Біз шағымдармен қалай жұмыс істейміз
Біз шағымдармен қалай жұмыс істейміз
Біз шағымдармен қалай жұмыс істейміз
АФСА барлық шағымдарды алғанын электронды түрде немесе пошта арқылы растайды.
АФСА реттеудің анағұрлым сәйкес шаралары бар болса, соны анықтап, әр шағымды мұқият және ұқыпты қарайды. Әдетте, АФСА қоғамдық/мемлекеттік мүдделерге қатысы болмаса, өтініш берушілер үшін коммерциялық нәтижелер алуға талпынбайды.
Шағымды талдауға АФСА-ның мамандарымен өзара іс-қимыл, куәлармен байланыс орнату, өзге реттеуші органдармен келіссөздер және шағымның мәні болып табылатын фирмаға немесе тұлғаға жүгіну жатқызыла алады.
АФСА шағымды алғаннан кейін отыз (30) күн ішінде талдауды аяқтауға тырысады. Кейбір талдауларға көбірек уақыт қажет болуы мүмкін. Талдауды аяқтағаннан кейін АФСА сізге соңғы жауапты береді. Әдетте АФСА өзі қарайтын шағымды қарауға және өңдеуге қатысты құпия ақпаратты, соның ішінде АФСА-ның тексерісті бастайтыны туралы ақпаратты да ашпайды. Дегенмен, АФСА шағымға қатысты қандай да бір одан әрі әрекет жасауды көздейтінін немесе әрекет етудің басқа тәртібін ұсынатынын сізге хабарлайды.