Анжела Найт АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) Директорлар кеңесінің төрайымы және АХҚО-ны басқару жөніндегі кеңестің мүшесі болып тағайындалды
Анжела Найт АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) Директорлар кеңесінің төрайымы және АХҚО-ны басқару жөніндегі кеңестің мүшесі болып тағайындалды. Бұған дейін Уайт ханым AFSA Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары және ұйым құрылған сәттен бері Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
Найт ханымның айрықша тәжірибесі мен беделі, сондай-ақ оның қаржы индустриясына сіңірген ерекше еңбегі AFSA-ның дамуына баға жетпес үлес қосуда.
Анжела Найт сонымен қатар бірқатар басқа да қаржы компанияларының директорлар кеңесінің мүшесі және Бағалы қағаздар мен инвестициялардың чартерлік институтына құрметті мүше болып қабылданды және қаржы индустриясына сіңірген еңбегі үшін Британ Империясы орденінің Командоры[1] атанды.
Найт ханым бірнеше сауда қауымдастығының, соның ішінде Energy UK энергетика ұйымының және банк дағдарысы кезінде Британдық банкирлер қауымдастығының бас директоры болды. Сондай-ақ 1990 жылдары парламент мүшесі болды және қаржы министрі лауазымын атқарды.
Анықтама үшін:
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[1] CBE (Commander of the British Empire) – бұл қоғамдағы алдындағы жетістіктері немесе сіңірген еңбегінің немесе өз қызмет саласына қосқан новаторлық үлесінің арқасында аймақтық істердегі көрнекті ұлттық рөл