gergergr1

АХҚО-ның қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Refinitiv-пен серіктесе отырып, АХҚО қатысушылары арасында талаптарды сақтау мәдениетін ілгерілетуде

Опубликовано: 15 января, 2021 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қатысушыларына сәйкестік туралы деректерге және реттеушілік нарық ақпаратына оңай қолжетімділікті ұсыну үшін Refinitiv-пен серіктестікті бастады.

Ынтымақтастық туралы шарт АХҚО қатысушыларына (1) Refinitiv-тен World-check сервисіне икемді жазылу шарттарына рұқсат алуға* және (2) Қазақстан мен ТМД елдерінде талаптарды сақтау саласындағы іс-шараларға, тренингтерге қатысуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Refinitiv – қаржы нарықтарының деректері мен инфрақұрылымын ұсынатын әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. Ол озық деректер мен идеяларды, сауда платформаларын, сондай-ақ сауда-саттық, инвестициялар, капиталды басқару, нормативтік талаптарды сақтау, нарық деректерін басқару, корпоративтік тәуекелдер және қаржылық қылмыстармен күрес сияқты салалардағы өркендеген жаһандық қаржы нарықтары қоғамдастығын біріктіретін ашық деректер мен технологиялар платформаларын ұсынады. Refinitiv World-Check, Qual-ID және кеңейтілген кешенді тексеру қызметі сияқты нормативтік талаптарды сақтаумен байланысты бірқатар өнімдерді ұсынады.

Қызығушылық танытқан қатысушылар келесі байланыс деректері бойынша хабарласа алады:

Refinitiv
Таир Байғұнов
+7 (702) 404 33 94
[email protected]

AFSA Refinitiv-пен ынтымақтастық АХҚО қатысушылары арасында нарықтық ақпарат пен деректер платформаларына қол жеткізу арқылы нормативтік талаптарды сақтау мәдениетін дамытуға ықпал етеді деп санайды.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда [email protected] мекенжайы бойынша AFSA коммуникация бөліміне хабарласыңыз.

*АХҚО қатысушыларына World-Check сервистік платформасына бір ай мерзімге тегін сынақ қолжетімділігі беріледі. Қызығушылық танытқан қатысушылар тестілеу кезеңі аяқталғаннан кейін тегін сынақ мерзімін ұзартудың шарттарын жеке келісе алады.

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мен Латвияның Қаржы және капитал нарығы комиссиясы Балама инвестициялар қорлары басқарушыларын қадағалау саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Опубликовано: 13 января, 2021 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) мен Латвияның Қаржы және капитал нарығы комиссиясы (FCMC) AIFM ЕС директивасына сәйкес Балама инвестициялар қорлары басқарушыларын (AIFM) қадағалау саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Бұл ASFA-ның Өзара түсіністік туралы меморандум бойынша контрагент ретінде бекітілгеннен кейін Еуропа Бағалы қағаздар мен нарықтар басқармасы үйлестірген баламалы инвестициялық қорлар бойынша Өзара түсіністік туралы алғашқы меморандум. Бұл Меморандум маркетинг және хедж-қорлар, тікелей инвестициялар мен жылжымайтын мүлік қорлары сияқты балама инвестициялық қорларды басқару бойынша АХҚО қорларының басқарушыларына, Латвиядағы кәсіби инвесторларға, сондай-ақ АХҚО-да балама инвестициялық қорларды басқаруға немесе ілгерілету мақсатында Латвия үшін негіздемелік шарттарды белгілейді.

Әлемдік қаржы нарықтарының жаһандануы күшейіп, трансшекаралық операциялар мен балама инвестициялар қорларын басқарушылар белсенділігі ұлғаюына байланысты AFSA мен FCMC арасындағы ынтымақтастықтың ресімделуі балама инвестициялар қорларын басқарушыларын, трансшекаралық негізде жұмыс істейтін олардың делегаттары мен депозитарийлерін қадағалаудағы өзара көмекті қамтамасыз етеді. Өзара түсіністік туралы меморандум арқылы қадағалаушы органдар бір-бірімен өздерінің тиісті реттеушілік мандаттарын орындау мүддесіне сәйкес, әсіресе инвесторларды қорғау, нарық пен қаржылық тұтастықты нығайту, сенім мен қаржылық тұрақтылықты сақтау салаларында ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді.

АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында мониторингiне жататын қаржылық және қосалқы қызметтерге қойылатын талаптарды арттыруда

Опубликовано: 12 января, 2021 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

Одан әрі басқару және ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға байланысты мәселелер бойынша қолдау көрсету мақсатында AFSA «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қатысушыларының назарын келесілерге аударады:

(1) Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатындағы қаржылық және қосалқы қызметтер тізбесі
2020 жылғы 30 желтоқсанда АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (АЖ/ТҚҚ) мақсатындағы қаржылық және қосалқы қызметтердің қайта қаралған тізбесін (Тізбе) бекітті. Тізбеге АХҚО-ның Жалпы қағидалары мен АХҚО Глоссарийінде көрсетілген Реттелетін қызметер, Бағалы қағаздар нарығының қызметтері, Қосалқы қызметтері және Белгіленген қаржылық емес кәсіпорындар мен мамандықтар (БҚЕКМ) кіреді.

Бұл тізбе АЖ/ТҚҚ туралы Қазақстан Республикасының Заңына (3-бап 1-тармағының 19) тармақшасына) және АХҚО-ның АЖ бойынша қағидаларына (2.1 (b) бөлімі) сәйкес әзірленген.

(2) Клиенттерді тиісінше тексеру жөніндегі нұсқаулық
2020 жылғы 30 желтоқсанда AFSA «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қатысушылары (Тиісті тұлғалар) клиенттермен сырттай іскерлік қарым-қатынас құрған жағдайларда клиенттерді кешенді тексеруге қолданылатын Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатындағы нұсқаулықты (Талаптарды) (КТТ бойынша нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша бекітті.

КТТ бойынша нұсқаулық тәуекелдерді бағалау, клиенттерді сәйкестендіру және тексеру бағдарламаларына, сондай-ақ қашықтықтан КТТ өткізудің шараларына қатысты АЖ/ТҚҚ туралы Қазақстан Заңының, АЖ/ТҚҚ жөніндегі АХҚО қағидалары мен Нұсқаулығының тиісті талаптарын қамтиды, олар саясаттарға, Тиісті тұлғаларды бақылау құралдары мен АЖ/ТҚҚ рәсімдеріне енгізілуі тиіс.

(3) АЖ/ТҚҚ бойынша нұсқаулыққа өзгертулер
2020 жылғы 30 желтоқсанда AFSA Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық мониторингтеудің субъектілеріне (Тиісті тұлғалар) арналған Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатындағы үшкі бақылау қағидаларына қолданылатын Нұсқаулыққа (Талаптарға) (АЖ/ТҚҚ бойынша нұсқаулық) түзетулерді бекітті.

АЖ/ТҚҚ бойынша нұсқаулыққа түзетулер Қазақстанның АЖ/ТҚҚ туралы Заңының 11-бабының 3-2-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 мамырда қол қойған АЖ/ТҚҚ туралы заңына енгізілген басқа да түзетулерге сәйкес әзірленді.

АЖ/ТҚҚ бойынша нұсқаулыққа мыналар кіреді:

  • АХҚО-ның барлық тиісті қатысушыларын қолданыла алуы
  • Ақшамен және / немесе өзге де мүлікпен операцияларды тоқтату бойынша шараларды қабылдау міндеттемесі

Клиенттердің операцияларын ақшаны жылыстату / терроризмді қаржыландыру (АЖ / ТҚ) типологияларын, сұлбалары мен әдістерін ескере отырып, күрделі, әдеттен тыс ірі немесе басқа әдеттен тыс деп жіктеуге қойылатын талаптар.

  • АЖ / ТҚ тәуекелдерін басқаруға қойылатын жаңа талаптар.
  • АЖ / ТҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелерін ҚББ мен AFSA сұрауы бойынша ұсыну міндеті.
  • Кем дегенде, келесі тізімдер бойынша тексерулер мен шолуларды қоса алғанда, Клиенттерге тиісінше тексеру жүргізу бойынша міндеттемелер:
  • Террористік қызметке қатысы бар тұлғалардың тізімі
  • Терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалар мен ұйымдардың тізімі,
  • Жаппай жою қаруын таратуды қаржыландыруға қатысы бар тұлғалар мен ұйымдардың тізімі.
  • Оффшорлық аймақтар тізімінің орнына Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесіне жаңа сілтеме.
  • ҚББ бекіткен Әдеттен тыс және күдікті операциялар белгілерінің тізбесіне жаңа жазба (Үкіметтің №1484 қаулысы жойылды).
  • Зерттелуге жататын клиенттің операцияларына қойылатын жаңа талап.

Егер сізде сұрақтар туындаса, оларды [email protected] мекенжайына жіберіңіз.

