AFSA АХҚО-да ESG ақпаратты ашу жөніндегі нұсқаулықтың жобасы бойынша консультациялық құжатты жариялады. Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылғы 6 қыркүйек.
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) нарықтан ұсыныстар алу үшін Экологиялық, әлеуметтік және басқару (ESG) аспектілеріндегі ақпаратты ашу жөніндегі АХҚО-ның ұсынылып отырған нұсқаулығы бойынша консультациялық құжат жариялады.
AFSA банктердің, қор басқарушыларының және сақтандыру компанияларының ESG ақпаратты ашуы жөніндегі нұсқаулықты енгізуді ұсынады. Нұсқаулықтың мақсаты – АХҚО-дағы қаржы экожүйесі барынша орнықты және жауапты болуына ете отырып, ESG стандарттарды қаржы ұйымдарының есептілігі мен шешім қабылдау процестеріне интеграциялануын ынталандыру. Бастапқы кезең ретінде ASSA ESG ақпаратты ерікті түрде ашуды енгізуді ұсынады, бұл қаржы ұйымдарына халықаралық стандарттармен танысуға, өздерінің операциялары мен есеп беру процестерін бейімдеуге және өздерінің орнықты дамуға деген бейілдігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 6 қыркүйегі. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы құжатқа қандай да бір нақтылаулар қажет пе екенін қарастырамыз.
AFSA пікірлерді [email protected] электрондық поштасы арқылы алуды жөн көреді.
Консультациялық құжатқа келесі сілтеме арқылы қол жеткізуге болады: https://orderly.myafsa.com/articles/consultation-paper-afsa-p-ce-2024-0010-from-5-august-2024-on-consultation-paper-on-the-aifc-environmental-social-and-governance-disclosure-guidance