AFSA АХҚО-ның активтерді басқару жөніндегі құқықтық базасын одан әрі жақсарту жөнінде ұсыныстарды жинауды бастайды
АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) АХҚО-ның активтерді басқару жөніндегі реттеу базасын жақсартудың ықтимал жолдары туралы нарық қатысушыларының пікірлерін жинау үшін өзінің алғашқы Call for Evidence-ті іске қосты.
Активтер мен қорларды басқару АХҚО үшін стратегиялық басымдық болып қала береді және ең жылдам дамып келе жатқан секторлардың бірі саналады. Басқарудағы активтер көлемі 2021 жылы 115 млн АҚШ долларын құраса, 2025 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша 3 млрд доллардан асты, бұл ретте АХҚО-да жұмыс істейтін қорлар мен активтерді басқарушылардың саны мен түрлері айтарлықтай ұлғайды. Бұл өсім негізінен AFSA-ның реттеуші базаны дамыту үшін қолданатын нарыққа бағдарланған тәсілінің және нарық қатысушыларымен тұрақты өзара іс-қимылының арқасында мүмкін болды.
Қол жеткізілген нәтижелерге сүйене отырып және АХҚО-ның активтерді басқару саласындағы реттеуші режимді дәйекті жетілдіруді одан әрі қолдау мақсатында AFSA нарықтағы ахуалды бағалау, реттеудегі әлеуетті олқылықтарды анықтау, болжамдарды тексеру және оны одан әрі жетілдіру бойынша қандай да бір нақты ұсыныстар әзірленгенге дейін қолданыстағы реттеуші базаның тиімділігін талдау үшін жаңа құрал – Call for Evidence-ті іске қосады.
Call for Evidence-те талқылауға арналған алдын ала тақырыптар ағымдағы қадағалау тәжірибесі мен нарықтан кері байланыстың ескерілуімен қалыптасты. Талқылау мамандандырылған қорлар қызметінің мәселелерін, қорларды құрудың жаңа құрылымдары мен тәсілдерін, сондай-ақ қорлардың операциялық қызметіне және инвесторларды қорғауға байланысты практикалық мәселелерді қамтиды. AFSA сонымен қатар режимнің Call for Evidence-те талқыланбайтын кез келген басқа аспектілері жөнінде де пікірлерді құптайды.
Call for Evidence осы сілтеме бойынша 2026 жылдың 28 ақпанына дейін жария талқылауға ашық. Ұсыныстарды [email protected] эл.мекенжайға жіберген жөн.
Алынған пікірлер AFSA-ға активтерді басқару саласындағы қолданыстағы реттеуші режимді бағалауға және оны одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауға көмектеседі, ал ұсыныстарды осы жылдың соңына қарай жеке жария консультациялық процеске шығару жоспарлануда.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында көрсетілетін қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидаларында қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелері көзделген. afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бұл жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу есебінен халықаралық стандарттар бойынша бизнесті ашық әрі тиімді жүргізуге, инвестициялар тартуға және елдің Қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті, [email protected]