«Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген, бірақ реттелетін қызметті жүзеге асыруға рұқсат етілмеген Hitbeat Music өкілдігі, Extrum Limited, KBI Partners Limited, S-Capital Limited компанияларына қатысты ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ЕСКЕРТУ
«Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген, бірақ реттелетін қызметті жүзеге асыруға рұқсат етілмеген Hitbeat Music өкілдігі, Extrum Limited, KBI Partners Limited, S-Capital Limited компанияларына қатысты ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ЕСКЕРТУ
AFSA
22 February 2022 12:41:59

Нұр-Сұлтан, Қазақстан – АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) келесі компаниялар  AFSA лицензиясының негізінде инвестициялар бойынша кеңес беретіні немесе оларды басқаратыны   туралы сендеретін, адамдарды жаңылыстыру қаупі бар ақпаратты қоғамдық домендерде таратуы мүмкін екендігін хабарлайды:

  • Hitbeat Music Representative Office;
  • Extrum Limited;
  • KBI Partners Limited;
  • S-Capital Limited

Жоғарыда аталған төрт фирма АХҚО-да тіркелгенімен, бірақ тұтынушыларға қаржылық қызметтерді ұсынуға қатысты РЕТТЕЛЕТІН ӘРЕКЕТТЕРДІ[1] ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРЕТІН AFSA ЛИЦЕНЗИЯСЫ ЖОҚ.

AFSA бұл компанияларды  олардың кез-келген жалпыға қолжетімді ресурстарында, соның ішінде олардың веб-сайттарында және басқа да жалпыға қолжетімді ресурстарда таратқан ақпаратты түзетуге  шақырды. Бұл ақпарат қоғамдық жарияға айналғандықтан, AFSA «Астана» халықаралық қаржы орталығы («АХҚО») қауымдастығының және қоғам мүшелерінің мүдделерін қорғау мақсатында оны нақтылауды жөн санайды.

Осы төрт компанияның кез-келгеніне қатысты тұтынушылардың сауалдарын https://afsa.aifc.kz/submit-your-complaint/ сілтемесі арқылы немесе [email protected] электрондық поштасына жіберуге болады.

AFSA тұтынушыларға қаржылық қызметтерді көрсетуге тиісті лицензиясы бар және сәйкесінше тиісті реттелетін Қазақстандағы АХҚО компанияларымен ғана жұмыс істеу қажет екенін хабарлайды. АХҚО юрисдикциясы бизнес жүргізу үшін тартымды, сондықтан тұтынушыларға AFSA веб-сайтындағы   https://publicreg.myafsa.com/authorised/ мекенжайы бойынша лицензиясын

тексеруге және AFSA лайықты рұқсатсыз қызметтерін жүзеге асырып, оны жарнамалап жүрген компаниялармен байланысудан аулақ болуға кеңес береді.

AFSA тұтынушылардан АХҚО-мен байланысы бар деп жариялайтын және AFSA-дан тиісті лицензиясыз немесе рұқсатсыз криптовалюталарға инвестиция және басқа да инвестициялар сұрайтын компаниялармен жұмыс істегенде сақтық танытуды сұрайды. AFSA тұтынушыларды абай болуға және тек AFSA-мен тиісті түрде реттелетін лицензиясы бар компанияларға жұмыс істеуге шақырады. AFSA-ның реттелетін қаржылық қызмет көрсетуге рұқсат беретін лицензиясыз АХҚО Қатысушысының мәртебесі қаржылық қызметтерді ұсынуға мүмкіндік бермейтінін атап өткен жөн. Сондай-ақ, тұтынушылардың АХҚО-да тіркелген/құрылған заңды тұлға мен реттелетін қызметті

немесе басқа рұқсат етілген қаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаны ажырата білуі де өте маңызды.

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 62 елден 1200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. Орталық Азия мемлекеттерінің АХҚО қатысушылары негізінен қаржылық қызметпен байланысты емес секторларда ұсынылған.

www.afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму Стратегиясына сәйкес, АХҚО-ның басты мақсаты ЕЭҚ, Орталық Азия, Кавказ маңы елдерін байланыстыратын әмбебап платформаға айналу.

www.aifc.kz

[1] Реттелетін қызмет түрлерінің тізбесі 2017 жылғы АХҚО Жалпы ережелерінің 1-қосымшасында табуға болады https://afsa.orderly.kz/articles/schedule-1:-regulated-activities.


Соңғы жаңалықтар