AFSA «АХҚО-да жұмысқа орналасу үшін қажетті біліктіліктер туралы» АХҚО ережелеріне ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар бойынша консультациялық құжат жариялады. Түсініктеме берудің соңғы мерзімі — 2024 жылдың 16 қыркүйегі.
AFSA тиісті мүдделі тараптарға АХҚО-ға жұмысқа орналасу үшін қажетті біліктіліктерге қатысты АХҚО-ның 2017 жылғы №GR009 ережелері (АХҚО ережелері) ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы пікір білдіру туралы өтінішпен жүгінеді.
АХҚО ережелеріне ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар АХҚО-да жұмысқа орналасу үшін білім беру, сондай-ақ тәжірибеге негізделген өлшемшарттарды міндетті түрде сақтау жолымен «халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңының Ұлттық талаптарына толық сәйкестігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл тәсіл АХҚО-да жұмыс күшінің тұтастығы мен сапасын сақтау үшін қажетті жоғары біліктілік стандарттарын қолдауға мүмкіндік береді.
АХҚО ережелеріне ұсынылатын елеулі толықтыру АХҚО жалпы ережелерінің (AIFC General Rules) 2.2 және 2.3 қағидаларына сәйкес бақылау немесе ерекше функцияларды орындаумен айналыспайтын АХҚО қатысушыларына қатысты қағидалардың белгілі бір талаптарына ерекшеліктер беру және оларды өзгерту жөніндегі АХҚО Әкімшілігіне өкілеттіктерді беру болып табылады. Бұл Конституциялық Заңның шетелдік жұмыс күшін тартуға жәрдемдесуге қатысты ережелерін орындауға ықпал ететін болады.
Біз мүдделі тараптарды өз пікірлерін ұсынуға шақырамыз.
Түсініктеме берудің соңғы мерзімі-2024 жылдың 16 қыркүйегі. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы ұсынысқа қандай да бір нақтылау енгізу қажеттілігі туралы мәселені қарастырамыз.
AFSA [email protected] электрондық пошта арқылы түсініктеме алуды жөн көреді.
Консультациялық құжатқа келесі сілтеме арқылы қол жеткізуге болады: https://orderly.myafsa.com/articles/consultation-paper-afsa-p-ce-2024-0011-from-16-august-2024-on-proposed-amendments-to-the-aifc-act-no.gr009-of-2017-concerning-qualifications-necessary-for-employment-in-the-aifc
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45