АХҚО комитеті қызметінің негізгі нәтижелері: 2020 жылы қаржылық қызметтерді реттеу туралы

Опубликовано: 31 декабря, 2020 в 6:27 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

НұрСұлтан, Казахстан – АХҚО-ның қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (АФСА) 2020 жылғы қызметінің негізгі нәтижелерін ұсынады:

Тіркеу:

  • 287 жаңа тіркелген қатысушы (АХҚО-да барлығы 49 елден 650 компания тіркелген).
  • 2020 жылдың қыркүйегінде тіркеу процесі 100% онлайн режиміне өтті, тіркеу мерзімі 2018 жылғы 7 күннен 2020 жылы 1 күнге дейін қысқарды.

АХҚО-ның нормативтік-құқықтық базасы:

  • Инвестицияларды сату және сатып алу бойынша әр түрлі платформаларға қатысты 5 жаңа қаржылық қызметтерді енгізілді (АХҚО-да ұсынуға болатын қаржылық қызметтердің жалпы саны — 35).
  • Кэптивті сақтандырудың 3 жаңа формасы енгізілді.

АХҚО қатысушыларын реттеушілік қолдау:

  • Коронавирустық пандемияға байланысты реттеушілік қолдау шаралары енгізілді, бұл АХҚО бизнес қауымдастығына қиын кезеңдерде өзінің бизнес басымдықтарына назар аударуға мүмкіндік берді.
  • Негізгі капиталға қойылатын талаптар оңтайландырылды.
  • Инвестициялық компаниялардың өтімділік талаптары оңтайландырылды.

FinTech:

FinTech Lab-та 8 жаңа фирма тіркелген (барлығы 30 фирма, мысалы, краудфандинг, ақша қызметтері, цифрлық активтер және т.б). Комитет АХҚО мен Қазақстаннның цифрлық активтері саласындағы заңнамалық актілерінің талаптарын үйлестіруге ықпал етті.

Халықаралық қатынастар:

Комитет 2 көпжақты келісімге қол қойды:

  1. IOSCO кеңейтілген өзара түсіністік туралы меморандум (EMMoU)
  2. Сақтандыру қадағалаушыларының халықаралық қауымдастығының (IAIS) көпжақты өзара түсіністік туралы меморандум.

Екі келісім де нарықтардың дұрыс жұмыс істеуі мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін дүниежүзілік қадағалау саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтеді.

Көпшілікпен қарым-қатынас:

  • Комитет қаржылық қызметтерді тұтынушылар үшін ақпараттық және білім беру мақсатында виртуалды Халықаралық инвесторлар апталығын өткізді. Іс-шараға Қазақстанның 23 қаласынан және 10 елден 3000-нан астам делегаттар қатысты.
  • АХҚО қатысушыларын тіркеу және лицензиялау процесінде басшылық ету және қолдау, АХҚО реттеу режимінің талаптарын түсіндіру және сәйкестікті насихаттау мақсатында 37 көпшілік іс-шаралар өткізілді.
АХҚО-ның қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті IOSCO-ның құқық қолдану саласындағы трансшекаралық ынтымақтастыққа қатысты Кеңейтілген көпжақты өзара түсіністік туралы меморандумына қол қоюшы болды

Опубликовано: 20 ноября, 2020 в 12:53 пп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

НұрСұлтан, Қазақстан – АХҚО-ның қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (АФСА) кеңес беру мен ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының (IOSCO) Кеңейтілген көпжақты өзара түсіністік туралы меморандумына (EMMoU) қол қоюшы болды.

Бұл мәселе бойынша шешім ағымдағы жылдың 9-18 қарашасы аралығында виртуалды түрде өткен IOSCO жыл сайынғы жиналысының шеңберінде қабылданды. Атап айтқанда, АФСА тұтынушыларды қорғау, міндетті айғақтар алу және аудиторлық құжаттармен алмасу үшін активтерді мәжбүрлеп тоқтату саласында трансшекаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін А2 қосымшасына (ACF өкілеттігі) қол қойды.

EMMoU Көпжақты өзара түсіністік меморандумын (MMoU) толықтыратын бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдары туралы заңдар мен ережелерді сақтауды қамтамасыз етудегі халықаралық ынтымақтастықтың әлемдік бағдары болып табылады. 2002 жылы қабылданған алғашқы MMoU халықаралық трансшекаралық ынтымақтастық пен реттеуші органдар арасындағы бағалы қағаздар туралы ақпарат алмасу үшін жаһандық негіз жасады. Алайда, капитал нарықтарының жұмыс істеу процесінің күрделілігін және соңғы технологиялық жетістіктерді ескере отырып, 2016 жылы IOSCO Кеңейтілген көпжақты өзара түсіністік туралы меморандумды қабылдады. EMMoU қол қоюшылары бір-біріне құқық қорғау органдарының трансшекаралық ынтымақтастығындағы көмектің жаңа нысандарын ұсынуға келіседі, мысалы, тұтынушыларды қорғау үшін активтерді тоқтату, мәжбүрлі айғақтар алу, аудиторлық құжаттармен алмасу және т.б. EMMoU туралы толығырақ ақпаратты мына жерден табуға болады.

