gergergr1

Ескерту: AFSA атауын рұқсатсыз пайдалану және жалған түрде өздерін АХҚО-да лицензияланған қатысушы ретінде көрсету

Опубликовано: 10 апреля, 2025 в 8:35 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

«Астана» халықаралық қаржы орталығының («AFSA») Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті қаржы нарығының қатысушыларын және жұртшылықты «Я Собрал» (Ya Sobral) жобасының AFSA атауын рұқсатсыз пайдалануы және өз қызметін заңды тіркелген және лицензияланған компанияның қызметі ретінде көрсетуге әрекет жасауы фактісі туралы хабардар етеді.

https://ya-sobral.com/ веб-сайтында AFSA тарапынан реттелгені туралы жалған мәлімдеме жасалған. Бұдан басқа, веб-сайтта орналастырылған Инвесторға арналған шартта және Қарыз алуға арналған шартта АХҚО-да заңды тіркелген және AFSA лицензиялаған InvestRoom Ltd. компаниясының (AFSA берген AFSA-G-LA-2022-0005 лицензиясы қарыздық краудфандинг алаңын басқару бойынша нарықтық қызметті жүзеге асыруға құқық береді) атауы заңсыз пайдаланылған.

Осы хабарлама арқылы «Я Собрал» немесе осыған ұқсас атаумен бірде-бір заңды тұлға АХҚО-да тіркелмегенін және AFSA-дан лицензия алмағанын хабарлаймыз. Осылайша, «Я Собрал» қызметі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 (Алаяқтық) және 214 (Заңсыз кәсіпкерлік қызмет) баптары бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгілерін қамтиды.

AFSA АХҚО-да тіркелген компаниялар және AFSA лицензиясы бар компаниялар туралы өзекті ақпаратты қамтитын AFSA Жария тізілімін қарауды ұсынады. Кез келген қаржылық қызметтерді немесе өнімдерді пайдаланар алдында компанияның мәртебесін тексеру сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ететін және АХҚО-ның қолданыстағы құқығын сақтау үшін маңызды шара саналады.

AFSA осы жоба өкілдерінің қандай да бір өтініштеріне жауап бермеуге және ешбір жағдайда онымен шарттық қатынастарға түспеуге, сондай-ақ онымен байланысты кез келген тұлғалардың пайдасына ақша қаражатын аудармауға қатаң түрде кеңес береді.

Егер сіз кез-келген хат-хабардың растығына күмәндансаңыз немесе заңсыз әрекеттерге қатысы бар адамдар сізбен байланысқа шықты деп күдіктенсеңіз, біз сізге тікелей AFSA-ға хабарласуды ұсынамыз. Сіз мұны біздің веб-сайттағы онлайн нысанды қолдана отырып жасай аласыз.

Анықтама үшін:

Анықтама ретінде:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 85 елден 3700-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 [email protected] 

Ескерту: «MBus Exchange» компаниясының AFSA логотипін рұқсатсыз пайдалануы туралы

Опубликовано: 9 апреля, 2025 в 8:41 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) жұртшылықты оның логотипін «MBus Exchange» компаниясының рұқсатсыз пайдалану фактісі туралы хабардар етеді. Бұл «MBus Exchange» AFSA тарапынан реттелетіні туралы жаңсақ пікір туғызуы мүмкін.

AFSA әлеуметтік желілерде «MBus Exchange» атауымен әрекет ететін және тиісті лицензиясыз криптовалютаны айырбастау қызметтерін ұсынатын аккаунттар тобын анықтады. Осыған байланысты AFSA «MBus Exchange» компаниясына лицензия бермегенін хабарлайды.

Тексеру нәтижелері бойынша AFSA осы немесе осыған ұқсас атаумен бірде-бір заңды тұлға «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелмегенін және қаржылық қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы жоқ екенін анықтады. Осылайша, «MBus Exchange» қызметі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 (Алаяқтық) және 214 (Заңсыз кәсіпкерлік қызмет) баптары бойынша жауапқа тартылуы мүмкін қылмыстық құқықбұзушылық белгілерін қамтиды.

AFSA жұртшылыққа компаниялар туралы ақпаратты АХҚО-да тіркелген заңды тұлғалар және AFSA лицензиясы бар компаниялар туралы өзекті деректерді қамтитын AFSA Жария  тізілімінде тексеруді ұсынады. Кез келген қаржылық қызметтерді немесе өнімдерді пайдаланар алдында компанияның мәртебесін тексеру сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету және АХҚО-ның қолданыстағы құқығын сақтау үшін маңызды шара болып саналады.

AFSA осы жоба өкілдерінің қандай да бір хабарламаларына жауап бермеуге және ешбір жағдайда онымен шарттық қатынастарға түспеуге, сондай-ақ онымен байланысты кез келген тұлғалардың пайдасына ақша қаражатын аудармауға қатаң түрде кеңес береді.

Егер сіз кез-келген хат-хабардың түпнұсқалығына күмәндансаңыз немесе заңсыз әрекеттерге қатысы бар адамдар сізбен байланысқа шықты деп күдіктенсеңіз, біз сізге тікелей AFSA-ға хабарласуды ұсынамыз. Сіз мұны біздің веб-сайттың онлайн-нысанын қолдана отырып жасай аласыз.

Анықтама үшін:

Анықтама ретінде:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 85 елден 3700-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 [email protected] 

Ескерту: Реттеуші шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі туралы жалған ақпарат

Опубликовано: 4 апреля, 2025 в 1:59 пп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) жүзеге асыратын тіркеу, лицензиялау, қадағалау, құқық қолдану практикасы немесе тәртіптік жаза процестеріне байланысты маңызды мәселеге назар аударуыңызды сұраймыз.

