АХҚО Халықаралық своптар мен деривативтер қауымдастығы тарапынан неттингке қолайлы юрисдикция ретінде танылды

Халықаралық своптар мен деривативтер қауымдастығы (ағылш. ISDA) «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО немесе Орталық) неттинг үшін қолайлы юрисдикция деп таныды және «Дентонс Қазақстан» ЖШС компаниясы ISDA мүшелері үшін дайындаған заңды қорытындысын жариялады.

Заңды қорытынды АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес ISDA бас келісімдері бойынша тарату неттингін қолдану мүмкіндігін таниды. Бұл қорытындыны жариялау Қазақстанның қаржы нарығының инфрақұрылымына маңызды үлес болып табылады, өйткені осындай тану жаһандық және ұлттық институттарды АХҚО-да туынды қаржы құралдарымен (деривативтермен) өз мәмілелерін жасауға ынталандырады.

Тарату неттингі (немесе өзара есеп айырысу) — контрагент дефолтқа ұшыраған жағдайда тәуекелді азайту үшін қаржы саласында қолданылатын заңды механизм. Бұл екі жақты келісім тараптарына әр міндеттемені жеке-жеке белгілеудің орнына бір тарап екінші тарапқа төлеуі тиіс таза соманы есептеу арқылы бір-бірінің алдындағы міндеттемелерін өтеуге мүмкіндік береді.

АХҚО-ның Неттинг туралы актісі және Орталықтың басқа актілеріндегі бірқатар ережелер компанияларға АХҚО қатысушыларымен сауданы жүзеге асыруда құқықтық сенімділік пен жайлылықтың жоғары дәрежесін береді, бұл тиімділіктің айтарлықтай артуына және жергілікті нарықтағы өтімділіктің артуына әкеледі.


Өз сөзінде AFSA бас директоры Нұрхат Көшімов: «Неттинг бойынша қорытындыны жариялау AFSA-ның «Астана» халықаралық қаржы орталығының құқықтық және реттеуші базасын одан әрі дамыта беру үшін халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастыққа ұмтыла беретіндігін көрсетеді, осындай ілгері қадамдар Орталыққа қаржылық инновациялар мен қызметтер саласында алдыңғы қатарда орын алуға септігін тигізеді», — деп пікір білдірді.

«Тарату неттингін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету — бұл елдің деривативтер нарығының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру мақсатында қабылданатын ең маңызды қадамы саналады. АХҚО бүкіл әлем бойынша 80-нен астам юрисдикцияларға қосылды, әрине солар үшін неттингті орындау бойынша заңды қорытынды дайындалған болатын», — деп ISDA аға кеңесшісі доктор Питер Вернер атап өтті.

Қазақстандағы Dentons Банк және қаржы практикасының жетекшісі Василий Зенов: «Біз ISDA мүшелері үшін АХҚО құқығына қатысты неттинг бойынша қорытынды шығаруға қуаныштымыз. Тиісінше, АХҚО неттинг режимі енді тарату неттингінің мақсаттарын қамтамасыз етуі тиіс. Біз сондай-ақ АХҚО құқығын және оның қаржы нарығын іс жүзінде іске асыруға қатысқанымызды зор мақтанышпен айтамыз».

Тарату неттингі туралы заңды қорытынды қаржылық операциялардағы тәуекелдерді басқарудың маңызды элементі ғана емес, ол сондай-ақ АХҚО-ның үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге және әлемдік деңгейде қауіпсіз, тиімді әрі бәсекеге қабілетті қаржы экожүйесін құруға ұмтылысын айғақтайды.

2022 жылы ISDA АХҚО юрисдикциясы туралы елдік есепті жариялаған еді. ISDA заңды қорытындысын жариялау Орталықтың неттингке қолайлы юрисдикция ретінде ресми танылуын білдіреді.

 

Анықтамалық ақпарат:

 

1985 жылдан бастап ISDA деривативтердің жаһандық нарығын қауіпсіз әрі тиімді ету үшін жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда ISDA-ға 77 елден 1000-нан астам мүше ұйымдар кіреді. Бұл ұйымдар туынды құралдар нарығына қатысушылардың кең спектрін ұсынады, соның ішінде корпорациялар, инвестицияларды басқарушылар, мемлекеттік және ұлттық ұйымдар, сақтандыру компаниялары, энергетика және шикізат компаниялары, халықаралық және аймақтық банктер бар. Нарық қатысушыларынан басқа, ISDA мүшелеріне биржалар, делдалдар, клирингтік палаталар мен репозитарийлер, сондай-ақ заң фирмалары, бухгалтерлік компаниялар, т.б. қызмет провайдерлері жатады. ISDA және оның қызметі туралы ақпаратты қауымдастықтың веб-сайтынан табуға болады: https://www.isda.org/. Оларды LinkedIn және YouTube желілерінен де таба аласыз.

 

Dentons — бүкіл әлемдегі клиенттерге өз фирмалары мен филиалдары арқылы қызмет көрсететін жаһандық заң практикасы. Әлемнің 80-нен астам елінде Dentons бірегей жаһандық әрі терең жергілікті құқықтық шешімдерді ұсына отырып, ұйымды дамытуға, қорғауға, басқаруға және қаржыландыруға көмектеседі. Полицентрлік, мақсатты және инклюзивтілік, әртүрлілік, әділеттілік және тұрақтылық принциптерін ұстанатын Dentons ең маңызды нәрселерге назар аударады. Dentons жаһандық командасы 160-тан астам аймақта кез келген ауқымдағы жеке әрі мемлекеттік тұтынушылардың жергілікті, ұлттық немесе жаһандық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін икемді, тең шешімдер жасайды. Dentons — Орталық Азиядағы жетекші халықаралық заң фирмасы. Қазақстанда 30 жылдан астам уақыт бері жұмыс істеп келеді. Алматы мен Астанада кеңселері бар команда клиенттерге нарықтағы көптеген маңызды мәмілелер мен сот процестерінде қолдау көрсетіп, жергілікті бизнес-ахуал мен заң тәжірибесін қалыптастыруға көмектесіп келеді. Толығырақ: www.dentons.com.

АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы»  Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 78 елден 2500-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

Байланыс үшін:

Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]