АХҚО 2023 жылдың үшінші тоқсанында басқарылатын активтер бойынша рекордтық көрсеткішке жетті.
АХҚО басқаруындағы активтер қор және актив басқарушыларын да қамти отырып, 2023 жылдың үшінші тоқсанында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 52%-ға өсіп, 1 млрд рекордтық деңгейіне жетті. Бұл жетістік өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен екі есе көп. Аталған кезеңде қорлардың жалпы саны 20-дан 37-ге дейін өсті.
2023 жылдың үшінші тоқсанындағы жағдай бойынша АХҚО хедж-қорлары бірінші кезекте жария нарық құралдарына, үлестік бағалы қағаздарға, сондай-ақ қазақстандық ақша нарығына артықшылық береді. АХҚО венчурлық қорлары Азия өңіріндегі финтех және білім беру саласындағы стартаптарға инвестиция салуға басымдық береді. 2023 жылдың үшінші тоқсанында венчурлық капиталға маманданған АХҚО қор басқарушыларының бірінде тартылған инвестициялар сол жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 220%-ға ұлғайды. Компания бірінші кезекте финтех, кадрларды басқару және білім беру секторларындағы стартаптарды қаржыландыруға шоғырланған. Мұндай мысалдар инвесторлардың АХҚО венчурлік қызметіне қатысуға дайындығының артып келе жатқанын көрсетеді.
АХҚО-ға қатысуға халықаралық компаниялар көбірек қызығушылық танытуда. Мысалы, жақында AFSA шетелдік қордың бірінші басқарушысын, яғни Венгрияның Орталық Банкін реттейтін мажарстандық Еquilibrium Capital Ltd компаниясын тартты.
АХҚО-дағы активтер мен қорларды басқару секторында жалғасып жатқан өсімге пікір бере отырып, AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов: «Соңғы сандар біздің АХҚО-ны бизнесті тиімді және жауапкершілікпен жүргізуге ұмтылатын қор менеджерлері үшін тамаша орынға айналдыруға деген ұзақ мерзімді ұмтылысымызды көрсетеді. Бұл өсу стратегиялық көзқарастың және осыны жүзеге асырудың бірізді қадамдарының нәтижесі болып табылады. Мысалы, біз ESG қорларын Қорды басқару секторындағы арнайы қорлардың жеке түріне қосу бойынша қоғамдық консультацияларды аяқтадық. Біз оны келесі жылдың басында қабылдайды деп күтеміз. Бұл АХҚО-дағы қорларды басқару экожүйесін бизнес үшін неғұрлым қолайлы етуге бағытталған көптеген ағымдағы бастамалардың бірі ғана», деп атап өтті.
Анықтамалық ақпарат:
ESG (Environmental, Social and Governance) — қоршаған ортаға, әлеуметтік салаға инвестициялау және бұл басқару әлеуетті инвестицияларды тексеру үшін әлеуметтік саналы инвесторлар пайдаланатын компаниялардың тәртіп стандарттарының жиынтығы болып табылады.
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2300-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін: Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45; [email protected]
AFSA және Мажарстан Орталық Банкі Magyar Nemzeti Bank (MNB) өзара ынтымақтастық жөніндегі Келісімге қол қойып, байланысты нығайтуға келісті
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) және Венгрияның Орталық Банкі Magyar Nemzeti Bank (MNB) Будапешт Еуразиялық форумы аясында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Бұл маңызды келісім екі реттеушінің де қаржы секторындағы трансшекаралық ынтымақтастықты дамытуға, жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстарды сақтап ілгерілетуге және қаржы нарықтары бойынша ақпарат алмасуға бағытталған серіктестікті кеңейту ниетін көрсетеді. Екі тарап реттеуші қадағалаудың жоғары талаптарын сақтауға әрі тұрақты, серпінді қаржылық экожүйені дамытуға міндеттенеді.
AFSA бас директоры Нұрхат Көшімов келесідей пікір білдірді: «Magyar Nemzeti Bank-пен жасалған бұл келісім терең байланыстарымызды нығайтудағы және AFSA мен MNB арасындағы стратегиялық серіктестікті орнатудағы маңызды қадам болды деп есептеймін. Біз инновацияларды қолдайтын, реттеудің тиімділігін арттыратын және қаржы нарықтарымыздың тұрақтылығы мен тұтастығын қамтамасыз ететін ортаны құруға ұмтылудамыз».