AFSA:

— заңды тұлғаны тіркеумен;

— АХҚО қатысушыларын лицензиялаумен;

— негізгі тағайындауларды (Approved Individuals, Principal Representatives, Controllers және басқа да бақыланатын функциялар мен ұқсас лауазымдарды) мақұлдаумен;

— АХҚО реттеуші талаптарындағы ерекшеліктерді (Waiver) және өзгерістерді (Modification) мақұлдаумен;

— АХҚО актілеріне сәйкес реттеушілік немесе құқық қолдану шешімдерін қабылдаудың кез келген басқа процесімен байланысты

мәселелерді қарауды «жеделдету» қызметтерін көрсету, оң шешім шығаруға кепілдік беру немесе AFSA-ның кез-келген шешімдеріне қатысты басым түрде қарау бойынша қызметтерді ұсынбайтынына, жүзеге асырмайтынына және үшінші тұлғаларға мұндай өкілеттіктерді бермейтініне назар аударады.

Барлық сұраулар мен өтінімдер олардың сапасын, толықтығын, дәлдігін және АХҚО актілерінде көрсетілген қолданылатын талаптарға сәйкестігін ескере отырып, белгіленген реттеуші рәсімдерге сәйкес бағаланады. Сұраулар мен өтінімдерді қарауды тәуелсіздік пен бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алатын тек уәкілетті лауазымды адамдар ғана жүзеге асырады.

Егер қандай да бір адам немесе делдал ақшалай сыйақыға немесе басқа да бір пайда үшін сіздің сұрауыңыз немесе өтініміңіздің қаралуын тездете немесе нәтижесін өзгерте аламын десе, мұндай мәлімдемелер жалған және алаяқтық болып саналады. Мұндай ұсыныстар, басқалармен қатар, мыналарды қамтуы мүмкін:

  • сіздің сұрауыңыз немесе өтініміңіздің қаралуын «жеделдету» ұсыныстары;
  • AFSA-да шешім қабылдауға ерекше ықпал ете алу немесе артықшылықты қолжетімділіктің болуы туралы мәлімдемелер;
  • мақұлдауды алу немесе оны басымдықпен өңдеуге кепілдіктер беру.

Біз барлық өтініш берушілерді қырағы және сақ болуға шақырамыз. Адал емес адамдармен немесе ұйымдармен қарым-қатынас жасай отырып, сіз алаяқтықтың құрбаны, жемқорлық фактісінің сыбайласы болуыңыз, қаржылық шығындарға немесе іскерлік беделіңізге нұқсан келтіруіңіз мүмкін, бұл сондай-ақ басқа да елеулі тәуекелдерге әкелуі мүмкін.

Қосалқы қызметтердің лицензияланған көрсетушілерінің тізімі AFSA веб-сайтында қолжетімді екенін естеріңізге саламыз. Сіз https://publicreg.myafsa.com/ancillary/ сілтемесі бойынша ресми жария тізілімге қол жеткізе аласыз.

AFSA-ның тіркеу және лицензиялау үшін ресми алымдары мен төлемдері АХҚО алымдарының қағидаларында жарияланған, олар https://orderly.myafsa.com/articles/feesrules сілтемесі бойынша қолжетімді.

Өтінім берер алдында сіз АХҚО әкімшілігінің қатысушыларды қолдау командасына жүгіне аласыз, мамандар процестер жөнінде бастапқы консультациялар беруге және лицензиялау және тіркелу үшін құжаттар топтамасын дайындауға жәрдемдесуге әзір. Олармен [email protected]  электрондық поштасы немесе +7 7172 959 000 телефон арқылы байланысуға болады.

Егер үшінші тарап сізге бизнес этикасын немесе заң нормаларын бұзатын қызметтерді ұсынса немесе сіз осындай алдаудың құрбаны болдым деп ойласаңыз, https://afsa.aifc.kz/afsa-hotline-services/ немесе https://afsa.aifc.kz/consumers/complaints/ сайтымыз арқылы шағым жіберіп, бізге дереу хабарлаңыз. Кез келген шағым құпия түрде қаралады.

Анықтама үшін:

Анықтама ретінде:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 85 елден 3700-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 [email protected] 

AFSA iKapitalist Ltd краудфандинг платформасының қызметін тексеруді аяқтады және оның жұмысын жақсартудың іс-шаралар жоспарын бекітті

Опубликовано: 20 марта, 2025 в 3:33 пп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) iKapitalist Ltd краудфандинг платформасын тексеруді аяқтады. Алты айға созылған инспекция компанияның қызметін жан-жақты талдауды қамтыды. 21 инвестордан компанияның қызметіне қатысты шағымдарын келіп түскеннен кейін AFSA 2024 жылдың тамызында тексеруді бастаған еді.

Тексеру барысында инспекциялық топ компанияның АХҚО актілерінің талаптарын сақтауын бағалауға, дефолт жағдайларын қоса алғанда, қаржылық және операциялық тәуекелдерді талдауға, сондай-ақ тәуекелдерді басқару процестерін және ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі рәсімдерді тексеруге назар аударды. AFSA сонымен қатар мәмілелер бойынша есептерді, компанияның негізгі лауазымдарына тағайындауларды зерделеді.

Тексеру нәтижелері бойынша AFSA жою қажет бірқатар кемшілікті анықтады және компанияға оларды түзету үшін нұсқаулар мен ұсынымдар жіберді. Анықталған проблемаларды жоюға және ағымдағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленіп, келісілді. Ұсынымдар корпоративтік басқаруды жақсартуды, ашықтық пен ақпаратты (соның ішінде дефолт деңгейі жөнінде) ашудың толықтығын арттыруды, сондай-ақ платформаның клиенттермен өзара әрекеттесу процестерін оңтайландыруды, соның ішінде шағымдарды өңдеуді қамтыды.

Ұсынымдарды іске асырудағы алғашқы қадам ағымдағы жылдың 14 ақпанында өткен жұмыс кездесу болды, онда проблемалық мәмілелер талқыланды, сондай-ақ оларды жоюдың басым бағыттары мен шаралары айқындалды. Кездесуден кейін AFSA әр инвесторға қабылданған шаралар туралы жазбаша хабарлама жіберді.

