AFSA токенизацияланған шикізат тауарларын реттеу үшін АХҚО заңнамасына түзетулерді қабылдады

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) токенизацияланған шикізат тауарларын реттеу үшін АХҚО заңнамасына түзетулерді (Tokenised Commodities framework) қабылдады.

Түзетулер инвестициялық токендер санатына кіретін және биржада орналастырылуы мүмкін тауарлық деривативтер токендерімен және көміртегі нарығы құралдарының токендерімен сауда-саттыққа бағытталған. Бұдан басқа, заңнама цифрлық активтермен сауда платформаларында саудалана алатын тауарлық стейблкоиндер шығаруға мүмкіндік береді.

Токенизацияланған тауарларға арналған жаңа реттеу режимі AFSA-ның қаржылық және тауар нарықтары үшін сенімді инфрақұрылымды құру жөніндегі күш-жігерінің жалғасы. Тауарлармен байланысты токенизацияланған құралдарды қамту үшін өзінің реттеуші шекараларын кеңейте отырып, бұл режим нарықтағы инновацияларды ынталандырады, құралдардың жаңа түрлерімен сауданы жеңілдетеді және цифрлық активтер мен инвестициялар саудасына арналған платформаларға кеңірек қатысуға ықпал етеді. Бұл қадам АХҚО-ның финтех және тауар саудасы үшін жетекші орталық ретіндегі позициясын одан әрі нығайтады.

АХҚО-ның мынадай актілеріне өзгерістер енгізілді:

Жоғарыда аталған актілерге түзетулер 2024 жылғы 18 қазанда күшіне енеді.

Анықтама үшін:

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 3200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]