Өзара келісімге қол қоюға форумнан бір күн бұрын өткен AFSA және Венгрия қорлары мен активтерді басқару компаниялары қауымдастығының (BAMOSZ) бірлескен ақпараттық сессиясының өтуі бірден-бір себепші болды. Аталған іс-шараға активтерді басқару бойынша 12 мажарстандық компания қатысқан болатын.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін: Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45; [email protected]
AFSA және Өзбекстан Республикасының Ұлттық перспективалық жобалар агенттігі ынтымақтастық пен өзара қолдау туралы келісімге келді
АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) және Өзбекстан Республикасының Ұлттық перспективалық жобалар агенттігі Ташкентте капитал нарықтары, сақтандыру және крипто-активтер нарығы саласындағы ынтымақтастықты, өзара көмек пен бірлескен бастамаларды дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Жақында капитал мен сақтандыру нарықтарын реттеу өкілеттігіне ие болған крипто-активтер саласындағы реттеуші Өзбекстан Агенттігі және AFSA тығыз ынтымақтастық орнатуға ниетті әрі реттелетін нарықтарда өздерінің реттеуші және қадағалау функцияларын орындай отырып өзара ынтымақтастықтың маңызды екенін ескеруде. Осы өзара түсіністік жөніндегі Келісім екеуара жәрдемдесуге негіз бола отырып, ақпарат алмасуды жеңілдетеді.
Серіктес ұйымның басқарушы директорының міндетін атқарушы Валихан Гусманов серіктестіктің маңыздылығына тоқталды: «AFSA да капитал нарығында, сақтандыру секторында және криптоактивті нарықта екі юрисдикция арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің үлкен әлеуетін бар екенін ескереді. Бүгінгі қол қойып отырған меморандум екі юрисдикция арасындағы, тіпті екі бауырлас елдің қаржы нарықтарындағы трансшекаралық ынтымақтастықтың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Аталған келісімді ресми түрде ресімдеу өңірлік қаржы нарықтарын дамытуға жәрдемдесудегі маңызды қадам десе болады. Мұндай игі бастама трансшекаралық операцияларды реттеу мен қадағалауды күшейтетіні сөзсіз».
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін: Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45; [email protected]
AFSA Қаржы қызметтері бойынша АХҚО негіздемелік ережелеріне түзетулерді енгізді
АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) қаржы қызметтері туралы негіздемелік ережелерді (Financial Services Framework Regulations — FSFR) қайта қарап, оларға және басқа да тиісті ережелерге бірқатар өзгерістер енгізді. Түзетулер Қаржы орталығының бағалы қағаздар жөніндегі комиссияларды Халықаралық ұйымдастыру қағидаттарына сәйкестігін одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған. Халықаралық стандарттарға сәйкестікті арттыру үшін ISO қадағалау, инспекция және орындау салаларында қолдау қызметтерін жеткізушілерді бақылау деңгейін жоғарылатады.
Басқа негізгі өзгерістерге FSFR-ге 1-қосымшаны (AFSA шешім қабылдау процедуралары) қолдануды түсіндіру, тиісті редакциялық өзгерістер енгізу және байланысты салаларда AFSA өкілеттіктерін кеңейту кіреді. FSFR-ге 1-қосымшаны қолдануды түсіндіру АХҚО қатысушыларына қандай жағдайларда AFSA шешім қабылдау рәсімдерін ұстанатындығына (яғни, алдын ала ескертулер мен шешім туралы хабарламалар беретініне) сенімділік береді деп күтілуде.