Анықталған тәуекелдерге байланысты компанияны реттеушілік қадағалау деңгейін арттыру туралы шешім қабылданды. Бұл шаралар инвесторлардың мүддесін қорғауға, ұзақ мерзімді перспективада компания жұмысының ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұдан басқа, AFSA портфельдің сапасы туралы ашылатын ақпарат көлеміне және осы платформалар арқылы инвестициялауға рұқсат етілген инвесторлар тобын шектеуге (тек білікті инвесторлар мен жеткілікті қаржылық сауаттылыққа ие және өз капиталымен  тәуекелге баруға дайын адамдар) назар аудара отырып, краудфандингтік платформаларды реттеуді жақсарту мақсатында қолданыстағы қағидаларға өзгерістер жобасын әзірлеуде. Жоба AFSA заңнамалық жұмыс жоспарына сәйкес қоғамдық талқылауға ұсынылады.

AFSA миссиясы – қаржы қызметтері мен өнімдерін пайдаланушыларды қорғау, АХҚО-да қаржы нарықтарының тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан мен өңір экономикасының тұрақты өсіміне ықпал ететін Орталықтың одан әрі дамуына жәрдемдесу.

AFSA қауіпсіз әрі ашық қаржылық ортаны құра отырып, өз миссиясын тиімді орындау үшін бар күш-жігерін салады. Сонымен қатар, краудфандинг қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, оның жоғары тәуекелдермен байланысты екенін атап өту қажет. Бұл инвесторлардан негізделген шешімдер қабылдау және ықтимал шығындарды азайту үшін жоғары хабардарлық пен зейінді талап етеді. AFSA инвесторларға жобаларды мұқият талдауға, өздерінің тәуекелге дайындық деңгейіне сәйкес келетін жобаларға ғана қатысуға, сондай-ақ ықтимал шығындарды азайту үшін инвестицияларын әртараптандыруға[1] кеңес береді.

[1] Инвестициялық портфельді әртараптандыру – бұл әртүрлі инвестициялық құралдарға, валюталарға, экономика секторларына және елдерге инвестициялау

Анықтама үшін:

Анықтама ретінде:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 80-нен астам елден 3700-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected] 

AFSA 2024 жылды рекордтық өсіммен аяқтап, АХҚО-ның жаһандық қаржы орталығы ретіндегі позициясын нығайтты

Опубликовано: 6 марта, 2025 в 12:24 пп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) 2024 жылды жоғары көрсеткіштермен аяқтап, Орталық шеңберіндегі реттеу жүйесі АХҚО-ның қор басқарушылары, финтех-компаниялар және капитал нарығының қатысушылары үшін тартымды платформаға айналуына ықпал ететінін растады.

Тіркеу

AFSA 1 174 жаңа қатысушы компанияны тіркеді, бұл 2023 жылғы 600 тіркеумен салыстырғанда екі есеге артық. Нәтижесінде тіркелген компаниялардың жалпы саны 3 500-ден асты, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Түркия және Сингапурды қоса алғанда, 85 елді қамтыды.

AFSA өзінің тіркеу қызметтерін одан әрі цифрландыру үшін тұрақты жұмыс жүргізуде. 2024 жылы біз тіркеуден кейінгі сервис саласындағы онлайн-қызметтер тізбесін кеңейттік, бұл компанияларға акцияларды беруді тіркеуге және өздерінің жарғылық капиталын онлайн режимде өзгертуге немесе қысқартуға мүмкіндік берді. Жаңа онлайн-жүйенің арқасында өңдеу уақыты – берілген ақпараттың дәлдігі мен толықтығына байланысты 7-10 жұмыс күнінен 1-5 жұмыс күніне дейін айтарлықтай қысқарды.

Лицензиялау

Бір жыл ішінде AFSA АХҚО-да қаржылық қызметтер көрсететін 49 компанияға лицензия берді, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Лицензияланған қаржы компанияларының жалпы саны 126-ға жетті. Сондай-ақ консультанттарға (қосалқы қызметтерді ұсынушыларға) 21 лицензия берілді, нәтижесінде лицензияланған консультанттардың жалпы санын 130-дан асты.

Лицензияланған компаниялардың үштен бірінен астамы қорларды басқаруға лицензия алды, бұл АХҚО-да осы секторға жоғары қызығушылықты көрсетеді. Сондай-ақ «құм жәшігінен» толыққанды реттеу режиміне өтудің үш сәтті оқиғасы тіркелді.

2024 жылы AFSA Грузия, Катар қаржы орталығы, Дубай халықаралық қаржы орталығы, Абу-Даби жаһандық нарығы, Ұлыбритания, АҚШ, Сингапур, ЕО елдері, Швейцария, Австралия, Малайзия және Гонконг сияқты 12 юрисдикцияны баламалы деп таныды. Бұл тану АХҚО-да шетелдік қор менеджерлері мәртебесін алуға ұмтылатын компаниялар үшін өтінім беру процесін жеңілдетеді, өйткені бұл процесс юрисдикциялық айырмашылықтарға талдау (gap analysis) жүргізу қажеттілігін жою есебінен жеделдетіліп отыр.

Активтер мен қорларды басқару

Қорлар мен активтерді басқару – АХҚО-дағы ең жылдам дамып келе жатқан индустриялардың бірі. Соңғы 3,5 жылда басқарудағы активтер 865%-ға өсіп, 2021 жылдың басындағы 115 млн доллардан 2024 жылдың соңына қарай 1,1 млрд доллардан асты.

