AFSA тіркеуден кейінгі сервис саласындағы онлайн-қызметтер тізбесін кеңейтті және валюталық есептіліктің электрондық жүйесін енгізді
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) акцияларды беру, сондай-ақ жарғылық капиталды онлайн-режимде өзгерту және азайту жөніндегі операцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, тіркеуден кейінгі қызметтерді цифрландыру процесін жалғастырды. Бұл қызметтер енді пайдаланушыларға Digital Resident Platform платформасындағы жеке кабинет арқылы қолжетімді.
«Акцияларды беру»[1] бөлімінде пайдаланушылар енді акционерлерді қосу немесе алып тастау арқылы тиісті заңды тұлғаның акционерлерінің құрамына өзгерістер енгізуге мүмкіндігі бар. Бұл опциялар «Акцияларды беру» санатындағы «Тіркеу деректерін өзгерту» ашылатын мәзірде қосалқы процесс (sub-process) ретінде қолжетімді.
Сол сияқты, «Салымды беру»[2] процесінің шеңберінде қазіргі уақытта онлайн-режимде мынадай қызметтер қолжетімді:
- Заңды тұлға қатысушыларының құрамына оларды қосу және/немесе алып тастау арқылы өзгерістер енгізу;
- Заңды тұлғаның құрылтайшыларының құрамына оларды қосуды және/немесе алып тастауды қоса алғанда, өзгерістер енгізу;
- Заңды тұлғаның негізін қалаушылардың (құрылтайшыларын) қосу және/немесе алып тастау;
- Заңды тұлғаның бас серіктестерін қосу және/немесе алып тастау.
Көрсетілген қызметтер «Салымды беру» тиісті санатының ашылатын мәзірде «қосалқы процесс» (sub-process) ретінде ұсынылған.
Бұдан басқа, жарғылық капиталдың немесе салымның өзгеруін тіркеу үшін компаниялар өздерінің заңды құрылымына сәйкес «Жарғылық капиталды/салымды өзгерту» опциясын (event) таңдау арқылы онлайн өтініш бере алады. Сол сияқты, жарғылық капиталды азайту енді Digital Resident платформасындағы жеке кабинеттегі «Жарғылық капиталды азайту» опциясы бойынша онлайн өтініш арқылы қолжетімді. Бұдан басқа, портал арқылы пайдаланушылар бас компания немесе серіктестік туралы ақпаратты жаңарта алады.
Бұрын бұл қызметтерді алуға өтініш беру тек офлайн режимде жүзеге асырылып келген еді. Онлайн форматтың енгізілуі берілген ақпараттың толықтығы мен сапасына байланысты өңдеу мерзімдерін 7-10 жұмыс күнінен 1-5 жұмыс күніне дейін қысқарта отырып, өтініштерді қарау процесін едәуір жеделдетеді.
AFSA сонымен қатар валюталық мәліметтерді беру[3] процесіндегі өзгеріс туралы хабарлайды, процесс енді Digital Resident Portal арқылы қолжетімді. Осы қызметтерді пайдалану үшін қатысушылар есеп беретін ұйымның қызметкерінің атына тіркелген электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, өз ұйымының порталда есептік жазбасы бар екеніне көз жеткізуі керек, содан кейін порталға кіріп, «есептілік» бөліміне өту қажет. Қосымша техникалық көмек алу үшін [email protected] эл. поштасы бойынша қолдау қызметіне хабарласуға болады.
Осы өзгерістерге қосымша түрде AFSA Тіркеу процесі жөніндегі нұсқаулықты және АХҚО-дағы тіркеуден кейінгі өтінімдер жөніндегі нұсқаулықты жаңартты. Жаңартылған құжаттар офлайн форматта өтініш беру кезінде тіркеу және тіркеуден кейінгі рәсімдердің айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін әзірленген.
Жаңартылған нұсқаулықтар АХҚО-ның өзекті нормативтік актілеріне сілтемелерді, қажетті құжаттар тізбесін және қолжетімді үзінді көшірмелердің үлгілерін қоса алғанда, онлайн-форматта да, қағаз жеткізгіште де өтініш беру процесінің толық сипаттамасын қамтиды.
Өзекті талаптар мен рәсімдер туралы хабардар болу үшін жаңартылған нұсқаулықтармен танысуды ұсынамыз. Бұл операциялық тиімділікті арттыруға және АХҚО-ның нормативтік стандарттарына толық сәйкестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 80-нен астам елден 3600-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[1] Меншік құқығының бір тараптан екінші тарапқа ауысуы.
[2] Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысандарын басқарудың әртүрлі нұсқалары.
[3] АХҚО Валюталық реттеу қағидаларына сәйкес Орталық қатысушылары мен ҚР екінші деңгейдегі банктері (коммерциялық банктер) АХҚО-ға валюталық операциялар жөнінде есептілікті ұсынады.