AFSA АХҚО қатысушысы компаниясының Telegram мессенджеріндегі бейресми тобының анықталғаны туралы хабарлайды
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) ATAIX Eurasia Ltd. компаниясының ресми арнасының атауын, визуалды ресімделуін және өзге де элементтерін заңсыз пайдаланатын Telegram мессенджеріндегі (https://t.me/AtaixChat) топтың анықталғаны туралы хабарлайды.
ATAIX Eurasia Ltd. (БСН 220340900479) — Еуропа мен Орталық Азияда цифрлық активтермен сауда жасауға лицензияланған платформа болып табылатын АХҚО қатысушысы.
AFSA аталған топтың ATAIX Eurasia Ltd. компаниясының ресми ақпараттық ресурстарына қатысы жоқ екенін ескертеді, сондай-ақ осындай интернет-ресурстармен өзара әрекеттесу кезінде сақ болу қажеттігін еске салады және АХҚО қатысушыларының тек ресми байланыс арналары мен веб-ресурстарын пайдалануға кеңес береді.
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) – Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. Оның мақсаты – «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және оларға байланысты қызметті реттеу. АХҚО актілері мен қағидаларында қаржы компаниялары және нарықтық институттарды лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу мен қадағалау мәселелерін көзделген. afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz
AFSA Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті [email protected]