Сол сияқты, АХҚО-да тіркелген қорлар саны 2024 жылдың басындағы 42-ден 2024 жылдың соңында 101-ге дейін, ал қорлар мен активтерді басқарушылар саны 46-дан 65-ке дейін өсті. Олардың көпшілігі хедж-қорларға[1] маманданған, содан кейін тікелей инвестициялар қорлары[2], венчурлық қорлар және жылжымайтын мүлік сенімгерлік қорлары[3], кірісі бекітілген қорлар, тауар, криптовалюта, кредиттік және қолшатыр қорлары[4] сияқты басқа санаттарды атауға болады.

2024 жыл алғаш рет орын алған бірнеше маңызды оқиғамен айшықты болды: AFSA бөлшек инвесторлар үшін алғашқы босатылмаған қорды (Non-Exempt) және шариғат нормаларына сәйкес келетін алғашқы қорды – ITS Shariah ETF Fund OEIC PLC, сондай-ақ АХҚО-дағы алғашқы қолшатыр қоры – Fonte Emerging Markets Umbrella Fund OEIC Limited тіркеді. AFSA сонымен қатар лицензияланған инвестициялық биржада босатылған қорлардың[5] (Exempt) листингіне рұқсат берді, бұл ретте үш босатылған қор AIX листингінен өтті.

Финтех және цифрлық активтер

2024 жылы FinTech Lab реттеуші «құм жәшігінде» цифрлық активтердің төрт жаңа биржасы тіркелді, ал Binance (BN KZ Technologies Limited) және Bybit (Bybit Limited) «құм жәшігінен» толыққанды реттеуші режимге сәтті өтті. Жаһандық биржалардың ішінде еуропалық ірі криптовалюталардың бірі – WhiteBIT жаңа қатысушы атанды.

АХҚО шеңберінде жұмыс істейтін цифрлық активтер қызметтерін ұсынушылардың сауда-саттық көлемі 1,4 млрд доллардан асты, ал клиенттік база 140 000-нан астам адамға дейін өсті. Бұл сауда-саттық 324 млн долларды, ал клиенттер базасы – 53 000 адамды құраған 2023 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім.

Қазақстанның Ұлттық пошта операторы «QazPost» АҚ Қазақстандағы коммерциялық банктермен (екінші деңгейдегі банктер – ЕДБ) қатар осындай қызметтерді ұсынуға рұқсат етілген ұйымдардың тізіміне ресми енгізілгеннен кейін цифрлық активтермен фиаттық операцияларды жүргізу құқығына ие болды.

Капитал нарықтары

Тек 2024 жылы AIX биржасы маңызды кезеңге – 140 жаңа листингке жетті, нәтижесінде биржада саудаланатын бағалы қағаздардың жалпы саны 250-ден асты. Бұл эмитенттердің AIX листингіне деген қызығушылығының артуын көрсетіп, биржаның жергілікті және халықаралық компаниялардың листингіне арналған негізгі алаңы ретіндегі рөлін күшейтеді. Бұл өсім дамыған нарықтық инфрақұрылымның және әлемдік стандарттарға сәйкес келетін нормативтік-құқықтық базаның арқасында мүмкін болды.

Көпжақты сауда платформасын (MTF) басқаруға AFSA лицензиясын алған алғашқы компания – International Trading System Ltd. (ITS) 2024 жылы АХҚО базасында клирингтік және есеп айырысу инфрақұрылымын құрғаннан және AFSA лицензиясын алғаннан кейін өз қызметін қайта бастады. Оның негізгі жетістіктері ретінде: акциялар, депозитарлық қолхаттар сияқты 3000-ға жуық саудаланатын бағалы қағазды, сондай-ақ NYSE және NASDAQ сияқты әлемдегі жетекші биржаларда бастапқы листингке ие биржалық инвестициялық қорларды[6] қосуын; AIX-те листингтен өткен және ITS-те (ITS World ETF)[7] сауда-саттыққа жіберілген АХҚО-ның бірінші босатылмаған (non-exempt) қорын іске қосуын, 2024 жылы ең жоғары күнделікті айналымы 16 млн АҚШ долларымен сауда-саттықтың жалпы көлемі бойынша 200 млн АҚШ долларына қол жеткізуін атауға болады. ITS АҚШ-тың ішкі Салық қызметінен (IRS) білікті делдал (QI)[8] мәртебесін алды, бұл АҚШ-та тіркелген бағалы қағаздардан түсетін кіріске салық мөлшерлемелерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Реттеуші нормаларды дамыту

2024 жылы келесі салалар: отбасылық кеңселерді, корпоративтік қазынашылық орталықтарды, венчурлық студияларды реттеу, сондай-ақ «жасыл» және орнықты дамумен байланысты облигациялар мен сукуктерді шығару үшін реттеуші база әзірленді. Токенизацияланған тауарлар мен токенизацияланған инвестицияларды бақылау үшін АХҚО қағидаларына, Көпжақты және ұйымдастырылған сауда алаңдарының жұмыс қағидаларына өзгерістер енгізілді, сондай-ақ заңды тұлғалардың қызметін реттейтін актілер қайта қаралды.

Бұдан басқа, біз ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл және санкциялар жөніндегі жүйеге өзгерістер, сондай-ақ банкроттық туралы қағидаларға қосымша өзгерістер енгіздік. AFSA сонымен қатар туынды құралдарды реттеу, активтерді басқару және кредиттік рейтингтік агенттіктерді реттеу шеңберінде өзгерістер енгізді.

Бұған қоса біз АХҚО-да тәуекел деңгейі төмен қаржылық қызметтерді ұсынатын компаниялар үшін жеңілдетілген нормативтік құрылымды ұсындық, ESG саласындағы ақпаратты ерікті түрде ашу жөніндегі нұсқаулықты әзірледік және исламдық қаржылық қызметтер мен өнімдерді ұсынушылар үшін капиталға қойылатын талаптарды жеңілдеттік.

