Инвестициялар бойынша нұсқаулық

АФСА инвестициялау мен инвестициялар бойынша жалпы шолу жасау үшін келесі ақпаратты дайындады.

 

Әдетте инвестициялау ақшаның құнын арттыру әдісі және ақша құнын ұзақмерзімді перспективада инфляция әсерінен қорғаудың әдісі ретінде қарастырылады. Барлық инвестицияларда тәуекел бар, әдеттегідей, олар банктегі депозитке жай ғана ақша салуға қарғанда жоғарырақ тәуекелі бар деп қабылданады. Инвестициялар тәуекел дәрежесіне, сондай-ақ құны бойынша өзгешеленеді және инвестициялық өнімдердің барлығы бәріне келе бермейді.

 

Инвестициялардың жалпыға тараған түрлері

 

Капитал, акциялар немесе облигациялар

 

Капитал, акциялар немесе облигациялар акцияның құнын ұзақмерзімді перспективада арттыру мақсатында бірыңғай компанияға тікелей инвестициялаумен және/немесе сіз инвестициялайтын компания төлейтін дивидендтер түрінде табыс алумен сипатталады.

 

Ұжымдық инвестициялардың сұлбалары

 

Қорлар, ұжымдық инвестициялар акцияларды тікелей сатып алуға баламаны ұсынады. Ұжымдық инвестициялар инвесторға басқа инвесторлармен бірлесу жолымен көптеген түрлі компаниялардың акцияларын сатып алуға қатысуға мүмкіндік береді. Осындай ұжымдық инвестицияларда барлық инвесторлардың ақшасы біріктіріліп, оны қор немесе инвестициялық менеджер инвестициялайды. Бұл инвестициялық менеджерге компанияның түрлі акцияларына немесе активтеріне салынған қаражатты бөлуге мүмкіндік береді және тіпті инвесторларға бір инвестициялық өнім шеңберінде түрлі жаһандық нарықтарға қолжетімділік бере алады.

 

Ұжымдық инвестициялардың, әдетте, акционерлік капиталға немесе акцияларға тікелей инвестициялауға қарағанда тәуекелі азырақ, сондықтан осы қабілетінің арқасында тәуекелді әртараптандыруға (бөлуге) болады деп саналады. Дегенмен, базалық инвестициялардың құны әлі де орналастырылған инвестициялардың нарықтық құнының ауытқуына тәуелді және түсіп кетуі мүмкін.

Борыштық міндеттемелер

 

Борыштық міндеттемелер немесе пайыздық мөлшерлемесі белгіленген бағалы қағаздар инвестор субъектіге (компанияға немесе үкіметке) белгіленген пайыздық мөлшерлемеге (табыстылық) айырбасқа кредиттер бергендегі қарызға негізделген инвестицияларды білдіреді. Облигацияны өтеу күні кредит сомасы қайтарылған күн болады. Облигациялар сондай-ақ облигациялар нарығында да саудалана алады. Олардың бағасы табыстылыққа немесе төлеуге жататын пайыздық мөлшерлемеге, жалпы экономикалық шарттармен салыстырғандағы облигация эмитентінің кредит қабілеттілігіне, сондай-ақ акционерлік капитал және ақшалай депозиттер сияқты балама инвестициялардың құнына және келешегіне байланысты болады.

 

Тәуекел

 

Тәуекелге байланысты кез келген инвестицияларда инвесторлар инвестициялауды және өз қаражатын салайын деп жатқан инвестициялар түрін таңдауды шешпес бұрын осындай тәуекелге өз қарым-қатынасын ескерулері керек.

 

Адамдардың тәуекелге қарым-қатынасы әртүрлі. Кейбір адамдар басқаларға қарағанда өз инвестицияларынан көбірек түсім алу үшін тәуекелге бара отырып, өздерін жайлырақ сезінеді. Басқаларына қауіпсіздік маңыздырақ, өйткені олар өздерінің негізгі капиталын қорғауға тырысады.

 

Егер инвестициялайын деп жатсаңыз, инвестицияңыздың құны едәуір төмендегенде өзіңізді қалай сезінетініңіз туралы ойлауыңыз керек. Бұған әлеуетті қысқамерзімді кедергі ретінде қарайсыз ба және салған қаражатыңызды қалдыруға бастапқы инвестицияңызға ұзақмерзімді перспективада құны өсуі мүмкін деген үмітпен үстінен қосуға дайынсыз ба? Әлде сіз бастапқыда инвестициялаған ақша құны түсіп жатқанынан өзіңізді жайсыз сезініп,  өз жоғалтуыңызды түсіне отырып, бірақ оларды шектей отырып, құны түскені жалғасқанша оларды шығарып алуды қалайсыз ба? Дұрыс жауабы жоқ, ол сіздің тәуекелге қарым-қатынасыңызға, қандай уақыт кезеңіне инвестициялағыңыз келетініне және сізге қысқамерзімді перспективада ақша қажет болу мүмкіндігіне байланысты.

