AFSA АХҚО-дағы венчурлік студия үшін реттеуші база бойынша консультациялық құжат шығарды
АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) АХҚО венчурлік студияларының реттеуші базасын енгізуге қатысты нарықтан ұсыныстар қабылдау және АХҚО-да қызметтер үшін ақы енгізу қағидаларына тиісті түзетулер алу мақсатында осы консультациялық құжатты шығарып отыр.
Біз мүдделі тараптарды өз пікірлері мен ұсыныстарын қалдырып кетуге шақырамыз.
Венчурлық студия – жаңа стартаптарды құру әрі іске қосуға арналған ұйымдастырушылық құрылым. Негізінен бұрыннан бар стартаптарға инвестиция салатын дәстүрлі венчурлық компаниялардан айырмашылығы, венчурлық студиялар өздерінің стартап идеяларын нөлден бастап іске қосып, дамытады.
Ұсынылған реттеуші база бойынша пікір қалдырудың соңғы мерзімі – 2024 жылғы 17 мамыр. Пікірлер мен ұсыныстарыңызды алғаннан кейін біз осы бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастыратын боламыз.
AFSA пікірлер мен ұсыныстарды төмендегі электрондық пошта бойынша қалдыруды кеңес береді: [email protected].
Анықтамалық ақпарат
АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2600-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу әрі жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45