Саида Джарболова AFSA директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды
Саида Джарболова, қаржы секторындағы тәжірибелі маман, «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің (AFSA) Директорлар кеңесінің құрамына жаңа тәуелсіз атқарушы емес директор, Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің, сондай-ақ Аудит және тәуекелдер жөніндегі комитеттің мүшесі ретінде кірді. Тағайындау АХҚО Басқарушысының бұйрығымен бекітіліп, 2026 жылғы 5 қыркүйектен бастап күшіне енді.
Ренат Бектұров, «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы:
«Саиданы AFSA Директорлар кеңесінің құрамында қарсы алуыма қуаныштымын. Ол банк ісі, корпоративтік қаржы, тәуекелдерді басқару және стратегиялық трансформация салаларындағы 30 жылдан астам халықаралық тәжірибесін ала келген кәсіби, жан-жақты және жоғары білікті директорлар командасына қосылды. Оның жетекшілік лауазымдардағы және директорлар кеңестеріндегі мол тәжірибесі, сондай-ақ Еуропа мен Орталық Азияның қаржы нарықтарын терең түсінуі Кеңестің жұмысына құнды көзқарас әкеліп, оның сарапшылық әлеуетін одан әрі күшейтеді. AFSA-ны халықаралық деңгейде мойындалған әрі мықты қаржы реттеушісі ретінде одан әрі дамыту жолында Саида Джарболовамен нәтижелі ынтымақтастық орнататынымызға сенімдімін».
Саида Джарболова — Еуропа мен Орталық Азиядағы банк ісі, корпоративтік қаржы және стратегиялық трансформация салаларында 30 жылдан астам халықаралық тәжірибесі бар тәжірибелі корпоративтік басшы. Қазіргі уақытта ол Қазақстандағы қаржы ұйымының, сондай-ақ акциялары Ұлыбритания қор биржасында айналыстағы компанияның тәуелсіз атқарушы емес директоры болып табылады.
Директорлар кеңестеріндегі қызметіне дейін Саида Джарболова жиырма жылдан астам уақыт ING Group компаниясында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Атап айтқанда, Амстердамда ол EMEA өңіріндегі трансформация бағытын басқарып, 26 елдегі стратегиялық өзгерістер мен комплаенс мәселелеріне жетекшілік етті. Сондай-ақ ING Bank Ukraine бас атқарушы директоры және ING Kazakhstan басшысы қызметтерін атқарды. Оның қаржылық тәуекелдерді басқару, реттеушілік комплаенс, корпоративтік банкинг және ESG стратегиясы салаларындағы терең сараптамасы AFSA Директорлар кеңесі үшін елеулі құндылыққа ие.
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) – Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. Оның мақсаты – «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және оларға байланысты қызметті реттеу. АХҚО актілері мен қағидаларында қаржы компаниялары және нарықтық институттарды лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу мен қадағалау мәселелерін көзделген. afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz
AFSA Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті [email protected]