Халықаралық ынтымақтастық

Осы жылдың ішінде Сальвадордың цифрлық активтер жөніндегі ұлттық комиссиясын (CNAD), Әзірбайжан Республикасының Орталық банкін (CBAR), Түркияның сақтандыру және жеке зейнетақыларды реттеу және қадағалау агенттігін және Швецияның қаржылық қадағалау органын (Finansinspektionen) қоса алғанда, реттеуші төрт органмен келісімдерге қол қойылды.

Оман Сұлтандығының Қаржы қызметтері басқармасымен, Өзбекстан Республикасының Перспективалық жобалардың ұлттық агенттігімен, Қырғыз Республикасының қаржы реттеушісімен (қаржылық қадағалау) және Венгрияның Орталық банкімен ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жол карталарына қол қойылды.

Жалпы, AFSA құрылғаннан бері өзара түсіністік туралы 57 келісім мен меморандумға қол қойды.

Анықтама үшін:

Анықтама ретінде:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 80-нен астам елден 3600-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected] 

[1] орташа нарықтық кірістен асып түсу мақсатында басқарылатын біріктірілген қаражаты бар инвестициялық құрал.

[2] инвесторлардың ақшасын біріктіретін және негізінен биржада бағамдалмаған кәсіпорындарға инвестициялайтын қор.

[3] кіріс әкелетін жылжымайтын мүлікке иелік ететін, басқаратын немесе қаржыландыратын және капиталды тарту үшін акцияларды сататын компания.

[4] әрқайсысының бірегей инвестициялық мақсаттары мен стратегиялары бар, бұл ретте біртұтас заңды тұлға болып қалатын бірнеше қосалқы қорлардан тұратын инвестициялық тетік.

[5] АХҚО-да пайлары тек кәсіби клиенттер арасында жеке орналастыру арқылы және ең аз жазылым сомасы 50,000 АҚШ долларын құрайтын ұжымдық инвестициялар схемасы.

[6] Биржалық инвестициялық қор – бұл бағалы қағаздар тобын бір қорға біріктіретін инвестициялық құрал. Ол биржада жеке акция ретінде саудалана алады.

[7] Бұл биржалық инвестициялық қор Америка, Еуропа, Азияны қоса алғанда әлемнің түрлі аймақтарының 50 жетекші компаниясынан және Қазақстан экономикасының маңызды ойыншыларынан құрылған әртараптандырылған портфельді қамтитын ITS World индексінің динамикасын бақылауға арналған.

[8] Білікті делдал мәртебесі (QI) – бұл АҚШ-тың Салық қызметі (IRS) АҚШ аумағынан тыс орналасқан банктер мен сауда платформалары сияқты қаржы институттарына беретін арнайы белгі. Бұл осы ұйымдарға салық талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, өз клиенттерінің атынан АҚШ-тан инвестициялық кірісті (мысалы, американдық акциялар бойынша дивидендтер немесе пайыздар) басқаруға мүмкіндік береді.

AFSA тіркеуден кейінгі сервис саласындағы онлайн-қызметтер тізбесін кеңейтті және валюталық есептіліктің электрондық жүйесін енгізді

Опубликовано: 20 февраля, 2025 в 8:17 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) акцияларды беру, сондай-ақ жарғылық капиталды онлайн-режимде өзгерту және азайту жөніндегі операцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, тіркеуден кейінгі қызметтерді цифрландыру процесін жалғастырды. Бұл қызметтер енді пайдаланушыларға Digital Resident Platform платформасындағы жеке кабинет арқылы қолжетімді.

«Акцияларды беру»[1] бөлімінде пайдаланушылар енді акционерлерді қосу немесе алып тастау арқылы тиісті заңды тұлғаның акционерлерінің құрамына өзгерістер енгізуге мүмкіндігі бар. Бұл опциялар «Акцияларды беру» санатындағы «Тіркеу деректерін өзгерту» ашылатын мәзірде қосалқы процесс (sub-process) ретінде қолжетімді.

Сол сияқты, «Салымды беру»[2] процесінің шеңберінде қазіргі уақытта онлайн-режимде мынадай қызметтер қолжетімді:

  • Заңды тұлға қатысушыларының құрамына оларды қосу және/немесе алып тастау арқылы өзгерістер енгізу;
  • Заңды тұлғаның құрылтайшыларының құрамына оларды қосуды және/немесе алып тастауды қоса алғанда, өзгерістер енгізу;
  • Заңды тұлғаның негізін қалаушылардың (құрылтайшыларын) қосу және/немесе алып тастау;
  • Заңды тұлғаның бас серіктестерін қосу және/немесе алып тастау.

Көрсетілген қызметтер «Салымды беру» тиісті санатының ашылатын мәзірде «қосалқы процесс» (sub-process) ретінде ұсынылған.

Бұдан басқа, жарғылық капиталдың немесе салымның өзгеруін тіркеу үшін компаниялар өздерінің заңды құрылымына сәйкес «Жарғылық капиталды/салымды өзгерту» опциясын (event) таңдау арқылы онлайн өтініш бере алады. Сол сияқты, жарғылық капиталды азайту енді Digital Resident платформасындағы жеке кабинеттегі «Жарғылық капиталды азайту» опциясы бойынша онлайн өтініш арқылы қолжетімді. Бұдан басқа, портал арқылы пайдаланушылар бас компания немесе серіктестік туралы ақпаратты жаңарта алады.

Бұрын бұл қызметтерді алуға өтініш беру тек офлайн режимде жүзеге асырылып келген еді. Онлайн форматтың енгізілуі берілген ақпараттың толықтығы мен сапасына байланысты өңдеу мерзімдерін 7-10 жұмыс күнінен 1-5 жұмыс күніне дейін қысқарта отырып, өтініштерді қарау процесін едәуір жеделдетеді.