FSFR сонымен қатар басқа ұқсас юрисдикциялардың құқықтық базаларымен салыстыру негізінде жасалған кейбір жаңа нормативтік актілерді (мысалы, тиісті реттеу принциптері, кеңейтілген юрисдикция, үшінші тарап құқықтары) қамтиды. FSFR-ден басқа АХҚО-ның кейбір басқа ережелеріне өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде АХҚО-ның жалпы ережелеріне енгізілген түзетулер Тағайындалған адамдар тізімінен ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі лауазымды адамды Бекітілген адамдар тізіміне ауыстыруды көздейді. Бұл түзету маңызды, өйткені аталған шенеуніктің лауазымы ұйымдағы рөлі жоғарылардың бірі болып саналады. Лауазымды тұлғаның ақшаны жылыстатуға қарсы міндеттері ауыр заңды салдарға, яғни азаматтық немесе қылмыстық қудалауға алып келуі мүмкін. Осыған байланысты AFSA осы қызметке тағайындалуға үміткердің қажетті талаптарға сай немесе сәйкес келетініне әбден көз жеткізуі керек.
Қаржы қызметтері бойынша АХҚО-ның негіздемелік ережелеріне қатысты түзетулер, сондай-ақ одан шығатын АХҚО-ның алымдар, Бизнесті жүргізу және Жалпы қағидалары мен Глоссарийіне арналған түзетулер АХҚО сайтында жарияланды және 2024 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
AFSA цифрлық активтермен қызметке қатысты жаңа қағидалар жинағын шығарды
АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) 2024 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін Цифрлық активтермен қызметке қатысты жаңа қағидалар жиынтығын жариялады.
Осыған байланысты AFSA бас директоры Нұрхат Көшімов: «Аталған қағида нарық қатысушыларымен тығыз ынтымақтастық пен консультациялар негізінде жасалды. Соңында серіктестердің пікірлері ескеріліп түзетулер де енгізілді. Жаңа реттеуші режим цифрлық актив қызметін жеткізушілерге қарсы заңсыз әрекеттер, кибер қауіп, нарықтағы теріс пайдалану және т.б. сияқты тәуекелдердің кең ауқымын қамтитын нақты құқықтық және нормативтік базаны ұсынады. Осылайша, Ережелер жиынтығы инвесторларды қорғау, әділ, реттелген әрі тиімді нарықты қолдау және АХҚО-да инновацияларға жәрдемдесу арасындағы маңызды теңгерімді қамтамасыз етеді», — деп пікір білдірді.
Құжат цифрлық активтерді сату платформасының операторлары, қорлар мен инвестицияларды басқарушылар, брокерлік немесе кастодиандық компаниялар cекілді көптеген ұйымдарды қамтитын цифрлық активтерді жеткізушілерге қатысты кеңейтілген талаптарды енгізді.
Қағидалар жинағында АХҚО-да тіркелген криптобиржалар мен Қазақстанның коммерциялық банктері арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі пилоттық жоба барысында алынған тәжірибені қоса алғанда, Қаржы орталығындағы цифрлық активтерге қатысты қадағалау саясаты мен практикасы шоғырландырылады. Бұған дейін цифрлық активтерге қатысты қызметті реттейтін қағидалар АХҚО-ның әртүрлі заңдарында көрсетілген болатын. Ал кейінірек ережелер кеңейтіліп, «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) стейблкоиндер шығару құрылымын қамтитындай дәрежеге жетеді.
Цифрлық активтермен байланысты қызмет үшін нақты, егжей-тегжейлі және теңдестірілген режим АХҚО-ның халықаралық қаржы және технологиялық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін көтеруге көмектеседі әрі инвесторларға неғұрлым арзан, жылдам, қауіпсіз қаржылық қызметтерге қол жеткізуде және активтерді басқаруда айтарлықтай артықшылықтар береді деп күтілуде. Қағидалар жинағы АХҚО-да цифрлық активтер бизнесі үшін қолайлы режим жасайды, инновацияларды көтермелейді және Қазақстан мен өңірдегі криптоиндустрияның экожүйесіне оң әсер етеді.
Цифрлық активтермен қызметке қатысты жаңа қағидалар жинағы және онымен байланысты Қаржы қызметтері бойынша АХҚО негіздемелік ережелері, Алымдар және Бизнесті жүргізу туралы АХҚО қағидалары, АХҚО жалпы ережелері, АХҚО Глоссарийі, Лицензияланған нарықтық институттар туралы қағидалар, сондай-ақ Ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы қағидаларға қатысты түзетулер АХҚО сайтында жарияланды және 2024 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді.
