АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті АХҚО-ға жұмысқа орналасу үшін қажетті жоғары біліктілікті айқындау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар қабылдады
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті АХҚО-ға жұмысқа орналасу үшін қажетті жоғары біліктілікті айқындау қағидаларына (бұдан әрі – АХҚО қағидалары) өзгерістер мен толықтырулардың қабылданғаны туралы хабарлайды.
Бұл түзетулер шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға АХҚО-ға жұмысқа орналасу үшін білімі мен жұмыс тәжірибесі бөлігінде жоғары біліктілік стандарттарына сәйкес келу үшін қажетті міндетті талаптарды айқындау мақсатында әзірленді.
АХҚО жаңартылған қағидаларындағы елеулі өзгерістердің бірі АХҚО Әкімшілігінің АХҚО жалпы қағидаларының 2.2 және 2.3-тармақтарына сәйкес бақыланатын немесе тағайындалған функцияны орындамайтын АХҚО қатысушыларының шетелдік қызметкерлеріне қатысты АХҚО қағидаларының белгілі бір талаптарынан босату мүмкіндігін енгізу болып табылады.
Бұл өзгерістер мен толықтырулар АХҚО еңбек режимінің тиімділігі мен бейімделуін арттырып, жоғары білікті халықаралық кадрларды одан әрі тартуды қамтамасыз етеді.
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 [email protected]