AFSA Xignal&MT Ltd. лицензиясының жарамдылық мерзімі аяқталғанын хабарлайды
АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) Хignal&MT Ltd. компаниясының лицензияларының қолданылу мерзімі 2024 жылдың 28 наурызында аяқталғанын хабарлайды. Бұған дейін, 2023 жылдың 24 қарашасында AFSA Xignal&MT Ltd. лицензияларын Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) қағидаларының талаптарын бұзуға байланысты тоқтатқан болатын. Содан бері компания жұмысын тоқтатып, AFSA реттеушісі ұйымды тексере бастады. Осылайша 2024 жылдың наурызында аталған мекеменің лицензияларының мерзімі толығымен тоқтады.
AFSA мақсаты әділ әрі ашық қаржы нарықтары мен капитал нарықтарын құру болып қала береді. Осыған байланысты жеке тұлғалар да, ұйымдар да АХҚО негізін құрайтын ең жоғары реттеу стандарттарын ұстануды жалғастыра береді деген сенімдеміз.
Егер сіз Хignal&MT Ltd. компаниясы туралы қандай да бір ақпарат бергіңіз келсе, келесідей пошталарға жазуыңызды сұраймыз: [email protected], [email protected].
Анықтамалық ақпарат
АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2600-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу әрі жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45