығындағы ынтымақтастық бойынша келісімге келді
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) Бірікке Араб Әмірліктері (БАӘ) Құнды қағаздар мен шикізат тауарлары бойынша басқамасымен (SCA) арада капитал нарығындағы ынтымақтастық бойынша келісімге қол қойды.
Өзара түсіністік туралы меморандумның мақсаты екі юрисдикциядағы бағалы қағаздар нарығы мен қаржылық қызмет көрсететін компанияларды қадағалау және жалпы қадағалау саласындағы SCA мен AFSA арасындағы өзара ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды арттыру.
AFSA мен SCA арасындағы ынтымақтастықты орнату Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен БАӘ капитал нарықтары арасындағы трансшекаралық транзакцияларды жеңілдетуге және қолдауға мүмкіндік береді.
Осы Меморандумға қол қою арқылы қол жеткізетін АХҚО мен БАӘ арасындағы бірінші іскерлік бастама АХҚО биржасы Astana International Exchange (AIX) Tabadul цифрлық хабына кіруі. Бұл аймақтық айырбас орталығының қазіргі мүшелері Абу-Даби қор биржасы, Бахрейн қор биржасы және Маскат қор биржасы, олар өзара нарыққа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін құрылған. Tabadul инвесторларға жергілікті лицензияланған брокерлер арқылы биржаларда тікелей сауда жасауға мүмкіндік береді.