GB Finance Limited пен GB Insurance Limited АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетімен (AFSA) уағдаластыққа қол жеткізді

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) GB Finance ltd. және GB Insurance ltd. компанияларының 2022 жылы инспекция барысында анықталған реттеушілік комплаенспен байланысты бұзушылықтарды жоюына өзінің келісімі туралы хабарлайды.

2022 жылғы сәуір мен қараша аралығында GB тобының компаниялары өздерінің бақылау жүйелері мен тетіктерінің сақталуын тиісті түрде қамтамасыз ете алмады және олардың іс-әрекеті АХҚО актілерінде баяндалған көптеген қағидалар мен негізгі қағидаттарға сәйкес келмегенін мойындады. GB Finance капиталдың жеткіліктілігінің минималды коэффициенттерін ұстап тұру, байланысты тараптардың кредит алуына шектеулерді[1] сақтау және ірі тәуекелдер лимиттерін[2] сақтау сияқты пруденциялық стандарттарға сәйкес келе алмауды қоса алғанда, бірнеше операциялық салаларда кемшіліктерге жол бергенін мойындады. GB Insurance сонымен қатар өзінің лицензиясының шегінен тыс кэптивті сақтандыру шарттарын берген және AFSA-ның лицензияланған компанияларға арналған негізгі қағидаттарын, сондай-ақ АХҚО-ның валюталық реттеу қағидаларын сақтамағанын мойындады.

AFSA қорытындыларын мойындап, қаржылық айыппұлдарды төлегеннен кейін компаниялар реттеуші талаптарды бұзудың анықталған фактілерін жан-жақты жоюға бағытталған жағдайды түзету шараларын қабылдауға міндеттенді.

Анықтама үшін:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

[1] Мүдделер қақтығысын болдырмауға бағытталған АХҚО банк қызметінің пруденциялық қағидалары байланысты тараптармен операцияларға ерекше талаптар белгілейді.

[2] АХҚО банк қызметінің пруденциялық қағидаларына сәйкес Банктің бір контрагентке немесе байланысты контрагенттердің бір тобына қатысты таза тәуекелдерінің жалпы сомасы Банктің реттеуші капиталының 25%-ынан аспауға тиіс, ал Банктің барлық таза ірі тәуекелдерінің жалпы сомасы осы капиталдың 800%-ынан аспауға тиіс.