Нарық институттары
Нарық институттары
Нарық институттары
Алға қойылған мақсаттарына жету үшін АФСА инвестициялық биржаны немесе есептік-клирингтік палатаны басқару бойынша Нарықтық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған барлық қадағаланатын Уәкілетті нарық институттары мен АФСА-ның арасындағы ашық, айқын және ынтымақтастыққа негізделген қатынастарды талап етеді.
АФСА-ға барлық Уәкілетті нарық институттарын қадағалау функциялары жүктелген және ол бұл қадағалауды АХҚО Уәкілетті нарық институттары туралы қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
Бұл қадағалау екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады:
- Қашықтан қадағалау: қағидаларға және коммуникациялар хаттамасында келісілген тәртіпке сәйкес реттеушілік есептіліктің тұрақты мониторингін қамтиды.
- Қадағалауға тәуекелге негізделген тәсілді қолдануды қамтитын инспекция. Біздің Уәкілетті нарық институттарымен өзара іс-қимылымыз қашықтан қадағалау процесінде байқалған бақылаудың кез келген нәтижелерін қоса алғанда жүзеге асырылатын реттелетін қызметтердің күрделілігі мен түрлеріне тең болуы тиіс.
АФСА Бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберуге, Ресми тізімді жүргізуге және оның Бизнес-қағидаларын сақтауды қамтамасыз етуге қатысты Уәкілетті нарық институты орындауы тиіс әртүрлі реттелетін функцияларды тексереді және бағалайды.
Егер, мысалы, Бизнес-қағидаларға өзгерістер енгізу үшін бекіту/мақұлдау қажет болса, АФСА қажеттігіне қарай оларды қарастырып және сұратылған өзгерістерді бекіту/мақұлдау жөніндегі ұсынымдар шешім қабылдау үшін АФСА-ның уәкілетті комиссияларына жіберілгенге дейін өз түсініктемелерін беретін болады.
Уәкілетті нарық институттарына қатысты қағидалар келесі түрде қолданылады:
- 1-тарауда барлық Уәкілетті нарық институттарына қолданылатын кіріспе ережелер бар.
- 2-тарауда барлық Уәкілетті нарық институттарына қолданылатын қағидалар мен ұсынымдар бар.
- 3-тарауда Уәкілетті инвестициялық биржаларға қолданылатын қосымша қағидалар мен ұсынымдар бар.
- 4-тарауда Уәкілетті есептік-клиринг палаталарына (соның ішінде Уәкілетті орталық контрагенттерге) қолданылатын қосымша қағидалар мен ұсынымдар бар.