AFSA 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 32 лицензия берді – бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп
AFSA 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 32 лицензия берді – бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп
AFSA
05 July 2024 10:54:53

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) 2024 жылдың бірінші жартысында 32 лицензия берді. Лицензиаттар қатарында толық реттеуші режимде жұмыс істейтін 14 компания, AFSA реттеуші құм алаңының 4 мүшесі және 14 қосалқы қызмет көрсетуші болды. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда екі есе көп лицензия берілді.

2024 жылдың бірінші жартысында 14 компания қаржылық қызметтерді ұсынуға AFSA лицензиясын алды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінде берілген лицензиялар санынан екі есе көп. 2024 жылдың маусым айының соңындағы жағдай бойынша лицензияланған қатысушылардың жалпы саны 103-ті құрайды. Биыл мына компаниялар лицензияланды: Aspan Prime Capital, VPE Capital Fund Management, One Capital Ltd, Aquila Management Ltd, SQIF AM Ltd, JAS Ventures Limited., ITS Central Securities Depository Limited, Zubr Capital Limited, Tayyab Finance Ltd., Upside Lab Advisors Ltd., RCS Trust and Corporate Services Ltd, Radiance Capital Management Limited, Vizier Asset Management Company Limited, және Gesher Finance Ltd.

Төрт жаңа компания 2024 жылдың бірінші жартысында AFSA реттеуші құм алаңына қосылды, олар – Cepheus Pay Limited, Impact Capital Ltd., Swiftex.io Limited және deliryo Ltd. Қазіргі уақытта реттеуші құм алаңы қатысушыларының саны 14 компанияны құрайды. Биылғы наурызда AFSA цифрлық активтер провайдерлеріне үндеу жасап, цифрлық активтерге қатысты жаңа өнімдер мен қызметтерді сынауға шақырды. Қызметтің жаңа түрлеріне маржалық сауда, P2P (peer-to-peer) сауда, туынды құралдар саудасы, стейкинг, NFT саудасы (non-fungible tokens), кредит беру және басқа қызметтер кіруі мүмкін. Бұдан басқа, АХҚО-да цифрлық активтермен биржадан тыс[1] (Over-the-Counter) мәмілелер жүргізуге қойылатын талаптарды түсіндіретін нұсқаулық шығарылды.

Осы жылдың алғашқы алты айында AFSA 14 қосалқы қызмет көрсетушіге лицензия берді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Осылайша, бүгінгі таңда қосалқы қызметтер көрсететін лицензиаттардың жалпы саны 127 компанияны құрайды. Соңғы алты айда лицензия алған жаңа компаниялардың қатарында: Squire Patton Boggs Kazakhstan Ltd., Branch of SFAI Kazakhstan in the AIFC, Branch of Moore Kazakhstan LLP in the AIFC, Nexus For Success Ltd., B&G Solutions Ltd., FI.CENTER Ltd., Amicorp Kazakhstan Limited, Branch of «Independent Audit Company «Centeraudit-Kazakhstan» Limited Liability Partnership in the AIFC, AnalyticaPro Solutions Ltd, Branch of Scope Audit Kazakhstan LLP in the AIFC., Branch of Alma Audit LLP in the AIFC, AR Solutions Ltd., Pactum Legal Ltd. и Branch of Independent Audit Company Concord in the AIFC сияқты компаниялар бар.

Қосалқы қызметтерді жеткізушілер индустриясы – АХҚО-да ең жылдам дамып келе жатқан салалардың бірі. Ол соңғы жылдары ірі ойыншылар келгеннен кейін қосымша серпін алды, бұл жайт осы компаниялар ұсынатын қажетті инфрақұрылымды қалыптастыруды талап етті.

Заңнамадағы маңызды жаңартулардың ішінде 2024 жылғы наурызда AFSA қор басқарушыларын АХҚО қаржылық қызметтері туралы Негіздемелік ереженің[2] 92 (2) бөліміне енгізілген өзгеріс туралы хабардар еткенін атап өткен жөн. Өзгеріс белгілі бір шарттар сақталған кезде қор басқарушылары мен олардың қордың мүлкін басқаруға күнделікті бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті тұлғалары өздері басқаратын ұжымдық инвестициялау схемасына қатысуға мүмкіндік алатынын білдіреді. Бұл қор басқарушыларына өз инвесторларымен бірге бірлескен инвестицияларға қатысуға мүмкіндік береді.

2024 жылдың маусымында AFSA 12 юрисдикцияны баламалы юрисдикция ретінде таныды. Бұл бұрынғы практикадан айырмашылығы, АХҚО-дағы шетелдік қор басқарушылары ретінде танылуға өтінім берген компанияларға AFSA-ға юрисдикциялық сәйкестікке талдау (ағыл. «gap analysis») жүргізу және нәтижелерін ұсыну талап етілмейтінін білдіреді, бұл жалпы процесті тездетеді.

Осы жылдың алғашқы алты айында тіркелген АХҚО қатысушыларының саны 508-ді құрайды – 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Бірінші жартыжылдықтың соңында қатысушылардың жалпы саны 2 858-ге жетті.

 

Анықтама үшін: 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да тіркелген компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

 

[1] Орталықтандырылмаған қаржыда биржадан тыс сауда-саттық ірі немесе институционалды ойыншылардың ірі мәмілелері үшін кеңінен қолданылатын сауданың жеке нұсқасы ретінде қарастырылады, өйткені биржадан тыс мәмілелер цифрлық активтердің үлкен көлемін тезірек және үлкен блоктармен шығаруға мүмкіндік береді.

[2] ағыл. Financial Services Framework Regulations.


Соңғы жаңалықтар