AFSA алғаш рет IOSCO штаб-пәтерінде криптовалюта және цифрлық активтер нарықтарындағы реттеуші тәсілдер жөнінде тренинг өткізеді

Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) қызметкерлері алғаш рет Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы (IOSCO)[1] мүшелеріне криптовалюта және цифрлық активтер нарығын реттеу бойынша өз тәсілдерін ұсынды. Оқыту IOSCO-ның «Криптовалюта және цифрлық активтер нарығын реттеу және қадағалау» семинарының 26-шы оқу бағдарламасы аясында жүргізілді.

AFSA Қаржы технологиялары департаментінің директоры Ягуб Заманов FinTech Lab[2]-тың құрылуынан және одан кейінгі жылдарғы дамуынан бастап АХҚО-да цифрлық активтер саласындағы реттеуші-құқықтық базаның даму тарихы мен негізгі кезеңдері туралы айтып берді. Бұл жылдар ішінде AFSA IOSCO-ның қауымдастырылған мүшесі атанды, ұлттық реттеушілермен бірлесіп АХҚО цифрлық активтер биржалары мен Қазақстанның коммерциялық банктері арасындағы фиаттық арналарды тестілеу бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Осы жобаның нәтижесінде Цифрлық активтермен қызмет туралы қағидалар, сондай-ақ Цифрлық активтерімен қызмет провайдерлерінің Қазақстанның коммерциялық банктерімен өзара іс-қимыл жасау қағидалары әзірленді.

Ягуб сонымен бірге цифрлық активтерді реттеу бойынша құқықтық базаны әзірлеу кезіндегі негізгі проблемаларды шешу туралы кеңестерімен бөлісті, сонымен қатар блокчейн-аналитикасы құралдарының мүмкіндіктерін көрсетті.

AFSA-ның реттеуші құм алаңы мүшелерімен үздіксіз өзара әрекеттесуі Биржадан тыс сауда[3] нұсқаулығы және G10 валюталарына және AFSA мақұлдаған кез келген басқа валютаға байланған фиаттық стейблкоиндерді шығаруға мүмкіндік беретін стейблкоиндер шығарылымына арналған реттеуші база сияқты жаңа бастамаларды іске қосуға мүмкіндік берді.

Осы жылдың наурыз айында AFSA цифрлық активтер провайдерлерін P2P сауданы, туынды құралдар саудасын, стейкингті, NFT (non-fungible tokens) сауданы, цифрлық активтермен несие беруді қоса алғанда жаңа өнімдерді және басқа қызметтерді сынақтан өткізуге шақырды.

AFSA өз жұмысында IOSCO-ның үш негізгі мақсатын басшылыққа алады, олар – инвесторларды қорғау, нарықтардың әділдігін, тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету және жүйелік тәуекелді азайту.

AFSA IOSCO Өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумының және IOSCO Өзара түсіністік туралы кеңейтілген көпжақты меморандумының қатысушысы атанды.

Анықтама үшін:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 [email protected]

[1] IOSCO – бағалы қағаздар нарығының әлемдік реттеушілерін біріктіретін және қаржы нарықтарын реттеу саласындағы әлемдік норма шығарушы орган ретінде танылған халықаралық ұйым. IOSCO қаржы нарықтарын реттеудің халықаралық танылған стандарттарын әзірлейді, енгізеді және сақталуын қолдайды және реттеу саласындағы жаһандық реформалар бағдарламасы шеңберінде басқа халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтасады.

[2] FinTech Lab – фирмалар бірден барлық нормативтік талаптардың объектісіне айналмай, өздерінің инновациялық қаржылық қызметтерін және реттеуші технологиялармен (RegTech) байланысты қызметтерді ұсына алатын мамандандырылған өнімді орта.

[3] Орталықтандырылмаған қаржыда биржадан тыс сауда-саттық ірі немесе институционалды ойыншылардың ірі сауда-саттықтары үшін кеңінен қолданылатын сауданың жеке нұсқасы ретінде қарастырылады, өйткені биржадан тыс сауда-саттық цифрлық активтердің үлкен көлемін тезірек және үлкен блоктармен шығаруға мүмкіндік береді.