Ескерту: «MBus Exchange» компаниясының AFSA логотипін рұқсатсыз пайдалануы туралы
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) жұртшылықты оның логотипін «MBus Exchange» компаниясының рұқсатсыз пайдалану фактісі туралы хабардар етеді. Бұл «MBus Exchange» AFSA тарапынан реттелетіні туралы жаңсақ пікір туғызуы мүмкін.
AFSA әлеуметтік желілерде «MBus Exchange» атауымен әрекет ететін және тиісті лицензиясыз криптовалютаны айырбастау қызметтерін ұсынатын аккаунттар тобын анықтады. Осыған байланысты AFSA «MBus Exchange» компаниясына лицензия бермегенін хабарлайды.
Тексеру нәтижелері бойынша AFSA осы немесе осыған ұқсас атаумен бірде-бір заңды тұлға «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелмегенін және қаржылық қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы жоқ екенін анықтады. Осылайша, «MBus Exchange» қызметі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 (Алаяқтық) және 214 (Заңсыз кәсіпкерлік қызмет) баптары бойынша жауапқа тартылуы мүмкін қылмыстық құқықбұзушылық белгілерін қамтиды.
AFSA жұртшылыққа компаниялар туралы ақпаратты АХҚО-да тіркелген заңды тұлғалар және AFSA лицензиясы бар компаниялар туралы өзекті деректерді қамтитын AFSA Жария тізілімінде тексеруді ұсынады. Кез келген қаржылық қызметтерді немесе өнімдерді пайдаланар алдында компанияның мәртебесін тексеру сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету және АХҚО-ның қолданыстағы құқығын сақтау үшін маңызды шара болып саналады.
AFSA осы жоба өкілдерінің қандай да бір хабарламаларына жауап бермеуге және ешбір жағдайда онымен шарттық қатынастарға түспеуге, сондай-ақ онымен байланысты кез келген тұлғалардың пайдасына ақша қаражатын аудармауға қатаң түрде кеңес береді.
Егер сіз кез-келген хат-хабардың түпнұсқалығына күмәндансаңыз немесе заңсыз әрекеттерге қатысы бар адамдар сізбен байланысқа шықты деп күдіктенсеңіз, біз сізге тікелей AFSA-ға хабарласуды ұсынамыз. Сіз мұны біздің веб-сайттың онлайн-нысанын қолдана отырып жасай аласыз.
Анықтама үшін:
Анықтама ретінде:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 85 елден 3700-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 [email protected]