Әнуар Қалиев

Әнуар Қалиев

Операциялық кеңсенің Басқарушы директоры

Әнуар Қалиев мырзаның Қазақстан Республикасының қаржы секторында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Оның мол кәсіби тәжірибесі сақтандыру, қаржылық және банктік қадағалау салаларын қамтиды. Ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде, сондай-ақ Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінде және Ұлттық Банктің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2018 жылдың қараша айында ол AFSA-да пруденциялық, кейін қаржылық қадағалау бөлімінің басшысы қызметіне, кейін Операциялық кеңсе директоры қызметіне тағайындалды.