AFSA тек лицензияланған сандық актив қызмет жеткізушілерін таңдауға шақырады
АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) транзакциялар мен онымен байланысты инвестициялар үшін сандық актив қызмет жеткізушілерін (САҚЖ) таңдау кезінде, әсіресе цифрлық активтер мен блокчейн технологиясының танымалдылығының артуын ескере отырып, сақ болу қажеттігін еске салады.
Сандық активтермен жұмыс істеу үшін жеткізушілерді таңдау кезінде АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) берген қызмет провайдерінің лицензиясының болуын тексеру қажет. Комитет Қазақстандағы сандық активтер провайдерлері қызметінің жалғыз реттеушісі болып табылады.
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті лицензиялаған САҚЖ заңдылығы туралы ақпаратты AFSA сайтында жария тізілімде табуға болады: https://publicreg.myafsa.com/. Бұл өз кезегінде тұтынушыларға қызметтерін пайдаланатын компаниялардың лицензияланғанына әрі реттеуші талаптарға сай екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Аталған қарапайым қадам тұтынушыларға салмақты шешімдер қабылдауға және сенімді ұйымдармен ынтымақтасуға мүмкіндік береді. AFSA лицензиясы бар жеткізушілер – комплаенс, есеп беру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесінде жоғары стандарттарға ие.
Компаниялардың кез-келген проблемалары немесе күдікті әрекеттері туралы хабарлау үшін мына сілтемені пайдаланыңыз: https://afsa.aifc.kz/en/report-a-scam-or-unauthorised-firm.
Анықтамалық ақпарат
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2500-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45