AFSA АХҚО-дағы Шариғат талаптарына сәйкестікті басқару жөніндегі ұсынылатын реттеуді талқылауға шығарады
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) АХҚО-дағы Шариғат талаптарына сәйкестікті басқару жөніндегі ұсынылатын реттеуді талқылау үшін нарық қатысушыларына консультациялық құжат ұсынды.
Ұсынылып отырған реттеу АХҚО-ның Шариғат талаптарына сәйкестікті басқару қағидаларын (AIFC Shari’ah Governance Rules) енгізуді, сондай-ақ АХҚО-ның Жалпы қағидаларына (AIFC General Rules), АХҚО Глоссарийіне (AIFC Glossary) және АХҚО-ның Исламдық қаржыландыру қағидаларына (AIFC Islamic Finance Rules) тиісті түзетулер енгізуді көздейді. Ұсынылып отырған жүйе АХҚО-да исламдық қаржыландыру саласында қызмет жүзеге асыратын авторизацияланған фирмалар (Authorised Firms) үшін Шариғат талаптарына сәйкестікті басқарудың бірізді әрі кешенді тәсілін қалыптастыруға, сондай-ақ АХҚО-ның нормативтік базасын халықаралық деңгейде мойындалған стандарттар мен салалық тәжірибелерге сәйкестендіруге бағытталған.
Негізгі өзгерістер мыналарды қамтиды:
- Шариғат талаптарына сәйкестікті басқару құрылымына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу. Бұл құрылым бес негізгі құрамдас бөліктен тұрады:
- Шариғат талаптарына сәйкестікті қадағалау жөніндегі кеңес (Shari’ah Supervisory Board, SSB);
-
- Шариғат талаптарына сәйкестікті қадағалау жөніндегі кеңес хатшылығының функциясы (Shari’ah Board Secretariat Function);
-
- Шариғат талаптарына сәйкестікті бақылау функциясы (Shari’ah Compliance Function);
-
- Шариғат талаптарына сәйкестіктің ішкі аудиті функциясы (Internal Shari’ah Audit Function);
-
- Шариғат талаптарына сәйкестіктің сыртқы аудиті (External Shari’ah Audit);
- Шариғат талаптарына сәйкестікті қадағалау жөніндегі кеңеске қойылатын талаптарды күшейту. Атап айтқанда, Кеңес мүшелерінің құрамы мен біліктілігіне қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу, Кеңес мүшелері мен кеңесшілеріне қатысты лайықтылық және сенімділік бағалауын (fit-and-proper assessment) жүргізу, өкілеттік мерзіміне шектеулер енгізу, тәуелсіздік талаптарын және мүдделер қақтығысының алдын алу шараларын белгілеу, сондай-ақ AFSA-ға Кеңес мүшелерін тағайындау туралы хабарлама алу және оларға қарсылық білдіру өкілеттігін беру;
- Шариғат талаптарына сәйкестікті бақылау функциясын (Shari’ah Compliance Function) және Шариғат талаптарына сәйкестіктің ішкі аудиті функциясын (Internal Shari’ah Audit Function) бөлу. Осыған байланысты АХҚО-ның Жалпы қағидаларына түзетулер енгізу ұсынылады, оған сәйкес Шариғат талаптарына сәйкестік жөніндегі жауапты тұлға (Shari’ah Compliance Officer) бақыланатын функциялар (Controlled Functions) тізіміне, ал Шариғат талаптарына сәйкестіктің ішкі аудиторы (Internal Shari’ah Auditor) тағайындалатын функциялар (Designated Functions) тізіміне енгізіледі;
- исламдық «терезелерге» (Islamic Windows) арналған арнайы талаптарды енгізу, оның ішінде қызметтің тиімді бөлінуіне, операциялық тәуелсіздікке және активтер мен операцияларды оқшаулауға (ring-fencing) қойылатын талаптар.
Консультациялық құжаттың толық мәтінімен осы сілтеме арқылы танысуға болады.
AFSA барлық мүдделі тараптардың ұсыныстары мен пікірлерін қабылдауға ашық. Ұсынылып отырған өзгерістерге қатысты ескертулер мен ұсыныстарды 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін [email protected] электрондық поштасына жолдауға болады. Барлық келіп түскен пікірлер мұқият қаралады және қажет болған жағдайда ұсыныстарға тиісті түзетулер енгізіледі.
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) – Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. Оның мақсаты – «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және оларға байланысты қызметті реттеу. АХҚО актілері мен қағидаларында қаржы компаниялары және нарықтық институттарды лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу мен қадағалау мәселелерін көзделген. afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz
AFSA Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті [email protected]