AFSA токенизацияланған инвестицияларға арналған АХҚО-ның реттеуші базасын әзірледі
AFSA «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) токенизацияланған инвестициялар айналымын реттеудің кешенді режимін енгізу мақсатында токенизацияланған инвестицияларға арналған АХҚО-ның реттеуші базасын (Investment Token Framework) әзірледі.
Инвестициялық биржалар мен клирингтік палаталарды реттеудің қолданыстағы режимі инвестициялық токендерді сататын және/немесе клирингін жүргізетін платформаларға қолданылуын жалғастырады.
Нормативтік-құқықтық база енді токенизацияланған деривативтерді, сондай-ақ «инвестициялық токен» терминімен біріктірілген токенизацияланған бағалы қағаздар мен көміртегі нарығының токенизацияланған құралдарын қамтиды.
Investment Token Framework компаниялар мен инвесторлар үшін қауіпсіз әрі реттелетін ортаны құруға ықпал ете отырып, токенизацияланған инвестициялар саласындағы инвесторлардың айқындылығын, құқықтық сенімділігін және қорғалуын қамтамасыз етуге арналған.
Реттеуші база АХҚО-ның қаржылық қызметтер жөніндегі негіздемелік ережелерінеv, АХҚО-ның алымдарды алу қағидаларына, АХҚО-ның лицензияланған нарықтық институттар жөніндегі қағидаларына, АХҚО-ның бизнесті жүргізу туралы қағидаларына және АХҚО глоссарийіне өзгерістер енгізу жолымен әзірленді, олар АХҚО сайтында жарияланды және 2024 жылғы 18 қазанда күшіне енеді.
Анықтама үшін:
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 82 елден 3200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45