AFSA деривативтерді реттеу, маржиналды сауда, қысқа сату және жоғары жиілікті сауда шарттарын белгілеу үшін нормативтік-құқықтық ұсыныстары бар консультациялық құжат шығарды
АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) деривативтерді реттеу, маржиналды сауда, қысқа сату және жоғары жиілікті сауда үшін шарттарды белгілеу үшін нормативтік база бойынша ұсыныстары бар консультациялық құжат шығарды.
Бұл құжаттағы ұсыныстар төмендегідей мүдделі тараптарға қызықты болуы мүмкін:
- a) Өз клиенттеріне туынды құралдар саудасын, маржиналды сауданы, қысқа сатуды ұсынатын немесе ұсынуды жоспарлап отырған дилерлер және брокерлер сияқты лицензияланған компанияларға
- b) Туынды құралдар саудасы, маржиналды сауда, қысқа сатылымдар бойынша осындай қызмет түрлерін ұйымдастыратын, кеңес беретін немесе ұсынуды жоспарлайтын лицензияланған компанияларға;
- c) Туынды құралдар әрі қысқа сатылымдармен операцияларға қатысты биржаларды немесе сауда платформаларын басқаратын лицензияланған компанияларға;
- d) Жоғарыдағы а) с) тармақтарында көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін АХҚО лицензиясын алуға мүдделі тұлғаларға
- e) Жоғары жиілікті сауда әдісін қолданатын лицензияланған компаниялар үшін;
- f) Саланың басқа қатысушыларына, мысалы, көмекші қызмет көрсетушілер немесе жоғарыдағы A) E) тармақтарынан реттелетін компанияларға осындай қызметтерді ұсынғысы келетіндер; және
- g) Жоғарыдағы A) E) тармақтарында көрсетілген фирмалардан қызметтерді алатын немесе алуға ниетті тұлғалар.
Консультациялық құжат
I Бөлім – КІРІСПЕ;
II Бөлім – Қолданыстағы нарықтарға шолу;
III Бөлім – Ұсынылатын жол және көпшілікке кеңес беру сұрақтары;
IV Бөлім — Көпшілікке кеңес беру мәселелерінің қысқаша мазмұнынан тұрады.
Біз мүдделі тараптарды өз пікірлерін қалдыруға шақырамыз.
Пікір мен ұсыныс қалдырудың соңғы мерзімі – 2024 жылдың 17 мамыры. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы ұсынысқа қандай да бір нақтылау қажет пе екенін қарастыратын боламыз.
AFSA [email protected] электрондық пошта арқылы хабарлама алуды жөн көреді.
Анықтамалық ақпарат
АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2500-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу әрі жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45