«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) АХҚО-да тіркелген Hitbeat Music INC. Representative Office (“Hitbeat Music”) қоғамда өзінің AFSA лицензиясына ие, инвестиция тарту және басқаруға, демек, реттелетін қызмет түрлерін көрсетуге құзіреті бар деген ақпараттарды тарату арқылы әлеуметті алдастыру қаупі туындағанын ескертеді.
Олардың www.xetrade.mu веб-парақшасында АҚШ Қор нарығындағы жоғары қайтымы бар инвестиция тартуға ұсыныстар бар. Мұндай іс- шараларды жасау үшін бұл Hitbeat Music компаниясының АХҚО-да еш құзыреті жоқ. Өзінің жарнамаларында компания AFSA-ны «серіктес» ретінде суреттеді, бұл жалған ақпарат.
AFSA бұған дейін компанияларға олардың қоғамға шығатын ақпарат көздерін реттеуді сұраған. Алайда ақпараттың әрі қарай да жалғасып отырғанын ескере отырып, AFSA бұл ақпаратты жариялап, әрі АХҚО қауымдастығының мүддесін қорғауды жөн деп шешті.
Hitbeat Music компаниясына қатысты тұтынушы сұрақтары болса, https://afsa.aifc.kz/submit-your-complaint немесе [email protected].эл.поштасына хабарласуға болады.
AFSA тұтынушылардан АХҚО-мен байланысы бар деп жариялайтын және AFSA-дан тиісті лицензиясыз немесе рұқсатсыз криптовалюталарға инвестиция және басқа да инвестициялар сұрайтын компаниялармен жұмыс істегенде сақтық танытуды сұрайды. AFSA тұтынушыларды абай болуға және тек AFSA-мен тиісті түрде реттелетін лицензиясы бар компанияларға жұмыс істеуге шақырады. AFSA-ның реттелетін қаржылық қызмет көрсетуге рұқсат беретін лицензиясыз АХҚО Қатысушысының мәртебесі қаржылық қызметтерді ұсынуға мүмкіндік бермейтінін атап өткен жөн. Сондай-ақ, тұтынушылардың АХҚО-да тіркелген/құрылған заңды тұлға мен реттелетін қызметті немесе басқа рұқсат етілген қаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаны ажырата білуі де өте маңызды. Тұтынушыларға AFSA веб-сайтындағы https://publicreg.myafsa.com/authorised/ мекенжайы бойынша лицензиясын тексеруге және AFSA лайықты рұқсатсыз қызметтерін жүзеге асырып, оны жарнамалап жүрген компаниялармен байланысудан аулақ болуға кеңес береді.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 64 елден 1400-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz