AFSA заңды тұлғаларды реттеу базасына өзгерістер енгізді
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) AХҚО-да заңды тұлғаларды реттеу базасына өзгерістерді АХҚО қатысушыларының түсінісіздіктерін жою үшін енгізді.
Заңды тұлғаларды реттеу базасына енгізілген өзгертулер корпоративтік процесстерді реттеуге және барлық АХҚО қатысушыларына бизнес жүргізуде қолайлы жағдайларды жасауға бағытталған:
- Акцияларды және борышқорлық бағалы қағаздарды табыстау және тіркеу[1]: Егер Жария компаниялар өздерінің акцияларын және борышқорлық бағалы қағаздарын АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетімен (AFSA) лицензияланған биржаларда, сол биржалардың ережесіне сәйкес табыстау кезеңін өткізген жағдайда, арнайы табыстау құралын тіркеу міндеттемесінен босатылады.
- Жария компаниялардың акцияларын сатып алу кезеңінде ақшалай емес өтемақы жасау[2]: егер Жария компаниясының жаңа шығарылған акциялар мөлшері сол Жария компаниясының жарғылық капиталының 5%-нан аспайтын болса, ақшалай емес өтемақы жасау арқылы жаңа шығарылған акцияларды сатып алу кезеңінде, тәуелсіз бағалау жасау міндеттемесінен Жария компаниялар босатылады;
- Жеке компаниялардың борышқорлық бағалы қағаздарын көпшілікке ұсыну[3]: АХҚО-да тіркелген Жеке Компаниялар борышқорлық бағалы қағаздарын көпшілікке ұсынуды АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетімен (AFSA) лицензияланған инвестициялық биржаларда жүргізген жағдайда АХҚО Компаниялар Регистраторының рұқсатнамасын алу міндеттемесінен босатылады;
- Жылдық есеп беру[4]: Компаниялар акционерлерге жылдық есепті акционердің мекенжайы бойыншы тіркелген пошта жәшігіне, сондай-ақ электрондық пошта жәшігіне жібере алады.
- Акционерлер тізілімін жүргізу және қосымша шетелдік тізілімді қос листинг кезінде жүргізу[5]: АХҚО-да тіркелген барлық компаниялар Акционерлер тізілімін жүргізуге міндетті. Компания қос листинг жүргізу арқылы шет елдік юрисдикцияда тіркеу агенттерімен жүргізілетін реестр бар болса да, АХҚО-да тіркелген компания Акционерлер тізілімін жүргізеді. Жария компаниялар шет елде қос листинг жағдайында шетелдік тізілім жүргізуге құқылы.
- Компанияның қызмет жүргізуін өз еркімен тоқтату[6]: АХҚО-да тіркелген, алайда қызмет етпейтін, әрекетсіз компания, бизнесті өз еркімен тоқтату жайлы мәлімдеме жібере алады. Бұл жағдайда, компания бизнесті тоқтатып, АХҚО Компаниялар тізілімінен жойылады. Солайша, АХҚО банкроттық туралы реттеуші базасындағы талапты орындамай, яғни заң тұлғасын өз еркімен тарату процедурасын жасамай және ликвидаторды тағайындамай жасалады.
- Тіркелген электрондық поштаның адресі[7]: коммуникацияны жетілдіру мақсатында, кез келген АХҚО-да тіркелген заңды тұлға өзінің тіркелген электрондық пошта адресін жүргізуге міндетті. Сондай-ақ компанияға тіркелген электрондық пошта адресінің өзгеруі кезінде, Компаниялар Регистраторына хабарландыру сәйкесінше жүктелу керек.
- Директорлар Тізілімі[8]: АХҚО заңды тұлғаларды реттеу базасының жаңа нұсқасында, АХҚО-да тіркелген Компаниялардың директор тізілімінде кез-келген деректердің өзгеруі кезінде, мысалға директордың тұрғылықты мекенжайы немесе электрондық поштасы өзгерсе, Компаниялар Регистраторына хабарландыру жіберу міндеттемесі көрсетілген. Жоғарыда көрсетілгенге қоса, жұмыстан шығу жайлы Директордың шешімі жайлы Компаниялар Регистраторына хабарландыру жіберліп, сондай-ақ сәйкесінше жазбаша хабарлама Компанияға жіберілуі тиіс.