AFSA сонымен қатар валюталық мәліметтерді беру[3] процесіндегі өзгеріс туралы хабарлайды, процесс енді Digital Resident Portal арқылы қолжетімді. Осы қызметтерді пайдалану үшін қатысушылар есеп беретін ұйымның қызметкерінің атына тіркелген электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, өз ұйымының порталда есептік жазбасы бар екеніне көз жеткізуі керек, содан кейін порталға кіріп, «есептілік» бөліміне өту қажет.  Қосымша техникалық көмек алу үшін [email protected] эл. поштасы бойынша қолдау қызметіне хабарласуға болады.

Осы өзгерістерге қосымша түрде AFSA Тіркеу процесі жөніндегі нұсқаулықты және АХҚО-дағы тіркеуден кейінгі өтінімдер жөніндегі нұсқаулықты жаңартты. Жаңартылған құжаттар офлайн форматта өтініш беру кезінде тіркеу және тіркеуден кейінгі рәсімдердің айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін әзірленген.

Жаңартылған нұсқаулықтар АХҚО-ның өзекті нормативтік актілеріне сілтемелерді, қажетті құжаттар тізбесін және қолжетімді үзінді көшірмелердің үлгілерін қоса алғанда, онлайн-форматта да, қағаз жеткізгіште де өтініш беру процесінің толық сипаттамасын қамтиды.

Өзекті талаптар мен рәсімдер туралы хабардар болу үшін жаңартылған нұсқаулықтармен танысуды ұсынамыз. Бұл операциялық тиімділікті арттыруға және АХҚО-ның нормативтік стандарттарына толық сәйкестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: 

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 80-нен астам елден 3600-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

[1] Меншік құқығының бір тараптан екінші тарапқа ауысуы.

[2] Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысандарын басқарудың әртүрлі нұсқалары.

[3] АХҚО Валюталық реттеу қағидаларына сәйкес Орталық қатысушылары мен ҚР екінші деңгейдегі банктері (коммерциялық банктер) АХҚО-ға валюталық операциялар жөнінде есептілікті ұсынады.

AFSA заңды тұлғаларды реттеу базасына өзгерістер енгізді

Опубликовано: 30 декабря, 2024 в 11:48 дп

Категории: Без рубрики

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) AХҚО-да заңды тұлғаларды реттеу базасына өзгерістерді АХҚО қатысушыларының түсінісіздіктерін жою үшін енгізді.

Заңды тұлғаларды реттеу базасына енгізілген өзгертулер корпоративтік процесстерді реттеуге және барлық АХҚО қатысушыларына бизнес жүргізуде қолайлы жағдайларды жасауға бағытталған:

Акцияларды және борышқорлық бағалы қағаздарды табыстау және тіркеу[1]: Егер Жария компаниялар өздерінің акцияларын және борышқорлық бағалы қағаздарын АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетімен (AFSA) лицензияланған биржаларда, сол биржалардың ережесіне сәйкес табыстау кезеңін өткізген жағдайда, арнайы табыстау құралын тіркеу міндеттемесінен босатылады.
Жария компаниялардың акцияларын сатып алу кезеңінде ақшалай емес өтемақы жасау[2]: егер Жария компаниясының жаңа шығарылған акциялар мөлшері сол Жария компаниясының жарғылық капиталының 5%-нан аспайтын болса, ақшалай емес өтемақы жасау арқылы жаңа шығарылған акцияларды сатып алу кезеңінде, тәуелсіз бағалау жасау міндеттемесінен Жария компаниялар босатылады;
Жеке компаниялардың борышқорлық бағалы қағаздарын көпшілікке ұсыну[3]: АХҚО-да тіркелген Жеке Компаниялар борышқорлық бағалы қағаздарын көпшілікке ұсынуды АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетімен (AFSA) лицензияланған инвестициялық биржаларда жүргізген жағдайда АХҚО Компаниялар Регистраторының рұқсатнамасын алу міндеттемесінен босатылады;
Жылдық есеп беру[4]: Компаниялар акционерлерге жылдық есепті акционердің мекенжайы бойыншы тіркелген пошта жәшігіне, сондай-ақ электрондық пошта жәшігіне жібере алады.
Акционерлер тізілімін жүргізу және қосымша шетелдік тізілімді қос листинг кезінде жүргізу[5]: АХҚО-да тіркелген барлық компаниялар Акционерлер тізілімін жүргізуге міндетті. Компания қос листинг жүргізу арқылы шет елдік юрисдикцияда тіркеу агенттерімен жүргізілетін реестр бар болса да, АХҚО-да тіркелген компания Акционерлер тізілімін жүргізеді. Жария компаниялар шет елде қос листинг жағдайында шетелдік тізілім жүргізуге құқылы.
Компанияның қызмет жүргізуін өз еркімен тоқтату[6]: АХҚО-да тіркелген, алайда қызмет етпейтін, әрекетсіз компания, бизнесті өз еркімен тоқтату жайлы мәлімдеме жібере алады. Бұл жағдайда, компания бизнесті тоқтатып, АХҚО Компаниялар тізілімінен жойылады. Солайша, АХҚО банкроттық туралы реттеуші базасындағы талапты орындамай, яғни заң тұлғасын өз еркімен тарату процедурасын жасамай және ликвидаторды тағайындамай жасалады.
Тіркелген электрондық поштаның адресі[7]: коммуникацияны жетілдіру мақсатында, кез келген АХҚО-да тіркелген заңды тұлға өзінің тіркелген электрондық пошта адресін жүргізуге міндетті. Сондай-ақ компанияға тіркелген электрондық пошта адресінің өзгеруі кезінде, Компаниялар Регистраторына хабарландыру сәйкесінше жүктелу керек.
Директорлар Тізілімі[8]: АХҚО заңды тұлғаларды реттеу базасының жаңа нұсқасында, АХҚО-да тіркелген Компаниялардың директор тізілімінде кез-келген деректердің өзгеруі кезінде, мысалға директордың тұрғылықты мекенжайы немесе электрондық поштасы өзгерсе, Компаниялар Регистраторына хабарландыру жіберу міндеттемесі көрсетілген. Жоғарыда көрсетілгенге қоса, жұмыстан шығу жайлы Директордың шешімі жайлы Компаниялар Регистраторына хабарландыру жіберліп, сондай-ақ сәйкесінше жазбаша хабарлама Компанияға жіберілуі тиіс.
Компаниялар Регистраторының өкілеттігі[9]: Компаниялар Регистраторы АХҚО-да тіркелген кез келген компания құжаттарындағы қателері дұрыстауды талап ету өкілеттігі бар.
Өзгерістер 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Тиісті түзетулер Компаниялар туралы АХҚО Ережелеріне, Компаниялар туралы АХҚО реттеуші базасына, Жалпы серіктестік туралы АХҚО Ережелеріне, Жалпы серіктестік туралы АХҚО реттеуші базасына, Шектеулі серіктестік туралы АХҚО Ережелеріне, Шектеулі серіктестік туралы АХҚО реттеуші базасына, Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы АХҚО Ережелеріне, Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы АХҚО реттеуші базасына, Коммерциялық емес тіркелген ұйым туралы АХҚО Ережелеріне, Коммерциялық емес тіркелген ұйым туралы АХҚО реттеуші базасына, Жеке қор туралы АХҚО Ережелеріне жарияланды.