Анықтамалық ақпарат:
Сандық актив — құнның сандық көрінісі, немесе толық айтар болсақ, (1) а) айырбастау құралы; немесе (b) есеп айырысу бірлігі; я болмаса (c) жинақ құралы ретінде қызмет ететін және cатыла алатын (2) фиат валютасына айырбастауға болатын, бірақ кез-келген юрисдикцияның басшылығы тарапынан шығарылмайтын әрі кепілдік берілмейтін және (3) жоғарыда аталған функцияларға тек цифрлық активті пайдаланушылар қауымдастығы ішіндегі келісім бойынша сәйкес келетін; және, тиісінше, (4) фиат валютасы мен электрондық ақшадан ерекшеленетін құнның сандық көрінісі.
Стейблкоин — құны фиаттық валютасына, тауарға немесе қаржы құралына тәуелді цифрлік актив.
АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
AFSA және Моңғолияның Қаржылық реттеу комиссиясы ынтымақтастық пен өзара қолдау туралы келісімге келді
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) Моңғолияның қаржылық реттеу комиссиясымен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Құжаттың басты мақсаты — ақпарат алмасу және өзара қолдауға байланысты іс-әрекеттерде ынтымақтастықты күшейту. Ынтымақтастықты ресімдеу екі юрисдикция мен трансшекаралық мекемелердің қызметі арасындағы қаржы нарықтарындағы сенімді және қауіпсіз транзакцияларды ілгерілетуге бағытталған.
AFSA бас директоры Нұрхат Көшімов осындай өзара келісім берік байланысқа алып келетінін жеткізді: «Серіктестік қатынастарды кеңейту реттеуші органдар арасындағы жылдам, қауіпсіз әрі сапалы екі жақты іс-қимылды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде екі орган арасындағы байланыс тұтынушылар үшін қызметтерді жақсартуға және мықты қаржы нарықтарын құруға сеп болады. Бүгін екі тараптан қол қойылған Меморандум терең ынтымақтастықтың негізін қалады».
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
АХҚО-да тіркелмеген әрі лицензиясы жоқ компанияға қатысты ескерту
АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Branch of Asyl Tukymdy Sharuashylyk Ordabasy Sut Onymdery LLP of the AIFC» компаниясы АХҚО юрисдикциясында тіркелгенін және оның лицензиясы бар екенін жалған айтып қана қоймай, басқа заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірін (БСН) рұқсатынсыз пайдаланып жүргенін хабарлайды.
Компания бұнымен қоймай, «Agroculture» қызметтерін ұсынуға тіркелгенін және оған лицензиясы бар екенін өтірік мәлімдеуде.
Осы келеңсіз жағдайға байланысты AFSA төмендегідей хабарлайды:
- «Branch of Asyl Tukymdy Sharuashylyk Ordabasy Sut Onymdery LLP of the AIFC» компаниясы АХҚО-да тіркелмеген, яғни ол АХҚО қатысушы емес және оның AFSA лицензиясы жоқ;
- Жалған құжатта көрсетілген БСН нөмірі шынында ол компанияға тиісті емес.
AFSA осы компанияның хабарламаларына жауап бермеуге және ешқандай жағдайда олармен келісімшарт жасаспауға, олармен байланысты ақшалық төлемдерді жасамауға, қаражат жібермеуге шақырады.
AFSA тұтынушыларға қаржылық қызметтерді ұсынуға тиісті өкілеттіктері бар және тиісті дәрежеде реттелетін АХҚО компанияларымен ғана жұмыс істеуге кеңес береді. АХҚО юрисдикциясы бизнесті жүргізу үшін тартымды, сондықтан тұтынушыларға АХҚО лицензиаттары мен қатысушыларының мәртебесін AFSA сайтында тексеріп тұруға болады: https://publicreg.myafsa.com/authorized/, https://publicreg.myafsa.com/
Осыған байланысты, жоғарыдағы сілтеме тізімде жоқ әрі өтірік жарнама жасап жүрген алаяқ компаниялармен және АХҚО шеңберінде қызметті жүзеге асыруға AFSA тарапынан рұқсаты жоқ мекемелермен байланысқа түсуден аулақ болу барынша ескертіледі.