АФСА EMMoU-ға қол қойған Орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Кавказ өңіріндегі алғашқы реттеуші болды. АФСА әлемдік озық тәжірибені жетілдіру жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыруға және неғұрлым кең халықаралық ынтымақтастыққа және бағалы қағаздарды реттеу органдарының қолдауына ықпал етуге ниеттенеді.

Мұхтар Бөбеев, АФСА-ның Бас директоры: «Біз үшін IOSCO-ның Кеңейтілген MMoU-на қол қою маңызды, өйткені біз құқық қолдану саласындағы трансшекаралық ынтымақтастыққа дайынбыз және ашықпыз. Капитал нарықтары жаһанданған және өзара байланысты ортада жұмыс істейді және біз халықаралық ынтымақтастық пен бағалы қағаздар туралы заңдардың сақталуын қамтамасыз ету арқылы нарықтың тұтастығын сақтап, қаржылық қызмет тұтынушыларын қорғай алатынымызға сенімдіміз».

АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мен Кипрдің бағалы қағаздар және биржалар бойынша комиссиясы капитал нарықтары саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға келісті

Опубликовано: 11 ноября, 2020 в 2:25 пп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (АФСА) Кипрдің бағалы қағаздар және биржалар бойынша комиссиясымен (CySEC) Өзара түсіністік туралы меморандум (MoU) және Балама инвестициялар саласында өзара түсіністік туралы меморандумға (AIFMD MoU) қол қойды.

Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою екі қадағалаушы орган арасындағы ынтымақтастықты, атап айтқанда ақпарат пен техникалық білім алмасуды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Келісім АФСА мен CySEC үшін бағалы қағаздар нарығын реттейтін ықтимал заң бұзушылықтары бойынша тергеу жұмыстарын тиімді жүргізуге негіз болып табылады. Екі орган сәйкесінше нарықтардың тұтастығын сақтау, инвесторлардың мүдделерін қорғау және бағалы қағаздар нарығының тұрақты дамуына ықпал ету үшін тығыз жұмыс істейтін болады.

Балама инвестициялар саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою ынтымақтастық пен инвестициялық қорлар менеджерлерінің трансшекаралық бақылауын күшейтеді. ЕО-тан тыс қор менеджерлері мен ЕО-тың қаржы менеджерлері делегациясы арқылы ЕО нарықтарына немесе қорларды басқаруға қол жеткізе алады.

АХҚО Халықаралық инвесторлар апталығын өткізеді

Опубликовано: 1 октября, 2020 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

Нұр-Сұлтан, Қазақстан 2020 жылғы 5-9 қазан аралығында АХҚО Виртуалды Халықаралық инвесторлар апталығын өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау және инвестициялау негіздері туралы хабардар ету. Виртуалды Халықаралық инвесторлар апталығының ұйымдастырушысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) болып табылады. Бірлесіп ұйымдастырушылар — АХҚО Әкімшілігі, AIX, АХҚО-ның Біліктілікті арттыру бюросы және Финтех Хабы.

Халықаралық инвесторлар апталығы жыл сайын әлемнің 6 континентіндегі 80 елдің қаржылық реттеушілерімен Халықаралық бағалы қағаздар комиссиялары ұйымының (IOSCO) қолдауымен өткізіледі. IOSCO қор нарығын реттеушілердің халықаралық ұйымы болып табылады. IOSCO мүшелері әлемнің 115-тен аса юрисдикциясында бағалы қағаздар нарығының 95%-нан астамын реттейді. Халықаралық инвесторлар апталығын өткізу АХҚО-нің қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау бойынша IOSCO стандарттарына адалдығын көрсетеді.

2018-2019 жылдары IOSCO қолдауымен Халықаралық инвесторлар апталығы оффлайн дәрістер форматында өтіп, оған 5000-нан астам қатысушылар Қазақстанның 7 қаласы: Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Петропавл және Түркістаннан қатысты.

