AFSA жаңартылған құқық қолдану саясатын қабылдады
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) 2019 жылғы
13 қазаннан бастап қолданыста болған нұсқаның орнына жаңартылған Құқық қолдану саясатының қабылданғанын хабарлайды.
Жаңартылған Саясат ресми түрде күшіне енді. Саясат реттеу тәжірибесіндегі өзгерістерді, халықаралық стандарттарға сәйкестікті және AFSA-ның құқық қолдану өкілеттіктерін іске асыру кезінде ашықтық пен анықтық қағидаттарына бейілділігін көрсетеді.
Негізгі жетілдірулерге мыналар кіреді:
- тергеу жүргізу барысындағы процестердің анықтығын арттыру;
- санкциялар мен қаржылық айыппұлдарды айқындау тәсілдерін жетілдіру;
- залалды қайтару және шығынды өтеу бойынша жаңа ережелер;
- AFSA заңнамасымен көзделген өкілеттіктерге сәйкестікті күшейту.
AFSA нарық қатысушыларын жаңартылған Саясатпен танысуға шақырады, бұл бизнес жүргізудің саналы әрі жауапты тәсілін қолдауға мүмкіндік береді. Жаңа тәсілді білу АХҚО-да немесе АХҚО аумағынан тыс қызмет жүргізетін Тұлғаларға реттеушінің талаптарына сай болуға, ішкі процестерді жетілдіруге және Орталық экожүйесінің дамуына үлес қосуға көмектеседі.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 85 елден 4400-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. afsa.aifc.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45