 

Ескерілуі тиіс өзге факторлар

 

Инвестициялау туралы ойлайтын кез келген адам өз шешімін мұқият ақылға салуы керек және келесі факторларды ескергісі келуі мүмкін:

 

Қанша инвестициялай аласыз? Әдетте инвестициялық қаражат – сізге қысқамерзімді перспективада қажеті болмауы мүмкін кірістеріңізден артық қалған немесе үнемделген ақша. Өмірді сақтандыру және асырауыңыздағы тұлғаларды қамтамасыз ету сияқты қорғауға қажеттіліктеріңіздің барлығы капитал салу алдында қанағаттандырылғандығына  көз жеткізгіңіз келуі мүмкін.

 

Инвестициялаудағы мақсатыңыз қандай? Нақты мақсат үшін қор жасап жатсаңыз, мысалы, балаларыңыздың білім алуына, белгілі бір мерзім ішінде алуыңыз керек нақты соманы көздейсіз және сіздің тәуекелге қарым-қатынасыңыз осы мақсат үшін әлеуетті инвестицияларды қарау кезінде басқа болуы мүмкін. Әлде сіз кіріс алу үшін инвестициялайсыз ба және сіз инвестицияларыңыздан табыстың минималды деңгейін қамтамасыз еткіңіз келе ме?

 

Қаншалықты ұзаққа инвестициялағыңыз келеді? Инвестициялар – әдетте бес немесе одан да көп жылға ортамерзімді және ұзақмерзімді міндеттемелер. Егер сізге қаражат жақын болашақта керек болатын болса, ода оларды инвестициялау үшін пайдаланған орынсыз. Инвестициялағаннан кейінгі алғашқы жылдары қаражатқа қолжетімділік қажеттілігінен айыппұл немесе қолайсыз нарықтық шарттармен инвестициялаудан бас тартуды туындатуы мүмкін және сіз алатын сома инвестициялағаныңыздан аз болуы мүмкін.

 

Тәуекелдің қандай деңгейіне дайынсыз? Егер инвестицияларыңыз қысқамерзімді кезеңде құнсызданса, ол сізге қаншалықты қолайсыз болар еді? Инвестициялайтын капиталыңызда қорғаудың қандай да бір дәрежесі болғанын қалайсыз ба? Капитал өсуінің анағұрлым жоғары қарқынына жетудің әлеуетті мүмкіндігі үшін тәуекелдің анағұрлым жоғары деңгейіне баруға дайынсыз ба?

 

Инвестициялардағы біліміңіз бен түсінігіңіздің деңгейі қандай? Инвестициялар күрделі болуы мүмкін және сіз кез келген инвестициялардың табиғатын, инвестициялармен байланысты негізгі сипаттамалар мен шығыстарды, сондай-ақ оларға байланысты тәуекелдерді толығымен түсінетініңізге көз жеткізуіңіз керек. Өз инвестицияларыңызды таңдау сізге ыңғайлы болуы мүмкін. Сондай-ақ сіз кеңес пен көмек алу үшін қаржылық консультантқа жүгіне аласыз.

 

Нарықта сізге көмектесетін көптеген жоғары санатты кәсіби консультанттар бар. Кеңес алу үшін жүгінгеніңізде, консультантпен жұмыс барысында өзіңізді ыңғайлы сезінетініңізге, оның сіздің мүддеңіз үшін әрекет ететініне және сізге көмек көрсету үшін қажетті білімі мен тәжірибесі бар екеніне көз жеткізуіңіз керек.

 

Алаяқтықтың алдын алу жолдары. Өкінішке орай, біз жаңалықтардан өз клиенттерінің мүддесі үшін әрекет жасамайтын консультанттар немесе инвестициялық алаяқтықтың құрбаны болған адамдар туралы естиміз. Кез келген ескертетін белгілерге назар аударыңыз, олар:

 

Шындыққа жанасуы нанғысыз инвестициялық мүмкіндіктерді ұсынатын күтпеген қоңырау шалулар.

 

Агрессивті сатушылар – өзіңізге қысым жасауға жол бермеңіз және бұл шектеулі инвестициялық ұсыныс немесе өміріңізде бір-ақ рет болатын бірегей мүмкіндік деген иландыруға сенбеңіз. Егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, әрқашан кетіп қала аласыз және балама инвестициялық активті өз уақытында таба аласыз.

 

Күрделі инвестициялар немесе шығыстардың анық емес құрылымдары. Консультанттан инвестицияларды және шығыстардың толық көлемін түсіндіруді сұрауға ұялмаңыз. Егер олар оны сіз түсіне алатын терминдермен түсіндіре алмаса, мұның сізге керегі жоқ болуы мүмкін.

 

Электрондық пошта немесе телефон бойынша немесе тікелей консультантқа төлем жасауға сұранымдар. Жан-жағыңызда алаяқтар көп; ақшаны бермес бұрын, кез келген компанияның немесе консультанттың уәкілеттігін және кәсіби біліктілігі туралы мәліметтерін тексергеніңізге көз жеткізіңіз.