АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (АХҚО Комитеті) мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ) жәрдем көрсету және өзара ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
Келісімнің мақсаты екі реттеуіштің өзара іс-қимылы, оның ішінде ақпарат алмасу және қадағалау жөніндегі функцияларды іске асыруға жәрдемдесу үшін негіздемелік жағдайлар жасау. Атап айтқанда, ол реттеушілердің алдына қойылған міндеттерді орындау үшін ақпарат алмасуға мүмкіндік береді және өзара мүддені білдіретін мәселелерді талқылау үшін тетіктер құруды көздейді.
Келісім қаржы қызметтері секторларының өсуін ынталандыру мақсатында түрлі салалардағы ынтымақтастықты орнату және кеңейту үшін стратегиялық тұғырнама болады.
АХҚО бағалы қағаздар нарығын, сақтандыру және банк қызметтерін, Ислам қаржыларын және FinTech дамыту бойынша мақсаттарды көздейді. Қазақстанның Ұлттық Банкімен тиімді ынтымақтастық АХҚО Комитеті үшін маңызды басымдық. ҚР Ұлттық Банкімен ынтымақтастық екі реттеушіге өз функцияларын тиімді орындауға мүмкіндік береді деп күтілуде.