Анықтама үшін:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 80-нен астам елден 3500-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

[1] Акцияларды және борышқорлық бағалы қағаздарды табыстау және тіркеу – физикалық немесе заңды тұлғалар жалпылай Тұлға ретінде танылып (АХҚО Глоссарий Person сөзіне анықтама береді), акцияларды сату немесе сатып алу табыстауымен қоса жасайтын транзакцияларды, бұл акцияларды иеленудің құқықтық статусын беріп, солайша Компанияның Акционерлер Тізілімінде акциялардың немесе борышқорлық бағалы қағаздардың тізілімінде сәйкесінше тіркеу. Бұл анықтама жалпы түсінік үшін берілген, ал ресми анықтаманы 54-ші секцияда (Акцияларды және борышқорлық бағалы қағаздарды табыстау және тіркеу) Компаниялар туралы АХҚО Ережелерінде берілген.

[2] Жария компанияларында акцияларды сату кезінде ақшалай емес өтемақы Компаниялар туралы АХҚО Ережелерінде көрсетілгендей арнайы жағдайларда қарастырылады.

[3] Борышқорлық бағалы қағаздарды жалпыға ортақ листинг жасау Жеке компанияларға тән мысал ретінде көрсетілген Бұл анықтама жалпы түсінік үшін берілген, ал ресми анықтаманы 50-ші секцияда () Компаниялар туралы АХҚО Ережелерінде берілген 50 (Жеке компанияларға жалпыға ортақ листинг жасауына тыйым салу).

[4] Компаниялар туралы АХҚО Ережелеріндегі 131 секцияны (есеп беру) қарауыңызды сұраймыз.

[5] Компаниялар туралы АХҚО Ережелеріндегі 55 секцияны (тізілімді жүргізу орны) қарауыңызды сұраймыз.

[6] Компанияның қызмет жүргізуін өз еркімен тоқтату — Компаниялар Регистраторына кез келген Компания қызмет жүргізуін өз еркімен тоқтату жайлы мәлімдемесін жібере отырып, солайша компаниялар тізілімінен жойылуды Компаниялар туралы АХҚО Ережелерінде көрсетілген жағдайларға сәйкес жасай алады.

[7] Тіркелген электрондық поштаның адресі — коммуникация жасаудағы ең басты инструмент. Бұл поштаға барлық хабарландырулар, сондай-ақ талаптар жіберілуі мүмкін. Компаниялар туралы АХҚО Ережелеріндегі 24-1 секцияны (тіркелген электрондық поштаның адресі) қарауыңызды сұраймыз.

[8] Компаниялар туралы АХҚО Ережелеріндегі 9-шы бөлімді (Директорлар және хатшылар) қарауыңызды сұраймыз.

[9] Компаниялар туралы АХҚО Ережелеріндегі 200-1 секцияны (Компаниялар Регистраторының компания құжаттарының қатесін дұрыстауды талап еті өкілеттігі) қарауыңызды сұраймыз.

Дүниежүзілік банк пен AFSA Орталық Азиядағы Табиғи Апаттар Қаупін Қаржыландыру және Сақтандыру жөнінде Аймақтық Конференция Өткізуде

Опубликовано: 12 ноября, 2024 в 12:28 пп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

Дүниежүзілік банк АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетімен (AFSA) бірлесіп, аймақ табиғи апаттардың ұлғайып келе жатқан тәуекелдеріне қаржылық тұрғыдан дайын болу үшін қабылдауы мүмкін шешімдерді талқылау мақсатында Орталық Азияда табиғи апаттар қаупін қаржыландыру және сақтандыру (DRFI) жөнінде өңірлік конференция өткізуде.

Табиғи және антропогендік сипаттағы табиғи апаттар бүкіл әлем халқына, экономикалар мен инфрақұрылымға үлкен қауіп төндіреді. Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанды қамтитын Орталық Азия сейсмикалық қауіп пен климаттық қатерлердің жоғары болуына байланысты өте осал. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша тек жер сілкінісі аймаққа жыл сайын 2 миллиард доллар шығын әкелуі мүмкін, бұл жыл сайын шамамен 4 миллион адамға әсер етеді. Алайда, климаттың өзгеруіне байланысты су тасқыны Орталық Азия елдерінің экономикасы үшін негізгі қауіп факторларының біріне айналуда, экстремалды жайттардан болатын шығындар ЖІӨ-нің 1-6 пайызын құрамақ. Мұндай қаржылық салдарды азайту әрі уақтылы қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін апаттар қаупін қаржыландырудың тиімді стратегиялары қажет.