- Компаниялар Регистраторының өкілеттігі[9]: Компаниялар Регистраторы АХҚО-да тіркелген кез келген компания құжаттарындағы қателері дұрыстауды талап ету өкілеттігі бар.
Өзгерістер 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Тиісті түзетулер Компаниялар туралы АХҚО Ережелеріне, Компаниялар туралы АХҚО реттеуші базасына, Жалпы серіктестік туралы АХҚО Ережелеріне, Жалпы серіктестік туралы АХҚО реттеуші базасына, Шектеулі серіктестік туралы АХҚО Ережелеріне, Шектеулі серіктестік туралы АХҚО реттеуші базасына, Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы АХҚО Ережелеріне, Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы АХҚО реттеуші базасына, Коммерциялық емес тіркелген ұйым туралы АХҚО Ережелеріне, Коммерциялық емес тіркелген ұйым туралы АХҚО реттеуші базасына, Жеке қор туралы АХҚО Ережелеріне жарияланды.
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 80-нен астам елден 3500-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[1] Акцияларды және борышқорлық бағалы қағаздарды табыстау және тіркеу – физикалық немесе заңды тұлғалар жалпылай Тұлға ретінде танылып (АХҚО Глоссарий Person сөзіне анықтама береді), акцияларды сату немесе сатып алу табыстауымен қоса жасайтын транзакцияларды, бұл акцияларды иеленудің құқықтық статусын беріп, солайша Компанияның Акционерлер Тізілімінде акциялардың немесе борышқорлық бағалы қағаздардың тізілімінде сәйкесінше тіркеу. Бұл анықтама жалпы түсінік үшін берілген, ал ресми анықтаманы 54-ші секцияда (Акцияларды және борышқорлық бағалы қағаздарды табыстау және тіркеу) Компаниялар туралы АХҚО Ережелерінде берілген.
[2] Жария компанияларында акцияларды сату кезінде ақшалай емес өтемақы Компаниялар туралы АХҚО Ережелерінде көрсетілгендей арнайы жағдайларда қарастырылады.
[3] Борышқорлық бағалы қағаздарды жалпыға ортақ листинг жасау Жеке компанияларға тән мысал ретінде көрсетілген Бұл анықтама жалпы түсінік үшін берілген, ал ресми анықтаманы 50-ші секцияда () Компаниялар туралы АХҚО Ережелерінде берілген 50 (Жеке компанияларға жалпыға ортақ листинг жасауына тыйым салу).
[4] Компаниялар туралы АХҚО Ережелеріндегі 131 секцияны (есеп беру) қарауыңызды сұраймыз.
[5] Компаниялар туралы АХҚО Ережелеріндегі 55 секцияны (тізілімді жүргізу орны) қарауыңызды сұраймыз.
[6] Компанияның қызмет жүргізуін өз еркімен тоқтату — Компаниялар Регистраторына кез келген Компания қызмет жүргізуін өз еркімен тоқтату жайлы мәлімдемесін жібере отырып, солайша компаниялар тізілімінен жойылуды Компаниялар туралы АХҚО Ережелерінде көрсетілген жағдайларға сәйкес жасай алады.
[7] Тіркелген электрондық поштаның адресі — коммуникация жасаудағы ең басты инструмент. Бұл поштаға барлық хабарландырулар, сондай-ақ талаптар жіберілуі мүмкін. Компаниялар туралы АХҚО Ережелеріндегі 24-1 секцияны (тіркелген электрондық поштаның адресі) қарауыңызды сұраймыз.
[8] Компаниялар туралы АХҚО Ережелеріндегі 9-шы бөлімді (Директорлар және хатшылар) қарауыңызды сұраймыз.
[9] Компаниялар туралы АХҚО Ережелеріндегі 200-1 секцияны (Компаниялар Регистраторының компания құжаттарының қатесін дұрыстауды талап еті өкілеттігі) қарауыңызды сұраймыз.