AFSA клиенттерге мұқият қана болмай, абай болуға және тек тиісті дәрежеде реттелетін әрі лицензиясы бар компанияларға ғана инвестиция салуға кеңес береді. Компания АХҚО қатысушысы бола тұра, AFSA-дан реттелетін қаржылық қызметті жүргізуге лицензия алмай, қаржылық қызметтерді ұсына алмайтынын да атап өтеміз. Сондай-ақ, тұтынушылар АХҚО-да тіркелген/біріктірілген ұйымды, реттелетін қызметті немесе басқа да рұқсат етілген қызметті жүзеге асыруға уәкілетті ұйымнан ажырату өте маңызды екенін еске саламыз.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
International Trading System Limited компаниясының акционері — СПБ Биржасына байланысты ақпараттық хабарлама
Комитет жағдайды мұқият бақылауда және СПБ Биржаның санкцияға ұшырауының ITS қызметіне әсер ету деңгейін есептеу үстінде.
Реттеуші бірінші кезекте АХҚО қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және инвесторлардың мүдделерін қорғауға басымдық береді.
Комитет Компаниямен бірлесіп Компанияның міндеттемелерін орындау үшін талап етілетін әрі қарайғы әрекеттер мен тиісті іс-шаралар жөніндегі жоспарды пысықтауда.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[email protected]
AFSA ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп әзірленген Нақты болу қағидаларына арналған нұсқаулықты бекітті
AFSA корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын төлеу бойынша салықтық жеңілдіктерді қолданатын АХҚО қатысушылары үшін Нақты болу қағидаларына арналған нұсқаулықты бекітті. Нұсқаулық Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп әзірленді.
Нұсқаулық үш міндетті талапты нақты анықтауға бағытталған: негізгі табыс әкелетін қызмет түрлері, операциялық шығындардың жеткілікті көлемі және білікті қызметкерлердің тиісті саны. Бұдан басқа, құжат АХҚО қатысушылары ұсынуы тиіс жобаның экономикалық негіздемесінің тәртібін және оны берудің соңғы мерзімін айқындайды.
Бұл маңызды құжат Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының Зиянды салық тәжірибесі форумында (FHTP) қаралып мақұлданды. Құжатта нақты болу қағидаларында көрсетілген талаптарды қалай орындау керектігі туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар бар. Нұсқаулық АХҚО қатысушыларына салық декларацияларын толтыруда сенімділік береді, сондай-ақ АХҚО ашықтығын және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін одан әрі нығайта түседі.
AFSA мен ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Нақты болу қағидаларын 2021 жылдың желтоқсанында қабылдаған болатын. Қағидаларды қабылдау АХҚО-ның салықтық ашықтықтың жаһандық стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге және зиянды салық тәжірибесі шеңберінде АХҚО юрисдикциясын пайдалануға қарсы іс-қимылға маңызды қадам болып саналады.
2017 жылдың қаңтарында Қазақстан ЭЫДҰ/G20-ның Инклюзивті негіздемелік бағдарламасына яғни салық салынатын базаны бұлдырату және салық салудан түскен пайданы шығаруға (BEPS) қарсы іс-әрекетіне мүше болып қосылды. Оған сәйкес зиянды салық тәжірибесіне қарсы стандартты қоса алғанда, ЭЫДҰ-ның 5 қолданыста болатын іс-әрекетінің кемінде төртеуін сақтау қажет. Аталған талапқа сай болу және салық салынатын базаның бұлдыратуына жол бермеу және салық салудан түскен пайданың бөлініп кетуін болдырмау үшін АХҚО Нақты болу қағидаларын енгізген болатын.
Анықтамалық ақпарат:
ЭЫДҰ-ның зиянды салық тәжірибесі форумы (FHTP) 1998 жылы құрылғаннан бері преференциялық режимдерге шолулар жүргізіп келеді, бұл режимдер басқа юрисдикциялардың салық базасына зиян тигізу мүмкіндіктерін анықтайды.
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2100-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz