AFSA АХҚО алымдар қағидаларына ұсынылатын өзгерістер бойынша консультацияларды бастайды
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы (АХҚО) реттеушілік алымдар жүйесінің ашықтығын, болжамдылығын және теңгерімділігін арттыруға бағытталған АХҚО алымдар қағидаларына ұсынылатын өзгерістер бойынша консультацияларды бастайды.
Ұсынылып отырған өзгерістер АХҚО алымдар қағидаларын жаңарту мәселелері бойынша өткізілген алдыңғы консультациялар барысында алынған пікірлерге негізделген және AFSA-ның тиімді әрі тұрақты қадағалау жүйесін қолдауға деген тұрақты ұстанымын көрсетеді.
Негізгі ұсыныстардың бірі — АХҚО алымдарын реттеудің орта мерзімді моделін енгізу. Ол 2027 жылдан 2029 жылға дейінгі кезеңде тіркелген алымдарды кезең-кезеңімен жыл сайын арттыруды көздейді. Ұсынылып отырған тәсіл әр жылға арналған алым мөлшерін алдын ала белгілеу арқылы ашықтық пен болжамдылықты арттыруға бағытталған. Бұл Орталық қатысушыларына болашақтағы реттеушілік шығындарды өз қызметін жоспарлау барысында тиімдірек ескеруге мүмкіндік береді.
Консультация аясында мүдделі тараптардан түскен ұсыныстарды ескере отырып, алымдар жүйесіне бірқатар нысаналы өзгерістер енгізу ұсынылады, оның ішінде:
- Providing Money Services қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар компаниялар үшін жыл сайынғы қадағалау алымының ұсынылған айнымалы бөлігін алып тастау;
- Operating a Loan Crowdfunding Platform және Operating an Investment Crowdfunding Platform қызметтерін жүзеге асыруға лицензиясы бар компаниялар үшін жыл сайынғы қадағалау алымының айнымалы бөлігі қолданылатын шекті деңгейді ұлғайту;
- міндетті хабарламаларды, есептерді және өзге де реттеушілік есептілікті белгіленген мерзімнен кейін ұсынуға қатысты қолданыстағы үш күндік жеңілдік кезеңін алып тастау арқылы реттеушілік міндеттемелерді уақтылы орындамағаны үшін алынатын алымдарды қолдану тәртібін өзгерту. Бұл есептілік талаптарының уақытылы орындалуын ынталандыруға бағытталған;
- қосымша қадағалау ресурстарының қажеттілігін ескере отырып, Umbrella Fund құрамындағы Sub-Fund үшін тіркеу алымдарын енгізу;
- сондай-ақ Алымдар қағидаларының түсініктілігін, бірізділігін және тиімділігін арттыру мақсатында техникалық, редакциялық және өзге де ілеспе өзгерістер енгізу.
AFSA барлық мүдделі тараптарды консультациялық құжатпен осы сілтеме арқылы танысып, өз пікірлері мен ұсыныстарын 2026 жылғы 20 тамызға дейін [email protected] электрондық поштасына жолдауға шақырады.
Барлық ұсыныстар түзетулердің түпкілікті нұсқасы бекітілгенге дейін мұқият қаралатын болады.
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) – Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. Оның мақсаты – «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және оларға байланысты қызметті реттеу. АХҚО актілері мен қағидаларында қаржы компаниялары және нарықтық институттарды лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу мен қадағалау мәселелерін көзделген. afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz
AFSA Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті [email protected]