FinTech Lab
FinTech Lab
FinTech Lab — бұл мамандандырылған өнімді орта, онда фирмалар инновациялық қаржылық қызметтер мен реттеуші технологиялармен (RegTech) байланысты қызметтерді нормативтік талаптардың объектісіне айналмай-ақ ұсына алады.
FinTech Lab ұсынады:
шетелдік юрисдикцияда тіркелген лицензиясы бар фирмалар аймақтық нарықты талдауда минималды ресурстармен және АХҚО алаңында қатысуымен жүргізе алады.
АХҚО-да реттелетін қызметті жүзеге асыратын бастаушы фирмаларға нормативтік талаптарды орындау, жаңа өнімдер мен технологияларды нақты клиенттермен мамандандырылған ортада талдау.
FinTech Lab-та жұмыс істеу үшін әрі қосымша ақпарат алу үшін АХҚО-ның Финтех ережелерімен танысыңыз.
Авторизация процесі:
FinTech Lab-та жұмыс істеу үшін өтініш беру формаларын алу мақсатында біздің өзіне-өзі қызмет көрсету порталына кіріңіз.
1-қадам:
Жобаңызды қарау үшін қысқаша баяндама-өтінішіңізді жазыңыз. Онда көрсетілген байланыс деректерінің дұрыстығына көз жеткізіңіз. FinTech Lab AFSA командасы өтінішіңізді қарастыру үшін лауазымды тұлғаны тағайындайды және ол маман сізбен хабарласады.
2-қадам:
Егер сіздің алдын ала өтінішіңіз мақұлданса, өзіне-өзі қызмет көрсету порталы арқылы өтініштің толық нұсқасын ұсыныңыз. Барлық қажетті ақпараттың енгізілуіне және өтінішіңізге барлық қосалқы құжаттардың қоса берілгеніне көз жеткізіңіз.
3-қадам:
AFSA сіздің ұсынысыңызды FinTech Lab беру үшін талдайды. Егер сіздің өтінішіңіз қабылданса, AFSA сізбен бірге FinTech Lab-та қаржылық технологиялармен байланысты қызметті жүзеге асыруға қатысты нормативтік талаптар мен шарттарға егжей-тегжейлі тоқталады.
4-қадам:
Барлық алдын ала шарттар орындалғаннан кейін рұқсат беріледі.
Егер сізде FinTech Fab туралы қандай да бір сұрақтар туындаса, электронды поштаға жазыңыз: [email protected] немесе мына нөмір бойынша қоңырау шалыңыз: +7 (717) 264 73 72. Біздің FinTech Lab командамыз сізге көмектесуге асық.