АХҚО-да корпоративтік қазынашылық орталықтардың қызметі туралы қағидалар күшіне енді
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) корпоративтік қазынашылық орталықтардың (КҚО) қызметі туралы қағидаларды қабылдады.
Қағидалар КҚО қорын құра алатын АХҚО-дағы КҚО-ның қызметі үшін әзірленген арнайы режимді белгілейді. Мұндай құралдар қазынашылық операцияларды халықаралық стандарттарға сәйкес АХҚО-да қолданыстағы нормативтік-құқықтық және салық режимдері шеңберінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. КҚО-ның бірегей сипатын және олардың шектеулі инвесторлық базасын ескере отырып, қағидалар КҚО қорларының басқарушылары үшін оңтайландырылған реттеу ережелерін қамтиды.
АХҚО-дағы қазынашылық орталықтарға арналған нормативтік-құқықтық база – жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде АХҚО позициясын нығайту жолындағы маңызды қадам. Қабылданған қағидалар АХҚО-ны топ ішіндегі қаржыландыру, өтімділікті басқару, инвестициялар және басқа да қазынашылық функциялары үшін тартымды юрисдикцияға ете отырып, КҚО қажеттіліктерін ескеретін реттеуші және салықтық ортаны пайдалануға мүмкіндік береді.
Анықтама ретінде:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 [email protected]