«Табиғи апаттар қаупін қаржыландыру және сақтандыру Орталық Азия елдерінің орнықтылығы үшін өте маңызды. Бүгінгі таңда Орталық Азия табиғи апаттарға дайындық бойынша қаржылық тапшылықты бастан кешуде. Тек Тәжікстан мен Өзбекстанда ірі табиғи апаттар кезінде тапшылық сәйкесінше 1,5 және 15 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін. Дамымаған сақтандыру нарықтары жағдайында бұл тапшылықтар елдердің бюджет қаражатын қайта бөлуді, қарыздарды тартуды немесе донорлық көмекті талап етуі мүмкін, бұл білім беру мен денсаулық сақтауға қажетті шығындардың қысқаруына әкелуі ықтимал немесе елдердің маңызды инфрақұрылымдық нысандарын жөндеусіз қалдырады», – дейді Дүниежүзілік банктің Орталық Азия жөніндегі аймақтық кеңсесінің операциялық менеджері Инду Джон-Абрахам.

Конференция жұмысына Орталық Азия елдері үкіметтерінің: қаржы министрліктері, қарызды басқару департаменттері, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою және жоспарлау министрліктері, орталық банктер мен сақтандыру қызметін реттеу органдары, жеке сақтандыру компаниялары мен кредиттік мекемелер, аймақтағы табиғи апаттар қаупін қаржыландыру және сақтандыру саласында жұмыс істейтін ғылыми топтар мен халықаралық ұйымдар өкілдерін қоса алғанда, әртүрлі топтар қатысты.  

«Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ұйымдастырылған әрі дер кезінде қолға алынған бұл бастама Қазақстан мен Орталық Азиядағы табиғи апаттар қаупін қаржыландыру мен сақтандыру саласының тиімді шешімдерін және табиғи апаттардан қаржылық қорғау стратегияларын іздеу үшін мемлекеттік және жеке секторларды біріктіреді. АХҚО-да біз табиғи апаттардан сақтандырудың жеке бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндік беретін сақтандыру қызметін реттеудің тиімді жүйесін құрдық. Бұдан басқа, қорлар жүйесі үшін бізде реттеуші негіз құрылған, ол үкіметтерге шұғыл көмек пен қалпына келтіру қорларын құруға мүмкіндік береді. АХҚО реттеуші жүйесі апаттық облигацияларды шығаруға мүмкіндік береді, бұл ауқымды табиғи апаттар қаупін бірнеше сақтандырушылар немесе инвесторлар арасында бөлудің тағы бір әдісі болып табылады», – деді AFSA бас директоры Евгения Богданова.

Іс-шара барысында қатысушылар табиғи апаттар қаупін қаржыландыру саласында тәжірибемен, озық практикамен және инновациялық тәсілдермен алмасу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараның мақсаты апаттарға байланысты артып келе жатқан шығындарды жабу, қалпына келтіру мерзімдерін қысқарту және апатқа дейінгіден де жақсы қылып құрылыс салу үшін өзекті шешімдерді табу болды.

Конференция Дүниежүзілік банктің Тәуекелдерді қаржыландыру жөніндегі қолшатыр бағдарламасының қолдауымен, Ұлыбританияның Сыртқы істер, достастық және даму министрлігінің (FCDO), Швейцарияның экономикалық мәселелер жөніндегі мемлекеттік хатшылығының (SECO) және АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) қатысуымен ұйымдастырылды.

Байланыс деректері:

Дүниежүзілік банк: Шынар Жетпісова [email protected], +77015242844

AFSA: Дина Тельтаева [email protected], + 77017654010

Дүниежүзілік банк туралы:

Дүниежүзілік банк – бүкіл әлемдегі дамушы елдерге қаржылық және техникалық көмектің маңызды көзі. Миссиясы – планетадағы кедейлік деңгейін азайту және дамушы елдердегі адамдардың экономикалық перспективалары мен өмір сүру сапасын жақсартатын жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға көмектесу үшін несиелер, гранттар және сараптамалық білім беру арқылы дамуды қолдау.

AFSA туралы:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті – (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) тәуелсіз реттеушісі. AFSA жеке тұлғалар мен институттар адал әрекет ететін әділ әрі ашық қаржы нарықтары мен капитал нарықтарын қамтамасыз ететін ортаны құруға тырысады.

AFSA Proportunity Management Company Limited компаниясы лицензиясының мерзімі өтіп кеткендігін жұртшылыққа қайта ескертеді

Опубликовано: 18 октября, 2024 в 10:57 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) жұртшылыққа Proportunity Management Company Limited компаниясының FinTech Lab лицензиясының қолданыс мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеде аяқталғандығы туралы хабарлайды. 

Proportunity Management Company Limited компаниясының АХҚО-да тіркелген мекенжайы бар. Алайда компанияның өзінің қаржылық қызметтерін, соның ішінде исламдық банктік бизнес пен исламдық қаржыландыруға қатысты қызметтер мен өнімдерді халыққа ұсынуға немесе ілгерілетуге AFSA-ның лицензиясы жоқ. 

Алдыңғы ескертумен мына жерден танысуға болады.

АХҚО-да AFSA лицензиялаған компаниялар ғана қаржылық қызмет көрсете алады. 

AFSA тұтынушыларға қаржылық қызметтерді ұсынуға тиісті лицензиясы бар, сәйкесінше, тиісті түрде реттелетін АХҚО компанияларымен ғана байланыс жасауға кеңес береді. Тұтынушыларға лицензия мәртебесін AFSA сайтындағы жария тізілімде тексеруге және өздері насихаттайтын немесе жарнамалайтын қызметті жүзеге асыруға AFSA-дан рұқсат алмаған компаниялармен мәміле жасаудан бас тартуға кеңес беріледі.

Анықтама үшін: 

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 3200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45  [email protected]