AFSA АХҚО-ның активтерді басқару жөніндегі актілеріне ұсынылып отырған түзетулер жөнінде консультациялық құжатты жариялады. Пікірлер ұсынудың соңғы мерзімі – 2024 жылдың 2 қыркүйегі.

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) АХҚО-ның активтерді басқару жөніндегі актілеріне ұсынылып отырған түзетулер жөнінде консультациялық құжатты нарықтан ұсыныстар алу үшін жариялады.

Осы құжаттағы ұсыныстар «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) немесе АХҚО-дан активтер мен инвестициялық қорларды басқару жөніндегі қызметке мүдделі АХҚО-ның қазіргі және әлеуетті қатысушылары үшін қызықты болады.

АХҚО-ның активтерді басқару индустриясының дамуын және қадағалау қызметі нәтижесінде алынған тәжірибені назарға ала отырып, осы консультациялық құжатта АХҚО-ның активтерді басқару жөніндегі актілерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылған:

  1. Мамандандырылған қорлар тізімін кеңейту, соның ішінде:

а) Кредиттік қорлар

б) Цифрлық активтер қорлары

в) Биржалық қорлар

г) Ақша нарығы қорлары

  1. АХҚО актілерінің венчурлық капиталды реттеу жөніндегі талаптарын жетілдіру;
  2. АХҚО қатысушысына Ұжымдық инвестициялау схемалары туралы қағидаларды қолдану;
  3. AFSA-ның лицензиясы бар Қор Әкімшісін міндетті түрде тағайындау;
  4. Инвестициялық токендерге және жіктелген инвестициялық токендерге инвестиция салатын токенизацияланған пайлар мен қорларға қатысты түзетулер.

Пікірлер ұсынудың соңғы мерзімі – 2024 жылдың 2 қыркүйегі. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы құжатқа қандай да бір нақтылаулар қажет пе екенін қарастырамыз.

AFSA пікірлерді consultation@afsa.kz электрондық поштасы арқылы алуды жөн көреді.

Консультациялық құжатқа мына сілтеме арқылы қол жеткізуге болады: https://orderly.myafsa.com/articles/consultation-paper-afsa-p-ce-2024-0009-from-2-august-2024-on-proposed-enhancements-to-the-aifc-asset-management-framework.

Анықтама үшін:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 2900-дан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

pr@afsa.kz