Осы жылы Халықаралық инвесторлар апталығындағы іс-шаралар онлайн-презентациялар мен онлайн-ақпараттық сессиялар форматында өтеді. Оларға кез-келген адам қатыса алады. Іс-шараның спикерлері АХҚО сарапшылары, сондай-ақ қор нарықтары, тұтынушылар мен инвесторларды қорғау, қаржылық технологиялар, жасыл және исламдық қаржыландыру, бағалы қағаздар нарығының құралдары, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар болады.

Толығырақ ақпарат, іс-шара бағдарламасы және іс-шараға тіркелу сілтеме бойынша қол жетімді.

Мұхтар Бөбеев АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің бас директоры болып тағайындалды

Опубликовано: 1 октября, 2020 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

Нұр-Сұлтан, Қазақстан – Мұхтар Бөбеев мырза 2020 жылдың 1 қазанынан бастап «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (АФСА) бас директоры болып АФСА Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалды.

Бөбеев мырза – банктік қадағалау және қаржылық қызметтер саласындағы білікті маман. Бұдан бұрын ол Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын қадағалау агенттігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде бантік қадағалау міселелерін басқарды. Ол сондай-ақ ақша-несие саясатына жауап беретін Қазақстанның орталық банкінің басқарма мүшесі болды.

Мұхтар Бөбеев АФСА-ға Саясат жөніндегі директор ретінде 2017 жылдың қаңтарында қосылды. 2018 жылдың шілдесінен бастап АФСА бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Ол АХҚО-ның нормативтік-құқықтық базасын дамытуға бастамашылық ету және жетілдіру арқылы АХҚО-ны құруда маңызды рөл атқарды.

 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО-ның қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – Астана халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және онымен байланысты қызметті реттеу мақсатында «Астана халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарық институттарын лицензиялауды, тіркеуді, аккредиттеуді және қадағалауды қамтамасыз етеді.
www.afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды.
2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды.
Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.
АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». 
АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды.
www.aifc.kz

 

Байланыс ақпараты:

АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (АФСА)
Динара Серикова
[email protected]
+7 701 35 905 70

АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті IAIS көпжақты өзара түсіністік меморандумының 75-мүшесі болды

Опубликовано: 28 сентября, 2020 в 12:00 дп

Категории: Жаңалықтар

Тэги:

Нұр-Сұлтан, Қазақстан – АХҚО-ның қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) Халықаралық сақтандыру қадағалаушылар қауымдастығының (IAIS) Көпжақты өзара түсіністік туралы меморандумының (Меморандум) 75-ші мүшесі болды.

Сақтандыру реттеушілері арасындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылы көпжақты түсіністік туралы меморандум жасалды, ол қатаң сенімділікпен жүзеге асырылады. Меморандумның 75 қатысушысы бүкіл әлемдегі сақтандыру сыйлықақыларының шамамен 76% құрайды.

«Біз AFSA-ны көпжақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюшы ретінде қабылдауға қуаныштымыз. Сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың әлемдік нарықта қорғалуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру реттеушісі тиімді және тиімді ынтымақтастық жасай білуі керек. Көпжақты түсіністік туралы меморандум дағдарыс кезеңінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті қызметте де маңызды реттеуші құрал болып табылады. Ынтымақтастық қауіпсіз және орнықты сақтандыру нарықтарының дамуына ықпал етеді», — деді Вики Сапорта, IAIS Атқару комитетінің төрағасы.

«Біз IAIS көпжақты өзара түсіністік туралы меморандумына қол қойғанымызға қуаныштымыз. Бұл келісім бізге сақтандыру компанияларын трансшекаралық қадағалау саласындағы басқа реттеушілермен ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді, бұл АХҚО-да тиімді қадағалауды және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды дамыту үшін қажет», — деп түсіндірді АХҚО-ның қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бөбеев.

«75-ші қол қоюшы маңызды кезеңді белгілейді», — деп түсіндірді Джонатан Диксон, IAIS Бас хатшысы. «Бақылау саласындағы ынтымақтастық – трансшекаралық бақылаудың тиімді шарты. Осылайша, қол қоюшыларымыз қаншалықты көп болса, бұл жалпы IAIS мүшелері үшін соғұрлым құнды».

Меморандумның қатысушысы болу үшін үміткерлер құпиялылық режимін мұқият кәсіби бағалаудан өтеді. Көпжақты меморандум қол қоюшыға барлық басқа тараптардың осы режимді сақтауына сенуге мүмкіндік береді. Мәліметтер алмасу құпиялылықты барлық жағынан қорғау үшін қажетті ережелермен және рәсімдермен қорғалған.

Халықаралық қол қоюшылардың толық тізімін және Көпжақты түсіністік туралы меморандумның көшірмесін мына жерден таба аласыз.